cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Áitarym bar

Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын Жарнама, пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay

Show more
Advertising posts
2 053
Subscribers
+2324 hours
+117 days
+35030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Кейде саған не болғанын өзге түгіл, өзіңе де түсіндіре алмайтын кезең болады. Түсініксіз сезімнің себебі не екенін де біле алмайсың… Ондай күй бәрінде болған. Динара @md_aitarymbar
Show all...
💔 11💯 4 2
Жас кезіңдегі қарқын бірте-бірте сөнуге айналады. Соны пайдаланып қалу керек. Оның өзін қалт етсе, ұйқыға беруге ұмтылатынымыз-ай… Динара @md_aitarymbar
Show all...
💯 6😢 2💔 1
Бос уақытым болмай, ұйқыны аңсап, кейде шамама қарамай бірнеше жүкті мойынға асып жүре беретін кезімді сағынып жатқаным-ай. Сондай кезеңді қайтадан өміріме енгізем-ау. Әйтпесе бос уақытым көбейген сайын өзімді жоғалтып барамын…
Show all...
7🤔 1
«Бақытым мені дей алсаң, Дұғаммен қорып жүрейін, Күнәммен қосып сүйе алсаң»
Show all...
17😢 3😇 1
Өмірімдегі бір оқиғаны баян етейін. Бір күні ол менен «Қыз қаламаса жайына қалдырған дұрыс па?» – деп сұрады. Әуелгіде жай сұрақтың қатарына жатқыздым. Кейінірек көңілім болған адамның бұл сұрақты не мақсатпен қойғаны белгілі болды. Жақсы көретін адамы бар екен. Іштей қатты соққы алсам да білдірмедім, соңына дейін оның сол бір жан туралы айтқандарын тыңдаумен болдым. Бір күні бәрі аяқталатынына сенгім келген. Кездесуге алғаш рет шақырды. Қашықтықты артқа тастаған едік. Қол бұлғап шақырған бір болашақ тұр деп ойладым. Балаша мәз едім. Бақытты едім. Бірақ басылып келе жатқан жарама өзі келіп тұз септі. Екеуміз үшін арналған кеш оның жақсы көрген адамы жайлы өткен. Ол кеш әлі есімде. Жанарынан жас кетті домалап. Бірақ менікі емес еді. Ол жас шын жақсы көрген адамның шарасыздықтан шыққан жасы болатын. Үнсіз қалдым. Жанарын жалтарып ол қалды. Жақсы көргенім үшін түк те істей алмадым. Жұбатуға дәтім бармаған. Бармас та еді. Сол бір кеш көңілсіз аяқталды… Кеш бітісімен үйге келіп оған толтырып хат жолдадым. Көңілсіз кештің әсері ішіме толып қалған. Ашылар сезімді жүрегімде жарыққа шығармастан құлыптап тастадым. Сол түні менің сезімім құрбан болған. Одан кейін жүрегімді ешкімге ашуға жол бермедім. Әлі де солай… Динара @md_aitarymbar
Show all...
💔 23 7😢 5
Біздің тағдырымыз өзіміз жасаған таңдау мен шығарған шешімдерден тұрады. Тағдыр Тәңір жасап берген сызық болса да, оның жалғасын өзімізге қалдырған. Динара @md_aitarymbar
Show all...
12😍 4
Біздің тағдырымыз өзіміз жасаған таңдау мен шығарған шешімдерден тұрады. Тағдыр Тәңір жасап берген сызық болса да, оның жалғасын өзімізге қалдырған. Динара @md_aitarymbar
Show all...
1
Папа, мама, бәрі кеше сияқты болатын. Ауыл-аймақты ұлардай шулатып, бір өзі емес, сыңарларымен 7 айлық болып дүниеге келген қызың, қақаған қыста жылу жетпей «адам болып кете ме екен?» деп сендерді сарсаңға салған қызың, өте қатты бұзық болған қызың, мектепке үміт артып берген қызың, жазу-сызуға құштар болып, журналист боламын деген қызың, достықты өзінен биік қойып, одан таяқ жеген қызың, тым ақкөңіл болып өз көңілін ойламаған қызың, сендердің үміттеріңді ақтауға тырысқан қызың, университетке оқуға өз күшімен түскен қызың, ата-анасының тәрбиесін көрсетіп, жақсы атты қыламын деп ғұмыр кешкен қыздарың бойжетіп қойыпты ғой… Бәрі кеше сияқты болатын. Бала едім. Өз арманына адал, сенімге берік, сезіміне сенім артқан. Ес жиып асау өмірдің ағысымен, тағдырымның тезімен бүгінгі күнге жеттім. Көңіл сенбеген, жүрек мойындамаған дүниенің бәріне көз жетті. Мектеп ес кіргізді, білім берді, жақсы мен жаманды ажыратуға негіз салып берді. Бала көңілмен үлкен қаланың табалдырығын аттадық. Суықтығы білінбес белгісіз қаладан жылу іздеп, “жаным” дегенді жанға жинадық. Өзіңдей екен деп таңданып, оған құшақ аштық. Дос деп білдік. Сыр айтқанға шын айтып, достық пейілді көрсеттік. Одан бөлек, бәсеке мен бәстің ортасында масайрап қаласың. Рас! Оқумен қатар жұмыс істеп, өзіңді қалыптастыруға тырысады екенсің. Қала өмір сүруді үйретеді. Өзіңді беске білемін дегенің өтірік екеніне көз жеткізесің. Өзіңді басқа қырыңнан ашасың, зерттеуді жалғастырасың. Осындайда адаммен қарым-қатынас жасау шеңберің пайда болады. Жеке тұлға ретінде орнығып, көзқарас-пайымдарың қалыптасады. Мен осының бәрінен өттім, өтіп келем. Папа, мама, мен мынаны түсіндім. Есейсең де ересектігіңді қабылдағың келмейді екен. Сендер үшін әлі баламын ғой, десе де ендігі өз пікірі, ойы, талғамы, көзқарасы бар жеке тұлғамын. Универдегі 4 жылым 4 сағаттай өте шықты. Осы уақыт тұлғалығымды дамытып, өзімді қалыптастыруға жеткілікті болды. Ендігі уақыттар сенің кім болатыныңды, кім екеніңді танытар, көрсетер уақыт деп білемін. Менің ендігі жолым – осы болмақ. Динара Боранбай @md_aitarymbar
Show all...
14
Өткенін айта беретін адамның өкініші көп. @md_aitarymbar
Show all...
😢 10💔 6 2
Басқаны тыңдап әуес болғанша өзіңді, ішкі үніңді тыңда. Өзіңдей болар ешкім жоқ! Есіңде болсын. Басқа берген ақылды өзіңе де айта аласың. Кейде біздің біреуден сұраншақтанып тұратын қасиетіміз таяқ боп тиеді. Күтіп қалу осыдан шығады негізі… Динара @md_aitarymbar
Show all...
💯 8 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.