Áitarym bar
Open in Telegram
Айтар сөзім іште өлмесін, кеудеге көмілмесін. Сол үшін жазамын, айтамын. Пікір, ұсыныс, сұрақтар тікелей ↪️ @dinara_boranbay
Show more1 901
Subscribers
-524 hours
-57 days
-3530 days
Posts Archive
1 900
Сеніп айтылған сөз – аманат
Біз өмірде адамдарға әр нәрсені айта беруіміз мүмкін, бірақ жаныңды тырнап бара жатқан нәрсені тек сенген адамға ғана айта аламыз. Өйткені кейбір сөздер жай ғана сөз емес, ол сенің ешкімге айта алмас сырың, ішіңде сақтаған мұңың, үнсіз көтеріп жүрген ауырлығың болуы мүмкін. Ал сондай сәтте сені сынамай, сөзіңді өз ішінде жұтып, жай ғана тыңдай білетін адамның болуы – үлкен бақыт. Жаныңды сондай мұң мен сырға батырмай, сенің үнсіздігіңнің тереңіне сүңгіп, тәніңді ауырлықтан босатар адам кемде-кем) Сенде дәл осындай адамның болуы, сен өзгенің сеніміндегі адам болуың – бинго!
Динара Боранбай
1 900
– Сіз қазір кімсіз? – Ізденуші.Кеше маған тосын қойылған сұрақ. Алғаш рет бұл сауал 18 жасымда қойылып, оған біреулердің ойын теліп, басқаның жауабын бергенім әлі есімде. Ал кеше саналы түрде осы жауапты айттым. Себебі мен өмірден өзін, өз орнын іздеген адам екем. Себебі өзіңді, өзгені де тану ізденістің, зерттеудің нәтижесінде ғана айқындалады. Алдағы бес жылдықта бұл сұрақ тағы қойылар болса, берер жауабым да өзгеретін сияқты. Өйткені, өмірдің өзі – өзгермелі құбылыс. Адам да өзгеріске бейімделетін жаратылыс. Динара Боранбай
1 900
Адам өз ішкі күйін бақылауда ұстаған дұрыс дер едім. Өзіме келсем, мен үнемі өз ішіме, сезімдеріме үңілемін. Себебі ішкі тыныштығым, жүрегімнің өз ырғағында соғуы өте маңызды. Болмысым тыныштықтан, жайлылықтан қуат алады. Ағыны қатты су секілді өмір зуылдап өте береді, бірақ осы тұста үнемі асықпауға, ағзама күш салмауға, жүрегімді негативтермен уламауға тырысамын. Мен ақылмен де, сезіммен де өмір сүремін, бірақ көп жағдайда сезімдерім маңызды. Эмоциямды іште ұстап қалуым мүмкін, десе де әлемге, адамдарға ашықпын. Жаманнан бұрын жақсыны теріп алуға, жақсы ойлауға, сол ойыма сенуге, адамдарға жақсылық үшін сенуге ұмтыламын. Бұл қоғамнан мейірім, махаббат, адамгершілік көргім келеді. Әйтпесе адамдардың санасы әр түрлі насихат, әлеуметтік желі, оқиғалардың нәтижесінде күн сайын өзгеруде. Ал мен тек жақсылық болса екен деп үнемі тілеймін. Жаным жамандықтан жатырқайды. Сол үшін де ішкі күйімді үнемі жақсылықпен таразылап отыруға күш саламын, арнайылап емес, қалауым осы. Өзім жайлы таныстарымнан «сенің қасыңда жайлы сезім болады» дегенді жиі естіп жатамын. Бұл менің адамға жақсы көрінейін деген ниетім емес, бар болмысым, өзіммен жұмыс істегеннің, жақсы ойымның жемісі деп есептеймін. Бұдан бөлек, қалыптасуыма ата-анамнан бөлек, оқыған, ізденген білімім, жақсы ортам, кітап, танымдық дүниелер, өз-өзіммен ішкі диалогтар көп әсер етті. Айтқым келетіні, ішкі күйіңнің саулығы өте маңызды. Бұл көзқарасыңа да, өмір сүру сапаңа да, қарым-қатынасқа да, бәріне әсер етеді. Абай атамыз айтқан «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» адам болғым келеді.
1 900
Ғашықтық сезімі тұла бойыңды дір еткізіп, өзінен бұрын өмірге деген махаббатты ашатын жалғыз сезім.
1 900
Дәл бала кездегідей күзді асыға күтпейтін болыппын. Қазіргі маған жай бір мезгіл болып қалғандай. Биылғы күзім ерекше өтетін сияқты, жүрегім сезіп тұр бір нәзік сезімді)
1 900
Іштегі сезімдер айтылса түсінбестік емес, жеңілдік сезімі туындар еді. Жалпы адам деген бәрін ішінде сақтайды ғой, бізді өлтіретін де осы нәрсе. Кейде сол шықпай қалатын сезімдерге «қой, керек емес, айтып қайтем» дегендей тежеу қоямыз. Ол өсе береді, өсе береді. Толған нәрсе бәрібір сыртқа шығады, бірақ өлі сезім күйінде… Сол үшін де сезімнің сыртқа шығып тұрған өте маңызды, жақсым)
Динара Боранбай
1 900
Кітап оқитын қыз – парақ арасынан махаббат іздемейді, өз жүрегінің үнін іздейді. Ал оны түсінген жігіт бір қызды емес, бір әлемді жолықтырғанын сезеді. Нұрланбек ЖансерікP.S. Мына ой ұнады
1 900
Өмір үйреткен маңызды қағида – Аз жалақыға жұмыс істейтін адамдарға менсінбей қарап, тұрпайылық танытқан адамға ешқашан сенбе!
«Түн ортасындағы кітапхана»
1 900
Қазіргі қыздарға сыпайы болу міндетті емес, шынайы болу – міндетті. Дина Төлепберген
1 900
күтпеуді үйрену керек. күту – үміттен, сағыныштан тұрады. тек бұл емес, бастапқы ойыңның өзгерісіне әкеледі.
1 900
мен конфликттен қашатын адаммын. шамам келсе болдырмауға тырысамын. бір апта бұрын үйдегі қыздармен келіспей қалдым, сөйтіп ол сол жерде қалғанмен, санамнан өшпей де, кетпей де қойды. бір апта диалог тоқтады, мен үйдегі атмосферадан жалықтым. сөйтсем мен конфликттен ғана емес, болған мәселені шешуден және өзімнен қашатынымды түсіндім. бүгін кешке алдарына барып, маған үйдегі әсер ұнамайтынын, мәселенің басын ашып алуды, татуласуға алғашқы қадамды өзім жасадым. күніге ауыр ойлармен, осы сезіммен күн кешіп, түн батырдым. осыдан кейін барып көңіл жібіп, мәселемізді шештік. алғашқы қадамды бастау соншалықты қиын болады деп ойламаппын… 🫠
1 900
Ең жаманы – басқаларға әділетті болып, өзіңе әділетсіздік таныту. Мен осымнан үнемі таяқ жеймін🫠
