en
Feedback
MMMarketing

MMMarketing

Open in Telegram

Бизнес және маркетинг жайлы қазақша блог✅

Show more
Kazakhstan4 950The category is not specified
1 901
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Достар, “Инфобизнес арқылы алғашқы миллион тап” кітабының аудио нұсқасын тегін тыңдай аласыздар👍 Жоғарыдағы видео көріңіздер🙋‍♂️

Бүгін 19.00, Ютуб каналымызда тікелей эфирде “Бізден сізге” тәжірибе алмасу бағдарламасы болады. Қонаққа 16 млн тауып рекорд жасаған студентіміз Эльдар мырза және кәсіпкер ретінде Дархан Шонбай мырза келеді, өткізіп алмаңыздар, кешке тікелей эфирде кездескенше🙋‍♂️ https://youtu.be/A-KXd0RzACw

photo content

Әр сәрсенбі сайын өтетін “Бізден сізге” бағдарламасының өткен аптадағы записі ютубқа шықты😍 Тамашалаңыздар, өздеріңізге пайдалы инсайттар алыңыздар👍 Мына сілтеме арқылы өтіңіз: https://youtu.be/MaaQlleaMrY

Видеоны сұрағандар осы жерден жүктеп алсаңыздар болады👍

“Микро білім алу” саласы хит болып жатыр, сізде осыны пайдаланыңыз

Deloitte компаниясының айтуынша, кез келген компания қызметкері апта сайын өзінің 1% уақытын білім алуға жұмсауы керек екен. Сол арқылы мамандар өз саласындағы жаңа құралдарды меңгеріп, тәжірибе жинайды. Былайынша қарасақ, 1% дегеніміз түк емес қой. Бір аптаның ішінде 24 минут уақытыңызды білім алуға арнасаңыз болғаны немесе сол аптаның әр 5 күнінде 4,8 минутты курс қарауға, кітап оқуға жұмсасаңыз болды. Әрине күн сайын 4,8 минутты бетпе-бет кездесіп, сабақ алуға жұмсаған ыңғайсыз ғой. Бірақ электронды оқытуға көшкен компаниялар қазір “микро оқыту” деген әдісті қолданады. Яғни адамдардың уақыты тығыз болғандықтан, оларға күн сайын аз-аздан ақпарат беріп отырады.

Стив Джобстың көлігінде ешқашан нөмір болмаған. Не үшін? Әрине, бұл барлығымыз үшін қызық сұрақ. Тіпті көбіміз ол өзінің аты мен ақшасына сеніп осылай істеді деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ шын мәнінде тіптен олай емес екен. Қысқасы Стив Калифорния штатының көлік туралы заңынан бір қателік тауып алады. Бір жағынан бұны қателік деуге де келмейді. Жай ғана Стив Джобс “заңды дұрыс қолдана білді” десек болады. Яғни заңда жаңадан алынған көлікке нөмір сатып алып, тағуға 6 ай уақыт беріледі екен. Ал Стив жай ғана көлік алатын компаниямен дәл қазір өзі алған Mercedes SL55 AMG әр 6 ай сайын жаңасына ауыстырып отырамын деп келісіпті. Сол арқылы Стив Джобс әр 6 ай сайын жаңа көлік алып отырған екен. Және осының арқасында оның көлігінде ешқашан нөмір болмаған. Егер ақпарат ұнаса, телеграм каналыма жазылып алыңыз. Алдағы уақытта бұдан да қызық әрі пайдалы ақпарат салып отырамын.

photo content

Бір армандап көрейік: Сізге қанша ақша жетер еді?🤔
Anonymous voting

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безостың байлығы қанша екенін білесіз бе? Төмендегі сілтемеге өтіп, оңға қарай жылжыта беріңіз, сары түсті колонка толығымен оның қаншалықты бай екенін көрсетеді😱 Сіздерге де соның бір пайызы бұйырсын🙏 https://mkorostoff.github.io/1-pixel-wealth/

photo content

photo content
+1

Жуырда😍😍😍

СӘУІР АЙЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗДІМ? ⠀ Достар, енді мен үндемей өзім оқып, дами бермей, сіздерге де не оқып, не көріп жатқанымды және жұмыс барысында қандай қиыншылықтарға тап болып, қандай сабақ алғанымды жазып отырмақшымын. Жай ғана онлайн күнделік ретінде #Мәкеңніңкүнделігі деген хештег бойынша жүргізсем деген ой бар. Сіздерді қолдайды деп ойлаймын. ⠀ Басты мақсат - сіздермен оқыған, көрген-білген пайдалы ақпараттарымды бөлісіп отыру. ⠀ 🔵 Жұмыс бойынша: Сәуір айы Shonbay online (ShOU) платформасындағы проблемарды шешумен басталды, адамдардың көптеп кіруінен видео сабақтар ашылмай, қосымшаға тіркелу барысында қиындықтар туындады, соның салдарынан біраз клиенттерден жағымсыз пікірлер алып қалдық😔 Үш күн бойы клиенттерімізден көптеген хаттар келіп түсті, неше түрлі сөздер айтылды, әйтеуір әрең дегенде мамандармен күн-түн демей шешімін тапқандай болдық. ⠀ 📌Нәтижесінде: ⠀ ✅ IT бөлімге команда жасақталды, жаңа разработчиктер алынды, енді видео сабақтарды көруге ештеңе кедергі болмауы керек; ⠀ ✅ Сервис бөлімінің жұмысын жақсарту үшін нақты бір Whatsapp нөмір және қосымшадағы “Көмек” батырмасынан түскен хаттарға жылдам жауап беретін болдық; ⠀ ✅ Карантин аяқталысымен тағы жаңа курстар қосылады: ең бірінші болып “Интернет маркетолог” курсын береміз; ⠀ 🔵 Жеке даму бойынша: Карантинде біраздан бері аяқтай алмай жүрген курстарымды, кітаптарымды оқуға мүмкіндік туды, мықты фильмдер мен сериалдар көріп тастадым😍 ⠀ 👇Міне тізімі: ⠀ ✅ Clickfunnels компаниясының “Funnelology” онлайн сабақтарын өттім автоворонка бойынша; ⠀ ✅ Roistat компаниясының басшысы Герман Гавриловтың “Система против бардака” онлайн курсын өттім; ⠀ ✅ Congru.me жобасының “Управление эмоциями” онлайн бағдарламасын аяқтадым, қатты көмектесті👍 кеңес беремін; ⠀ ✅ Атақты футбол тренері Алекс Фергюсоннның “Leading” атты биографиясын оқып шықтым, футбол сүйер қауымға, менеджментті жақсы көретіндерге кеңес беремін👍; ⠀ ✅ Жеке коучинг жүргізу саласы бойынша бірнеше курстарға жазылып, әлі аяқтамадым🤦‍♂️; ⠀ ✅ “Мир дикого запада” деген сериал қатты әсер етті, 3 маусымын бір деммен аяқтап тастадым; ⠀ ✅ Біраздан бері көре алмай жүрген “Силиконовая долина” сериалының 3 маусымына келдім, IT саласына қызығатындарға ұнайды, приколдары масқара😄; ⠀ ✅ IT саласы демекші, вДудь ютуб каналынан міндетті түрде “Как устроена IT-столица мира” деген деректі фильмін көріңіздер😍👍 ⠀ 🔵 АҚШ-та тренингте жүргенде, осыдан елге барған соң міндетті түрде “контент маркетингті” қолға аламын деп өзіме уәде берген болатынмын. ⠀ Келе сала жаңа команда жинап, Youtube, Instagram, Google осы үш каналда тұрақты түрде контент шығаруға кірісіп кеттім. Карантинге байланысты Ютубқа видео түсіру қиындап қалды, бірақ қалған екеуі жоспар бойынша жүргізілуде: ⠀ ✅ “Infomake” жеке блогымды іске қостық, онда инфобизнес, маркетинг, бизннс упаковка және т.б. өзіме қызық тақырыптарда тегін ақпараттармен бөлісіп отырамын, www.infomake.kz сайтына кіріп көрсеңіз болады👍 ⠀ ✅ Инфобизнесті қалай бастаймын дегендерге электронды кітапша шығардым “Инфобизнес арқылы алғашқы миллионыңды тап” деген, бағасы 1990 тг😍 Қазірдің өзінде біраз оқыған адамдар нәтижелерімен бөлісіп қуантып жүр👍 ⠀ Сәуір айында жасаған істерімнің есіме түскендері осы болды, Алла қаласа мамыр айына да жоспарларым үлкен, істейтін жұмыс көп, Алла берекесін берсін🤲 ⠀ Ал сіз осы айда қандай 3 маңызды шаруа бітірдіңіз?