3 766
Subscribers
-424 hours
-67 days
+2730 days
Posts Archive
🔹Ұлттық домбыра күнін мерекелеу Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі қазақстандық павильонда жалғасты.
Мұнда Ресей халықтарының бірлігі жылы аясында «Қазақ мәдени орталығы» КЕҰ ұйымдастырған «Домбыра – халықтың ұлы үні» фестивалі өтті.
Мәскеу көрермендері отандастарымыздың өнерін ыстық ықыласпен қабылдады. Әуезді шығармалар ерекше атмосфера орнатып, тыңдармандарға Ұлы дала әуенінің бүкіл байлығын сезінуге мүмкіндік берді.
🔸Празднование Национального дня домбры продолжилось в казахстанском павильоне ВДНХ.
Здесь в рамках Года единства народов России состоялся организованный АНО "Казахский культурный центр" фестиваль "Домбра – великий голос народа".
Московская публика тепло встретила выступления наших соотечественников. Мелодичные композиции создали особую атмосферу и позволили зрителям прочувствовать всё богатство музыки Великой Степи.
🔹Ұлттық домбыра күні қарсаңында Ресейдегі отандастарымыз бұл музыкалық аспапта ойнаудың асқан шеберлігін көрсетті.
«Қазақ мәдени орталығы» КЕҰ (Мәскеу қ.) және «АК ЖОЛ» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясының (Самара қ.) шығармашылық ұжымдары «Чистые пруды» бульварындағы Абай ескерткішінің жанында және Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде өз өнерлерін көрсетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Домбыра күні - қазақтың болмысын айшықтайтын және халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухын көтеретін маңызды мереке екенін атап өтті.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылы бекітіліп, жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
🔸В канун Национального дня домбры виртуозное владение этим музыкальным инструментом продемонстрировали наши соотечественники в России.
Творческие коллективы АНО "Казахский культурный центр" (г.Москва) и Национально-культурной автономии казахов "АК ЖОЛ" (г.Самара) выступили у памятника Абаю на Чистых Прудах и в Посольстве Казахстана в России.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев 30 июня в ходе совместного заседания палат Парламента отметил, что День домбры - это особый праздник, который подчеркивает нашу самобытность и поднимает дух народа, особенно подрастающего поколения.
Национальный день домбры был учрежден в 2018 году и ежегодно отмечается в первое воскресенье июля.
🔹Мәскеудегі Консулдық бөлімге келушілер назарына!
Астана күніне байланысты Консулдық бөлім 2025 жылғы 6 шілдеде азаматтарды қабылдамайды.
🔸Вниманию посетителей Консульского отдела в Москве!
В связи с празднованием Дня столицы 6 июля – неприемный день.
Repost from Aqorda 🇰🇿
⚜️Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана
Уважаемые соотечественники!
От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны!
Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации.
Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества.
На общенациональном референдуме 15 марта народ Казахстана сделал судьбоносный выбор, определивший горизонты развития государства на многие десятилетия вперед. Это историческое решение навсегда останется в летописи страны как яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности миллионов наших соотечественников.
Глубоко символично, что День Конституции отныне неразрывно связан с началом декады «Наурызнама». Знаковая дата гармонично объединяет многовековые традиции весеннего возрождения с основополагающими принципами Нового Основного закона – стремлением к гражданской солидарности, передовым знаниям и добросовестному труду на благо Родины.
Убежден, опираясь на незыблемый правовой фундамент поистине всенародной Конституции, мы обязательно достигнем всех поставленных целей и утвердим в обществе созидательные ценности Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия.
Сплотившись в нерушимый монолит общенационального единства, мы непременно покорим вершины мировой цивилизации и построим Справедливый Казахстан – государство равных возможностей и всестороннего развития всех без исключения граждан!
Выражаю уверенность в конечном успехе намеченных планов, ведущих к процветанию нашего Отечества.
Да здравствует Республика Казахстан!
Да здравствует наш народ!
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар!
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.
Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.
Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.
Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.
Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!
Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Халқымыз мәңгі жасасын!
t.me/aqorda_resmi
🔸Иностранные дипломаты в Москве
ознакомились с положениями новой Конституции Казахстана
В канун вступления в силу новой Конституции РК в Посольстве Казахстана в Москве состоялся специальный брифинг для послов иностранных государств, аккредитованных по совместительству в Казахстане.
В мероприятии приняли участие руководители дипломатического корпуса таких стран, как Австралия, Аргентина, Доминиканская Республика, Колумбия, Перу, Словения, Черногория.
Своё выступление Посол Даурен Абаев начал с цитаты Главы государства Касым-Жомарта Токаева, озвученной на последнем совместном заседании палат Парламента Казахстана: «Мы подводим черту под целой эпохой в развитии Независимого Казахстана и открываем принципиально новую главу летописи отечественной государственности».
Посол ознакомил собравшихся с основными положениями новой Конституции. Он отметил, что документ подтверждает преемственность ключевых основ казахстанской государственности и, в то же время, является ответом на общественный запрос, связанный с более высокими требованиями к эффективности государственного управления, защите прав человека, открытости власти, справедливости принимаемых решений и качеству государственных институтов.
Д.Абаев подчеркнул, что новая Конституция не ограничивается совершенствованием отдельных государственных институтов, она формирует новую философию государственного развития, в центре которой находится человек, его жизнь, достоинство, права и свободы.
В завершение Д.Абаев ответил на вопросы дипломатов.
🔹Мәскеудегі шетелдік дипломаттар Қазақстанның жаңа Конституциясының ережелерімен танысты
ҚР жаңа Конституциясының өз күшіне енуі қарсаңында Мәскеуде Қазақстанның Елшілігінде Қазақстанда қоса аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері үшін арнайы брифинг өтті.
Іс-шараға Австралия, Аргентина, Доминикан Республикасы, Колумбия, Перу, Словения, Черногория сияқты елдердің дипломатиялық корпусының басшылары қатысты.
Елші Дәурен Абаев өз сөзін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Парламенті палаталарының соңғы бірлескен отырысында айтқан «Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңакезеңіне қадам басқалы тұрмыз» деген сөзінен бастады.
Елші жиналғандарды жаңа Конституцияның негізгі ережелерімен таныстырды. Ол бұл құжаттың қазақстандық мемлекеттіліктің негізгі тіректерінің сабақтастығын айғақтайтынын, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, адам құқықтарын қорғауға, биліктің ашықтығына, қабылданатын шешімдердің әділдігіне және мемлекеттік институттардың сапасына қойылатын жоғары талаптармен байланысты қоғамдық сұранысқа берілген жауап екенін атап өтті.
Д.Абаев жаңа Конституция жекелеген мемлекеттік институттарды жетілдірумен шектелмейтінін, ол адам, оның өмірі, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары басымдықта тұратын мемлекеттік дамудың жаңа философиясын қалыптастыратынына назар аударды. Соңында Д.Абаев дипломаттардың сұрақтарына жауап берді.
Repost from Aqorda 🇰🇿
📞 Состоялся телефонный разговор Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Президентом Российской Федерации Владимиром Путиным
🇰🇿🇷🇺Глава государства подчеркнул, что достигнутые в ходе государственного визита Президента России в Казахстан в мае текущего года договоренности придали значительный импульс всему комплексу двустороннего взаимодействия.
Правительства двух стран обеспечивают последовательную реализацию достигнутых соглашений.
В ходе беседы особое внимание было уделено подготовке к XXII Форуму межрегионального сотрудничества Казахстана и России, который пройдет в Омске в конце июля.
Главы государств также обсудили актуальные вопросы международной и региональной повестки.
В завершение разговора президенты условились поддерживать постоянные рабочие контакты.
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті.
Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр.
Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.
t.me/aqorda_resmi
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
+5
✅ Кадровый потенциал и будущее мирного атома: Алмасадам Саткалиев встретился с молодыми учёными
В Посольстве Республики Казахстан в Российской Федерации Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев встретился со студентами Национального исследовательского ядерного университета «МИФИ» и молодыми учёными - гражданами Казахстана, работающими в Объединённом институте ядерных исследований. В мероприятии принял участие Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Российской Федерации Даурен Абаев.
Встреча прошла в формате открытого диалога. Студенты и молодые исследователи непосредственно обращались к Председателю Агентства с вопросами о перспективах развития атомной отрасли, возможностях для профессиональной реализации и условиях, которые государство готово предложить специалистам, получившим образование и опыт за рубежом.
Алмасадам Саткалиев сообщил участникам о том, что накануне Глава государства подписал Закон по вопросам науки. Изменения в законе не только усиливают социальные гарантии ученых, но и кардинально повышает статус Национальной академии наук при Президенте РК, превращая её в главный экспертно-аналитический центр страны. Кроме того, документ впервые вводит институт наукоемких территорий: в рамках этой инициативы город Курчатов получит статус первого наукограда Казахстана, а Институт ядерной физики трансформируется в научно-технологический парк, что заложит прочный фундамент для ускоренного развития атомной отрасли и экономики знаний. Это создаёт принципиально новую среду для развития ядерной науки, инжиниринга и высокотехнологичного производства.
Участники встречи обсудили реализацию Стратегии развития атомной отрасли Республики Казахстан до 2050 года, утверждённой Президентом страны в апреле текущего года. Документ впервые определяет комплексное видение развития ядерной сферы на долгосрочную перспективу и задаёт ориентиры по формированию национального ядерного кластера, объединяющего атомную энергетику, ядерную науку, промышленность и подготовку кадров.
В ходе диалога представители Агентства рассказали о конкретных возможностях, которые государство создаёт для молодых специалистов отрасли. В программе «Болашак» с текущего года предусмотрена отдельная квота для специалистов атомной сферы в размере 20 стипендий ежегодно, в том числе для прохождения стажировок в международных организациях, включая МАГАТЭ.
Отдельно были освещены вопросы развития исследовательской инфраструктуры. Казахстан располагает Национальным ядерным центром и Институтом ядерной физики, исследовательскими реакторами, ускорительными комплексами и уникальной установкой «Токамак». Стратегия предусматривает дальнейшую модернизацию этой базы и строительство нового исследовательского реактора. Молодые учёные смогут участвовать не только в работе на существующих установках, но и в создании новых лабораторий и научных направлений.
Участники обсудили перспективы участия казахстанских учёных в крупнейших международных коллаборациях. Студенты интересовались возможностью получения собственных научных задач, доступом к современному оборудованию и прозрачными механизмами карьерного роста в условиях формирующейся национальной атомной отрасли.
Председатель Агентства подчеркнул, что строительство атомной электростанции должно стать не просто закупкой готовой технологии, а основой для развития отечественного инжиниринга, научного сопровождения и подготовки кадров. По имеющимся оценкам, только на этапе строительства одной атомной электростанции планируется задействовать до десяти тысяч специалистов, после ввода в эксплуатацию постоянно потребуется около двух тысяч высококвалифицированных инженеров, техников и исследователей.
Алмасадам Саткалиев выразил уверенность в том, что именно нынешнее поколение казахстанских учёных и инженеров станет опорой национальной атомной программы. Государство, в свою очередь, создаёт для этого необходимые условия.
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
+5
✅ Кадрлық әлеует және бейбіт атомның болашағы: Алмасадам Сәтқалиев жас ғалымдармен кездесті
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің студенттерімен және Біріккен ядролық зерттеулер институтында жұмыс істейтін қазақстандық жас ғалымдармен кездесті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев қатысты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер мен жас зерттеушілер Агенттік төрағасына атом саласын дамыту перспективалары, кәсіби тұрғыда өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктері және шетелде білім алып, тәжірибе жинақтаған мамандарға мемлекет ұсынуға дайын жағдайлар туралы тікелей сұрақтарын қойды.
Алмасадам Сәтқалиев қатысушыларға Мемлекет басшысы жақында ғылым мәселелері жөніндегі Заңға қол қойғанын хабарлады. Заңға енгізілген өзгерістер ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтіп қана қоймай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін түбегейлі арттырып, оны елдің басты сараптамалық-талдамалық орталығына айналдырады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет ғылымды қажетсінетін аумақтар институты енгізілді. Осы бастама аясында Курчатов қаласына Қазақстанның алғашқы ғылым қаласы мәртебесі беріледі, ал Ядролық физика институты ғылыми-технологиялық паркке айналады. Бұл атом саласы мен білімге негізделген экономиканы жедел дамыту үшін берік негіз қалайды. Соның нәтижесінде ядролық ғылымды, инжинирингті және жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүлде жаңа орта қалыптасады.
Кездесуге қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын іске асыру мәселелерін талқылады. Құжатта алғаш рет ядролық саланы ұзақ мерзімді кезеңге кешенді дамыту көзқарасы айқындалып, атом энергетикасын, ядролық ғылымды, өнеркәсіпті және кадрлар даярлау жүйесін біріктіретін ұлттық ядролық кластерді қалыптастырудың негізгі бағдарлары белгіленген.
Әңгімелесу барысында Агенттік өкілдері мемлекет саланың жас мамандары үшін жасап отырған нақты мүмкіндіктері туралы айтып берді. Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында атом саласы мамандарына жыл сайын 20 стипендия көлемінде жеке квота бөлінді. Оның ішінде АЭХА-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылған.
Зерттеу инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қазақстанда Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, зерттеу реакторлары, үдеткіш кешендері және бірегей «Токамак» қондырғысы бар. Стратегияда осы инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және жаңа зерттеу реакторын салу көзделген. Жас ғалымдар қолданыстағы қондырғыларда жұмыс істеумен қатар, жаңа зертханалар мен ғылыми бағыттарды құруға да қатыса алады.
Кездесуге қатысушылар қазақстандық ғалымдардың ірі халықаралық ғылыми коллаборацияларға қатысу перспективаларын талқылады. Студенттер өз ғылыми тақырыптарын іске асыру мүмкіндігіне, заманауи жабдықтарға қолжетімділікке және қалыптасып жатқан ұлттық атом саласындағы мансаптық өсудің ашық тетіктеріне қызығушылық танытты.
Агенттік төрағасы атом электр станциясының құрылысы дайын технологияны сатып алумен ғана шектелмей, отандық инжинирингті, ғылыми сүйемелдеуді және кадрлар даярлау жүйесін дамытудың негізіне айналуға тиіс екенін атап өтті. Қолда бар бағалауларға сәйкес, бір атом электр станциясының құрылыс кезеңінде ғана 10 мыңға дейін маманды тарту жоспарланып отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 2 мың жоғары білікті инженер, техник және зерттеуші тұрақты түрде қажет болады.
Алмасадам Сәтқалиев дәл қазіргі қазақстандық ғалымдар мен инженерлер буыны ұлттық атом бағдарламасының негізгі тірегіне айналатынына сенім білдірді. Мемлекет өз тарапынан бұл үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
+2
🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Саратов облысында болып қайтты
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1246477?lang=kk
🔸Посол РК в РФ Д.Абаев посетил Саратовскую область
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1246477?lang=ru
🔸Посольство Казахстана в Российской Федерации поздравляет россиян с Днем России!
Наши страны являются стратегическими партнерами, добрыми соседями и надежными союзниками, связанными общей историей, культурой и взаимными интересами.
Благодаря совместным усилиям двустороннее взаимодействие продолжает уверенно развиваться во всех сферах и служит образцовым примером межгосударственных отношений.
Желаем россиянам благополучия, счастья, мира, процветания и всего самого доброго!
Repost from UKIMET
Рост креативной отрасли подтверждается международными рейтингами. Казахстан последовательно улучшает позиции во Всемирной организации интеллектуальной собственности, в том числе по показателям Глобального инновационного индекса. По направлению «Креативные результаты» в 2025 году страна поднялась на 32 позиции.
«В этом контексте особую значимость приобретает инициатива Касым-Жомарта Кемелевича Токаева по созданию Ассоциации креативных индустрий государств-участников Содружества независимых государств. Этот формат призван создать условия для реализации совместных проектов, обмена опытом и продвижения креативных продуктов»,— подчеркнул Премьер-министр РК Олжас Бектенов. В настоящее время Казахстан последовательно укрепляет инфраструктуру креативного сектора. Сформирована необходимая законодательная база. В прошлом году был создан Фонд развития креативных индустрий, который поддерживает авторов, творческие команды и предпринимателей в разработке конкурентоспособных продуктов, в том числе имеющих высокий экспортный потенциал. Во всех регионах страны также работают креативные хабы, создающие условия для реализации творческих инициатив молодежи и развития предпринимательства. Олжас Бектенов отметил, что искусственный интеллект становится ключевым элементом развития всех секторов экономики. В Казахстане 2026 год объявлен Главой государства Годом цифровизации и искусственного интеллекта, перед страной поставлена задача по тотальной цифровизации всех сфер жизнедеятельности общества. Уже сегодня ИИ кардинально меняет подходы к созданию контента, расширяет возможности для творчества, и формирует новые каналы продвижения культурных продуктов. В качестве примера названа казахстанская компания Higgsfield – один из мировых лидеров в генерации видео с помощью AI-технологий. Опыт этого «цифрового единорога» подтверждает, что талант и компетенции казахстанских специалистов востребованы и задают новые тренды на глобальных технологических рынках. Премьер-министр РК акцентировал внимание на том, что в Казахстане ведется масштабная работа по цифровизации культурного наследия. Для сохранения уникальных исторических объектов запущен Банк цифровых копий – национальная платформа с использованием высокоточного LiDAR-сканирования и 3D-архивирования. Проектом охвачены историко-культурные объекты, имеющие страновое и международное значение. В их числе находящиеся под защитой ЮНЕСКО Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави, петроглифы урочища Тамгалы, подземные мечети Мангистауской области и другие археологические памятники. В этом же направлении развивается платформа E-Museum, к которой подключено 300 музеев, а в цифровой каталог внесены десятки тысяч музейных экспонатов. Продолжается работа по восстановлению «Золотого фонда казахского кино»: за последние годы оцифрованы 43 картины прошлого столетия. Олжас Бектенов отметил, что цифровизация расширяет доступ к культурным и историческим объектам, открывая новые форматы взаимодействия для миллионов людей независимо от границ. Наряду с развитием нового цифрового пространства сохраняют важное значение традиционные формы культурного сотрудничества в рамках СНГ: выставки, фестивали, гастрольные обмены и другие мероприятия, направленные на укрепление межкультурного диалога. За каждым из этих событий стоит большой труд творческого сообщества, благодаря которому культура обретает новые формы, выходит к широкой аудитории и становится частью современной экономики. 📱@KZgovernment
Repost from UKIMET
Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Олжас Бектенов на конференции в Санкт-Петербурге
📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов выступил на пленарном заседании международной конференции по укреплению культурных связей и развитию креативных и творческих индустрий в Санкт-Петербурге.
В мероприятии приняли участие Председатель Правительства Российской Федерации Михаил Мишустин, Премьер-министр Беларуси Александр Турчин, Председатель Кабинета министров Кыргызстана Адылбек Касымалиев, Премьер-министр Таджикистана Кохир Расулзода, Премьер-министр Узбекистана Абдулла Арипов, министр образования Туркменистана Джумамырат Гурбангелдиев.
В ходе выступления Олжас Бектенов подчеркнул, что при прямой поддержке и непосредственном участии Президентов Казахстана Касым-Жомарта Токаева и России Владимира Путина, а также лидеров всех стран Содружества развитие сотрудничества в сфере креативных индустрий и культурных связей остается одним из наиболее содержательных и востребованных направлений повестки СНГ.
Казахстан подходит к этой работе как к стратегическому направлению развития, закрепляя поддержку культуры и творческой деятельности на уровне базовых государственных приоритетов.
«В марте текущего года по итогам общенационального референдума в Казахстане принята и с 1 июля вступает в силу новая Конституция. Новый Основной закон нацелен на укрепление государственности, построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана на основе принципа «Закон и Порядок». Хочу отметить, что впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи. Значимым событием стал прошедший в мае в Астане международный симпозиум, посвященный изучению модели степной цивилизации «Золотой Орды», в котором приняли участие историки и культурологи из более чем 20 стран мира. Кроме того, Новой Конституцией обеспечиваются гарантии охраны интеллектуальной и творческой деятельности. На этом фундаменте в Казахстане динамично развивается креативная индустрия. Формируются новые рынки, новые рабочие места и расширяются возможности для экспорта национального креативного продукта»,– отметил Олжас Бектенов. Сегодня культура и креативные индустрии становятся важными факторами экономического роста. В Казахстане креативная индустрия охватывает более 40 видов деятельности, в сфере занято 150 тыс. человек. Валовая добавленная стоимость креативного сектора за последний год выросла на четверть и составила $3 млрд. Казахстан демонстрирует значительные результаты в развитии кино, музыки, дизайна, игровой индустрии и цифрового контента. Отечественные фильмы, сериалы, музыкальные и цифровые продукты выходят на зарубежные рынки и знакомят международную аудиторию с богатым культурным наследием страны, укрепляя экспортный потенциал Казахстана.
Repost from UKIMET
Креативті саланың өсуін халықаралық рейтингтер де растап отыр. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымындағы позициясын дәйекті түрде жақсартып келеді, оның ішінде Жаһандық инновациялық индекс көрсеткіштері де бар. «Креативті нәтижелер» бағыты бойынша еліміз 2025 жылы 32 позицияға көтерілді.
«Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің креативті индустриялар қауымдастығын құру жөніндегі бастамасы ерекше маңызға ие. Бұл формат бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және креативті өнімдерді ілгерілету үшін жағдай жасауға бағытталған»,— деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов. Қазіргі уақытта Қазақстан креативті сектордың инфрақұрылымын жүйелі түрде нығайтуда. Қажетті заңнамалық база қалыптастырылды. Былтыр Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылды. Оның қызметі авторларды, шығармашылық командаларды және кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті өнімдер әзірлеуде, соның ішінде жоғары экспорттық әлеуеті бар жобаларды жүзеге асыру барысында қолдауға бағытталған. Еліміздің барлық өңірінде жастардың шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға және кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтын креативті хабтар жұмыс істейді. Олжас Бектенов жасанды интеллект экономиканың барлық секторларын дамытудың негізгі элементіне айналатынын атап өтті. Қазақстанда 2026 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, алдымызға қоғамдық өмірдің барлық саласын жаппай цифрландыру міндеті қойылып отыр. Бүгінде жасанды интеллект контент жасау тәсілдерін түбегейлі өзгертіп, шығармашылық мүмкіндіктерді де кеңейтіп, мәдени өнімдерді ілгерілетудің жаңа арналарын қалыптастыруда. Мысал ретінде AI-технологиялар көмегімен бейне генерациялау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын қазақстандық Higgsfield компаниясы аталды. Қазақстандық «цифрлық сыңармүйіз» стартапының тәжірибесі біздің азаматтарымыздың таланты мен құзыреттері тек сұранысқа ие болып қана қоймай, технологиялық нарықтарда жаңа трендтер қалыптастыра алатынын дәлелдеп отыр. ҚР Премьер-министрі Қазақстанда мәдени мұраны цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанына назар аударды. Тарихи маңызы бар бірегей нысандарды сақтау мақсатында жоғары дәлдіктегі LiDAR – сканерлеу және 3D-мұрағаттау технологиялары қолданылатын ұлттық платформа – Цифрлық көшірмелер банкі іске қосылды. Жоба елдік және халықаралық маңызы бар тарихи-мәдени нысандарды қамтиды. Олардың қатарында ЮНЕСКО қорғауына алынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы шатқалының петроглифтері, Маңғыстау облысының жерасты мешіттері және басқа да археологиялық ескерткіштер бар. Осы бағытта E-Museum платформасы дамып келеді, оған 300 мұражай қосылған, ал цифрлық каталогқа ондаған мың мұражай экспонаты енгізілген. «Қазақ киносының алтын қорын» қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда: соңғы жылдары өткен ғасырда түсірілген 43 фильм цифрлық форматқа көшірілді. Олжас Бектенов цифрландыру шекараға қарамастан миллиондаған адам үшін өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, мәдени және тарихи нысандарға қолжетімділікті кеңейтетінін атап өтті. Жаңа цифрлық кеңістікті дамытумен қатар ТМД аясындағы мәдени ынтымақтастықтың дәстүрлі нысандары: көрмелер, фестивальдер, гастрольдік алмасулар және мәдениетаралық диалогті нығайтуға бағытталған басқа да іс-шаралар маңызды болып қала береді. Осы оқиғалардың әрқайсысының артында шығармашылық қоғамдастықтың зор еңбегі жатыр. Соның нәтижесінде мәдениет жаңа сипатқа ие болып, кең аудиторияға жол тауып, заманауи экономиканың ажырамас бөлігіне айналуда. 📱@KZgovernment
