2 023
Subscribers
No data24 hours
-47 days
-1330 days
Posts Archive
2 024
Ақшаңыз көбейсін десеңіз, алдымен ақша туралы ойыңызды тексеріңіз
«Ақша адамды бұзады».
«Байлық бәріне бұйырмайды».
«Көп ақша табу үшін күні-түні жұмыс істеу керек».
«Маған ондай ақша қайда…»
Джен Синсеро «Ты крутая!» кітабында қаржылық жағдайды өзгертпес бұрын, адамның ақша туралы қалыптасқан түсініктерін байқап көру керегін айтады.
Өйткені біз кейде көп ақша тапқымыз келеді, бірақ ішімізде сол ақшадан қорқып тұрамыз.
Автор бірнеше нәрсеге назар аударуды ұсынады.
Біріншіден, ақшаны жаман не жақсы нәрсе деп емес, құрал деп қабылдау.
Ақша өздігінен ешкімді жақсы да, жаман да етпейді. Оның қандай мақсатқа жұмсалатынын адам өзі шешеді.
Екіншіден, қаржылық мақсатыңызды нақтылау.
«Көп ақша тапқым келеді» — мақсат емес.
Қанша?
Қай уақытқа дейін?
Ол ақша не үшін керек?
Оған жету үшін бүгін не істей аласыз?
Нақты сан болған жерде нақты әрекет пайда болады.
Үшіншіден, өзіңізге инвестиция салу.
Жаңа білім, жаңа дағды, жаңа орта адамның табыс табу мүмкіндігін кеңейтеді. Кейде ең пайдалы инвестиция — өзіңіздің құныңызды арттыратын білім.
Төртіншіден, ақшаның қайда кетіп жатқанын білу.
Көп табу ғана емес, бар ақшаны саналы жұмсау да маңызды. Импульспен алынған ұсақ-түйек кейде үлкен мақсаттарға жетуге кедергі болады.
Бесіншіден, мүмкіндіктен қорықпау.
Кейде табыстың келесі деңгейі жаңа жұмыстың, жаңа жобаның немесе бұрын жасап көрмеген істің артында тұрады. Бірақ қорқыныш бізді үйреншікті жерде ұстап қалады.
Синсероның кітабынан шығатын маңызды ойдың бірі осы:
Қаржылық еркіндік әмияннан бұрын санада басталады.
Сондықтан бүгін бір сұраққа жауап беріп көріңіз:
«Мен көп ақша табуға шынымен дайынмын ба, әлде ақша туралы ескі түсініктерім мені әлі де ұстап тұр ма?»
Ал сіз бала күніңізде ақша туралы ең жиі қандай сөз еститін едіңіз?
2 024
https://us06web.zoom.us/j/89492642664?pwd=9sJg8VXFgaSkFcW7wb4pa7IwNSke8C.1
@Клуб резиденттері
2 024
Кез келген адам көп ақша таба алады. Кедергілері өзінің басында.
Ойланып көрші,
“На что ты променяла деньги?” - дейді автор.
Сөйтіп, қызық тапсырма береді.
Ақшаның орнына таңдап алғандарыңды түсіндіреді.
Ақша - Құдайдың ойлап тапқаны емес. Ол жай алыс-беріс құралы.
Сонда оған қалай қарау керек?
Автордың кітабынан жауабын табасыздар.
Свияштың кітабынан…
2 024
📚 Бибілер клубының кітапханасы
Идея №2
«Мен оны білемін» деген ой неліктен қауіпті?
Жаңа білім алуға ең үлкен кедергі – білімсіздік емес.
Көбіне оған «мен мұны бұрыннан білемін» деген сенім себеп болады.
Эллен Лангердің пікірінше, адам бір нәрсені таныс деп қабылдағаннан кейін, оны қайта зерттеуге деген қызығушылығы төмендейді.
Сол себепті біз кейде:
• бұрыннан істеп жүрген жұмысымыздан жаңа мүмкіндік көрмейміз;
• жақын адамдарымыздың өзгергенін байқамаймыз;
• бір мәселені бұрынғы тәсілмен ғана шешуге тырысамыз.
Ал саналылық дегеніміз – бұрыннан таныс нәрсеге де жаңа көзқараспен қарай алу.
Бүгін өзіңізге бір сұрақ қойып көріңіз:
«Мен мұны шынымен білемін бе, әлде бұрынғы түсінігіме ғана сүйеніп отырмын ба?»
Кейде жаңа жауап дәл осы сұрақтан басталады.
📖 Бұл идея Гарвард университетінің профессоры Эллен Лангердің «Осознанность» кітабынан.
Кітаптың толық талдауын Бибілер клубының кітапханасынан тыңдай аласыз.
Жалғасы бар…
Келесі бөлісетін идея: Неге бір оқиғаның бірнеше дұрыс түсіндірмесі болуы мүмкін?
#БибілерКлубыныңКітапханасы #Осознандық #КітапТалдауы #БибілерКлубы
2 024
📚 Бибілер клубының кітапханасынан инсайт №1.
Ми бізді қалай алдайды?
Бір көшемен күнде өтетін адам сол көшеде жаңа дүкен ашылғанын бірнеше апта бойы байқамай жүруі қалыпты жағдай.
Бұл көру қабілетіне байланысты емес.
Психолог Эллен Лангердің айтуынша, ми таныс ортаны автоматты түрде өңдейді. Ол бұрыннан белгілі ақпаратқа аз назар аударып, энергияны үнемдеуге тырысады.
Дәл осы себептен біз кейде:
• бір мәселеге бұрынғы тәсілмен ғана қараймыз;
• адамдар туралы алғашқы пікірімізді өзгертпейміз;
• күнделікті өмірдегі жаңа мүмкіндіктерді байқамаймыз.
Автор саналылықты медитациямен емес, жаңа айырмашылықтарды байқай алу қабілетімен байланыстырады.
Бүгін шағын тәжірибе жасап көріңіз.
Үйден шыққанда немесе жұмысқа бара жатқанда бұрын назар аудармаған 5 жаңа нәрсені байқауға тырысыңыз.
Мүмкін, сіз күнде көріп жүрген ортаңызда әлі байқамаған дүниелер көп шығар.
📖 Бұл Гарвард университетінің профессоры Элен Лангердің “Осознанность” деген ғылыми еңбегі. Клубта толық талдаған кітаптардың бірі.
Келесі постта «Мен онсыз да білемін» деген ойдың неліктен адамның дамуын тежейтінін айтамын.
#БибиклабКітапханасы #Осознанность #ЭлленЛангер #КітапТалдауы #ӨзінДамыту
2 024
Бізде ертең “Ризашылық күнделігін толтыру” марафоны басталады.
Қосылам десеңіздер, сілтемеден өтіңіздер
https://chat.whatsapp.com/CBwWmit5JZJLZS1PZQBarJ
2 024
Аз уақытқа “Ешқашан ешкімге жасамаған жақсылық” акциясын жариялаймын….
Клубыма мәңгілік доступ ашып жатырмын.
Бір рет төлем жасап, өмір бойы отыруға болады.
23.04.26. - 62.000 тг.
24.04.26. - 63.000 тг.
25.04.26. - 64.000 тг.
26.04.26. - 65.000 тг.
https://pay.kaspi.kz/pay/bv8khoum
Рассрочка бар.
Талдауларым ұнаса, үлгеріп қалыңыз. Мұндай баға енді ешқашан қайталанбайды.
