en
Feedback
Mubasshheer

Mubasshheer

Open in Telegram

Напоминание

Show more
204
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-230 days
Posts Archive
Өткенде әлдебіреудің жазбасын оқыдым, бүй депті: “Енді үйленген жастарға той жасаудың орнына, сол тойға кетер ақшаны алғашқы жарна ретінде беріп, ипотекаға үй алып берген құп”. Бір қарағанда жанашырлық, жақсылық іспетті… Бүкіл айналадағы адамнан еститінім: “Біреуге төлегенше өз пәтеріңе төлеп отқан артық қой”. Былай алғанда, енді отау көтеріп жатқан жас отбасыны қарызбен өмір сүруге тығып жібересің, басталмай жатып үйретіп қоясың. Қарызға өмір сүру психологиясы өте кең тарап кетті. Ешқалай біреуді күстаналау, сөгу емес. Замандастарымның ойын сәл де болса қозғап қойғым келеді. Енді үйленген жас отбасы сәл пәтер жалдап тұрып көрсін, өмірде піссін, пәтер іздесін, бір пәтерден келесі пәтерге жоқтай көрінген заттарымен көшіп көрсін… өмірдің бір кезеңдері ғой. Бұл жерде шариғи үкімдерді сөз етіп жатқан жоқпын “Пайыз - харам” дегендей, оны менсіз-ақ біледі ел. Жеткізгім келгені, үйлі болудың басқа жолдары бар. Құдай-ау, кәсіп қылам, тірлік қылам дегенге, адал ақша табам дегенге көптеген есіктері ашық. “Елдің бәрі кредитте” дейміз ғой, бірақ мойындап та қоялық арасында, өзіміз ғой алып жатқан, иә?! Шығатын жол деп тек соны көріп қаламыз… Бір жақын досымның мысалын жазайын, өзі түйген ойымен бөліскені. Автокредит алады. Сол көлікті бір апта мінді-мінбеді, үлкен жол апатына ұшырайды, шүкір, адамы аман. Ал көлікті қайта жинауға 6-7 ай кетіп қалды дейді. Содан ол көлікті сату да қиын болған, бірақ алатын адам табылып, ақырында сатылған. Осы оқиғадан соң кредитке жоламаймын деп айтқаны өзінің. Бәрінің басында осылай болады деген нәрсе емес. Жай ғана ой түймекке. Аз-маз қанағатты да үйренсек, шүкір дерміз, жоқ нәрсемізге емес, бар нәрсемізге қарармыз. #ой_түймекке

photo content

photo content

photo content

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ الْجُبْنِ وَالْبُخْلِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلَبَةِ الدَّيْنِ، وَقَهْرِ الرِّجَالِ. Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уа ә’уузу бикә минәл-‘ажзи уәл-кәсәли уа ә’уузу бикә минәл-жубни уәл-бухли уа ә’уузу бикә мин ғолабатид-дәйни уә қоһрир-рижәәли. Мағынасы: Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!

photo content

Repost from Al’QOMAR.KZ
В наличии общ тетради 48 листов в клетку для требующих знания:)
В наличии общ тетради 48 листов в клетку для требующих знания:)

photo content

Пополнение: 300 ₸ Доступно: 366 143,31 ₸

Пополнение: 1 000 ₸ Доступно: 213 331,56 ₸

Керек сумма 600 мың. 25 қарашаға дейін. Жиналған сумма: Пополнение: 500 ₸ Доступно: 107 221,05 ₸

photo content

Сонымен, Фетхуллаһ Гүленге қандай қатысым бар, соны жазайын (инстаграмда уәде еткендей) Бір қызығы, ешқандай. Бар қатысым, ертеректе “Көкжиек” баспасынан шыққан Фетхуллаһ Гүленнің қазақшаға аударылған кітаптарының бірнешеуін оқып көргеніміз. Жалпы, ол кезеңде бүкіл Қазақстанда оқылды, себебі қазақша кітап жазатындар да аз еді, оның ішінде діни кітаптарды. Ал былай, ортаның шайына да бармаппыз, майынан да татпаппыз. 2015 жылы соңына түсіп зерттеп-зерделеп, жан-жақтан сұрастырып, нендей қауіпі бар деп ізденгеніміз бар. Инстаграм тарихшамда тарихи тұлға ретінде зерттелу керек дедім. Иә, солай. Тек біржақты ойлансақ, әлбетте, қажет емес. Бірақ мойындайық, Гүлен — өте күрделі тұлға. Әлемдік деңгейде бұндай жүйе құра білу…екінің бірі жасай бермейді (артында ЦРУ бар деген секілді әңгімелер бөлек тақырып). Екі тарапты лагерь іспетті. Бірісі — осы жамағат өкілі, екіншісі — Эрдоған жағы. Эрдоған үкіметі тұсында Түркияға оқуға түскен қазақ жастары қаттырақ екінші топқа жақын. Түркия — кешегі империя, сондықтан да идеологиясы қатты, тәсірі мықты. Ал біздің жастарда ермелік бар. Ерген кезде сондайынан ереміз, қатты махаббат қойып, жат десе жатып, тұр десе тұруға бармыз (сәл-сәл әсірелеп жіберсем де шындығы осы). Және бір мәселе — кез-келген тұлғаның тарихи бағасын бере білу керек. Залым, диктатор, аяулы, мықты, әлсіз болса да… Көп жағдайда діндар қауымнан көрініс табатын үрдіс бар. Мысалы, “Ататүрік — кәпір” деп атын да естігісі келмейді. Сейдахмет Құттықадам “Служение нации” деген кітабында Ататүрікті ел басқарған адам ретінде, тарихи тұлға ретінде бағасын береді, біздің елмен параллель келтіреді. Яғни, жақсы көріп керек емес, залым деп таны, яһуди деп біл, бірақ ізденуге, зерттеуге жабық болма. Біреуді қатты жақсы көру мен біреуді қатты жек көру — екеуі де экстремизм. Иә, тілдік мағынасында. Латын тіліндегі “extremus” деген сөз осыны меңзейді. Яғни, шектен тыс, тым, шалғай. Ал енді Түркия БАҚ өкілдері секілді Гүлен мырзаға лағынет айтып, қаралаудан аулақпын. Өзім Түркияда магистратура оқыған адам ретінде Таяу Шығыстың күрделі жер екенін түсінемін (Восток — дело тонкое деседі). Жылдар өткен соң Түркияда Гүленнің есімі қайта дәріптеліп, көтерілуі бек мүмкін (ИМХО). Эрбакан мен Эрдоғанның 2000 жылдар басындағы жасаған саяси ойыны бұл пікірді жоққа шығара алмайды. Енді Гүлен де өткеннің адамына айналды. Мұсылман хәлінде өткен болса “Алла рақымына алсын” дейміз. Жақын бауырларымның арасында Гүлен құрған жүйеге кіріп, кейіннен шыққандары болды және шыға алмай қалғандары да бар. Ислам дініне, халыққа шынайы қызмет етіп жүрмін деп жан-тәнімен сенеді. Мақсатсыз жүргенінен солай да жақсы ғой деп пікір қылам… Менің өзім жүйе ішінен жүйе құрып, үй ішінен үй тігуге қарсымын. Ертеде бір ұстазым “Хизметті” түсіну үшін Борис Акуниннің “Азазель” романын оқы деп еді, оқыдым. Роман желісі бойынша бостандық пен жарық әкелу керек болған “Азазель”, түбінде өлім мен қараңғылық әкеледі. Ислам шариғатында қағида бар: мақсаттың игі болуы оған апаратын құралдарды ақтамайды (цель не оправдывает средства). Яғни, мақсат игі болар, мақұл, тамаша, келістік. Алайда сол мақсатқа жетелейтін жолдар да игі болуы шарт. Ал аталмыш жамағатта кей нәрселерден аттап кететінін хабары бар жандар жақсы біледі. Сайып келгенде осы жазарым. Соқыр еруді құптамаймын, кімге болсын. Сосын деген, қазақтың жастары қызыл кеңірдек боп бір-бірімен осы тақырып аясында тартысып жататыны несі?! #ой_түймекке