ТРК Президента
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс web-cайт: https://ptrk.kz/ Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/ YouTube: https://youtube.com/@trkpresident TikTok: @ptrkkz
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel ТРК Президента
Channel ТРК Президента (@ptrkkz) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 28 045 subscribers, ranking 2 119 in the Politics category and 265 in the Kazakhstan region.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 28 045 subscribers.
According to the latest data from 09 September, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -336 over the last 30 days and by -349 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Verified (Officially confirmed by Telegram)
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 5.41%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 3.87% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 1 518 views. Within the first day, a publication typically gains 1 085 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 0.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс
web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 10 September, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Politics category.
Data loading in progress...
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 10 September | 0 | |||
| 09 September | 0 | |||
| 08 September | +1 189 | |||
| 07 September | 0 | |||
| 06 September | 0 | |||
| 05 September | 0 | |||
| 04 September | +2 | |||
| 03 September | 0 | |||
| 02 September | +2 | |||
| 01 September | 0 |
– Біздің достығымызды бекемдей түсуге Түркі мемлекеттері ұйымы зор үлес қосуда. Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Ұйымға мүше елдер түрлі саладағы, соның ішінде күштік құрылымдар арасындағы өзара байланысын күшейтіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екені сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.@ptrkkz
| 2 | 🎾 Біздің Президент теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атануымен құттықтады
– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге, – деп жазылған құттықтауда.
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.
@ptrkkz | 334 |
| 3 | 🈂️Ертістен Баянауылға дейін – «Таза қала» сапары
Ертіс жағалауы, Павлодардың демалыс орындары және Баянауылдың көркем табиғаты – жаңа шығарылымның назарында. Өңірдегі туристік инфрақұрылымның дамуы мен көпшілік демалатын орындардың тазалығы да сараланады.
🌳Баянауылдың табиғатын сақтап, туристер үшін жайлы жағдай қалыптастыруға не қажет? Қала мен курортты аймақтағы өзекті мәселелер қалай шешіліп жатыр?
📺 Бүгін 19:30-да Jibek Joly телеарнасында!
@ptrkkz | 599 |
| 4 | #СЛОВОТОКАЕВА
🥇 Наш Президент:
Достижения каждого гражданина – это достижения всего Казахстана, честь каждого спортсмена – это авторитет всего нашего народа
@ptrkkz | 888 |
| 5 | ⭐️Silk Way Star мегажобасының екінші маусымының тұсаукесері Қытайда өтті
Қытайда Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымының алғашқы шығарылымы көрерменге жол тартты.
Жобаға 12 елден — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан өнерпаздар қатысуда.
🇰🇿 Қазақстан атынан байқауға Рухия Байдүкенова қатысып, қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындады. Ол Silk Way Star байқауының екінші маусымындағы алғашқы турдың жеңімпазы атанды.
✔️ Халықаралық музыкалық жобаны ҚР Президентінің Телерадиокешені China Media Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Байқау әртүрлі елдердің өнерпаздары мен музыкалық дәстүрлерін бір сахнада тоғыстырады.
@ptrkkz | 888 |
| 6 | 🇰🇿 Біздің Президент Қазақстан құрамасын Көшпенділер ойындарындағы табысты өнерімен құттықтады
Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты.
🥇 Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
@ptrkkz | 794 |
| 7 | 🖊️ Біздің Президент «Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің өкілеттіктері туралы» Жарлыққа қол қойды
@ptrkkz | 807 |
| 8 | 🎥 «ШЫҰ. Еуразия диалогы» – Бішкек саммиті туралы Президент Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы, Қазақстанның сауда, транзит, жасанды интеллект, қауіпсіздік саласындағы бастамалары – диалог, сенім және өзара байланысқа негізделген Еуразияның болашағын айқындамақ.
🇨🇳 Фильмнің басты мақсаты – Еуразияның жаңа архитектурасын қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін көрсету.
🈂️Бүгін сағат 16:00-де «Jibek Joly» телеарнасынан көріңіз!
@ptrkkz | 1 006 |
| 9 | 🖊️ Қазақстан–Лаос: ресми сапар аясында қандай келісімдер жасалды?
@ptrkkz | 799 |
| 10 | 🇰🇿🇱🇦
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Біз сауда, энергетика, цифрландыру, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да бағыттардағы ықпалдастықты күшейтуге мүдделіміз»
@ptrkkz | 809 |
| 11 | ✔️ Қазақстан Орталық Азияда тоғыз жолдың торабында орналасқан. Қытай мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып келеді - Президент
@ptrkkz | 646 |
| 12 | 🇰🇿🇱🇦
Мемлекет басшысы:
«Келесі жылы Қазақстан мен Лаос арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толады. Өткен жылдар ішінде елдеріміз арасындағы байланыстар тұрақты әрі достық сипатқа ие болды»
@ptrkkz | 388 |
| 13 | 🇰🇿🇱🇦
Мемлекет басшысы:
«Лаос нарығына жеткізілетін қазақстандық тауар көлемін кеңейтудің мүмкіндігі мол екенін көріп отырмыз. Ең алдымен, металл, тағам, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика өнімдерін тасымалдай аламыз»
@ptrkkz | 602 |
| 14 | ✈️ Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды
@ptrkkz | 443 |
| 15 | #ТОҚАЕВСӨЗІ
▪️ Тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие – Біздің Президент
@ptrkkz | 1 169 |
| 16 | 🇰🇿🇱🇦Қазақстан мен Лаос Президенттері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылады
Мемлекет басшысының сөзінен:
▫️Біз Қазақстан мен Лаос арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз
▫️Қазақстан Орталық Азияда тоғыз жолдың торабында орналасқан. Қытай мен Еуропаны жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып келеді
▫️Лаос өнімдерін Орталық Азия мен Еуропаға біздің көлік дәліздері арқылы шығаруға болады. Қазақстан да Лаос арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға тасымалдайтын өнім көлемін ұлғайтуға ниетті. Біз Лаостың теңізге шығатын жолы жоқ елден Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін байланыстырушы елге айналу жолындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз
▫️Лаос нарығына жеткізілетін қазақстандық тауар көлемін кеңейтудің мүмкіндігі мол екенін көріп отырмыз. Ең алдымен, металл, тағам, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика өнімдерін тасымалдай аламыз
▫️Доллар инвестиция тартылды. АХҚО Лаос компаниялары үшін Қазақстан нарығына шығатын әрі Орталық Азиядағы қызметін кеңейтетін тиімді құрал бола алады
@ptrkkz | 1 181 |
| 17 | 🇰🇿🇱🇦Мемлекет басшысы Лаос Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
– Келесі жылы екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Бұл – үлкен меже. Елдеріміздің қарым-қатынасы достық сипатқа ие. Екі мемлекет халықаралық аренада, ең алдымен, БҰҰ аясында тығыз жұмыс істеп отыр. Лаос мемлекеті біздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде көтерген бастамаларымызды қолдады. Ол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – Сіздің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз. Осы сапардың нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға екі ел үкіметтері белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын, – деді Президент.
Біздің Президент Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.
@ptrkkz | 1 158 |
| 18 | 🇰🇿🇱🇦
@ptrkkz | 1 140 |
| 19 | 🤝 Біздің Президент Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
🇰🇿🇱🇦 Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Лаос әнұрандары орындалды.
@ptrkkz | 1 150 |
| 20 | 🇰🇿🇱🇦Лаос Президенті Тхонглун Сисулиттің Қазақстанға ресми сапары
📰Қарсы алу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!
🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.
@ptrkkz | 2 086 |
