Nursultan Kozhagul
Closed channel
290
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1930 days
Posts Archive
отбасы құндылығы мен үшін ең маңызды құндылықтардың бірі.
кеше анамның дауысынан шыққан дірілді естігенде денем түршігіп, ет-бауырым сыздап, жүрегім елжіреп кетті.
сабақта болғам…
тастай салып, хабарластым.
қорқыныш пен үрей жаныңды жегідей жеп бітеді екен, баласы болған соң.
Көбіне дұға еткенде жақындарымызды ұмытып кетеміз ғой, пенде болған соң,
бірақ тым болмағанда қысқа уақытта денінің саулығын сұрап тұрайықшы, өтініш
То, что для одного — ненужный хлам, для другого — недоступная роскошь.
Рэй Брэдбери
«Вино из одуванчиков»
Біз “кездейсоқ” деп ойлайтын кездесулер кейде бүкіл тағдырды өзгертетінін түсінбей, елемей қаламыз, бірақ сонысымен пешенемізге жазғаны қашанда тәтті.
Катарда демалып жүргенде ерекше ауырлық сезім келді:
Ішкі түйсігім:
—Нұрсұлтан, қарашы, дәл осылай шетелге шығып, демалған сезім саған ұнайды ғой, иә?
— каеф
Ішкі түйсігім:
— жақсы, енді ойлашы, сен қазір тек 12 күнге келдің, ары қарай жүре алмайсың, себебі сенің табысың жұмысқа байланып қалған
Ох, осы жерде ауыр кетті
— енді не істеу керек
“Сен жұмыс істемесең де табыс таба алатын деңгейде болуды ойлау” деген идея шықты
Ж-ға
Сағыныштан мұң ескенде жаныма
Жел өбеді жарық күннен нәр алып,
Мен сен жайлы жазған кезде қаныма
Кетеді екен сезім сыймай таралып
Жұмыр өлең жалғыз дерсің, мейлі оған
Көнбегеннен басқа амалым жоқ сірә
Ғашық заңын жүз айтса да бір маған
Сені ойлаусыз өте алмасам сол күнә
Жасымаған жанарыңнан тамшылап
Жас аққанда, түршігеді жүрегім
Жаспен бірге қолым кейде қалтырап
Жолданбаған туар ессіз өлеңім
Айтылмаған сырымды ұғып қоярдай
Жасырумен болсам-дағы көңілді
Сен жоқ жерде іздегенді қоя алмай
Сен секілді сүйем сөзсіз өмірді
Жарастырған көңіліме кім кепіл?
Бар ма адамдар сезім жайлы айтпайтын
Мен дұғама қосып жүрмін атыңды
Көк Тәңірден қайтпайтын
(❤️🩹: ал сен арна хатыңды…)
қара жұмыс істегенде келешек ұрпағым, немерелерім көз алдыма елестейтін, сол тұста балаларымның табысы біреудің көңіліне, ауа-райына, денсаулығы мен мінезіне қарағанын қаламадым. содан бастап өзіме жеті атама дейін болмаса да бір дәулет жинаймын деп уәде бердім
«ешқандай ақшаға айырбастай алмайсың» деген сөзді естіген сәттен бастап көзден нұр, жанардан от өшкендей болып ед.
Қағбаны көргенде “тілегенімді қабыл етеді” деген ой сарп ете қалды.
үмітім пайда болып, жаңадан туды, мәнсіз деп, біреуге арман болған өмірімді қайта сүруге құлшыныс пайда болды.
Болашақ арманымды орындап, теңіздің жағалауына оңашада отырып, тұңғиыққа қарап тұрып, “жеттім-ау” деп шүкір еткім келеді
