cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

kozquanyshym🤍

Кері байланыс- @imanigulim Канал мақсаты: Қоғамға пайдамды тигізу үшін Мұнда кітаптардан келген оймақтай ойлар... 💔+ الله=❤️

Show more
Advertising posts
384
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Я, Алла! Бізге дүние-ақыретте бақытты, иман ләззатын сезінуді нәсіп ет! Өзіңнің сүйіктілерің мен жақындатылғандарыңның қатарынан ет! Фирдауста болатындардың қатарына жаз! Өзің разы болған күйде жанымызды ал!
Show all...
Азаншы азаншыны құрбандыққа шалмайды Бірде құрбандыққа қораз шалғысы келген Хазіреті Біләл (радыйаллаһу ‘әнһу) бұның дінде қалай болатынын Пайғамбарымыздан (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм) сұрай келеді. Бұған Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Азаншы азаншыны құрбан ете ме екен?» – деп әзілдесе отырып қойған сұрағына қораздың құрбандыққа шалынбайтынын жеткізген. Kazislam.kz
Show all...
Әзілдің түбі шындыққа байлануы тиіс. «Әзіл де болса өтірік сөйлегенге Жәннам отынан бір орын тиетініне кепілдік беремін», – деген де хадисі бар Алла Елшісінің (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм).  Біреуді кемлішілігіне қарап мазақ етіп, қор қылуға болмайды.  «Әзілдесуге рұқсат берілсе де шектен шықпауы тиіс», – дейді Ардақты Елшіміз (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм).  «…Әзілдеу арқылы адамдарды күлдіру кәсіп болып кетпеуі керек» Қарумен, отпен т.б. адам денсаулығына, өміріне қауіпті дүниелермен әзілдесуге тыйым салынады.  Пайғамбарымыз (саллаллаһу ‘әлейһи уәссәләм): «Бауырыңды ренжітетіндей әзілдеспе», – деген. әзілдесетін кезде осы шарттарды әр мұсылман жақсы білуі тиіс.
Show all...
Бірде қарт әйел келіп: «Мен де жұмақтағылардың қатарынан болғым келеді, дұға етіңізші» деп өтінгенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Жәннатта қарт кісілер болмайды» деп әзілдейді. 😂😂😂 Мұны тура мағынада түсінген әйел жылап кетіп қалады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол кісіге айтыңыздаршы, әйелдер қартайған түрінде емес, Алла оларды уыздай жас күйінде жұмаққа кіргізеді» деп түсіндіреді. (Тирмизи).Орнымен әрі жұмсақ айтылған әзіл – құлшылық. 🤍
Show all...
Алланың тәрбиесіне кіру дегеніміз не? (Сира 5 дәрісінен үзінді) 🌸 Ұстаз Ерлан Ақатаев @kuran_tapsir_sira
Show all...
Кімді сүйсең де, Алла үшін сүй! 🌸 Ұстаз Ерлан Ақатаев @kuran_tapsir
Show all...
ӘЛЕМДЕРДІҢ РАББЫСЫ ҚҰЛДАРЫНА былай дейді: ⠀ «...Әй, құлдарым! Менің тура жолға салғандарымнан басқа бәрің де адасушысыңдар. Сондықтан Менен тура жол сұраңдар, туралыққа саламын. Әй, құлдарым! Менің тамақтандырғандарымнан басқа барлығың да ашсыңдар. Сондықтан Менен тамақ сұраңдар, тамақтандырамын. Әй, құлдарым! Менің киіндіргендерімнен басқа барлығың да жалаңашсыңдар. Менен киім сұраңдар, киіндіремін. Әй, құлдарым! Сендер күні-түні қателесесіңдер, ал Мен барлық күнәларды кешіремін. Сондықтан да Менен кешірім тілеңдер, сендерді кешіремін...» (Муслим) @kuran_tapsir
Show all...