cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

желтоқсан желі.

Advertising posts
609
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-1030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

қыз жерде жатты адамдар жанынан өтіп жатыр көмек жоқ көмек деген не жанашырлық деген не ондай нәрселердің тамыры ержүректе жатыр ал оның тамыры сүюге сүйенген ал қорқынышқа маталған жүрек әрдайым қорқақ болады неліктен шаң кірген кезде көзді жууға ұмтыламыз да өмір қиындағанда басымызды тазалауға ұмтылмаймыз жарасы ауырғанда тұзбен сепкен адамдарды көрдімм суға батып бара жатқанда тереңірек бату үшін өкпесін босатқандарды көрдім ол адамдарды бауырыма бастым жүрегім езілді қатты жаным ашыды иә мен қатты ашуландым да бірақ мен өзгені өзгертуге қауқарсыз екенмін ал өз дәптеріңде не болып жатыр өз мүсініңді шығара алдың ба бір керім ренессанстың мүсіншілерін айтқым келеді бірақ оларды білмеймін мен ақ депоның баласымын балшықты кешкен масаға таланып өскен құмырсқалардың үстіне еріген чупа чупстың пластигін төгіп геноцид жасаған баламын қазір адамдарға қарап ойлаймын дүкеннен шыға бергенімде сексен сантиметрлік есікке қарсы алдымнан бір жігіт қыстырлысып кіріп бара жатқанда немесе жағалауға шыға бергендегі бір бұрылыста сұр пятнашканың шөпірі темекінің қорабын лақтырғанда мен айтам асхат сен бұларға шындықты ашпай ақ қой қойлар еркіндікті аңсамайды қойлар қойларым болса екен дейді терезелері сынық үйлердің тұрғындары жапырақтың түсін сынайды менің үйімнің терезелері сор секілді тіпті дымда көрінбейді твиттердегілер тартысуды қоймайды кофе румдарда тіл жайында тіл қатады бәрі қазақ тілі жаназа мен тұсау кесерде ғана керек басқа жерлерде менше жай ғана ешкім жақтыртпайтын туыс секілденген бір түрі жараспай қалған мақұлық мақұл ұқтық бұны да бірақ дәстүр мен салттан тұз кеткен дәуірде тек соған соңғы құтқаратын круг сияқты жабысып алған жартылай өлілер жартылай тірілерді өздеріндей еткісі келеді ал біз кім болуымыз керек деген сұрақпен бетпе бет қалудан басқа амалымыз жоқ бір апталық курстарда ондай заттарды үйретпейді мәжілістегі депутаттар мен әкімдер шешіп бермейді ол сұраққа жауаптарды асқар тау әкелер де бере алмаған жауған қар секілді бірінен соң бірі жерге түскен буындар ериді де кетеді көктем келгенде жаңа өскіндер тұқым жару үшін қателесу үшін күннің көзін көру үшін айналып келгенде ел де ұлт та бу ғана адамзаттың қамын жемеген көршісінің қамын жемейді керісі де дұрыс біздер тым жабысып қалдық бізді адастыратын алаңдататын тәттілерге әрине бетіңнің алдында ұстап тұрған соң бірақ адамда ерік бар күш бар жігер бар болмаса тірі өлікке айналады мен ағып жатқан суға қарадым жанып тұрған отқа қарадым айна айна емес осы құбылыстар менің айнам дедім
Show all...
қыз жерде жатты адамдар жанынан өтіп жатыр көмек жоқ көмек деген не жанашырлық деген не ондай нәрселердің тамыры ержүректе жатыр ал оның тамыры сүюге сүйенген ал қорқынышқа маталған жүрек әрдайым қорқақ болады неліктен шаң кірген кезде көзді жууға ұмтыламыз да өмір қиындағанда басымызды тазалауға ұмтылмаймыз жарасы ауырғанда тұзбен сепкен адамдарды көрдімм суға батып бара жатқанда тереңірек бату үшін өкпесін босатқандарды көрдім ол адамдарды бауырыма бастым жүрегім езілді қатты жаным ашыды иә мен қатты ашуландым да бірақ мен өзгені өзгертуге қауқарсыз екенмін ал өз дәптеріңде не болып жатыр өз мүсініңді шығара алдың ба бір керім ренессанстың мүсіншілерін айтқым келеді бірақ оларды білмеймін мен ақ депоның баласымын балшықты кешкен масаға таланып өскен құмырсқалардың үстіне еріген чупа чупстың пластигін төгіп геноцид жасаған баламын қазір адамдарға қарап ойлаймын дүкеннен шыға бергенімде сексен сантиметрлік есікке қарсы алдымнан бір жігіт қыстырлысып кіріп бара жатқанда немесе жағалауға шыға бергендегі бір бұрылыста сұр пятнашканың шөпірі темекінің қорабын лақтырғанда мен айтам асхат сен бұларға шындықты ашпай ақ қой қойлар еркіндікті аңсамайды қойлар қойларым болса екен дейді терезелері сынық үйлердің тұрғындары жапырақтың түсін сынайды менің үйімнің терезелері сор секілді тіпті дымда көрінбейді твиттердегілер тартысуды қоймайды кофе румдарда тіл жайында тіл қатады бәрі қазақ тілі жаназа мен тұсау кесерде ғана керек басқа жерлерде менше жай ғана ешкім жақтыртпайтын туыс секілденген бір түрі жараспай қалған мақұлық мақұл ұқтық бұны да бірақ дәстүр мен салттан тұз кеткен дәуірде тек соған соңғы құтқаратын круг сияқты жабысып алған жартылай өлілер жартылай тірілерді өздеріндей еткісі келеді
Show all...
1. Құндылықтар жайында ой қозғау: Мен үшін шынымен не маңызды екені жөнінде. Нені бағалаймын, қандай заттар керек, не керек еместігі жөнінде. Керек екендігіне өзім көз жеткіздім бе, әлде басқалары сендірді ме мені? 2. Кеңістігімді тазалау: Физикалық ортамды артық нәрселерден тазалау керекпін. Әр нәрсені алып қажет я қажет еместігін өзімнен сұрап, оның мақсаты қандай, ол нәрсе маған бақыт әкеле ме жоқ па ойлану. 3. Сатып алу әдетін жақсарту: Бір нәрсені сатып алмас бұрын, бір мезетке тоқтап ол нәрсе менің құндылықтарыма сәйкес пе, менің өмірімді шынымен жақсартып, оңайлата ма жоқ па, ойлану. 4. Міндеттерді азайту: Міндеттер мен әрекеттерді бағалап көр. Менің құндылықтарыма сәйкес келмейтін, сені шыңдамайтын ұсыныстар мен міндеттерге жоқ деп айта білу. Менің уақытым мен қуатым ең алдымен маған шыныменде маңызды нәрселерге жетуі керек. 5. Минималист естетикті қабылдау: Таза және артық нәрсе жоқ кеңістіктер қалыптастыр. Қарапайымдылық, ыңғай және тыныштық езімдеріне зейін қой. Таза кеңістік ойыңды да тазартады. 6. Дижитал кеңістікті таза ұстау: Дижитал кеңістікті, керексіз файлдарды, қолданбаларды жою, қажетсіз парақшалардан бас тарту арқылы қол жеткіз. Гажеттер қолдану уақытын қадағалап, лимиттерден аспа. Әлеуметік желілер үрейге (anxiety) себебкер, шын өмірден алыстатушы, және зейін қою қабілетін төмендетеді. 7. Қанағат пен ризашылыққа баулу: Қазір қолда бар нәрселерге мән беріп көр. Көбірек ризашылық білдір. Иеленген меншіктен емес, жақын-жорамен қарым қатынастан, бірге өткізген мезеттерден рақат ал. 8. Ақылмен тұтыну: Сатып алған кезде ол нәрсе қайта өңдеуге келе ме, жасауында этикаға қайшы дым болмады ма, ол нәрсе қайда өндірілгені жөнінде ойлану, жергілікті өнімді қолдауға тырысу. 9. Мінсіздіктен алыс бол: Мінсіз болуға тырыспа, кейде жолдан таямыз, кейде қолдан келмей жатады, бастысы сапарды жалғастыру, қол сілтеп жарты жолда қалмау. Жүріп өткен жолыңа қарап қой, өзіңе алғыс білдір. 10. Тәжірибе мен қарым-қатынасқа зейін қой: Өмірді ең бастысы біздің бастан кешкеніміз, мәнге толы байланыстар, адам ретінде жетілу, басқалардың амандығында, жансаулығына үлес қосу. Есте қаларлық мезеттер жасауға, қарым-қатынасты ұстап нығайтуға, адамдардың ашылуына жайлы орта қалыптастыруға үлес қос. Өлместен бұрын сол еске түседі, ал материалдық аспект тек қана құрал, мақсат емес.
Show all...
Show all...
jeltoksan. on TikTok

Наурыз айының бірнеше күнінен көркем көріністер Мен тик-токты аз-маздап жүргізуге бел будым, алғашқы постымды қолдап қойыңдар, көп рақмет. Өздеріңнің есте қаларлық, маңызды, өзіңізге жылы көгкем көріністеріңді осы дыбысты пайдаланып жүктеңіз. #korkemkorinister #jeltoksan #moments #dudeontheguitar #heymonro @Нұрбек

толық мәтіндер мен қатысқан адамдар осында
Show all...
Show all...
Müşel Jas by ​jeltoksan.

Get all the lyrics to songs on Müşel Jas and join the Genius community of music scholars to learn the meaning behind the lyrics.

достар, байқаған болсаңыз альбом алуан жанрлы болып шықты, өйткені осы әндерді жазу барысында тірі адам болғандықтан түрлі оқиғаларды бастан өткіздім, түрлі эмоция болды тағы да бір мақтан тұтатын нәрсе, альбом толықтай Ерсұлтан екеуміздің күшімізбен жасалды, әр секунды өз қолымызбен өңделді менше әр адам өзіне ең болмағанда 2-3 жақын ән табады jeltoksan. Müşel Jas 18.11.22
Show all...
02:14
Video unavailableShow in Telegram
02:15
Video unavailableShow in Telegram
Show all...
jeltoksan. — Müşel Jas

Выпущен новый релиз 18 ноября 2022 г.