en
Feedback
BALALYK SHAK DOSY/ЕDU NEWS

BALALYK SHAK DOSY/ЕDU NEWS

Open in Telegram

ҚР ОАМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ Telegram-КАНАЛЫ BALALYK SHAK DOSY/ЕDU NEWS.👍 Официальный Telegram-канал Республиканского учебно-методического центра дополнительного образования МП РК BALALYK SHAK DOSY/ЕDU NEWS

Show more
413
Subscribers
No data24 hours
+37 days
+2630 days
Posts Archive
ҚР ОАМ РҚББОӘО Директоры Р. П. Шер @sherraisa ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРДІ АШЫҢЫЗ! ❗Құрметті достар! Сіз туризм әлеміндегі қызықты шытырман оқиғаға дайынсыз ба? Сіз барғыңыз келетін жерлердің суреттерімен бөліскіңіз келе ме? Мүмкін сіз бард әндерін айтқанды ұнататын шығарсыз? Туризм әлеміне саяхат одан да қызықты болады! Туристер - бұл ерекше «халық» - тынымсыз, ізденімпаз, батыл, көңілді, жауапты адамдар. ✔️ҚР ОАМ РҚББОӘО «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын қашықтан өткізеді. Өтінімдер мен байқау жұмыстары kzecology@mail.ru электрондық поштаға 2024 жылғы 23 қаңтардан 15 ақпанға дейін қабылданады. Байқау ережелері сайтта орналастырылған https://www.ziyatker.org/ ✔️Сіздерді шығармашылықтарыңызды көрсетуге және осы қызықты сапарға қатысуға шақырамыз! Керемет шығармашылық саяхаттың бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! ❗Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен марапатталады, орын алмаған қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздардың жетекшілеріне – алғыс хаттар беріледі. ✔️Қорытынды, дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында 2024 жылғы 1 наурыздан бастап орналастырылады. ✔️Анықтама телефондары: 8(7172) 64 75 89.

Директор РУМЦДО МП РК Шер Р.П. @sherraisa ОТКРЫВАЕМ НОВЫЕ ГОРИЗОНТЫ! ❗️Дорогие друзья! Готовы ли вы к захватывающему приключению в мире туризма? Хотите поделиться рисунками с изображением мест, где вы хотели бы побывать? А может вы любите петь бардовские песни? ✔️Путешествие в мир туризма - это всегда увлекательное событие! Туристы - особый «народ» - неугомонные, пытливые, смелые, веселые, ответственные люди. ✔️РУМЦДО МП РК проводит с 23 января по 15 февраля 2024 года Республиканский дистанционный конкурс юных туристов «Энциклопедия туризма». Правила конкурса размещены на сайте https://www.ziyatker.org/ ✔️Приглашаем проявить свой творческий потенциал и принять участие в дистанционном конкурсе! Победители получат дипломы I, II, III степени, а их руководители -благодарственные письма, все участники конкурса - сертификаты за участие. Заявки и конкурсные материалы принимаются на электронную почту kzecology@mail.ru. Не упустите шанс стать частью этого яркого творческого путешествия! Итоги, дипломы, благодарственные письма и сертификаты будут доступны на сайте https://www.ziyatker.org/ с 1 марта 2024 года. Дополнительная информация по телефону: 8 (7172) 64-75-89.

КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ❗«Пікірталас оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» (республикалық біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының жұмыс тәжірибесінен) ✔️2024 жылғы 22 қаңтарда ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау аясында «Пікірталас оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар мемлекеттік тілде жүргізіліп, «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» курсының 25 қатысушысы қатысты. ❗Модератор: 1. Асильбаева Ардак Мирзамуратовна, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Алматы облыстық білім басқармасының «Жас дарын» оқу әдістемелік орталығы, әдіскер. ❗Спикерлер: 1. Әбдірайм Мейрамгүл Қуанышбайқызы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Шығармашылық академиясы, қосымша білім беру педагогы ✔️Тақырыбы: «Пікірталас- оқушы құзыреттілігінің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылықтарын дамытудағы басты фактор» 2. Абдрей Лаура Сейткарімқызы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шекербұлақ ауылы, “Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ, тәлімгер ✔️Тақырыбы: «Дебат – оқушы құзыреттілігіндегі сөз бен ойдың тартысы» 3. Ибраева Назгуль Бауыржановна, Абай облысы Семей қаласы, № 15 ЖОББМ КММ, «Сөз мерген» дебаттық клуб жетекшісі ✔️Тақырыбы: «Дебат — тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолы» ❗Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолдану бойынша тәжірбие алмасып, вебинарға қатысушылар алдағы уақыттағы жұмыстарын жоспарлап, талдау жүргізді. Қатысушылар жаңашылық танытып идеяларын ұсынды.

КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ❗«Пікірталас өткізудің негізгі ережелері, элементтері мен әдістері» «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» (республикалық біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының жұмыс тәжірибесінен) ✔️2024 жылғы 22 қаңтарда ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау аясында «Пікірталас өткізудің негізгі ережелері, элементтері мен әдістері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар мемлекеттік тілде жүргізіліп, «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері» курсының 25 қатысушысы қатысты. ❗Модератор: 1. Асубаева Айсулу Молдагалиевна, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Низамхан» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ❗Спикерлер: 1. Жармагамбетова Гульжайнар Аскаровна - Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Қосымша білім беру» бөлімінің меңгерушісі ✔️Тақырыбы: «Оқушыларды облыстық пікірсайыс турнирлеріне дайындық тәжірибесі» 2. Кузеров Айдар Оразбайұлы - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, «Шамалған» орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ✔️Тақырыбы: «Жаңадан бастаушыларға арналған пікірталас өткізудің 7 қадамы» 3. Имамзадаева Гулбану Кузенбаевна - Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Тақырыбы: «Пікірсайыс: «Дос табу және оқушыларға ықпал ету жолдары» ❗Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолдану бойынша тәжірбие алмасып, вебинарға қатысушылар алдағы уақыттағы жұмыстарын жоспарлап, талдау жүргізді. Қатысушылар жаңашылық танытып идеяларын ұсынды.

⚡️АСТАНАДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 1200-ДЕН АСТАМ БАСШЫСЫ ЖИНАЛДЫ 🇰🇿ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Назарбаев университетінің базасында Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары мемлекеттік мектептері директорларының қатысуымен «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы форумында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. 🗣TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
«Мемлекет басшысының қолдауымен төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есе өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысы 30%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», - деді Ғани Бейсембаев.
💬Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде министрлік ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы және т.б. көрсетіледі. 📍Кездесуге Астана қаласы мен Қазақстанның төрт солтүстік облысындағы орта білім беру ұйымдарының бір жарым мыңға жуық басшысы қатысты. Олар үшін диалог алаңы ашылды. Онда жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Атап айтқанда: білім беру сапасын арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту, цифрландыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқалар. ⏺Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстары мектептерінің директорларымен кездесулер өткізген болатын. Форум еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.

🗣АСТАНАДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР ФОРУМЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 1200-ДЕН АСТАМ БАСШЫСЫ ЖИНАЛДЫ ⏺⏺⏺ 🗣БОЛЕЕ 1200 РУКОВОДИТЕЛЕЙ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ СОБРАЛИСЬ НА ФОРУМЕ ДИРЕКТОРОВ В АСТАНЕ

⚡️БОЛЕЕ 1200 РУКОВОДИТЕЛЕЙ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ СОБРАЛИСЬ НА ФОРУМЕ ДИРЕКТОРОВ В АСТАНЕ 🇰🇿Актуальные вопросы в сфере образования обсудили на Форуме директоров государственных школ города Астана, Акмолинской, Павлодарской, Костанайской и Северо-Казахстанской областей на тему «Управление современной школой: тренды и будущее», организованный Минпросвещения РК на базе Назарбаев Университета. 🗣В интерактивной сессии в формате TEDx принял участие министр просвещения Гани Бейсембаев. Он отметил важные аспекты по развитию системы образования в стране. Особое внимание уделяется повышению кадрового потенциала.
«При поддержке Главы государства за четыре года заработная плата педагогов увеличилась на 100%, то есть в два раза. В сентябре 2023 года еще на 30% повысилась зарплата педагогов дошкольных организаций. Меры по поддержке педагогов будут продолжены. С этого года будут пересмотрены система поощрения работников образования, а также заработные платы руководителей организаций образования и их заместителей», - сообщил Гани Бейсембаев.
💬По его словам, на сегодня министерством ведется работа по усовершенствованию Национальной образовательной базы данных. В ней будут отражены сведения об организации образования, личные данные педагога, успеваемость и качество знаний обучающихся и др. В целом, обновленная система поможет искоренить все коррупционные риски. 📍Всего на встрече приняли участие около полутора тысячи руководителей организаций среднего образования города Астаны и четырех северных областей Казахстана. Для них была развернута диалоговая площадка, где участникам рассказали об итогах контрольных и мониторинговых мероприятий в сфере образования и предстоящих планах на текущий год. Это повышение качества образования, развитие инклюзивного и специального образования, цифровизация, обеспечение безопасности детей и другие. ⏺Напомним, ранее министр проводил встречи с директорами школ города Алматы, Туркестанской, Алматинской областей и Жетісу. Форум продолжится и в остальных регионах страны.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ ❗2024 жылғы 19 қаңтар ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Балаларға қосымша білім берудегі заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбында вебинар өткізді. ✔️Вебинарға «Балаларға қосымша білім берудегі STEAM-технологиялардың мүмкіндіктері мен болашағы» біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты. ❗Модератор: Сагатова Алия Карибаевна, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қосымша білім беру педагогі, директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары. ❗Спикерлер: 1. Сагатова Алия Карибаевна, Павлодар облысы, Павлодар қ., Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қосымша білім беру педагогі, директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары; 2. Серікбай Ақниет Байдуллақызы, Астана қаласы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі; 3. Митченко Ирина Викторовна, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі. ✔️Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолданған тәжірибесімен алмасты. Вебинарға қатысушы педагогтер жұмыс барысына қажетті ақпараттар алып, өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыстарын білдірді. ❗Вебинар балаларға ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру жүйесін дамытуда алынған білімді тереңдетуге және жүйелеуге көмектеседі деп сенеміз.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ ❗2024 жылғы 19 қаңтар ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Робот техникасы – бағдарламалау және инженерия негіздерін біріктіру» тақырыбында вебинар өткізді. ✔️Вебинарға «Робот техникасын қолдану негізінде оқу-конструкторлық қызметті ұйымдастырудың заманауи технологиялары» біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты. ❗Модератор: Қаби Жазира Датқызы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектеп, робототехника үйірмесінің педагогі. ❗Спикерлер: 1. Абдикаримова Динара Эркиновна, Алматы қаласы, Оқушылар сарайы, қосымша білім беру педагогі; 2. Аяған Ақниет Маратқызы, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Оқушылар үйі, қосымша білім беру педагогі, Батыр Амангүл Түгелбайқызы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Оқушылар шағармашылық үйі, қосымша білім беру педагогі; 3. Күзенбаева Әсем Дауылбайқызы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қалалық техникалық шығармашылық орталығы, қосымша білім беру педагогі, Төлегенов Нұрсұлтан Жақыпұлы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Оқушылар үйі, үйірме педагогі; 4. Қасымханқызы Балжанар, Астана қаласы, Техникалық шығармашылық орталығы, қосымша білім беру педагогі; 5. Махметова Альбира Жанбирбаевна, Атырау облысы, Атырау қаласы, жалпы білім беретін Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп, үйірме педагогі, Қаби Жазира Датқызы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №12 жалпы білім беретін мектеп, робототехника үйірмесінің педагогі. ✔️Педагогтер курста алған білімдерін өз жұмысында қолданған тәжірибесімен алмасты. Вебинарға қатысушы педагогтер жұмыс барысына қажетті ақпараттар алып, өз тәжірибесімен бөліскен спикерлерге алғыстарын білдірді. ❗Вебинар балаларға ғылыми-техникалық бағытта қосымша білім беру жүйесін дамытуда алынған білімді тереңдетуге

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН КӘСІБИ ДАМУЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ ❗2024 жылғы 19 қаңтар. ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Қосымша білім берудегі оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, принциптері мен формалары» тақырыбында вебинар өткізді. ✔️Вебинарға балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейіні бойынша мамандарына арналған «Қосымша білім беру педагогтерінің қызметін әдістемелік қолдау» біліктілікті арттыру курстарының 75 тыңдаушысы қатысты. ❗Модератор: Куанова Айгуль Каребаевна, Абай облысы, Семей қаласы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының бөлім меңгерушісі. ❗Спикерлер: 1. Шакимова Гульжан Женисовна, Атырау облысы, Индер ауданы Оқушылар шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі; 2. Асанова Гулшат Карибаевна, Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 3. Ерубаева Айнаш Казизовна, Абай облысы, Семей қаласы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының қосымша білім беру педагогі; 4. Избасова Рысбике Косекеевна, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы Аманбай Өміров атындағы балалар өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 5. Серикбаева Перизат Исмановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Оқушы орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 6. Қапар Байқоныс Раманұлы, Қостанай облысы, Амангелді ауданы Музыка мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 7. Джекешова Кенжегуль Уркимбаевна, Алматы қаласы, Оқушылар сарайының туристік-өлкетану бөлімінің жаяу туризм үйірмесінің бөлім меңгерушісі. ❗Педагогтер курс барысында алған білімдерін өз жұмысында қолдану бойынша тәжірибе алмасып, заманауи талапқа сай тәрбиеленушілерге білім беру жолында өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ерекшеліктерін көрсете білді, керемет ой-талқы алаңы құрылып, қатысушылар әрі қарай жұмыс барысына қажетті ақпаратты алды, оны жұмысында тиімді пайдаланатына сенімдіміз.