en
Feedback
Belgisiz ūly

Belgisiz ūly

Open in Telegram

Сезім тамшылары…

Show more
1 581
Subscribers
-324 hours
-127 days
-1330 days
Posts Archive
өзгенің сатқындығын, салқындығын, бар былығын кешіре алмасаң, кеудеңдегі мұз инелерді ерітіп, өзегіңдегі өртті өшіре алмасаң, ойыңды тұман тұмшалап, өзіңді өзің түсіне алмасаң, “адамның бәрі сондай, опасыз”деген сұғанақ үнді азғырындыға ілесіп алдасаң: өзіңді, жүрегіңді, үмітіңді, тұнық арыңды, ұмытсаң дұғаларыңды, есіңе ал күнәларыңды… #үзік

өлеңімді осылай әдемілеп оқып, салып қойыпты. Қолдап, лүпілдетіп, пікір жаза кетейікші, достааар https://www.instagram.com/reel/DcRZ1LXssVL/?igsi=MTg3ZW41cG1yN2ExNA==

мен оны жоғалтып алдым. Тапқаныма да сенімді емеспін… #біркемдүние

бұл дүниеде ешкім де, ештеңе де, тіпті өзің де өзіңе тиесілі емес екеніңді қабылдағанда шынайы өмір сүре бастайсың… #жолаушы

өміріңдегі сәтсіздіктердің сәттілік екенін түсінген кезде жүрегің тынышырақ бола түседі… #суға_лақтырған_тас

адам бір боқ, боқ көтерген боқтың қабы, өлсең сасық боласың боқтан-дағы. “сені мен мен тең бе?” деп мақтанасың білімсіздік белгісі ол баяғы. ©️Абай Құнанбайұлы

адамды тұншықтыратын - сәтсіздік емес, белгісіздік. #біркемдүние

тым мұңайып, үміт жібі үзілердей болғанда өзіңізге қалай көмектесесіз? #жазағой

өмірде бір-ақ адамның түрін көре алатын болсаңыз, ол кім болар еді? p.s. қалған бүкіл адамның түрі ақ не қара тас болып тұрады #жазағой

бұрын “кемшілігім” деп ойлап, алайда кейінірек мұның нағыз ерекшелігіңіз екенін қасиетіңіз немесе әдетіңізді жаза кетіңізші : #жазағой

жата-жастана, сан рет қайталап оқыған кітабыңыз жайлы жазыңызшы : #жазағой

өмір, өмір болмайды түңілуге, қайта тұрып қақың бар жүгіруге… ©️ Мұқаң

жеміс бермейтін ағаш тапталып тынады. ©️ “Фармацевттің монологы”

“Махаббат адамды өзгертеді” деуші еді, дәрі болса неткен ғажап ем болар еді?! ©️ “Фармацевттің монологы”

Ақиқатында, дүние - тұзды су. Ішкен сайын шөлдей түсесің. ©️ Имам Шафии

Қадірлі оқырмандар! Сіздерді кезекті @kitapuzindisi арнасында дауысчатта өтетін поэзия кешіне шақырамыз. Өлең сүйер қауым болып бас қосып, көңілге жақын жырларды бірге оқып, бірге тыңдайық. Кешке қатысқысы келетін әр оқырман өзіне ұнаған өлеңін оқып, әсерін бөлісе алады. 📅 19 шілде (жексенбі) 🕙 Басталуы: 22:00 Жыр кешінде жүздескенше!🤍

екі түрлі адам білім ала алмайды : біріншісі - ұялшақ, екіншісі - тәкаппар. #ұмытпа

мынау шетсіз-шексіз әлемді төртбұрыш шекараға тығып тастағанымызды байқадым. Айналаға телефон арқылы емес, өз көзіңмен қарашы. Өз санаңмен ойланшы ғалам жайлы. Әйтпесе экран көрсеткен жолмен жүріп, сол үйреткен сөздерді сөйлеп, әлемді тек төртбұрыштың ішінен ғана тамашалап өмірің өте бермек… #біркемдүние

Өлім - соңғы аялдама емес. Адамдар ұмытылғанда ғана өледі. ©️ “Коконың құпиясы”