Nursultan Kozhagul
Closed channel
290
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1930 days
Posts Archive
дипломдық жұмысымды қайта бастадым, 2-жаңалығым осы.
жоспарын түгелдей қопарып, құрылымын ауыстырдым, басында “аннан-мұннан” алып, “вставить” ете салам деп ойлағам, бірақ намысым жібермеді.
4 жыл оқығанымнан мардымды түйген бір ойымды қалдыра алмасам оқи жаздағандай болғаным.
тіл маманы болған соң (білмейтіндер үшін ҚазҰУ-да 4 курспын, қазақ филологиясында) тақырыпқа қатысты зерттеулерге назар аударып, студент деген атты шектемей нақты нәрсені жазам деп мақсат тұттым.
ертең кітапхананың табанын тоздырып, бөлшектеймін
10 күн қалды
12 беті жазылды
35-40 беті жазуға қалды.
кейін норматив пен плагиаттан өтіледі, сонымен қорғауға жіберіледі.
Құранға түсіп, жаймен әріптерді қиналмай оқуға келе жатқаныма 5 күн. Ықылас, Фәлақ, Нас сүрелерін осы күнге дейін білсем де, арабша түсініп, жаттағанға жетпейді екен. Тіпті, Фатиханың өзінен 4 қате жібергем. Бірақ, Аллаға шүкір, Құранның басқа да қиын сүрелерін жаттаған бауырларымды көргенде "жетем" деген іштей рух оянып, бәсекелестік десе де болатын шығар, қиналып, не де болса, үздік болуға деген ұмтылыс күн санап көзімді ашуда.
Алайда Құран жаттаудағы басты ниетім көзге мықты боп көріну емес еді. Себебі қажылыққа барғаннан кейін, жалпы оның алдында да бес уақыт намаздың барлығын айналдырған 2 сүремен оқитыным қынжылтатын. Бұл менің Алланы қалай таныйтындығымның көрінісі болғаннан соң қолға алдым. "Мұсылманмын дей тұра кітаптың бетін ашып тым болмаса оқи алмасаң қайтып разылығын аласың? Қалай иманың күшейеді?" дейтін сұрақтар жейтін.
Бүгін "Әл Масад" сүресін жаттап, тапсырдым, ертең "Ән Насрға" ұмтылам. Солай процес үздіксіз кете беріп, 2-3 жыл көлемінде толықтай барлық параны жаттауға баруым мүмкін. Қалау мен ерік-жігерге байланысты. Наба сүресімен тіл сындырып, үзбей оқуға да күш салып жатырмын. Ұстаздың айтуынша, жаман емес, бірақ әлі де пысықтайтын нәрсе көп. Бұйырса соның барлығына жетемін деген үміттемін.
Ал бұл жазбаны жазудағы себебім, сіздердің де жақын болғандарыңызды қалаймын. "Кейінге салмай", дінді бөлек өмір ретінде санамай, ақырындап болсын тағдырыңа енгізу арқылы көп нәрсені түсінесің. Мүмкін, осы талпынысың Жәннаттық болуға себеп шығар, кім білсін? Сол себептен жаймен болсын, асыл дініміз жайлы танымды кеңейтейік. Мақсатым қинау емес, мұны ислам да құптамайды, алайда осындай сөздер сіз бен біздің жүректі жібітіп, Құранға деген махаббатты аштыратын шығар, бұл менің ойым...
https://forms.gle/EQXFv4jbovVcvirY6
Кеш жарық, баршаңызға!
дипломдық жұмыс жазып жатқаныма 1 айдан астам уақыт өтті, енді практикалық тұсы қалып еді, соған сіздердің көмектеріңіз керек.
Жоғарыдағы анкетаны толтырып, жіберсеңіздер жақсы болады.
Ары кете 10 минут уақытты алады. Алдын ала рақмет !
20 жыл уақыт ішінде түсінгенім сыйластық бар жерде ғана қарым-қатынас жақсы болады.
- мейлі жақын құрбың, досыңмен;
- мейлі әйелің, жартыңмен
- мейлі ұстазың, шәкіртіңмен
- кәсіпкер, партнеріңмен
- клиентің, балаңмен, т.б
себебі шынайы құрметтей білген адам ғана:
- сіздің көңіліңізді жер қылмауға;
- намысыңызға тимеуге;
- сенуге;
- шарт күтпей жақсылық жасауға;
- салыстырмай, ұрыс, айқай-шусыз;
- қате кетсе кінәсін мойындап, 2 рет қайталамауға әуес
ал сыйламаса демек
әрекет сол баяғы қайталана береді, процессте өзгеріс болмайды.
сол үшін кез-келген адамды сыйлап, өзіңді де сыйлата білген дұрыс.
ол болмаса екі тараптың да уақыты, ойы, негативі болады, біреуінде күшеймесе.
ал сіз қалай ойлайсыз?
бүгін алғаш рет Құрандағы 1 сүрені оқуға бұйырды.
басқасын білмеймін, мен үшін жетістік. Аят уль Курсиді тапсырып, енді Фатиханы арабша әріптермен оқимын.
кирилицамен зуылдатпай, созатын жерінде, тоқтайтын жерінде мән беріп, түсінетіндей дәрежеге жетіп жатырмын.
#жетістік
менің өмірім —
хаустан тыныштыққа ұмтылған арпалыс.
шыны керек, қазір көп нәрсені бастан кешіп жатырмын. уақыты келгенде айтуға жөн болса айтармын.
бірақ мен қорыққан, уайымға салынып, жасаған кейбір қадамдарым кейде алаңдатқан соң осылай жазғым кеп кетеді
қателестік, көрдік.
маңдайды тасқа да ұрып, тасты да жардық.
болу керек жерде болып, тұру керек жерде тұрдық.
“неге жасадымға” қарағанда енді “қалай әрекет етуім керек?” деген сұрақтарды қоям.
қызық, әйтеуір 1 рет өмір сүрген соң ба, бұрыс болса да қадам жасап келеміз.
алайда бақытты болуға
жалғыз қалғанда адамның басына неше түрлі ойлар кеп, миды жейді.
сонда солардың бәрінен жүрегіңді таза ұстап, шынайылықты аман алып қалуға тырысасың
бірақ қаншалықты адам өз күшінде?
Repost from N/a
әлеуметтік желі менің жеп отырған нанымның тұтас бөлшегі
сол себептен жарқын жүзімді бәріне көрсетіп, жеке бренд ретінде қалыптастыруым керек, маңызды.
десек те, өмірімнің соңына дейін өзімді бұл салада елестетпеймін.
инвестор, кәсіпкер ретінде жақсы бизнес ашамын деп ойлаймын, Алла соған жеткізсін.
бірақ егер маған таңдау берілсе ойланбастан жасырын өмір сүріп, ақша табуға болатын жолды таңдар едім.
тек жақын достарым ғана өмірде бар екенімді білетіндей дәрежеде стористер салып 😂
аккаунтты жабық күйінде БД сияқты жүргізіп, қызық.
болашақ отбасы мүшелерінің де солай болғанын қалаймын. Түрлі бәле, қызғаныштан, көре алмайтын көздерден бақытың құласа ауыр емес пе?
сабырмен, жасырын өмір сүргеннің өзі жеткілікті
Repost from N/a
Құранға әлі түскен жоқпын, бірақ бастағаныма 2 айға таяп қалды.
шынымды айтайын ба?
ауырып, денсаулықтан 1 ай намазды да тастап кеткен кезде қатты сағынып ем, бірге бастаған қатарластарым пара сүре жаттап, тапсырғанда қазір сүйсіне қараймын.
тәджуидті бұйырса сәрсенбі күні бітіріп, жақсы аяқтап жатсам ұстаз Құран сыйлаймын деді.
бұл менің Алла жолындағы тағы бір жақындастығымның бірі. сол үшін ықылас қойып, барынша нәтиже шығарғым келеді.
Раббым қаласа, хафиз Құран жаттаған, ата-анасы ақыретте тәж киіп, балалары да ілім жолына түскен ер-азамат болғым келеді.
орнымен, ретімен шүкір.
қанша рет нәпсім тоқтау сап, бас тартқысы келсе де, 70 шәйтан кеп құлағыма сыбырласа да осы өзім қалаған дұғамның орындалғанын қалаймын
телеграм каналы бар админдер болса, таныстарыңыз болса жекеме өтсеңіздер
👇🏻
@nurssstudent
1 есік жабылса Алла 1000-ын дайындап қояды екен ❤️🔥
ендеше Раббыңның мейірімінен неге үміт үзесің?
Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір
Ал қалғаны жай күндер.
Көлмен көлдей,
Таумен таудай теңдесе
Белдесуге талап қылдым мен неше.
Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға
Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.
