en
Feedback
Ongar_online

Ongar_online

Open in Telegram

Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы! Мұнда: 🤡 Саясат 😪 Дау-дамай 😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады. Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Show more
5 197
Subscribers
-424 hours
-327 days
-4430 days
Posts Archive
Олеся Вертинский деген атыраулық блогер қатын дікең-дікең етіп, шекарада не істеп жүр? Шекарашы сол жерде атып тастау керек еді. ҰҚК мына әйелге қатысты шара қолданады деп үміттенеміз. Көрінген көк атты барып дікеңдейтіндей шекара дегенің ауладағы дүкен емес қой!

ҰҚК Астананың көші-қон полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Махметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын растады.

Балаларға арналған фастфудтың жарнамасына тыйым салынатын болды   Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз, қаныққан әрі трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеуді ұсынды.   Бұл бастама Мемлекет басшысының фастфудтың агрессивті жарнамасын шектеу жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленді. Ұсыныстар теле- және радиоарналарға, әлеуметтік желілерге және сыртқы жарнамаға қатысты болады.   Министрліктің мәліметінше, 6–9 жастағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы, 6%-ында семіздік бар. Ал жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.   Ұсынылған шаралар өнімдерді сатуға тыйым салуды емес, олардың балалар арасында жарнамалануын шектеуді және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Repost from PARANOIA.KZ
Барлаушылар күнінде Украина құпия операциялардың бірін жария етті... Оккупациядағы Донецк қаласында украин арнайы қызметі Оле
+2
Барлаушылар күнінде Украина құпия операциялардың бірін жария етті...   Оккупациядағы Донецк қаласында украин арнайы қызметі Олег Шутовтың көзін жойғанын айтуда. Шутов Донецктегі «Динамо» спорт кешеніне Subaru көлігімен келген сәтте, оның көлігіне жарылғыш зат қойылған. Кейін бомба қашықтықтан іске қосылған.   Олег Шутов 2017 жылы Киевте генерал-майор Максим Шаповалдың көлігіне жарылғыш қойып, жарып жібергендердің бірі саналады. 2017 жылы, 31-наурызда Донецк облысында полковник Александр Хараберюштің де көлігі жарылып, офицер қаза тапқан еді. Ол істі де Шутов ұйымдастырды деген ақпарат бар.   Араға 9 жыл салып, Украинаның арнайы қызметі Шутовтың көзін жойғанын айтуда. Шутовты құрту операциясы шілде айында іске асты дейді украин тарапы. Алайда диверсанттар қауіпсіз аймаққа өткенше, операция жайлы ақпаратты жария етпеген.

31-тамыз күні Путин Қырғызстанда журналистер алдында Святогорск қаласын басып алғанын айтып еді. Бүгін "Азов" полкінің негізін қалаушылардың бірі Андрей Билецкий Святогорскке барып, видео түсіріп, Путинге прикол ұстапты.

Ақмола соты Арман Щораевқа әкімшілік жаза қолданды Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат сөздер жазылған жария
Ақмола соты Арман Щораевқа әкімшілік жаза қолданды Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат сөздер жазылған жарияланымы үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, Centralmedia24 хабарлады. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған жарияланымды анықтаған. Осыдан кейін Арман Шораевқа қатысты әкімшілік іс қозғалған. Сот Шораевты кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Repost from PARANOIA.KZ
Бүгін Украинада Барлаушылар күні. Буданов барлаушыларды мерекесімен құттықтап, фотосуреттер жариялады. Суреттерде украин барл
+4
Бүгін Украинада Барлаушылар күні. Буданов барлаушыларды мерекесімен құттықтап, фотосуреттер жариялады. Суреттерде украин барлаушылары Таяу Шығыс, Африка, Ресей аумағында әрекет еткенін байқауға болады.

Repost from Mezgil.kz
Украина қолына тұтқынға түскен африкалықтар сұмдық мәліметтерді жария етті. - Кеудеңе мина байлап, жарыласың… - Дрондардың саны кей бағытта құстардан да көп! - 90 адам ұрысқа кетіп, екі адам ғана оралды!… - Бұл нағыз тозақ. Мыңдаған адамның мәйіті шашылып жатыр…Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8908

Бір аптаға созылған қаны қызу, санасы азат, өткені көшпенді өмір салтын ұстанған халықтың ойыны кеше аяқталды. Алтыншы Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының ашылу салтанаты да, жарыстардың барысы да әдемі өтіп жатқан еді. Әсіресе спортшылардың тартысы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бірақ қорытынды есеп жарияланған сәтте бәрі басқа арнаға бұрылып кетті. Қазақстанның үш алтыны есепке алынбай, дау туындады. Кешелі- бүгін әлеуметтік желіде осыған байланысты түрлі пікірлерді көзіміз шалды. Жаңа ғана осы даудың нүктесін Қырғызстан Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов қойды. Ол өзінің фейсбук парақшасында командалық есептегі техникалық сәйкессіздік медальдарды есептеу кезінде болғанын айтып, ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медалін жеке-жеке есептеуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанға берілді. Осылайша, жарыс жеңімпазы – Қазақстан деп танылды. Қырғызстан билігінің «Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!» деген сөзі де көңілге жылу беруі керек және дауды тоқтатуы қажет. Осы ретте Қырғызстан басшылығына алғыс айтқан жөн. Ақиқатын көріп, әділдік пен объективтілік алға салып, жекелеген адамдардың арандатуына қарамастан, достық пен ағайындықты маңызды деп санады. Негізі шыны керек, осы көшпенділер ойынының көрігін қыздырып отырған елдің бірі – қазақ пен қырғыз спортшылары. Әсіресе көкпардағы тартыс жанкүйерді ерекше қызықтырды. Екі елдің командалары да тамаша ойын көрсетіп, нағыз бәсекенің алаңда ғана қалуы керектігін тағы бір дәлелдеді. Жарыс барысында жанкүйерлер арасында да қақтығыс болып, үлкен дау туған жоқ. Екі халықтың болмысы осы жерден де көрінді. Көшпенділер ойыны – екі елдің емес, барша халықтың ортақ мұрасы. Спорттағы бәсеке алаңда қалуы керек. Ал ағайындық одан да биік тұруы тиіс.

“Донбассты Ресейге бер” деген Трамптың өкілдеріне Зеленский “кет нақ, қыс бойы соғысамыз” деп шығарып салды. Ресейдің қыстан қорқып отырғаны Украина мұнай өңдеу зауыттары сияқты енді жылу жүйелерін (ТЭЦ) жарса, қыста Путинге қиын болмақ.

Киевте Зеленскийдің Трамп уәкілдерімен келіссөзінің бірінші кезеңі аяқталды. Зе АҚШ-тың ұсынысына көнбей жатыр.

Көшпенділер Ойындарында топ жардық! Құтты болсын! Көкпар өкінішке орай, меніңкі кінәлім емес)
Көшпенділер Ойындарында топ жардық! Құтты болсын! Көкпар өкінішке орай, меніңкі кінәлім емес)

Бүгін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні! Ұмытпаймыз!
Бүгін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күні! Ұмытпаймыз!

photo content

Орысқұл блогер, “пилотка” Анастасия Ахметова 174-ші баппен қамауға алынды.

Энрике Иглесиас Алматының көшесінде жайбарақат жүр ғой)

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан Өзбекстанға профессор Икболжон Карабоевқа қатысты іс туралы ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. «ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өзбекстан тарапы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілді», - деп жауап берді Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚазТАГ редакциясының сауалына. Бұған дейін BBC Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте халықаралық қатынастардан сабақ берген Өзбекстан профессоры Икболжон Карабоевтың Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды.