cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Oқы

100 оқулық және басқа кітаптар Арнаның кітап қоймасы: @kitapqoyma

Show more
Kazakhstan5 152The language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
435
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Телеграм қазақшаға жақындап келеді. Телеграм қолданбасы соңғы кезде танымал боп бара жатқандықтан, жергілікті қолданушыларға арналған жаңалықтар арнасын аша бастады. Қазір @tginfo арнасын 12 тілде оқуға болады, енді 13-ші боп қазақ тілі де қосылды. Қазақша нұсқасының мекенжайы міне: @tginfokk. Осы арнаға тіркеліп, Телеграмның соңғы жаңалықтарын бақылап отыра аласыз. Маңызды: егер Қазақстанда Телеграм бұғаттала бастаса, прокси-серверді @tginfokk арнасы жасап береді. ____ ✅ Айтпақшы, @QazaqshaJaz белсенділері Телеграмды қазақшаға аударғанын білесіз бе? Телеграмды қазақшаға ауыстыру үшін мына сілтемеге бассаңыз, жеткілікті: https://t.me/setlanguage/kk-beta. 🙌🏽Жазбамызды бөлісе отырыңыз - бұл біз үшін маңызды. #ҚЖжаңалық
Show all...
📚 Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы Авторы: Халид әл-Руайхеб , Сабина Шмидтке Аннотация: Халид әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» ІХ–ХХ ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдерінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рұшд сияқты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмұд, Мұхаммед Иқбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және басқа да фәлсафа өкілдерінің метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Айта кетерлігі – әр тарауда авторлар түпнұсқа мәтіндерді негізге алған. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және ислам философиясына қызығатын барша оқырман қауымға арналған. #philosophy #100okiwlik
Show all...

👍 10
👎 1
жүктеу
📚 Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу Авторы: Роберт Хиллиард Аннотация: «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» – сценарий жазу шеберлігімен таныстыратын пайдалы еңбек. Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады. Телевизия мен радиоға жазылған сценарийдің айырмашылығын, онлайн медиа мен әлеуметтік медиаға мәтін жазудың тәртібін түсінеді. Кітаптың басты құндылығы – медиамаман болуға талаптанған студентті сценарий жазудың негізгі принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне баулиды. Еңбек жалпы медиа саласына қызығатын қалың оқырман үшін де пайдалы құрал бола алады. 📥 8.5 mb #100okiwlik #Journalism #media
Show all...

👍 17
👎
жүктеу
Жаңа жыл, жаңа логотип, жаңа кітаптар. Мен оралдым. Арнада болғандарыңыз үшін алғыс!
Show all...
Жаңа жыл, жаңа логотип, жаңа кітаптар...
Show all...
Есей Жеңісұлының Facebook парақшасында жарияланған постты сіздерге ұсынуды жөн көрдім. Ұлттық аударма бюросының жабылғаны өкінішті. Бірақ ұлт алдындағы миссиясын лайықты атқарды.
Show all...
Есей Жеңісұлынан

Мына суретте корректор Нәйлә апайыммен бірге "Интернет психологиясы" кітабының сүйінші данасын және ағылшын тіліндегі түпнұсқасын ұстап шаттанып тұрмын. 2018 жылдың қарашасы, сірә.Балаша қуанымыздың астарында біраз нәрсе жатқан-ды. 2017 жылдың жазында Ұлттық аударма бюросы құрылып, алғашқы 18 кітаптың аудармасы басталып кеткенде, біраз нәрсенің нөлден басталатынына көзіміз жетті. Аударма мектебі деген нәрсе әбден керек екенін сезіндік. Стенфорд университетінің профессоры Эллиот Аронсонның он екінші рет басылған…

Опшым былай Qazaq Grammar ұжымы бастап, жанкүйерлері қоштап жасаған TELEGRAM мессенджерінің қазақ тілді аудармасы бета статусына ие болды. Бұйырса қолданушылары көбейсе қазақ тілі TELEGRAM да ресми тілдердің қатарынан орын алады. Ол үшін мына сілтемені басып орната қойыңыздар. Бұрын орнатқандар болса қайта орнатамыз. Бұл бір. Екінші арнаға қатысты. Бұйырса 40 күндік экспедицияға шығып келемін. Содан соң ақырын ақырын кітаптар саламын. Маған соңғы 10 адам қалса да кітаптармен бөлісе беремін. Көріскенше аман сау болыңыздар.
Show all...
Change Language: Kazakh

Opening this link will translate the interface of Telegram to a different language. You can change the language back in Settings.

Күн санап азайып жатырмыз ಠ_ಠ
Show all...
📚 ХХІ ғасырға – 21 сабақ Авторы: Юваль Ноаһ Харари Аннотация: «ХХІ ғасырға – 21 сабақ» – дүниежүзінің елуден аса тіліне аударылған «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы» кітаптарының авторы Ювал Хараридің үшінші туындысы. Тарихшы бұл еңбегінде бүгінгінің мынадай өзекті мәселелерін қаузайды: Заманауи оқиғалардың түп маңызы не? Либералдық демократия неге дағдарысқа ұшырады? Компьютер алгоритмдерінің құлы болмау үшін не істеу керек? Экологиялық қауіп-қатерден аман қаламыз ба? Дінге шынымен де қайта оралдық па? Терроризммен қалай күресеміз? Жаңа жаһандық соғыс бастала ма? ХХІ ғасырдың осындай сын-қатерлеріне төтеп бере алса ғана адам баласы келесі ғасырларда Жер деп аталатын ғаламшарда тіршілігін жалғастыра бермек. 📥 1.3 mb ЖҮКТЕУ #humanitarian #100okiwlik
Show all...