cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Korean fanfic ☺️❤️

Ей, ей, достым, бері қара Сен іздеген ғажайыптын бәрі осы жерде Естен кетпес фанфиктер Мотивация Цитата Селф посттар Кәне көп ойланбай тіркел. Бұл сенің мүмкіндігін

Show more
Kazakhstan8 192The language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
89
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

https://vk.com/wall-194666754_13627 лайк басып кете аласыздар ма. Өтініш.
Show all...
•BTS |방탄소년단| қазақша елестетшілер, фанфиктер•

#IMAGINE_BEF_BTS --by: #Kitana #Елестетші ол шын сүйді, бірақ махаббаты жауапсыз болды. #Елестетші Сеул көшелерінің бірі. Джин түндегі ісіне өкініп отыр. Бұл істі Лия бастаған соң, шыныменде өзіне ғашық деп ойлады. Лия өзін осылай қаратып алмақ деп түсінді. Ал Лияға келсек өкініпте отырған жоқ. Тек бәрі өз жоспарындағыдай болмағаны ашуландырады. Енді ол Джиннен басқа ешкімге керегі жоқ. Ал Лия тіптен ол туралы ойламады да. Казір тек Джиннің түбіне жету жолын ойластыруда. Лия оны көрген сәтте ақ көзін құртамын деп серт берген еді. Және сол сертті орындауға бекінді. #Елестетші мектеп іші. Лия өз сыныбына бара жатыр. Ал Джин сыныпқа сенен бұрын кіріп кетті. Сынып ішінде ешкім жоқ. Джин орнына отырды. Сенде ішке кірген едің, ол сені көріп сасқалақтап қалды. — М.. мен кешегі үшін...кеш,- сен оның сөзін аяқтатпастан отырып, жылап жібердің. Ал ол осылай боларын білген еді. — Енді мен...енді мен ешкім емеспін. Болашағым не болады? Мен бақытты бола алмаймын,- жылай. Ал Джин не істерін білмей тұр. — Сен маған…

«Арсенал' әскери академиясы» 🖤 Басты кейіпкерлер: Чон Чонгук, Со Ёнджу, Со Ёну , Ким Тэхён. Қосалқы кейіпкерлер: Пак Сэри, Ли Сольхён, Ким Намджун, Ким Михёк, Ан Бон Пёль және т.б. Жанр: трагедия, комедия, романтика. Автор: #nini | episode — 4 | Тэхён Чонгуктан көзін тайдыра, қолын босатып, көпшіліктің арасына кіріп кетті. Чонгуктың ашуына тигені, Тэхён мен Ёнудың үнемі бірге жүруі еді. Ол ештеңе емес, екеуі бірге бұны ала көзбен атып, қатарларына сыйдырмайтындарын анық білдірген еді. — Ёну, демек сен екеуіне де ұнайсың! - Намджун жымия жігіттің иығынан түртті. Ёнудың денесін суық тер басты. Қасында тұрған ұзын бойлы жігіттің иығынан қалай ұрып жібергенін өзі түсінбеді. — Ауч! Ауыртып жібердің! Әзілдедім ғой! - Намджун тістене сөйледі. — Маған ондай әзілдер ұнамайды! Намджун түрін тыржитып, басын шайқады. — Құрметті Арсенал әскери академияның студенттері, қалада болып жатқан дауға байланысты, бүгін барлығың сабақтан босатылдыңдар! Бірақ, академиядан аттап басушы болмаңдар! Ортаға шығып мәлімдеме жасалынған соң, студенттер бөлмелеріне тарасты. Академияда студенттерден басқа, жоғары шенділер, мұғалімдер қалмады. Бар күдік осыда еді... *** Қалай? Бүгін еркіндік берілді. Мүмкін, бір шөлмек ащы судан ішсек қалай? - Чонгук дауысын көтере сөйлеп еді, қасында тұрған Намджун жігіттің басынан бір перді: — Басың істемесе айт. Денің сау ма? Сонша айғайлағаның не? Ешкімді жинамай-ақ, өзіміз отырып ішеміз. Чонгук басын ұстап, ыржия: — Келістік! Ёну Тэхёнға қарап: — Сен барасың ба? Тэхён үшеуіне бір көз тастап: — Жоқ! Кітап оқысам ба деймін.Өздерің отыра беріңдер. Чон жігітке мысқылдай: — Оданда іше алмаймын демейсің бе? Қорқақ! Тэхён Чонға назар аудармады. Жай ғана қасынан өте шықты. — Мен оның орнында болсам, сені ұрып тастайтын едім! - Ёну Чонға жұдырығын түйе, сөзін жалғастырып: — Наму, өздерің іше беріңдер. Мен ішпеймін! Ёну Тэхённың артынан еріп бара жатыр еді, Чонгук: — Бар. Соның артынан құйыршық құсап жүре бер. Саған Тэхён жақсы болды. Күшігі сияқты артынан қалмайсың. Тіпті, ішімдік ішкің келмейді. Кет. Сенсізде ішеміз! Чонның тиісе сөйлегеніне ызасы келген Ёну, кері бұрыла, жігіттің жағасынан қысқан күйі сүйрей жөнелді. Баспалдақпен екінші қабатқа көтеріліп, Намджунның бөлмесіне кірді де, Чонды үстелдің жағасына әкеліп отырғызды. Ёну: — Наму, ішімдіктеріңді шығар! Мына шіріктің аузы-мұрнына құяйын. Мынаның аузын жауып, соған батырып өлтірмесем, Ёну атым құрсын! — Тоқта. Менде ішімдік бар деп кім айтты?! - Намджун қызға жауап қайтарды. — Өтірік жынды болма. Күнде ішімдік ішесің. Білмейді дейсің бе? — Мыстан. Осыдан ақ білуге болады! — Чонгук саусағын шошайта, миығынан күлді. Намджун қызға ұзақ қарап тұрды да, төсегінің астынан бір чемодан шығарып, бетін ашты. Чемоданның ішінде неше түрлі ішімдік болған еді. Ёну таңдап тұрып, ең қымбатын шығарып алып: — Мына ішімдік нағыз мықтысы. Мынаның үнін өшіруге жеткілікті, — деді де, Намджуннан сұрамай жатып ашып жіберді. Көзін жыпылықтата тұоып қалған жігіт, не дерін білмеді. Бірнеше стакан ішімдіктен кейін сұлқ құлаған Чон, қолына кезекті стаканды алды. Әдетте, мас болмайтын жігіт, Ёнудың ызасына сылқия мас болған адамның кейіпін салды. — Мүмкін осы ішкенің жеткілікті болар? Сондай қатты мас болғаның не? - Намджун ақырын сыбырлап, Чонның қолындағы стаканды алды да, қасында отырған серігінің көзіне үнсіз көмек сұрай қарады. — Әрине, оған жеткілікті, - деп жауап берді әдемі дауыс иесі, артынша бірнеше тиындарды үстелдің үстіне қоя: — Мынау сенің қымбат ішімдігің үшін. Мен мынаны өзіммен алып кетемін, - Ёну Чонның екінші жағына шығып, иығынан көтере, қолтықтап, сүйреген күйі бөлмеге қарай кетті. — Ёну, біреу-міреудің көзіне түсіп жүрме. Ертең басымызға бәле болмасын, - Намджун ақырын сыбырлай, бөлмесінің есігін жапты. **** Чонды сүйреген күйі, бөлменің есігін ашқан Ёну, іште жатқан Тэхёнды көрді. Төсектің шетінде кітап оқып отырған жігіт, екеуіне көз тастады да, кітап оқуын жалғастыра берді. — Кешір. Мазаңды алдым ба? — ақырын дыбыстай. — Жоқ. Мазамды алмадың. Кел, көмектейін! — Чонгуктың екінші
Show all...
иығынан ұстаған Тэхён, Чонды сүйреген күйі төсекке әкеліп лақтыра салды. — Ёну, қазір боссың ба? — Әрине. Көмек керек пе? — Сыртқа шығып сөйлесіп қайтсақ? Қазір, академияда ешкім жоқ. Оның үстіне, таза ауа жұтып қайтар едік. Оның үстіне саған айтарым бар. Ёну қарсылық танытпады. Бөлменің жарығын өшіріп, сыртқа шықты. Жүгіру алаңын бірнеше рет жаяу жүріп шыққан екеуі, әлі үнсіз келеді. Тыныштықты сүймеген Ёну, қасындағы жігітті сөзге тарта: — Маған не айтқың келді? Жеке бас мәселесі ме? Қандай көмегім керек? Тэхён терең тыныстай, Ёнудың қарсы алдына тұрып, көзіне қарап: — Ёну, мен қазір саған бірдеңе айтамын. Бірақ, сен мені қате түсініп қалма. Жақсы ма? — Не айтқың келіп еді? — Ёну... Сен қызсың ғой? Аласа бойлы жігіттің көзі бақырайып кетті.Бірдеңе десе, Тэхён оны сұрақтың астына алатынын өте жақсы білді. — Немене? Тэхён сен? — Мен саған алдында осылай айтып қоя жаздадым. Дегенмен, қызық иә? Ойлашы, мен сені қыз екен деп қалдым. Шынымен солай. Сенің бойың, жіңішке дауысың, теріңнің мінсіздігі... Шынымен мен сені қыз деп калдым. Бұл үшін маған ренжімисің ғой. Солай ма? Тэхённың сөзінен кейін, мең-зең болып қалған Ёну, өтірік жымия салды: — Ыы... Иә. Ренжімеймін ғой. Бірақ, мені қыз деп ойлағаның миға қонымсыз енді... — Ёну. Мен саған өтініш жасайыншы. Менің достарым өте аз. Сенен өтінетін нәрсем саған мүлдем ұнамауы мүмкін. Бірақ... — Тэхён! Ішімді пыстырмай тезірек айт! Қандай өтініш? — Мені үйдегілер қыстап жатыр. Егер, осы аптаның соңында қалыңдықпен таныстырмасам, өзім танымайтын қызбен атастырмақшы. Маған соның алдын алу керек. Бір жолға ғана маған көмегің керек. Өтінемін! — Түсінбедім? Қандай көмек? — Жәй ғана менің қалыңдығымның рөлін сомдап берсең болды. Ёну теріс бұрыла: — Сенің есің дұрыс емес шығар! Жоқ! Қарсымын. Бұл өтінішіңді орындай алмаймын. Сен мені кім деп тұрсың? Мен — еркекпін! Көйлек кимеймін! — Неге сонша ашуланасың? Мейлі. Көмек көрсетпесең де ренжімеймін. Шамасы, мазаңды алдым ау деймін! Кеткенім жөн болар! Ёну өзін жайсыз сезінді. Тэхённың тосыннан айтылған сөздері мен ақылға қонымсыз көмек сұрауы, одан әрмен оны тығырыққа тірегендей болды. Бірақ, сенімді серігіне, ақиқат жолында күрес кезінде жақсы жолдас бола білетін адамнан айырылып қалса ше? Ёну үшін, Тэхён ең ақылды, байсалды, жауапты адам ретінде көрінетін. Сол себепті, оны өзінен алыстатқысы келмеді. Тэхён терең күрсіне кетіп бара жатыр еді, Ёну жүгіріп барып алдына тұра қалды: — Егер, саған бұл көмегім шынымен қажет болса, бір жолға көмектесе аламын. Тэхён жылы жымиды. Қарсы алдында тұрған жігітті қапсыра құшақтап: — Рақмет! Рақмет саған, Со Ёну! Ёну өзін біртүрлі сезінді. Көз алдында болып жатқан көріністі жоғарыдан бақылап тұрған Чонгук, жұдырығын түйген күйі, бөлмеге кіріп кетті... *** / flashback/ Үлкен залдан қатты шыққан соққыны мен терең тыныстың дауысы шығып жатты. Ортадағы қапты соққылап жатқан ару, әр қадамын аңдап басуда. Маңдайынан аққан тер ақ жүзін жуып әкетуде. — Шаршамадың ба? — залдың есігінің жиегіне сүйеніп, қолын қусыра ұстаған жігіт, қызға мазақтай сөйледі: — Дұрыс. Жауап берме. Жұмысыңды жалғастыр. Маған мән берме! Сәтсіз соққы. Гүрс еткен дыбыс. Жер жастанған бикеш. Шетте тұрған Чон, жерде жатқан Ёнуға жақындап қолын соза: — Көмек керек пе? — Өзім! - орнынан тұрған бикеш, үстін қағып жатты. — Сені жаттықтырайын ба? — Төбелескің келіп тұр ма? — Ол да болады. Бірақ, жеңген адам сыйлық алсын! — Не? Сыйлық? — Беттен сүю. — Сүю? - жігіттің көзі бақырая. — Ұнамай ма? — Есалаң! Псих! — Әрине. Сенің арқаңда болып жатырмын! - қызды бұрышқа қарай ығыстыра берген Чон, ақыры қабырғаға келіп тіреді. Жанарын тайдырмай қарап тұрған бикеш: — Түнгі ұйқының уақыты болды. Кеттік! - деп, жігітті итере, залдан жүгіріп шығып кетті. Чонгук мәз. Ол шындықтың түбі ашылатынын білді... / episode-4 the end./

😂
Show all...
15.92 MB
Бүгіннен бастап қайта көтерілеміз деп ойлаймын😊
Show all...
Қайырлы күн, жоғалғанда да қатты жоғалып кеттім ау ия😅 сіздерден кешірім сұраймын. Мен тіпті бұл каналды ұмытып кетіппін😂
Show all...
Сәлеметсіздер ме
Show all...
Финал ❗❗❗❗❗қай есімAnonymous voting
  • ꧁Lati ❤️꧂
  • ☾︎𝖆𝖗𝖆𝖎𝖚𝖒☽︎
0 votes
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.