en
Feedback
الفقه الأكبر | Tauhid

الفقه الأكبر | Tauhid

Open in Telegram

#АхлуСунна ақидасы Tauhid - Алланы бірлеу. Ақыл иелеріне арналған топ! Ақида ілімін үйренуші студенттің парақшасы

Show more
369
Subscribers
No data24 hours
-17 days
+130 days
Posts Archive
Бұл жазылғандар барлығына белгілі мәліметтер. Бірақ топта бұны да білмейтін кісілер болуы да мүмкін. Бір жағы қайталау болсын!

ПАЙҒАМБАР (пар. пайғамбар پيغمبر) – Алланың әмірін жеткізіп, дін үйрету үшін жіберген елшісі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед صلى الله عليه وسلم бүкіл әлемге жіберілген елші. Яғни адамдарға да, жындарға да жіберілген елші. Оған дейінгі барлық пайғамбарлар мен елшілер тек белгілі бір қауымға ғана жіберілген. Пайғамбарымыз Мұхаммед صلى الله عليه وسلم пайғамбарлар мен елшілердің соңғысы(мөрі). Одан кейін пайғамбарлық та, елшілік те жоқ. @al_nasafi

https://t.me/galymdardastarhany?livestream=605d467378e8557462 Осы сілтемеге кіріп сұрақ өоя аласыздар

Repost from Daniyar Tulen
Тасауффқа, ақидаға қатысты көкейде жүрген сұрақтарға жауап беру үшін тікелей байланыс жүргіземін, керек пе?

Біздің сенімімізде шексіз күш-құдірет иесі - Алла Тағала. Барлығын жаратушы, барлығын басқарушы, барлығы соның ғана қалауымен болады. Яғни, біздің сенімімізде "жақсылық Құдайы" және "жамандық Құдайы" деген немесе бір жақта Құдай, екінші жақта оған қарсылас Шайтан(Сатана) бар деген түсінік жоқ. Шайтанның өзі сол Құдайдың рұқсатымен ғана тірі жүр. Рұқсатымен ғана тыныс ала алады. @al_nasafi

Алла Тағала әр адамның ажал уақытын белгілеп қойған. Әркімге өлшеулі ғана ғұмыр берілген. Ол бір сәтке де кешікпейді, ерте де келмейді. Сол үшін өлтірілген адам да өз ажалымен өлген болып саналады. Өлтірген адам соған себепкер болғаны үшін жазаланады. "Ажалынан үш күн бұрын өлді", "оны өлтірмегенде ұзақ өмір сүрер еді" деген сияқты және "егер.." деп басталатын сөздер дұрыс емес. Алланың тағдырына иман келтірген адам бұндай сөздерді айтпауы керек. @al_nasafi #ажал #өлім

Алла Тағала ризық беру үшін ризықтар сақталатын қоймаға мұқтаж емес. Ол жоқтан бар етуші. Біреуге ризық берілгенін қаласа болды, сол ризық жоқтан бар болады.

قال العلماء: أن أصل الشرك في بني آدم هو تشبيه Ғалымдар айтқан: Адамзат баласының ширкке түсінуінің негізгі себебі - ұқсату! Яғни Құдайды жаратылысқа ұқсату. Екеуіне ортақ сипат беру.

Repost from N/a
تاريخ المتكلمي أهل السنة والجماعة

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған сол кісілердің еңбектерін оқу, есту арқылы мұсылмандар ғасырлар бойы сенімдегі күмәндарына жауап алумен, өз дініне деген иманы яқин деңгейіне жетумен келеді. Енді бұл нығмет емей не енді???

Имам Матуриди мен имам Әшғариді шынайы таныған, еңбектерімен танысқан адам олардың ұлы тұлғалар екен сөзсіз мойындайды. Ал имам Насафи, имам Рази сияқты және басқа да ғалымдардың еңбегімен танысып, олардың өте зейінді, білімдері өте терең болғанын түсінгенде Аллаға мақтау-мадақ айтасың. Себебі олардың өздері де, еңбектері де Алланың бізге берген үлкен нығметі. Тауларға, ғарышқа қарап соларды жаратқан Раббыңның ұлылығын түсінгендей, осындай ұлы ғалымдардың өзі сол екі имамды өздеріне ұстаз, шейх етіп санағанын көргенде олардың дәрежесінің қандай жоғары екенін ұғасың. Алла Тағала біздерді сол кісілермен және сол кісілер ергендермен бірге болуды жазсын! رضي الله عنهم جميعا

Болашақта осы қағиданы растайтын дәлелдерді шығаратын боламыз.

Расында ақыл мен нақылдың* арасында қарама қайшылық жоқ. Ақыл нақылды, нақыл ақылды жоққа шығармайды. *Нақыл деп құран мен хадисті айтады

Ақида(сенім) мәселелерінде ақылды қолдануға болмайды дейтін адамның ақылы төмен(әлсіз). Шейх Саид Фуда (حفظه الله)

Осыны жақсы түсінген адам ешқашан Құдайға мекен не ағза бермейді. Жалпы жаралғандарға қатысты сипаттарды Жаратқанға телімейді.

Түсінуге қиын болмасын деп бастапқыда жеңіл түрде жазуға тырысып жатырмын. Болашақта тереңінен жазатын боламын. Ақида, кәләм оқып қойғандар сабыр ете тұрыңыздар.

Бұны Алланың - әл-Мухалафату лилхауадис сипаты дейді. Бұл жайлы Алла Тағала Құранда былай дейді: { فَاطِرُ ٱلسَّمَـٰوَ ٰ⁠تِ وَٱلۡأَرۡضِۚ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَ ٰ⁠جࣰا وَمِنَ ٱلۡأَنۡعَـٰمِ أَزۡوَ ٰ⁠جࣰا یَذۡرَؤُكُمۡ فِیهِۚ لَیۡسَ كَمِثۡلِهِۦ شَیۡءࣱۖ وَهُوَ ٱلسَّمِیعُ ٱلۡبَصِیرُ } [سُورَةُ الشُّورَىٰ: ١١] Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жұптар жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші.

Құдай ешнәрсеге ұқсамайды, оған да ешнәрсе ұқсамайды! Себебі әлемдегі заттардың бәрі - ЖАРАЛҒАН. Барлығының мекені, заманы, заты, сипаты, өлшемі, кеңістіктен алатын орны, ұзындығы, ені, биіктігі бар. Бұның барлығын Құдай жаратты, бұлар жаралмай тұрып Құдай бар еді. Енді Құдайды осы жаралғанға ұқсатуда Құдай мен әлемнің арасында ортақ нәрсе бар екенін бекітеміз. Ал одан екі мәселе шығады: 1. Құдайда жаратылғанмен ортақ нәрсе бар. Ол мекен, уақыт, сипат не өлшем болуы мүмкін. Қайбірі болса да жаралған. Демек Құдай жаралған болып қалады. Бұл мүмкін емес. Себебі жаралғанды жаратқан Құдай. 2. Жаралғанда Құдаймен ортақ нәрсе бар. Ол не нәрсе болса да Құдай сияқты - БАСТАУСЫЗ. Бастаусыз нәрсе - ЖАРАЛМАҒАН. Ал Әлем - Жаралған. Демек Құдай мен әлемнің арасында ортақ сипат та, өлшем де, жалпылай да жалқылай да ұқсастық жоқ. Абсольютті түрде ұқсастық жоқ.

Өткен посттарда Құдайдың бар екенін, болу керектігін, әлемнің өздігінен пайда болмайтындығын жазып өттік. Енді осыдан шығатын түйін: Құдайдың бар болуы - уәжіп(міндет). (Арабшасы واجب الوجود) Міндет дегенді Құдайға басқаның бір нәрсені міндеттеуі деп түсінбейміз. Мына әлемге қарасақ бұл әлем өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Демек осы әлемді жаратқан біреудің болуы міндетті. Болмауы мүмкін емес. Міне, міндет деген осы мағынада. @al_nasafi