The Education Media
Open in Telegram
Бұл арнадан тұлғалық даму үшін қажетті ақпараттарды таба аласыз: грант, курс, стипендия, тағылымдама, байқау, лайфхак, бос жұмыс орындары. Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: @alzhanmyrza
Show more691
Subscribers
No data24 hours
-97 days
-1430 days
Posts Archive
Repost from «Otandastar Qory»
+1
Құрметті үміткерлер 🎓
Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжаттарды қабылдау басталды 📚🇰🇿
Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін) мына сілтеме арқылы тапсыра алады:
🔗 https://studyin.kz/admission
Гранттар саны:
🎓 Бакалавриат – 490
📖 Магистратура – 50
🔬 PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 🤝
Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады
@otandastar
Илон Маск бағдарламалау туралы:
«Шынын айтсам, бәрі соған келуі мүмкін деп ойлаймын: бәлкім, осы жылдың соңына қарай саған бағдарламалаумен айналысудың да қажеті болмайды. Жасанды интеллект бинарлық кодты бірден дұрыс күйінде өзі жасай алады.
ИИ кодты аударатын бағдарламадан (компилятордан) да тиімді дайын бағдарламаны жасай алады.
Сен жай ғана: “осындай нәтижеге арналған оңтайландырылған бинарлық файл жаса” деп айтасың және әдеттегідей код жазбай-ақ қоюға болады».
x.com
@mumkindik
Repost from «Otandastar Qory»
+3
🎓 Құрметті қандас студенттер!
Сіздерді өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «OQ STARTUP» үздік жоба байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқауға кез келген саладағы инновациялық, әлеуметтік немесе шығармашылық бағыттағы жобалар қабылданады.
📎 Қатысу үшін:
2 минутқа дейінгі бейнероликті немесе 10 беттен аспайтын презентацияны
төмендегі байланыстардың біріне жіберу қажет:
📱 WhatsApp/Telegram: +7 747 508 01 00
📧 Электронды пошта: Oqbaiqau@gmail.com
Хатпен бірге келесі мәліметтерді көрсетіңіз:
– Толық аты-жөні
– Азаматтығы
– Оқитын университеті мен курсы
– Жасы
⏰ Құжаттар мен материалдар 2025 жылғы 11 қарашаға дейін қабылданады.
🏆 Үздік деп танылған 2 жоба иегері
21 қарашада Астана қаласында өтетін “Отандас ғалымдар форумында” марапатталады.
Жаңа идея – жаңа мүмкіндік! 🌟
@otandastar
🔝NU ғалымдары – әлемнің үздік 2% зерттеушілері қатарында!
Әлемнің ең көп дәйексөз келтірілетін 2% ғалымының жыл сайынғы жаһандық рейтингінде Nazarbayev University атынан енген зерттеушілер саны 42-ге жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық көрсеткіш.
💡Сондай-ақ, NU ғалымдары жариялаған мақалалардың жалпы саны 10 640-тан асты. Бұл - Қазақстан жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарында жарық көрген барлық ғылыми еңбектердің шамамен алтыдан бірі.
@mumkindik
Green Card лотереясын қалай толтыру керек?
DV-лотерея 2027 бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылдың қазан айының басында басталып, қараша айының алғашқы жартысына дейін жалғасады. Бұл бағдарлама — АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік беретін Green Card (тұрақты тұру куәлігі) ұтып алу мүмкіндігі.
Толығырақ: el.kz
@mumkindik
Repost from «Otandastar Qory»
26-29 тамыз аралығында (4 күн) «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында 12 сағаттық онлайн біліктілік арттыру курсы өтеді. Шетелде қазақ тілін насихаттап жүрген барша қандастарды курсқа қатысуға шақырамыз!
Қатысу үшін +7 707 419 77 62 номеріне өзіңіз туралы ақпаратты жолдаңыз.
Курс 17:00-20:00 аралығында ZOOM платформасында өтеді
@otandastar
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
+4
🎓 ӘКІМДІКТЕР ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛДІ
💡 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🎓 АКИМАТЫ ВЫДЕЛИЛИ АБИТУРИЕНТАМ ОКОЛО 2 ТЫСЯЧ ГРАНТОВ
💡 На 2025-2026 учебный год начат прием заявлений от местных исполнительных органов на государственный образовательный грант на конкурсной основе. Акиматы ежегодно выделяют гранты на целевую подготовку по приоритетным специальностям.
🔗 Подробнее: gov.kz
Repost from Sayasat Nurbek
🎓 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
📣 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялайды.
✔️ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді.
💡 Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілді.
🖌 Биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады.
🔰 Жалпы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл – Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.
Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады.
Дарынды жастарды қолдау мақсатында конкурссыз берілетін гранттар қарастырылған, олар – халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары.
Бұдан бөлек, министрлік жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша тетіктерді енгізді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 5 жасар балаға есепшот ашу кезінде бастапқы білім беру капиталын төлеуді көздейтін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар бұл жүйе барлық салымшыларға мемлекеттік сыйақы мен екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларының сыйақысын төлеуді қарастырады. «Келешек» жүйесі бойынша жиналған қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражатымен біріктіруге болады.
2024 жылы алғаш рет оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жабатын сараланған гранттар тағайындалды, қалған соманы иегерлер өз қаражаттары есебінен немесе жеңілдетілген оқу несиесі арқылы төлей алады. 2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды. Сараланған гранттар бойынша конкурс осы жылдың қыркүйек айында өтеді.
Алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді. Бұл шара әскери қызметін өтеп болған соң әскери қызметшілердің әлеуметтік бейімделуін қолдауға және жоғары білім алуға тең мүмкіндік беру мақсатында қолға алынды.
Грант нәтижелерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық көздерінен https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim, https://t.me/SayasatNurbek, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан www.testcenter.kz білуге болады.
Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
📣 Sales Hackathon
📅 12–13 тамыз
📄 Онлайн формат
🏆 500 000 тг
💻 IT‑өнім сатуда өзіңді сынап көргің келе ме? Портфолиоңа нақты кейс қос!
12–13 тамыз күндері SalemBot IT‑өнімінен Sales-хакатон өтеді — бұл шағын бизнестің табысын клиенттерді қайтару арқылы арттыратын сервис.
🚀 Сен не аласың:
• Шынайы IT‑өніммен жұмыс тәжірибесі
• Қатысушы сертификаты
• Партнёрлық бағдарламаға қосылу мүмкіндігі
• 🥇 1 орын — 300 000 тг
• 🥈 2 орын — 150 000 тг
• 🥉 3 орын — 50 000 тг
Бұл IT, бизнес, маркетинг, менеджмент мамандықтарындағы және дағдыларын дамытқысы келетін барлық студенттерге арналған.
Қатысу тегін.
🔗 Тіркелу 11 тамызға дейін
@mumkindik
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
⚜️ 210 МЫҢ ТАЛАПКЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ
210 мыңнан астам талапкер 2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 76,5%-ға жуығы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 149 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
🔗 Толығырақ: gov.kz
⚜️210 ТЫС. АБИТУРИЕНТОВ СДАЛИ ЕДИНОЕ НАЦИОНАЛЬНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ
Основное ЕНТ-2025 сдали более 210 тыс. абитуриентов. Из них около 76,5% прошли тестирование на казахском языке, 23,5% – на русском, 149 человек – на английском языке.
🔗 Подробнее: gov.kz
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
⚜️ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан жоо-да) тапсыруға болады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
⚜️НАЧАЛСЯ ПРИЁМ ЗАЯВЛЕНИЙ НА КОНКУРС ГРАНТОВ
С 13 июля по 20 июля 2025 года осуществляется приём заявлений от абитуриентов для участия в конкурсе грантов. Подать документы можно как онлайн через портал egov.kz, так и через центры приёма при университетах (в любом вузе по месту нахождения).
🔗 Подробнее: gov.kz
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
📺 ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру басқармасының басшысы Рауза Мендалиева «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берді.
⏳Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны басталды. Халықаралық университеттерге түсу тәртібі қандай? Қандай талаптар қойылады? Толығырақ – сұхбаттан көре аласыз.
Repost from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
📺 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Euronews халықаралық жаңалықтар арнасына сұхбат берді
💬 Сұхбат барысында Қазақстанның 2029 жылға дейін шетелдік студенттер санын 150 мыңға жеткізу жоспары сөз етілді. Сондай-ақ жаһандық университеттермен әріптестік, жасанды интеллект (AI) саласындағы бағдарламалар, стартаптарды қолдау мәселелері қозғалды.
-----
📺 Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек дал интервью международному новостному телеканалу Euronews.
💬 В ходе интервью обсуждались планы Казахстана довести число иностранных студентов до 150 тысяч к 2029 году. Также поднимались вопросы партнерства с глобальными университетами, программ в сфере искусственного интеллекта (AI), а также поддержки стартапов.
Repost from «Otandastar Qory»
⚜️AqylTech жобасына қандас жастар да қатыса алады⚜️
📌 AqylTech: жастарға арналған ауқымды онлайн бағдарлама.
🔔 Қаржылық сауаттылық, цифрлық дағдылар, жасанды интеллект негіздері мен киберқауіпсіздік — барлығы сен үшін!
👥 Кімге арналған: 18-35 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер
🆓 Қатысу — тегін
🔗 Қазір тіркел:
👉 twevent.net/aqyltech
📥 Өтінім қабылдау 30 маусымға дейін
💻 1 шілде – 15 қыркүйек аралығында онлайн-оқыту, негізгі цифрлық және қолданбалы бағыттар бойынша:
• жеке қаржыны басқару және қарызға батудан аулақ болу
• ЖИ мен цифрлық құралдар арқылы табыс табу
• IT негіздері және болашақ мамандықтар
• өзіңді және жақындарыңды кибералаяқтардан қалай қорғау
• тәжірибелік сабақтар, тренажерлар және интерактив формат
🎯 Сен келесі сұранысқа ие digital-дағдыларды меңгересің:
1️⃣ Қаржыны жоспарлау және қарыздарды басқару
2️⃣ Автоматтандыру бойынша ассистент
3️⃣ Чат-бот жасаушы
4️⃣ ЖИ-графикалық дизайнер
5️⃣ Бағдарламалық жасақтаманы тестілеуші (QA)
6️⃣ Промпт-инженер
🎓 Не аласың:
✔ нақты тәжірибелік дағдылар
✔ тәлімгерлерден қолдау
✔ IT қауымдастығының мүшесі болу мүмкіндігі
🎁 Басты сый — биыл күзде АҚШ-қа сапар YASSA Education-ның қолдауымен!
Үздік 3 қатысушы Нью-Йорк пен Бостонға барады:
📍 Harvard, MIT және алдыңғы қатарлы IT-компанияларға бару
📍 жаһандық инновациялық қауымдастықпен танысу
🤝 Жоба келесі серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылады:
• ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Жастар және отбасы істері комитеті
• Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
• Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (ЦПГИ)
• Astana Hub
• YASSA Education
• Отбасы Банк
• AITU (Astana IT University)
📲 Мүмкіндікті жіберіп алма — қатыс, оқы, дамы және жаңа цифрлық деңгейге шық!
@otandastar
Бір жыл үзіліс алып, өміріңді өзгерт: Gap year туралы білесіз бе?
Мектеп бітіргеннен кейін бірден жоғары оқу орнына түсіп, диплом алу– көпшілік үшін қалыпты жол. Алайда соңғы жылдары әлемде, тіпті Қазақстанда да gap year, яғни академиялық үзіліс алып, бір жылды саяхатқа, волонтерлікке, жұмысқа немесе өзін-өзі дамытуға арнау тәжірибесі танымал бола бастады. Бұл уақыт жоғалту емес – керісінше, саналы шешім қабылдап, болашағыңызды жоспарлауға арналған мүмкіндік.
Толығырақ: el.kz
@mumkindik
