en
Feedback
NURAGRAM

NURAGRAM

Open in Telegram

Мына тақырыптар қызық болса, осында қал: - маркетинг, - сату, - бизнес, - менеджмент, - IT - Product management

Show more
323
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Палестинада адамдарды қырып жатыр деп сториста өзге елді жамандап, бірақ жарты әлемді жаулап, қаншама адамды өлтірген Шыңғыс ханды қазақ деп қырылу абсурд емес па?) P.S. Осындай ой келіп қалды аяқ асты. Қалай ойлайсыздар?

2-3 күнге бөліп, мына подкастты біттім. Міндетті түрде қарап шығыңыздар. Себебі көбімізге «дұрыс» демалуды үйрену керек) https://youtu.be/IbbMaR5Sw94?si=v2B8Y3c78NUxswTx

Сенің кризисің не? https://youtu.be/1sNHrvZleN0?si=b2nvQG_EzWUa_uAE Видеоны соңына дейін көрсең, сұрағымды түсінесің✅ Оған қоса, видео соңындағы үнсіз “әрекетке шақыруды” жасап кетейік))

Осында да салайыншы
Осында да салайыншы

Қатты асығамыз… Қазір өзімнен асығыс күйді байқадым. Ойымдағы жоспарларды(жұмысқа да, жеке өмірге де қатысты) тезірек іске асырғым келеді. Оған қоса жай-май емес, идеально болғанын қалаймын. Ал ең бастысы, соның бәрін тез тез істеп тастасам деймін. Бірақ ол асығыстық менің көңіл-күйімді түсіріп, қате шешімдер қабылдауым себепкер болады. Соңында нәтижеге жету уақытым да ұзап кетеді. Сондықтан, бір істі тез әрі идеально жасау үшін асықпау керек деген ойға келдім. Себебі асықпай, ойланып істегенде ғана сен асыққан кезіңдегіден нәтижеге тез жетесің…

«Күміс экономика» деген термин бар. Бұл жаңа бизнестер, стартаптар үшін өте қарқынды дамып келе жатқан сала. Кәрі адамдарға арналған тауарлар сататын нарықты осылай атайды екен. Ең қызығы, «күміс шашты» адамдар саны әлем бойынша өсуде. Солардың бірі - Қытай. Ол жақтан қазір жасы 60-тан асқан 300 млн адам бар екен(Қазақстанның 15і шығады). Ал 2050 жылы бұл адамдар саны жарты миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл сегменттің жақсы жері олардың көбінде ақша бар. Себебі ай сайын тұрақты зейнетақы алады және өздерінің жинаған ақша қорлары мен бөлек активтары бар. Зерттеу бойынша, 2035 жылы Қытайдағы 60+ адамдардың нарығы 7 трлн доллардан 30 трлн долларға дейін жетеді екен. Жалпы тек Қытай емес, кез келген елдегі осы сегментке мән беру керек секілді. Бірақ Қазақстанда керісінше. Себебі енді дамушы елдердің халқы көбіне жастар болады. Шынымен де, бізде кәрілер саны азырақ. Десек те Қытай секілді «күміс шаштылар» саны көп елдерге арналған өнімдер жасап, сатуға болатын секілді. Егер пост пайдалы болса 🔥 қалдыру міндетті)

Если ты внимателен, весь мир — твой учебный кабинет и зал для тренировок. #өтті

Бопты айтпаймын)

Бүгін қанша жаптық деп ойлайсыздар?)

Бізде қолданушыларда сұрақ болса, тех.поддержкаға жазады. Ол үшін бұрын браузер арқылы платформаға кіріп, чатты ашып жазуы ке
Бізде қолданушыларда сұрақ болса, тех.поддержкаға жазады. Ол үшін бұрын браузер арқылы платформаға кіріп, чатты ашып жазуы керек еді. Және жауап келгенде оған хабарлама келмейді + архив сақталмайды. Қысқасы, ыңғайсыз Қазір соны ватсапқа ауыстырдық. Яғни клиент ватсапқа жазады, ал біздегі сервис менеджерлер CRM арқылы бір жерден жауап жаза береді Бұл да бізге келетін обращение санын көбейтеді деп ойлаймыз. Есесіне сол арқылы қолданушылар сұрағын оңай қоя алады әрі тез жауап алады✅

Сервисті реттеу бойынша осылай клиент төлем жасағаннан бастап жүретін жолын(CJM) сыздық. Одан кейін 1-2 кәсіпкермен кездесіп,
Сервисті реттеу бойынша осылай клиент төлем жасағаннан бастап жүретін жолын(CJM) сыздық. Одан кейін 1-2 кәсіпкермен кездесіп, тәжірибелерін сұрадым. Сосын олардан алған идеяларымды осында қосып, бір нұсқа шығардық. Алдағы 1-2 аптада 50-100-дей клиентке осы гипотезаны тексереміз. Егер нәтиже жақсы болса, әрмен қарай осыны дамытамыз.

Кеше планның 33% орындаған едік, бүгін 37% болды✅ 63% қалды енді🤓

“Апталық митап” дегенді салып қояйыншы осында😅
“Апталық митап” дегенді салып қояйыншы осында😅

Video message00:39

Voice message01:06

Деген әңгімелер қалай?)

Video message00:56

Video message00:55

Осы ай маркетинг, продажадан бөлек, сервиске назар аударып жатырмын. Себебі қазір маркетинг пен продажа жүйеленіп, өз беттері
Осы ай маркетинг, продажадан бөлек, сервиске назар аударып жатырмын. Себебі қазір маркетинг пен продажа жүйеленіп, өз беттерімен өмір сүріп жатыр🆗 Осы айға 40 млн план қойғанбыз, қазір соның 33%-ы орындалды. Қалғанын жабамыз деген сенім жетіп тұр ол жақта✅ Сол үшін клиенттерге сатқаннан кейін дұрыс, сапалы қызмет көрсетуге фокус қойып жатырмын. Қазір сол жердегі процесстерді қалай аз адаммен де істеуге болады деп сыртта ойланып отырмын🤔

Ақпараттық аштық немесе арзан дофаминнен құтылу… Таңертең(немесе түсте) ұйқыңды ашпай жатып, қолға смартфон алып “әлеуметтік желілер” деген әлемге енесің. Қайда жүрсең де сәл уақыт болса болды, дереу сол виртуалды әлемге кіріп кетесің. Тіпті кейде өзіңнің қалай инстаграм, тиктокқа кіріп кеткеніңді, уақытың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. Демалыс күннің әңгімесі тіпті бөлек. Жақсылап демалайын деп күніңнің бәрін жатып алып инста, тиктокқа құртасың. Ал негізінде сен демалып емес, керісінше миыңды одан әрі пайдасыз, лас ақпараттармен толтырып жатсың… Таныс сезім бе? Осының кесірінен қазір біз “арзан дофаминге” әбден үйреніп алып, бір затқа ұзақ уақыт бойы назар аударып отыра алмаймыз. Мысалы кітап оқу, кино қарау, тіпті бір адаммен ұзақ уақыт смартфонға қарамай сөйлесу біз үшін қиынның қиыны. Әлеуметтік желілер кезінде алыс адамдарды жақындату үшін шықса, қазір керісінше жақын адамдарды алыстатып жатыр… Өз мысалымда айтар болсам, 1 аптада 32 сағатымды әлеуметтік желілерге құртады екенмін. Одан бір пайда болса жақсы ғой, керісінше зияны тиіп жатыр. Себебі өзімнің бір затқа ұзақ уақыт назар аудара алмай жүргенімді, арзан дофаминге тәуелді болып бара жатқанымды байқадым. Бірақ сонда да өзімді “пайдалы заттар қараймын ғой”, “жұмысқа керек” деп алдап жүрдім. Наурыз айында осы әдетімнің зиян екенін мойындап, ораза басталғалы тек қана тамақтан емес, осы пайдасыз әдетімнен де тыйылайын деп шештім. Яғни инстаграм мен тиктокқа күніне тек 1-1 сағаттан ғана кіре алатындай шектеу қойдым. Ол 1 сағаттың жартысынан көбі жұмыстарды реттеуге кетеді, сонымен қалған уақытта артық зат қарап та үлгермеймін. Оған қоса осы әдетті қолға алып бастаған кезде Telegram негізін қалаушысы Павел Дуровтың бір сөзін оқып қалдым. Ол мына істеп жатқан ісімнің дұрыс екеніне тағы бір дәлел болды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер ең басында алыстағы адамдардың бір-бірімен тез байланыса алуы үшін шыққан. Ал қазір біз әлеуметтік желіні алыстармен хат алмасу үшін емес, әркімнің сторисын, шын-өтірігі белгісіз “успешный успехтарын” қарауға құртамыз. Одан қалса артынан өзімізді виртуалды әлемдегі “шындығынан өтірігі көп” персонаждармен салыстырамыз. Ал ең бастысы ол жақтан алған ақпараттардан кейінгі ішкі күйің қандай болады? Өзіңді түк бітірмей жүргендей сезініп, істеп жатқан ісіңді құнсыздандырасың. Ең қызығы, мұны тоқтату өз қолымызда екенін біле тұра тәуелділіктен арылуға әрекет етпейміз. Сонымен, не өзгерді? Қазір кімнің қайда жүргенін, не істеп жатқанын білмеймін. Себебі өзгелердің парақшасын, сторисын, өмірін көргім келсе де, көре алмаймын. 2 аптадай уақыт өткен соң өзім де стористарды қарағым келмей қалды. Себебі ол ақпараттарсыз-ақ өмірім сол баяғы қалпында. Миым тыныш, уақытым көп. Ол уақытты баяғыдай тикток қарап тастауға құрта алмайтын болғасын, кітап, телеграмнан пайдалы посттар қарайсың немесе жаяу жүру секілді басқа пайдалы істермен шұғылданасың. Тіпті жұмыстағы және жеке өмірімдегі тиімділігімді арттыруға көп идеялар келіп, басқа хоббиларым да пайдалы болды. Ең қызығы тіпті Қазақстанның 10 облысын су алып жатқаны жайлы жаңалықты мен 2-3 күнге кеш білдім. Себебі ондай жаңалықтарды көретін де мүмкіндік болмағасын, кейбір негатив хабарларды білмей өткізіп аласың. Бірақ қазір әлі де өзім байқамай қолыма смартфонды алып инста, тиктокты аша беретін әдетім кетпеді. Қаншама жылдан бері қалыптасып қалған бұл әдетті жою үшін бірнеше ай керек шығар деп ойлаймын. Бастысы бастадым, енді тек тоқтатпай жалғастырсам болды… Түйін Миымды демалдырып жатырмын деп өзіңді алдап әртүрлі пайдасыз ақпарат, негатив жаңалықтарды оқып, сен әсер ете алмайтын заттарға уайымдап, ашуланғаннан зардап шегетін өзің ғана. Егер өз күйің, денсаулығың маңызды болса, бұл заттардан ақырындап бас тартқан дұрыс секілді. P.S. Бұл постта саған пайдалы ақпарат айтылмаса да, бұл тәуелділіктен құтылу керектігіне бір белгі деп ойлаймын. Басқа сенің стористарыңды көретін достарың үшін осы постты бөлісіп, тым болмаса оларға да бір белгі беріп қойсаң болады.