en
Feedback
Nursultan Kozhagul

Nursultan Kozhagul

Closed channel

продюсер, маркетолог, наставник

Show more
290
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1930 days
Posts Archive
Иманның мекені болған жүрекке салған сезім Алладан болғанда адам кеп “ұмыт” десе көнесің бе?

түңгі ойлар 2 адам бақытты, бақытсыз болуды таңдайтын ерекше жаратылыс. Күллі ғаламның иесі Алланың алдында басқа тіршілік атауларына қарағанда өмірді өзі қалағандай сүруге қабілетті, “таңдауы” берілген айрықша тіршілік иесі. сол себептен “таңдауы” бар адамды өмірде азат деп есептейміз, бірақ бұл құралдың өз кезегінде жаман жағы бар екенін де ұмытпау қажет екен. мәселен, екі адамның арасында біреу қарым-қатынасына зұлымдық жасайтын болса, болмысына деген құрметсіздіктен маңыздылық танытпағандықтан немесе екінші орынға қойып, ысырғандықтан болатынын жасырмау керек. себебі кез-келген адам түкпірінде сол нәрсенің бәрін біле тұра сондай таңдау жасайды, сондай зұлымдыққа, жамандыққа барады. астын сызып тұрып айтайын, біле тұра. ал егер солай жасайтын болса оның сезімінде “шынайылық бар ма, жоқ па?” деген нәрсе күмәнға айналады. сол үшін жасаған таңдауларыңыздан ешқашан қателеспеңіздер…

түңгі ойлар аты мен заты жоқ келешекке ұмтылып, соған үмітімді арқау етіп, ештеңені, ешкімді елемей, бар арман-мақсатымның шеңберінде ғана өмір сүріп жүргеніме биыл 20 жыл өтіпті. ес білгелі біреудің еншісі мен жетегінде кеткен жетістіктердің иісін аңсаумен, қызығумен, тамсанумен болдым. шыны керек ұнамады. қызыққаным соншалық өзімнің басымдағы бақытымды ұмытып, өзгенің қолындағы қараны алтын деп жүрген кезім де болды, мойындаймын. бірақ қайткенмен пендешілігімді жасап, артынан тәубе ететін күндерім де аз емес еді. қазір, қазір… жылтырақ өмірдің артынан ілесіп, дәл осы сәтті ұмытқысы келетіндердің заманына айналып бара жатыр, неге деп сұрамаңыздар, себебі жауабын өзім де білмеймін. бірақ адам баласының бойындағы көре алмаушылық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, нәпсіқұмарлық деген секілді жаман қасиеттердің кесірінен ар-ұятын шешіп қойғандар қаншама. қу дүниенің артынан жүгіре бермей, бір сәтке ойланып көрші. Расында бұл сен қалаған бақыт атаулысы ма? әлде сен “алдым”, “жаптым”, “жасадым” дейтін жәй ғана сөз, сезім бе? бір сәтке, бір сәтке ойланып көрші, сен қанша қуған арман-мақсат расында сенің өз жүрегіңнен шыққан дүние ме? әлде біреуден туған, нұсқауынан, ойынан келген зат па?

Interstellar (Main Theme Piano).mp33.73 MB

Qazaqsha_cover_Live_Келем_деші_Ақбота_Керімбекова_Kosmuse_co.m4a3.27 MB

photo content

оңай бас тартып кете салатын таңдауы болсаң «ол сүйеді» деген тіркесті ұмыта бер

ОРДА_ЖАУАП_БЕР_|_2013_|_ORDA_ZHAUAP_BER_MV_HD_BW_VER_.mp34.89 MB

Адамның бақытты кезі аз болса да құнсыз ❤️

+7
horosha - ния bir kyz.m4a2.43 MB

«среди этого шумного мира ты всегда будешь оставаться моей тишиной, в которую мне так приятно возвращаться»

🤍
🤍

Gana - Marhaba Sabi.m4a3.65 MB

сүйетін адам уақытқа қарамайды

мұнда пост жазбағалы көп болыпты, өзіме де шыны керек уақыт жетпей жатыр, бұйырса бәрін теледидардың алдында қалай жеткенімді айтатын болам, подкастта есімімді естісеңіздер таңқалмаңыздар 🔥

иншАлла, я стану долларовым миллионером ❤️

Балам, сен арманыңа жеттің. Ал мен арманда кетіп барам. Жапан түздегі оқшау әулиенің ағашындай жалғыз қалпыңда тас­тап барам. Астыңдағы тақты кебісіңнен мықты көрме – одан да сыз өтеді. Үстіңдегі ақ ордаңды сауытыңнан мықты көрме – оған да көз өтеді. Жан-жағыңдағы әр қатын­нан тараған торпағыңды айбар тұтпа – оған да сөз өтеді. Қаптаған қалың әскеріңді қалқа­ның­нан мықты көрме – оған да оқ өтеді. Қайбір ыстық-суығыңды бір көріп, бір көрпеден өретін әйелің бар. Әр көрпенің астындағы әйел де бір үйірдегі бие де бір. Сауырындағы сенен гөрі бауырындағы құлыны жақын. Жылқы баласының еркегі тісі қа­тайған соң, үйірден алдымен атасын шайнайтын. Содан сақ бол. Қартайған шағында апанын бөлтіріктеріне алдырып, жел өтінде қалған кәрі бөрідей әрі-сәрі күйге ұшы­ра­майын десең, көп баланың бірін баулы, көп қатынның бәрінің көңілін табам деп шөре-шөре болмай, қадіріңді өткізіп, бірін тұтын. Өз күшіктеріңді өз көзіңше қыры­лыс­тырып қоймай, өле-өлгенше ешқайсысына тағыңды берме. Тұғырдан түскен соң, балалы қаты­ныңды сағалама – балаларына арқа сүйеп, қадіріңді білмес. Баласыз әйелді сағала – баласыздығы бетіне шіркеу болып, өзіңді пана тұтып, өле-өлгенше сыйлап өтеді…

Үйленбестен бұрын өзіңе қоюың керек 2 маңызды сұрақ ⠀ "Осы менің болашақ жарым" деген жанды таптым-ау дегенде, өзіңе мына 2 маңызды сұрақты қойып көрші: ⠀ 1. Егер арамызда бала болмаса, мен бұл адаммен өмір сүре беруге дайынмын ба? 2. Егер бұл адам кенеттен мүгедек боп қалса, мен бұл адаммен өмір сүре беруге дайынмын ба? ⠀ Ауыр сұрақтар, білем. Өмірде бәрі мүмкін ғой. Бұл екі сценарийдің өміріңде орын алу ықтималдығы төмен. Дегенмен егер бұндай жағдайға тап келсең, сен дайын болуың керек. ⠀ Бұл екі сұраққа да "иә" деп жауап берсең, демек, сенің жүрегіңде ол адамға деген махаббаттан да терең сезім бар деген сөз. Ол — мейірім, жанашырлық, құрмет сезімдері. Отбасылық өмірде махаббат алауы мәңгі маздап тұра бермейді. Отбасын осы сезімдер ұстап тұрады. Мейірім, жанашырлық, құрмет. ⠀ Ал егер бұл сұрақтарға жауабың "жоқ" болса, онда қарым-қатынастарыңа тағы бір үңіліп көру керек сияқты. Мүмкін әлі дұрыс таныған жоқ шығарсыңдар бір-біріңді. ⠀ Бұл екі сұрақтың негізгі қызметі: сенің түпкі сезімдеріңді сыртқа шығару. ⠀ Осы тұста айта кету керек. Бала — өмірдің мәні емес. Егер баланы өмірдің мәні етіп алсаң, демек Алла бала нәсіп етпесе, онда өмірің мәнсіз боп қалады ғой. Ал өмір деген одан да кең дүние. Әр нәрсені мәнді етіп жаратқан Алла сенің өміріңді мәнсіз етіп қояды деп ойлайсың ба? ⠀ Мен "Алла бала бермесе, не істеймін?" деп ойландым. Ары кетсе, асырап алармыз деген тоқтамға келдім. Бұл нәрсені үйленгенге дейін шешіп алу керек деп ойлаймын. Әйтпесе, біраз адамның сәби сүймегендіктен ажырасқанын білем. ⠀ Сосын үйлену деген нәрсені де өмірдің мәні етіп алмау керек. Біз кейде бұл мәселеге өте қатты мән беріп кететін сияқтымыз. Өмірде бәрі уақытша екенін ұмытпау керек. Мысалы, екінші жартыңды іздеп, табу үшін 5 жылыңды арнауың мүмкін. Сөйтіп үйленгеннен кейін Құдай сақтасын ол адам 1 жылдан кейін қайтыс боп кетуі де мүмкін ғой. Немесе Құдай саған бала беруі мүмкін. Ол да шетінеп кетуі мүмкін. Бәрі салыстырмалы. Үйлену абсолют бақытқа жеткізеді деп алданып қалма.

🫀 «надежды того, кто уповает и полагается на Аллаха, никогда не будут обмануты..» "إن آمال من توكل على الله وتوكل عليه لا تن
🫀 «надежды того, кто уповает и полагается на Аллаха, никогда не будут обмануты..» "إن آمال من توكل على الله وتوكل عليه لا تنخدع".

вы знаете, что означают эти слова из Корана? [кун фаякуун]  –  کُـنْ فَـیَـکُـون Аллаh’ скажет «Будь» и оно сбывается. никогда не теряйте надежду на милость Аллаhа.