cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

CASPIAN TODAY

Республикалық Ақпараттық агенттік

Show more
Advertising posts
950
Subscribers
-224 hours
-67 days
-3630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Елдің батысында сібір жарасы бар 10 қорым су астында қалды Премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев 3 облыста осындай жағдай болғанын мәлімдеді. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Show all...
Атырауда су тасқынына байланысты бір ауыл халқы эвакуацияланды Атырау облысында су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Бүгінгі күні Атырау қаласы және Индер, Махамбет аудандарының халқы тасқынмен күресіп жатыр. Мамырдың 13-інен 14-іне қараған түні су тасу қаупі күшейгендіктен Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылы көшіріле бастады.
"Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау үшін 4 автобус, 2 газель, 30 қызметкер және полиция авткөліктері жұмылдырылды. Тұрғындар үшін Атырау қаласынан APEC жоғарғы колледжінен және Dana қонақ үйінен орындар дайындалды. Ауылда 1215 халық тұрады. Халық ерікті түрде көшіріліп жатыр. Ал ауылдың ер азаматтары суды күзетіп ауылды қорғаймыз деп қалып жатыр", - деді Махамбет ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Алшынбек Мұқанғалиев.
Show all...
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!☀️
Show all...
⚡️ Бишімбаев 24 жылға сотталды Ал Байжановқа 4 жыл. Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. ▪️Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды. Бұрынғы экономика министріне қатысты іс 2 бап бойынша қарастырылған болатын: ▫️ аса қатыгездікпен кісі өлтіру ▫️ қинау.
Show all...
⚡️ Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды Жоғарғы сот мәліметінше, 2024 жылы 13 мамырда сағат 17:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады. Айта кетейік, сот отырысынан кейін аталған сот процесінің аяқталуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
Show all...
Павлодарда мектеп оқушысы бірнеше адамға пышақ салды Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Тәртіп сақшылары оқушыны ұстаған. Ол сыныптасына және мұғалімге пышақ салған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.
Show all...
Астанада подъездің күнқағары баланың үстіне құлап кетті 12 мамырда болған оқиға ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әкімдік мәлімдеуінше, жасөспірімнің басының самай бөлігі жарылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Сапасыз күнқағардың мәселесін Sputnik Қазақстан тілшісі құрылысты салған «SatNS» компаниясынан сұрап көрді. «Құлаған күнқағар қалпына келтірілді. Күнқағардың сапасы тексеріліп жатыр. Бала ауыр жарақат алмаған, бірақ қорқып қалған. Ата-анасы құрылыс компаниясына наразылық білдірген жоқ», - дейді компания. Видео: myastanacity
Show all...
Алматыда қызды өлтірген ер адам 2,5 жылға сотталды Алматыда ер адаммен бірінші кездесуде қаза тапқан қыздың өліміне қатысты үкім шығарды. Оқиға былтыр 16 қазанда болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен танысып, кездесуге шыққан. Бастапқыда екеуі жақсы әңгімелесіп отырған, артынша екеуінің арасында жанжал шыққан. 
"Кафеде отырған адамдар ер адам қызды сыртқа шығарып кеткенін көрді, алайда ешкім араласқысы келмеген. Қазір сол кезде нақты не болғанын ешкім білмейді, бірақ 20 минуттан кейін полицейлер қыз мерт болғанын анықтаған", - дейді оқиға туралы баяндаған журналист. 
Артынша ер адам кездесуге келген қызды арыққа итеріп жібергені белгілі болды. Қыз құлаған кезде басынан алған жарақаттардан қайтыс болған.    Іс қайта қарастырылып, ер адам қылмыстық кодекс бойынша қарастырылған бап өзгертіліп, ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Show all...
Астаналық тұрғын есту, сөйлеу қабілетінен айырылған такси жүргізушісін балағаттады Шыңғыс есімді жүргізуші түнде жөнсіз жолаушыға тап болды. Ол жігіт есту, сөйлеу қабілетінен айырылған. Әкесі күндіз өзі түнгі уақытта такси қызметін атқаратын көрінеді. Танысының айтуынша екі ер адам такси шақырып қайда бару керек екендігін көрсетпеген. Шыңғыс оларға бару керек нүктені көрсетуді сұрап өзінің естімейтіндігін көрсеткен. Кенттен алдыңғы жолаушы айқайлап балағаттай жөнелген. Соңында жүргізуші алдындағы usb шнурды алуғада тырысқан. Мәлімет көзі: @holanewskz
Show all...
Жағалаудағы құны 10млн теңге болған бекіре балығы естеріңізде ме?
Show all...
🤣 1