en
Feedback
Aigul Orynbek-Құқыққорғаушы

Aigul Orynbek-Құқыққорғаушы

Open in Telegram

“Әділдік іздеймін!”авторы.

Show more
985
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-930 days
Posts Archive
Жапон елі мұхиттың үстіне биік қабатты үй тұрғызып жатқанда, біз тақыр жерде отырып жәй ғана қардың еріген суын игере алмай отырмыз. Отыз жылда мықты мамандар жемқорлыққа батқан елден безіп, шет елге кетті. Нәтижесінде зардабын қара халық көріп отыр. Бізде мықты инженер мамандарға мүмкіндік бергенде, бұндай апат болмас еді. Біздің еліміздің жеріне өзгелер қызыға және қызғана қарайды. Оны игере алмай жатқан өзіміз. Қардың еріген суын, үлкен су қоймасын жасап сонда жинап, жазда егістікке пайдалансақта болар еді. Әттең оған жемқорлардың басы жетпейді. Жыл сайын су тасқынан құтқаруға миллиардтап ақша бөле бермей, Жапон елінің мықты инженер технологтарын шақырып бір жолата шешіңдерші. Су таситын аймақтарды зерделеп, судың астында қалмаудың жолдарын олар бір ақ күнде шешіп береді! Өздеріңнің миларың істемесе, халықтың игілігі үшін миы істейтіндерге беріңдерші. Мен қарсы емеспін Жапонияның мықты мамандарын шақыруға. Әшейінде жәй ғана театр қойылымдарына 2 миллион доллар бөліп сол жақтан режиссер шақырғанда бәледейсіңдер, ал халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады? Осындай су тасып, табиғат апаты болған кезде, Халыққа қол жайып қайыршыланып қаласыңдар! Елге қайтып жатқан активтер қайда? “Қазақ халқына” қорына құйылып жатқан миллиондар қайда? Азық-түлік, коммуналдық қызметтер күнделікті өсіп жатқанда, халыққа қол жаюды тоқтатыңдар! Отыз жылда Қазақ жерінің байлығын сатып, байып кеткен 162 байды сілкілеңдер! Халықтың сендерге беретін түгі жоқ! Қайта Үкіметке қол жаймай, өз күндерін көріп отырғандарына рахмет айтыңдар!

Тағы бір жаңа жоба бастадым✅ Қазақ қоғамындағы жүйенің құрбандарына арналады. Ешқандай жұлдыздар мен танымал тұлғалар емес, заңсыздықтар мен сыбайластықтан зардап шегетін - қарапайым ХАЛЫҚ! Сотта айта алмаған жанайқайларыңызды МИКРОФОН алдында - “ЖҮЙЕ” подкасында ашық айтуға шақырамын! Заң үстемдігін бірге орнатайық! Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Бастысы, сыбайласқан “жүйенің” құрбаны болмаңыздар!

Исахов өткен сотта “мені пара беруге ҰҚК қызметкерлері өздері итермеледі” деп жылаған еді. Алайда кешегі өткен сотта куәгерлерден жауап алу барысында кім бірінші байланысқа шыққаны, кімді кім итермелегені белгілі болды. Намаз оқитын адамға өтірік сөйлеуге бола береді ме?🤲 -Мақсұт Исахов өзінің қол астында істейтін Мадияр деген қызметкерге , әкімдікке куратор ҰҚК қызметкеріне шығуды тапсырған екен. -ҰҚК қызметкері Бақытжан ҰҚК бірінші орынбасары Сарбасовқа Исаховтың кездескісі келіп жатқанын жеткізген. Міне қызық енді осы жерден басталады. Ойында арам пиғылы жоқ, бес уақыт намаз оқитын шенеунік ҰҚК қызметкерін саунаға неге шақырады?! ☑️Ең алғашқы кездесу Тассай мөлтек ауданындағы “Биик” деген саунада болған. ♦️Куәгер Бақытжанның сотта айтқан сөзінде: “Саунаға ҰҚК қызметкерлерін Исаховтың өзі шақырған”. Исаховтың көмекшісі Жансерік сауна администраторы Айгүлге звондап, бронь қойған. Сауна қызметкеріне кімдер бірінші звондап заказ бергенін, ұялы байланыс операторлары арқылы арнайы прокуратурадағы тергеушілер анықтаған шығар деп ойлаймын. Саунаға кімнің бірінші кіріп шыққанын камера арқылы анықтауға болады. Егер де камера болса әрине). ✅Сотта ақшаны беру үшін, кездесу ұсынысы бір емес бірнеше рет Исахов мырза тарапынан болғаны айтылды. “Метро” , “Шымкент плаза” көлік аялдамасында, “Rixos” қонақ үйіне Исахов өзі шақырған екен. “Оның бәрі құпия тергеп тексеру амалдары жүріп жатқан соң, таспаға (запись) жазылған” деді Манат Сарбасов. “500 мың доллар пара сұрамағанын, қайта бір емес бірнеше рет пара ұсынғанда заңсыз іс әрекет екенін ескерттім. Оның бәрі сараптама қортындысымен құжатталған, тіпті аудио видеолармен рәсімделген”, деді Сарбасов кешегі сотта. Исахов мырза әділдікті талап етіп отыр! Сол үшін тергеу барысында жазылған аудио видеолар толық сотта ашық жариялану керек! Айтпақшы, сотта “Исахов істі Антикорға беруді сұрады “ деп отыр Сарбасов мырза. Әйтеновтың кезінде Шымкент Антикоры қылмыстық істерді қозғамай қысқартып жіберетін әкімдіктің жеке лавкасына айналған ба сонда? Исахов мырза, неге саунаға шақырғансыз? Святой күнде мешітке шақырмадыңыз ба? Әлде құдайдан қорықтыңыз ба? Сосын сотқа тағы бір Шымкенттің тұрғыны келді ғой, “ Исахов менен екі миллион бопсалаған” деп оны Антикор, ҰҚК тексергісі келмейді ме? Жалпы сот өте қызықты әрі тартысты болып жатыр. Ендігі сот сәуірдің басында! Шымкентпен бірге болыңыздар!

Қанды қаңтар кезінде қызмет бабын асыра пайдалану, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіру -Отанға опасыздық жасаумен тең! Яғни бұл ауыр- қылмыс санатына жатады! Ауыр қылмыс жасаған адамға шартты жаза қолданылмайтын еді. Алайда, Самат Әбішке келгенде Жаңа Қазақстанның Әділетті Соттың шешімі осындай болыпты. Ауыр қылмысты қалай жасағанын толық мойындап, баяндап айтып бергені үшін шартты жаза беріпті. Сонда біздің елде халықты қырып тастап, соны қалай жасағаның жайлы мойындап айтып берсең, шартты түрде үйде отыра беруіңе болады екен… Эх, тауық өлтіргендер он жылға, үш жүз адамның өліміне септігі тигендер үй қамақта отыратын елдің Сотына , бұдан кейін сенуге бола ма?

Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2020 жылы Түркістан Ұлттық Қауіпсіздік комитеті білім басқармасын тексеріп, мемлекет қаржысы 9 миллиард теңгеге жымқырылғанын анықтаған болатын. Аудитордың сараптама қортындысы бәрі бар. Колледждерге бөлінген гранттар, жансыз адамдар бәрі айғақтық заттармен дәлелденіп тұрсада, Түркістан прокуратурасы қылмыстық істі алып Антикорға берді. Соңы не болды дейсіздер ме? Қылмыстық іс, Антикор қызметкерлерімен қысқарып кетті. ҚР Бас прокуратурасы Жасы алпысқа келген қарияның , Жетісайда колледждерде грантта қалай оқып жатқанын тексергісі келмеді. Менің тарапымнан жазылған арыз, дәретханын бір жерінде қалған шығар. “Сен бәлеқор жаза берші, біз бюджет ақшасын бәрібір жей береміз” деп. Білім саласындағы жемқорлықты сонау 2016 жылдан бері зерделеп, көтеріп келем. Білім саласындағы жемқорлықтың ашылмауына кімдер кінәлі екенін жақсы білем. Сіздер де біліп жүріңіздер! АФМ, аудиторлар жасаған сараптама қортындысы дайын тұр, ҰҚК мен Антикор тексере алмаған қылмысты мүмкін сендер тексеріп көресіңдер?! Түркістан Антикор мен ҰҚК - ұйықтай беріңдер! Түркістан АФМ -Оянамыз!

Білім саласындағы жемқорлықты 2016 жылдан бері көтеріп жүрмін.

“Е-Өтініш” бізге керек пе? Елдің алдында “Е-өтініш” қызметі және құзырлы органдардың жауап беру сапасы туралы ой-пікірлеріңізді осында ашық талқылауға шақырамын! Біз қателіктерді осылай ашық айтып және оны көрсету арқылы ғана - жүйені дұрыстай аламыз! Өзгерісті қалайсыз ба? Онда ойыңызды ашық айтуға, оны жазуға қорықпаңыз! Жұмыс істемейтін дүниені “жұмыс істемейді” деп ақиқатын айту - қылмыс емес! Сенсеңіз… Бұл жүйе үшін мемлекеттен миллиардтаған қаржы бөлініп отыр. Яғни, СІЗ бен БІЗДІҢ салығымыз - өзімізге НӘТИЖЕЛІ қызмет көрсету керек! Бас прокуратурамен орын алған жайтты айтайын: “Е-өтініш” арқылы жолданған арыз, шағымды алып орындаушыға береді. Ал орындаушының өзі көрсеткен жұмыс телефон нөмірлері үнемі көтермейді, берген құжаттарды толық тіркемейді, орындаушылар көбінесе жазылған арызыңды түсінбейді яғни мемлекеттік тіл - қазақ тілін жетік білмейді. Ұқпайды да! Шындық осы! Электронды цифрлы заманауи жүйеге өтеміз деп, құзырлы органдарда істейтін формадығалар компьютердің артына тығылып, халықпен етене ашық жұмыс істеуді қойды. Жауап деп - “жарамсыз қағазды” да жолдай салады! Жауапкершіліктен жалтарып, қашқаны - қашқан! Елімізде “Естуші Үкімет” , “Ашық мемлекет” деген ұранымыз бар, бірақ іске келгенде - халықты әбден сандалтып бітті… Құқығы тапталған Халықтың азар да безер болып ашынуы, наразылығы да - орынды..! Құрметті Олжас Абайұлы, “Е-Өтініш”жүйесін назарға алсаңыз! Егер, жүйе дұрыс жұмыс істесе, мына жергілікті Халық Ақордаға ағылып, Парламенттің табалдырығын тоздырмас еді… Қарапайым Халықтан бұрын, мына Елдің алдында жүрген Заңгер ретінде менің өзім үш-төрт ай бұрын жазылған арыз-шағымдарыма жауап алалмай әлі жүрмін… Енді осыдан кейін-ақ, “Е-Өтініштің” халықтың “игілігіне” қаншалықты жұмыс істейтінін өзіңіз бағалай беріңіз!