Nursultan Kozhagul
Closed channel
290
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1930 days
Posts Archive
менің инста аккаунтым әзірге банда тұр, қалай тұрғанын білмеймін, бірақ айтишникке беріп қойдым.
1 апта болды, әлі нәтижесіз.
сол үшін жаңадан ашып қойдым, міндетті түрде тіркеліп, лүпіл басып кетіңіздер 👇🏻
жаңа аккаунтқа
«Инстада біреу блоктап тастап, сторисын жасырып жүр ме?»
Енді оған мән берудің қажеті жоқ!
Ерекше бір бот бар —
✅ Сен бұғатталсаң да,
✅ Сторисын жауып тастаса да,
✅ Тіпті аккаунтын жабық қылса да…
Барлығын көре аласың! Тіпті жүктеп алып, сақтап қоюға болады! 🔥
Бұл бот – әркімнің қалтасында болуы тиіс құпия құрал.
ботты алу үшін — https://t.me/InstaAnonymBot
Құран сабақтарына қайта кірістім. Бастағаныма 3 күндей өтті.
3 жаңа сүре жаттадым.
Піл сүресін дүйсенбіде тапсырам.
#жетістік
диплом жұмысын тапсырып, кеше сәтті аяқтадым.
нәтижесі 97.
негізі апайымның 100 қоятын жері еді, бүгін де өзі айтты, бірақ комиссиядағы мүше Абай жақта 100 балл алуға болмайды, қатты тескереді деген соң қойған жоқ және бір айтатын жайт басқаларға көтермелеп қойғандай ниетте емес, жұмыс жақсы, мардымды, өзекті тақырыпты қамтыған соң ғана сондай баға қойды. Соның жемісін алда бұйырса көрерміз.
арпалысып, алысып жүріп қарашаңырақты бітіргеніме әлі де сене алар емеспін. бірақ 4 жыл ішінде жұмысты да, сабақты да, отбасы, бауырларды да ұмытпай сәтті аяқтағаным өзіме жетістік.
Хотя бы на секунду посмотри на свою жизнь и пойми, насколько она прекрасна. Прекрати искать секретную дверь, которая приведёт тебя к твоей настоящей жизни. Хватит ждать. Это твоя жизнь, и другой попросту нет. Она прямо тут, и тебе надо выбрать наслаждаться ею или быть несчастным до конца твоих дней, навсегда.
Лев Гроссман
«Волшебники»
әке мен ана —
бала өмірінде өзі сияқты
1 рет болатын ең керемет әрі қадірлі адамдар.
1 рет деп жазғаным тегіннен емес
Себебі, есейіп, ер жеткенге дейін кез-келген бала кейбір әрекеттерді түсінбей, байыбына бармай ауыр сөйлеп қояды болмаса олардың көңіліне тиеді.
бірақ, менің ойымша, ата-ананың сүю тілі мен әрекетінде “баламның бақытты болмасын” дегені жоқ.
Сол үшін:
- жақсы көретініңізді;
- кейбір әрекеттеріңіз үшін айыпты екеніңізді;
- махаббатына бөленгіңіз келетінін айту, жеткізу — парыз.
Қос қанатынан күткен махаббатты, жылулықты, ата-ана да баласынан күтеді, қалайды.
соңғы рет қашан:
— анашым, сізді жақсы көрем!
— әке, сізге алғысым шексіз! — деп айттыңыздар?
Жалпы оларды тұлға ретінде жақсы танисыздар ма?
- қандай түс, тамақ, киім, жақсы көретінін білесіздер ме?
сондықтан тірі кезінде жай ғана бар болғанының арқасында сенім мен күш беретін қос қанатыңызды бағалай біліңіздер.
В конце концов, жизнь так коротка. Мы должны окружать себя людьми, общение с которыми доставляет нам радость, и бывать там, куда нас тянет сердце. Вот то, к чему я стремлюсь в последнее время.
Сара Джио
«Лунная тропа»
ел білмейтін күнәм көп,
бірақ тәубе етіп, өзгеруге күн сайын қадам жасағанда РАББЫМ маған біртіндеп болсын жол ашатындай көрінеді.
оның мейірімі мен махаббатынан мақрұм қалғым келмейді және сен де дәл солай қалайсың.
мойындашы?
1 рет болсын өміріңде: “Иә, Раббым, шынымен кінә менен, нәпсі мен шәйтанның еш қатысы жоқ, кешірші мені” деуге тіліңді, жүрегіңді қишы.
Аллаһ — әл Ғафур, әл Ғаффар, кешірімдердің кешірімдісі
ендеше Раббыңнан неге үміт үзесің?
теңіздің көбігінен көп болса да бір жақсы ой үшін күллі күнәңді жақсылыққа алмастырып, амал дәптеріңе толтырып қоятынынан неге үміт үзесің.
адам кешірмесе, кешірмейтін шығар, бірақ Раббыңның шексіз кешірімді қасиетін неге шектейсің, ей, пенде?!
Ан-Насрды тапсырдым
Аль-Кафирунға көштік
бір лайфхак: қари жігіттердің бәрі “санаққа” салып жаттайды екен, яғни 1 аятын кемі 20 реттен оқыса, жаттау да тез болады.
