cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

дәрумен ☀️

ойларымның қоймасы

Show more
Advertising posts
383
Subscribers
+624 hours
-27 days
+830 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

абыр-сабыр қозғалыста жүріп, өзімнен сұрауды ұмытып кете беремін.. мінсіздікке ұмтылып, сезімдеріңді ысырып қойып өмір сүріп жүріп, өмір бойына жоғалып кетемін деп ойланбаймысың? мықты болып көріне беремін деп күндердің күні морт сынудан қорықпаймысың? бір-ақ рет берілетін ғұмырыңда тыпырылған дамылсыз ритмге еніп, асығыс , адасып жүріп, әлемнің нұрлы шуағын байқамай қалғандай сезінбеймісің? кеудедегі мыңдаған тесіктен тұратын қуысыңды үмітпен арманның үзілгелі үлбіреп тұрған жіптерімен жамай беруден шаршамаймысың? ешкімге тіс жарып ақтармайтын ішкі дүниеңдегі тербеністеріңді, сәтсіздіктермен қателіктердіңді ұмытпаймысың? тағы да бетпе-бет келіп, шынайы жауап беруге дәтім бармай отырғаны.. бұл жолы да ішімдегі мен-ге тыныш дедім.
Show all...
жаз, сәлем! ☀️ бақытты болайықшы.
Show all...
15
❤️‍🩹 “меншігім емес, бөлшегім” неткен әдемі сөз еді 🍃
Show all...
5
мен… - көліктің терезесін түсіріп қойып, ауа-райын сезініп, адамдарға қарап отыруды - әр жерге бір тоқтап, әр бұрыштан әдемілікті көріп суретке түсіруді - құлаққабымды тағып алып, аршат терапия жасап, жұмыс істеуді - махаббатқа толы дорамаларды қарап, олармен бірге әр сезімді бастан кешуді - жалғыз театрға барып, қайтар жолда ұзақ ойлануды - көңіл - күйім болмаса, үйдің жанындағы дүкеннен балмұздақ алып, балалар алаңында отыруды - ұялы телефонымдағы ескертпені ашып, ұзақ жазбалар жазуды - жаңбыр астында ұзақ жүруді жаным сүйеді❤️‍🩹
Show all...
11😍 3
бүгін күн нейрондарымның беріктігіне және аралық миымның қаншалықты сабырлы екеніне сынаған секілді.
Show all...
6
өзіме “шаршадым” десем, бәрі күйреп кететін сияқты. шаршамауға, жыламау тырысып жанталасып жүргенім..
Show all...
💔 5
сәтсіздік үкім емес, мүмкіндік
Show all...
8
- сәлеметсіз бе! - сәлем. таксист ағай уже ұнамай қалды😂
Show all...
🤣 18 1🗿 1
мынау пост нағыз интрига болды-ау деймін😂
Show all...
🤣 5
Photo unavailableShow in Telegram
ол шынымен менің арманымдағы адамға ұқсайды. ~ оның өзіне деген сенімділігі, әлемді сезінуі мен жеткізуі, қараңғылық арасынан да көркемді көре білуі, сауатты сөз саптауы, әдебиетке жақындығы, табандылығы, кітапқұмарлығы.. бәрі, бәрі. бір бойына осынша қасиетті қалай жиып алған? оған қарап бірден “осындай адамға қалай лайықты болуға болады?” деп ойланамын..
Show all...
👀 13 5❤‍🔥 1🥰 1🕊 1