en
Feedback
MMMarketing

MMMarketing

Open in Telegram

Бизнес және маркетинг жайлы қазақша блог✅

Show more
Kazakhstan4 950The category is not specified
1 901
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Ортаның рөлін қаншалықты маңызды екенін дәлелдейтін видео😍 Сіздің үлкен жетістіктерге жетуіңізге ең қажетті нәрсе қасыңызда қолдау көрсетуге дайын адамдардың болуы. Егер ондай орта болатын болса Сізге кез келген қиындық жеңіл болып көрінеді. Мықты орта табыңыз немесе қалыптастырыңыз👍

МИЛЛИОНДАРДЫ ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ? ⠀ Мынау суреттегі көріп тұрған схема маған миллиондар әкелген схема ғой, түсінген адамға да әкеледі. Дұрыстап тұрып қараңызшы😍 Содан кейін сізге “Миллион табу” деген қол жетпес арман болып көрінбейді. Дәл осы фотодағыдай есептеп көріңізші, миллион ол сіз ойлағандай қиын емес екенін көруге болады. ⠀ Қалай, біраз жеңілдеп қалдыңыз ба?😁 ⠀ Сол үшін, достар, ойдан таяқ жемейік. Мұндай табыс табатын мүмкіндік бәрімізде бар. ⠀ Бұлай миллионды инфобизнесте тіпті жеңіл табуға болады. Сенбейсіз бе? ⠀ Ендеше мен сізге осы схема арқылы қалай миллиондар тауып жүргенімді өзімнің 2 сағаттық Онлайн VIP коучинг-та дәлелдеймін. Айтпақшы, бұл VIP коучингке тек 10 адамды ғана қабылдаймын достар. ⠀ Карантинде 1 ай бойы жатып әлі миллион табудың жолын таппадыңыз. Ал мен сізге оны бар болғаны 2 сағат ішінде көрсетіп беремін. Оған қоса миллион табудың рет-ретімен қадамдары жазылған чек-листті сыйға бермекшімін. Ақпарат менен, әрекет сізден. ⠀ Коучингте не болатыны, бағасы жайлы толық ақпарат алу мына Whatsapp нөмірге “Мен Онлайн VIP коучингке жеңілдікпен қатысамын” деп Арслан мырзаға жазыңыз: +7 707 999 9467👍

photo content
+4

Клиент не үшін ақша төлеуге дайын және өнімді ұсынудың 3 жолы жайлы пост шықты блогқа, міндетті түрде оқып өзіңізге пайдалы ақпарат алыңыз👍 https://infomake.kz/blog/tpost/8l5fp6h05j-klient-ne-shn-asha-tleuge-daiin

Онлайн білім саласында қалай бизнес жасауға болады деген азаматтарға нақты қадамдар ұсынылған видео түсіріп, Youtube-ке салып қойдым, көріп шығыңыз👍👇 https://youtu.be/fCPnowS_oF4

Өткенде Бақытбай мырзаның қалай миллион тапқан кейсі инстаграмда біраз адамдарды инфобизнес саласына қызықтырып тастады, енді сол видеоны Ютуб желісіне салдық, көрмегендеріңіз болса, міндетті түрде көріңіз😍👍 https://youtu.be/Nggmz2K3qxA

Армысыздар инфобизнесмендер, АҚШ-тан алған білімді Шонбай онлайнда практика жүзінде пайдаланамыз деп телеграмға пост жазбай кеттім🙏 Енді контент көп болады, алғашқы видеоны қарсы алыңыздар😍 https://youtu.be/4MH5hhGLuF8

Tony Robbins сахнаға қалай шығады, көріңіздер😍

Кәсіпкер не үшін инфобизнеспен айналысуы керек? ⠀ Мықты кәсіпкерлер бар. Бизнесі жақсы табыс әкеліп тұр. Қалай ойлайсыздар, оған инфобизнеспен айналысу қаншалықты қажет? Жалпы қажет пе? Бизнесі бар кәсіпкерге инфобизнеспен айналысу мынадай артықшылықтар береді: ⠀ 1. Инфобизнес - жеке брендті дамытуға, сол арқылы фанаттар базасын үлкейтуге таптырмас құрал. Сізді неғұрлым көп адам көрсе, тыңдаса, соғұрлым сіздің өніміңіз де танымал бола бастайды. Мысалы, Алматыда аэровокзалда қаншама жігіттер сотка сатады, жөндейді. Кімнен аларыңды білмей қаласың. Егер біреу Youtube-тан канал ашып, сол жерде жаңадан шыққан телефондарға қазақ тілінде обзор жасап және телефонға қатысты лайфхактар туралы айтып отырса, ол адамға маман ретінде қарап, сене бастайсың. Телефон алатын кезде бірден сол кісі есіңе түседі. Маркетингте "7 рет көріну" деген ереже бар. Яғни, өзіңді бір саланың маманы ретінде кемінде 7 рет көрсетсең (пост, видеоларың арқылы) жұрт сені солай қабылдайтын болады. ⠀ 2. Инфобизнес - халықтың ыстық ықыласына бөлейтін бизнес. Инфобизнесте алғыс сөздерін көп естисің. Қуаныш мырза бірде айтып еді "Мәке, қанша бизнеспен айналыстым, бірақ дәл осы Shonbay Online-дағыдай халықтың ризашылығына бөленбедім" деп. Ақша таратқан сайын азайса, білім, керісінше, бөліскен сайын көбейеді. Елдің батасы деген керемет нәрсе ғой. Ісіңе береке кіреді. Жасап жүрген басқа кәсіптерің де табысты бола бастайды. 3. Инфобизнес арқылы бәсеке алаңын қалыптастыруға болады. Ал бәсеке бар жерде өсу бар. Сол сала дами бастайды. Мысалы, біз кезінде "Руми"-де жүргенде "Ресторан как стартап" деген курс жасадық. Бізден тәлім алған қыз-жігіттер өз ресторанын ашып, кәсібін дөңгелете бастады. Біз одан ұтылмадық. Керісінше, ресторан саласы дамыса, клиенттер көбейеді дедік. Сосын өзгелермен сол клиенттерге сапалы қызмет ұсынып, дұрыс бәсекеге түсесің. Мысалы, сіз тоқыма бизнесінде жүрсіз дейік. Тоқыма тігіп, оны тұрақты клиенттеріңізге сатасыз. Бірақ сұраныс аз сияқты. Сөйтіп сіз тоқыма тігу курсын ашасыз да, шәкірттеріңізге бұл істің қыр-сырын үйретесіз. Шәкірттеріңіз өз клиентін табады. Осылайша тоқымаға деген қызығушылық артып, нарық кеңейе түседі. Тоқыма бизнесінде тәжірибесі бар сіз үшін бұл үлкен мүмкіндік. Инфобизнесі бар кәсіпкер жай кәсіпкерден үнемі алда жүреді.

Сіз кім болғыңыз келеді?
Anonymous voting

photo content

Эксперт vs продюсер Инфобизнесті эксперт немесе продюсер ретінде жасауға болады. Бүгін екеуінің айырмашылығы жайлы айтқым кеп тұр. Эксперт - белгілі бір салада жинаған білімі мен тәжірибесі бар адам. Ол - өз ісінің маманы. Басқалармен бөлісетін дүниесі мол. Мен жиі айтамын "қазір білім универде емес, жеке адамдардың, дәлірек, эксперттердің қолында" деп. Себебі олар алған білімін өмірде қолданып, сынап көрген. Қателесіп, содан сабақ алған. Сізге жетістікке жететін ең қысқа жолды көрсетіп бере алады. Сол үшін эксперттерге айтарым: "Инфобизнеске келіңіздер, білімді таратыңыздар". Бір қызығы, өз салаңда эксперт болып, кітап оқып, тренингтерге қатысып, өзіңді қанша дамытсаң да, түбі бір потолокқа тірелесің. Ары қарай даму мүмкін еместей көрінеді. Сол кезде білгеніңді өзгелермен бөліссең ғана дамисың. Ал бір салада эксперт болмасаңыз ше? Онда продюсер бола аласыз. Продюсер - эксперттерді танытып, олардың білімін сататын адам. Мысалы, мен өзімді продюсер ретінде көремін. Санап қарасам, осы күнге дейін мен продюсерлік еткен қазақ инфобизнесмендерінің жалпы табысы 543 млн теңгеге жетіпті. Продюсердің эксперттен басты айырмашылығы инфо өнімін қымбат бағаға сата білуінде. Мұның себебін айтайын. Эксперт өз саласын жақсы біледі. "Адам көп білген сайын білмегені арта береді" дейді ғой. Эксперттің сол үшін күмәні көп болады. "Білімім жеткілікті ме?", "Бағасы тым қымбат емес пе?" дегендей сұрақтар туады. Ал продюсер ол сала жайлы аз біледі және сырт көз ретінде эксперттің білімін жоғары бағалайды. Сәйкесінше, оны қымбатқа сата алады. Эксперт ретінде де, продюсер ретінде да табысты инфобизнесмен бола аласыз. Екі рөлді қатар алып жүруіңіз де әбден мүмкін. Инфобизнес осындай шексіз мүмкіндіктер сыйлайды ғой, достар!😍

Құрметті достар, қазір “Инфобизнес жайлы кітап жазып жатырмын, сол кітаптың сыртқы дизайнын “Abay Omar design” компаниясына тапсырыс бердім, сіздің ойыңызша қайсы нұсқасы дұрыс, таңдауға көмектесіп жіберіңізші🙏

Сізге кітаптың қай нұсқасы ұнап тұр?
Anonymous voting

Инфобизнесте саланы қалай таңдау керек? Инфобизнестің негізгі 4 кезеңі бар. Олар: 1. Сала таңдау 2. Өнім дайындау 3. Жарнама жасау 4. Қызмет көрсету Бүгін алғашқы кезең - сала таңдау тақырыбына тоқталсам деп тұрмын. Сіз бір салада эксперт болсаңыз, яғни сол салада жинаған білім мен тәжірибеңіз болса, онда бірден екінші кезеңге өте аласыз. Сала таңдау мәселесі сізді әзірге алаңдатпайды. Бірақ бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Бәлкім бұл біреу үшін қуанышты жаңалық болар, инфобизнесте кез келген сала уақыт өте келе өзектілігін жоғалта бастайды. Әр саланың өсу, шарықтау шегіне жету және құлдырау кезеңі болады. Инфобизнесмен бизнесі құлдырау кезеңіне жетпей, жаңа салаға ауысып үлгеруі керек. Мысалы, кеше ғана үлкен сұранысқа ие болған SMM-ге үйрететін курс, марафондар бүгінде көп табыс әкелмейді. Копирайтинг, видеография сияқты жаңа салаларға деген сұраныс пайда болды. Сол салаларға қарай өту керек. Қазір эксперт болсаңыз да, инфобизнеспен айналысуды ойлап жүрсеңіз де, сізге сала таңдау кезеңінен өтуге тура келеді. Ал енді саланы қалай таңдау керек? Екі түрлі стратегия ұсынамын. 1. Ричард Брэнсон деген кәсіпкерді білесіздер ғой? Сол кісі былай істейді екен. Өзі үшін жаңа бір іспен айналысып көреді. Сол саладағы проблемаларды байқайды. Сосын "бұл проблема көп адамда бар ма?" деп өзінен сұрайды. Егер "иә" десе, онда сол саланы таңдап, бизнес ашады. Сондықтан болар, Брэнсон қандай бизнеспен айналысса да, үнемі жетістікке жетіп отырады. Сіз, мысалы, шаңғы теуіп үйренгіңіз келді дейік. Курс іздейсіз. Сіз тұратын қалада ондай курс жоқ екен. Сұрастыра келе, өзіңіз сияқты шаңғы теуіп үйренгісі кеп жүрген адамдардың көп екенін байқайсыз. Бұл - белгі. Шаңғы жақсы тебетін маманға продюсерлік етіп, өз қалаңызда шаңғы тебу курсын ұйымдастырсаңыз, бұл өте табысты бизнес болуы мүмкін. 2. Өз артықшылықтарыңызға мән беріңіз. Мысалы, Қуаныш мырза сату бойынша маман. Бұл қабілеті оны бизнесте табысты етті. Бірақ бұл мұндай қабілеті жоқ адам бизнесте жетістікке жете алмайды дегенді білдірмейді. Сырымбек Тау деген кәсіпкер ағамыз бар. Ол кісі есепке, аналитикаға жүйрік. Сол қабілеті арқылы бүгінде кәсібін дөңгелетіп жүр. Айтайын дегенім, сіздің де мықты қабілеттеріңіз бар. Соны табу керек, көре білу керек. Сөйтіп соны сала ретінде таңдап, инфобизнес бастасаңыз болады. Мысалы, Қыран Талапбек деген бауырымыз - талантты видеограф. Оның артықшылығы үлкен талғаммен жоғары сапалы видео түсіре алуында. Соны ескеріп, өзгелерге де видео түсіруді үйрету үшін ол "Мобилография" деген онлайн-курс жасады. Қазір қазақ тілді нарықта инфобизнес үшін саланы шертіп жүріп таңдауға болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар, инфобизнесмендер!)