Nursultan Kozhagul
Closed channel
290
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1930 days
Posts Archive
Әлеуметтік желідегі махаббатты идеал көріп, жартысынан талап ететіндердің 90%-ы бақытсыз. Сезім шарттың ырқына бағынбайды.
Кейде теңіз жағалауында толқындардың соқтығысына куәгер боп, өткен-кеткенді еске алып, “қайран,өмір” дегім келеді
Кейде жаңбыр астында қолшатыр ұстап, үнсіз ғана аққан әр тамшыға қарап тұрып бақылағым келеді
Шарасыздан қалғанымда Құдай кеп
Көз жасымды сүртіп жүр ғой шыда деп
Қара тасты сүйіп тұрып сұраған
Ей жүрегім жылармек…..
Ізгі арманның жетегіне құрық сап
Күн түн демей шапқыладық құл ұқсап
«Тағдыр жазбай, кетті» деуді ұқпаушы ем
…Орны толмай тұр ынсап
Көр соқыр боп шаң жуытпай таңдауға
Қол сілтедік сүйгендіктен талғамға
Сол ойымнан жылдар бойы айнымай
Қалай жерді басып жүргем жалғанда
Дәрменсізден ішіп мұңның наласын
Сабыр еттім қалдырса да жарасын
Сең соққандай баспалдықта отырмын
Айыра алмай «біз» бен «меннің» арасын
Өз миымнан қорғаушы едім ойымды
Ұлы сезім билеген соң бойымды
Ұзын көйлек киген сайын үнемі
Елестетіп кетуші едім тойымды
Ол да енді жойылды
Мен қалармын, мейлі өтер он екі ай
Мейлі қалар куә болған күн мен Ай
Ыстық сәтті қалай жадтан кетірем
Қапа болған қап әттеген жылдар ай?
Ақ қарасын білмей жатып адамның
Сен көмерсің мені көрге санаңның
Жә, қоя бер, кеттім мен де алысқа.
Бақытты деп көре алмай тұр, алаң мұң
Қан жоса боп, құмға айналған жігерім
Кімдер білген тағдыр бұлай жүрерін?
Сен кетсең де көзден таса ғайып боп
Бауыр басып қалған екен жүрегім
Бүгін сені жібердім
Шарасыздан қалғанымда Құдай кеп
Көз жасымды сүртіп жүр ғой шыда деп
Қара тасты сүйіп тұрып сұраған
Ей жүрегім жылармек…..
Жүдетсе де дүниенің жыртығы,
Көңілді аулап Күннің қызыл кірпігі.
Айдың аппақ сәулесіне оранып,
Мен бақытты бола салам бір күні!
Көкке ұшырып сұлу сөздің төресін,
Көктем келер қуып қайғы елесін.
Сәл мұңайып келе жатып,
Бір күні
Мен бақытты бола салам –
Көресің!
