en
Feedback
MMMarketing

MMMarketing

Open in Telegram

Бизнес және маркетинг жайлы қазақша блог✅

Show more
Kazakhstan4 950The category is not specified
1 901
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
📌Келесі кезекте ол - өнімге бренд болатын атау беру. Кез-келген мықты өнімде өзінің әдемі атауы болуы керек. Өнімнің атауын латын әріпімен жасауға тырысыңыз. Өнімнің атауын латын әріпімен жазу - клиенттің сатып алу ықтималдылығын 10-15% ға арттырады екен. 📌Өнімге сервис қосу керек. Сапалы өнім жасауда көбісі сервиске көңіл бөле бермейді. Клиенттеріңіз өніміңізді басқаларға ұсынғанын қаласаңыз, оларды ерекше сервиспен таңғалдырыңыз. Мысалы: өнімнің жеткізілуін жылдамдатыңыз, сапалы консультация беріңіз және т.б. Достар, егер өнім мықты болатын болса, кез-келген өнім жақсы табыс әкеледі, кез-келген өнім өзін-өзі сата алады. Сондықтан кәсібіңіз көп ақша алып келсін десеңіз, бірінші орынға өнімді қойыңыз👍 Рақмет. Осы посттан не түйдіңіз? Төменге пікірлеріңізді жазып кетіңіздер⬇️

Өзін-өзі сататын өнімді қалай жасаймыз? Алдыңғы «Qurmet muslim gifts» жайлы посттан кейін маған көп келген сұрақтардың бірі «Өз нишамда табысымды қалай көбейтсем болады? Қандай өнім көп ақша алып келеді?» деген сұрақтар. Байқасам көбісінің ойында өнімнің сапасы, клиентке беретін пайдасы, өнімнің шешетін проблема емес тек қана көп ақша табу екен. Негізі бизнесте ақшадан бұрын ең бірінші нәрсе - ол өнім. Яғни, ақша алып келетін де өнім. Өнім болмаса бизнес жоқ. Кәсіпкердің басты міндеті өз өнімі арқылы клиенттің проблемасын шешу. Өнім мықты болып тұрса, клиенттер ақшасын өніміңізге айырбастауға үнемі дайын тұратын болады. Сондықтан, ақшаны ғана ойлай бермей, өнімнің мықтылығына, сапасына көңіл бөліп, өнімді үнемі жаңартып отыруды көбірек ойлаңызшы. 🔹Мысалы, самсахана ашып, уақыт өте келе самсаның ішіндегі етін азайта берсем көбірек ақша таба аламын деп ойлау - ол үлкен қателік. Оданда уақыт өте келе самсахананың ішін кеңейтіп, дизайнын жаңартып, самсаның дәмін жақсартып отырса, міне осы кезде өнім үлкен табыс әкеле бастайды. Біздегі кәсіпкерлердің ең үлкен қателігі: Өнімге мүлде көңіл бөлмеу, өнімді жаңартып отырмау. 🔹Бізде Shonbay bussines school мектебінде осы жылы Интернет-маркетинг PRO деген атпен өнімді жаңарттық. Арнайы осы өнім үшін жаңа платформа жасап, методикасын өзгертіп, компанияға жаңадан мамандар алып, өнімге толығымен апгрейд жасап шықтық. Жаңа студенттерден бөлек, баяғы оқып кеткен студенттер білімін жаңарту үшін тағы да келіп оқып жатыр. 🔹Сол сияқты, біздің «Qurmet muslim gifts» бокстарынан бастапқыда түскен қаражаттың барлығы сол өнімге өзіне жұмсап жатырмын. Нәтижесінде бәсекелестерден қарағанда мықты ерекше дизайнмен әрленген клиенттердің сұранысына ие өнім пайда болды. Алдағы уақытта бұл өнім өзінің мықтылығы мен сапасының арқасында бізге үлкен табыс алып келетін болады🙏 ▫️Бизнес бастап жатқанда немесе компанияның жаңа өнімін нарыққа жаңадан шығарып жатқанда, ең алдымен критический массаға жетіп алу керек екенін түсіндім. Критический масса дегеніміз - компания қосымша инвестициясыз өзін-өзі қамтамасыз ете алатын минималды тұтынушылар саны. Яғни тұтынушылар санын белгілі бір мөлшерге жеткізу керек. Егер өнім шынымен сапалы болып жатса, халық бір-біріне ұсынып ары қарай міндетті түрде өзін-өзі алып кетеді. Критический массаға жету үшін бастапқы кезеңде ең негізгі құрал, ол - маркетинг, сондықтан да маркетингті жақсы меңгеріп, алғашқы критический массаға жеткенге дейін жарнаманың күшімен өнімді көп адамға таныстыру керек. 🔹Мысалы, біз «Екінші болма» кітабын сатқанда, алғашқы 5000 адамға дейін ең қиын кезең болды. Ары қарай 5000 адамнан кейін ғана халықтың арасында кең таралып, халық өзі бір-біріне ұсына бастады. Сол кезде біздің кітаптың критический массасы 5000 адам екенін түсіндік. Жалпы осы күнге дейін бұл кітаптың 150.000-ға жуық данасы сатылды. ▫️Сол сияқты «Мәдени» дәмханасын ашқанда, орналасқан жеріне қарай алғашқы критический масса 1500 адам екенін түсініп, алғашқы 1500 адам үшін қатты жұмыс жасадық. Ол жерде де алғашқы 1500 адамнан кейін тұрақты клиенттер пайда болып, дәмхана өзін-өзі сата бастады. Сондықтан өз өніміңізді нарыққа шығарарда өз критический массаңызды анықтап алыңыз. Ал енді клиенттер бір-біріне ұсынатындай өнім қандай болуы керек? 📌Ең алдымен ол өнім клиенттердің үмітінен асып түсуге тырысуы керек, себебі кез келген тұтынушы бір затты аларда оған деген ожиданиесі болады, егер өнім содан асып түсе алса, ол клиент міндетті түрде риза болады және басқаларға қуана ұсынады, яғни өзі сіздің сатушыңызға айналады. Ол үшін клиенттің проблемасы мен қажеттілігін дұрыс анықтау қажет. Жоғарыда айтқанымдай кәсіпкердің басты міндеті өз өнімі арқылы клиенттің ойлағанынан асып түсу. 📌Упаковкасы әдемі болуы керек. Қазір нарықта өнім өте көп, клиенттер ең бірінші өнімнің сыртқы бейнесіне қарайды. Байқасаңыз, дүкен сөресінен ең алдымен әдемі упаковкаға мән беріп, сосын барып өнімнің өзіне қараймыз.

photo content
+8

Бір айда бір бизнес ашу мүмкін бе? Осы уақытқа дейін менен «Мәке, бизнес бастауға қорқамын? Негізі бастау қиын ба? Қазақтанда қандай бизнеспен айналысқан дұрыс?» деген сияқты сұрақтарды көп қойып келдіңіздер. Міне, осыған орай «Бір айда бір бизнес» жобасын бастап отырмын. Әр айда бір бизнеске запуск жасап, айына 1-3 млн теңгеге дейін табуға болатын бизнес идеяларға тест жасап көрсететін боламын. Ал достар, сіздерден маған керегі тек қана қолдау. Ендеше дайын болсаңыздар, алғашқы бизнес жобаны қабыл алыңыздар!😍 Көбісі бизнес бастау барысында көп нәрсені қиындатып алғанының әсерінен бастаған ісін жарты жолдан тастап кетіп жатады. Статистикаға қарайтын болсақ, ашылған бизнестің 92% бірінші жылы–ақ жабылып қалады екен. Негізі барлығын дұрыс жасаса, бір ғана айдың ішінде бизнес бастап, табыс алып келеді ме әлде жоқ па білуге болады. Қараша айында өз парақшама салмай, бір нишаға тест жасап көрген болатынмын. Сол жайлы осы постта айтып беремін. Бір айдың ішінде қандай бизнес жасағанымыз жайлы, қандай этаптардан өткеніміз, ол бизнесті қанша табысқа шығарғанымыз жайлы сіздерге қадам-қадаммен айтып берейін: 📌Ең біріншіден кәсіп бастауға болатын ниша іздедік, ниша іздеудің көптеген жолдарын қарастырдық. Олардың ішінде атап өтетін болсам: ▫️Google trends, wordstat yandex сайттары арқылы 2021 жылы жоғары сұранысқа ие нишаларды қарап шықтық. ▫️Кәсіппен айналысып жүрген адамдардың жұмыстарына анализ жасап, сол арқылы көптеген ниша түрлерін қарастырдық. Нәтижесінде соның ішінен қазіргі уақытта трендтегі нишаның бірі мұсылмандық өнімдерге, оның ішінде мұсылмандық сыйлықтар боксына тоқталдық. Посттың толық нұсқасын төмендегі суреттерден оқи аласыз👇🏻

Неге біз қымбат сатуға қорқамыз?! Осыдан біршама уақыт бұрын шағын бизнес кәсіпкерлерімен жиналдық. Байқасам, көбінің көкейіндегі сұрақ “бағаны қалай қымбаттатсам болады, кіші чектерде ойланбай шабамын, ал үлкен чекке келгенде сата алмай қаламын” т.б. Соған орай осы тақырыпқа қатысты ойымды сіздермен де бөліссем деймін. Алдымен түсініп алайық, біз не үшін бағаны көтеруіміз керек?🤔 1992 ж. McKinsey компаниясының сарапшылары М. Марн мен Р. Л. Росиелло 2483 компанияға зерттеу жүргізгеннен кейін мынадай қорытындыға келді: бағаның 1% - ға көтерілуі ағымдағы пайданы 11,1% - ға арттырады екен. Яғни, математика ешқашан алдамайды, бағаны ең болмағанда 1% - ға көтерудің өзі табысыңызды біршама жоғарылатады. 🇺🇸Американдық танымал оқытушы, беделді маркетолог Тони Крэм өзінің «Классная цена» деген кітабында былай дейді: «Клиент тек өніміңізді ғана сатып алмайтынын түсінгенде бағаны қымбат қоя аласыз. Олар өнімнен бөлек эмоционалдық тұрғыда өнімнің басқа да маңызды қасиеттеріне қарайды». Мысалы, аяқ киім сататын болсаңыз, клиент тек аяқ киімді ғана емес, сіздің көрсеткен сервисіңізді, жасаған упаковкаңызды, жылдамдығыңызды қоса сатып алады. Ал енді не үшін бағаны көтеруге қорқатынымызға нақты тоқталайық. Негізі қымбат сатудан қорқуымыз көбіне психологияға келіп тіреледі. Яғни, бұл қорқыныштар: 🔻Клиенттің қымбат бағаға қандай реакция білдіретіні белгісіз 🔻Бағаны көтерсем клиенттер конкуренттерге кетіп қалмайды ма? 🔻Егер бағаны көтерсем клиенттер бұрыңғыдай менен жиі сатып алады ма? Бұл қорқыныштардың шығу себебі: 🔻Өнімге деген сенімнің болмауы 🔻Отказ алудан қорқу 🔻Өзіңді лайықты санамау 🔻Қазіргі табыстан айырылып қалудан қорқу 🔻Халықтың жағдайы жетпейдіғой деген установка Бұл проблемалардан арылмайынша өніміңізді қымбатқа сата алмайсыз. Басыңыздағы авариялардан арылып, өніміңізді қымбатқа сата алмайтын болсаңыз, түбінде бір орында тапталып, ақыры компанияңыздың құлдырауына алып келеді. Енді бұл проблемаларды не істейміз? Оларды қалай шешеміз? 🔹Ең алдымен сену. Өз өніміңе, қызмет болса эксперттілігіңізге сену. Сенімділік энергия арқылы клиентке тікелей беріледі. Құндылыққа өзіңіз сенсеңіз, клиент сізге де, өнімге де сенеді. Мысалы: бір психологтар бар 1 сағаттық қызметі 5000т тұрады, ал екінші психологтың 1 сағаттық қызметі 50 000т тұрады. Бұл психологтың бағасы біліміне қарай дейсіз бе?! Жоқ. Жәй ғана екінші психолог өзіне сенімді, әрі өзін қымбатқа сата алады. 🔹Әдемі упаковка. Apple компаниясының экс-дизайнері Джони Айв әрбір ұсақ-түйекке мән беріп, распаковканы максималды түрде жағымды етіп жасауы упаковкаға деген көз қарасты мүлдем жаңа қырынан ашты. Осылайша Apple өнімдерінің қымбат бағада сатылуына үлес қосты. 🔎Зерттеулерге сенсек, 18-25 жас аралығындағы адамдар упаковкасы жақсы өнімнің суретін әлеуметтік желіде 74% көбірек бөліседі. Сондай-ақ жалпы тұтынушылардың 40%-ға жуығы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі бір дизайны ерекше өнімнің фотосын салуға дайын екен. Сондықтан упаковка тек өніміңіздің құнын жоғарлатып қана қоймай, продвижение жасауға үлесін қосады. 🔹Қымбат өнім сату үшін өзіңіз де қымбат өнімдердің тұтынушысы болыңыз. Өзіңіз қымбат өнім тұтынушысы болып, стандартыңызды көтеріп, қымбат өнімнің арзан өнімнен айырмашылығы қандай болатынын түсінбейінше қымбатқа сата алмайсыз. 🔹Бағаны көтерудің тағы бір методикасы: Ескі клиенттерге ескі бағаны қалдырып, жаңа клиенттерге ақырындап бағаны көтере беріңіз. 🔹Өз аудиторияңызды зерттеп, олар не үшін қымбатқа сатып алмай жатқанын анықтап көріңіз. 🔹Өз өніміңіз жайлы мықты кейс, отзывтар жинаңыз. Клиенттердің өніміңізге риза болып жатқанын көріп, адамдар сапасы бағасына сай екенін түсіне бастайды. Одан бөлек, клиенттердің отзывтары, олардың ризашылықтары сіздің өніміңізге деген сенімділігіңізді арттырады. Жоғарыдағы проблемадан өзіңізді көре алдыңыз ба? Төменде пікір күтем⬇️

Армысыздар, достар!🙋‍♂️ YouTube каналымда "Мен сенің орнында болсам..." атты жаңа жобамның бастау алайын деп жатқанын жариялаймын.🤩 Жоба аясында біз оқырмандарымыздың кәсіптеріне, толыққанды маркетингіне ( упаковка, сайт, инстаграм және т.б.) разбор жасап, артықшылығын көрсетіп, кемшілігіне кеңесімізді беретін боламыз. 🙌🏻 Жасалған әр разборды, толығымен Youtube каналыма салып отырамын. Сол арқылы, кәсібіңізді де жарнамалауға мүмкіндігіңіз бар.😉 Жобамызға қатысқысы келетін жандарға төменге сілтеме тіркеп қоямын, анкетаны толтырып шықсаңыз болады. Ал біз болсақ, алғашқы қатысушымызды күтеміз.🙌🏻 Сәттілік!👋🏻 https://docs.google.com/forms/d/1e-GktfEXgRMOV2adjOHgXQUAsfVSXoJchUaJwsukUUU/edit?usp=sharing

Қайырлы күн достар, демалыс күндеріңіз сәтті өтсін🙏 Жалпы мына телеграм каналды дамыту біраз уақыттан бері ойымда жүр, егер ұсыныстарыңыз болса қуана-қуана қабыл аламын👍 Қандай тақырыптар жайлы жазғанымды қалайсыз? Комментке ойыңызбен бөлісіп кетіңіз👏

Қайырлы кеш, Достар! Өзімнің жеке YouTube каналымда "Инфобизнес арқылы алғашқы миллионыңды тап" аудиокітапшасы шықты. Ең алғашқылардың бірі болып, Телеграмдағы оқырмандарыма тыңдауға мүмкіндік болып тұр😍 Алған білімдеріңіз пайдалы болсын 🙌🏻 https://youtu.be/KjuThUNC0SQ

Қайырлы күн достар, YouTube каналымызда “Төртеу түгел болса бағдарламасының жаңа шығарылымы шықты😍 Қонақта елімізге танымал кәсіпкер Сырымбек Тау👍 Бұл жолғы шығарылым ерекше ұнады өзіме, Сырымбек мырза басынан өткізген біраз қиындықтарымен, қызықты тәжірибесімен бөлісті, бағдарлама соңында керемет сыйлықты жариялады🔥 Міндетті түрде көріңіз, өкінбейсіз✅: - орысша білмей, ешқандай таныссыз Қазақстанда қалай бизнес жасауға болады?; - шетелге шығу сені қалай дамытады?; - қалай 5 млн доллардан айырылып қалған қателігі жайлы және т.б. қызықты ақпараттар айттылды; Көрген болсаңыз өз пікіріңізбен бөлісе отырыңыз😍 Не ұнады? Ой бөлісейік👍 https://youtu.be/PC9KPNk98b4

Армысыздар, достар!🙋‍♂️ Мен қазір, бүгінгі шыққан Forbes-ты қарап отырып, жас миллиардерлерге көзім түсті. 40 жасқа дейінгі миллиардерлердің саны 15-ке жеткен екен😍. 29 жастағы криптовалютаның, IT сферасының түрлі мамандары осы 15-тікке кіреді. Сонымен, бұл нені айтады? Қазір барлығы өзгерді, ойын ережелері жаңарды. «Қазір табыс табу үшін: үлкен команда, компания құру керек, қаншама жыл бизнеспен айналысу керек, сол жолмен ғана үлкен табыстарға жетемін» деген, ҚАТЕ түсінік болды.❎ Біздің соңғы Америкаға сапардан біз сол жақтын кәсіпкерлерін, жастарын көріп МҮМКІНДІКТЕРдің әр саладан бар екеніне көзіміз жетті🤩. Интернеттің пайда болып, дамуымен үлкен өзгерістер орын алуда. Мысалы, көрші Ресей елінде инфобизнес саласында Мари Афонина деген қыз бар. Соңғы (6 айда бір жасайтын) запускінен таза табыс 380 млн рубль, яғни 2 млрд тг жасаған😱. ИНФОБИЗНЕСТЕН,ойлап көріңіздерші. Сол сияқты біздің айналамызда көптеген жас кәсіпкерлер, блогерлер бар. Солардың бірі Қыран Талапбек өзінің «Мобилография» курсымен бірнеше миллиондар табуда. Бар жоғы 24 жастағы жігіт, айналасындағы бірнеше жыл бойы, қаншама күшін,уақыт,энергиясын салып айналысып келе жатқан кәсіпкерлердің жеткен жетістігін, миллиондаған табыстарын бір дегенде жетіп алды👍🏻. Бұл не деген сөз? Кәсібі барларға қазір ойын ережелерінің өзгергенің қабылдап, өзгеріп, бейімделу керек. Немесе олар қазір осы жолмен жүрсе, қадалады📉. Ал, жастарға мүмкіндіктің көбін: әртүрлі ғаламтор желілерін(Тик ток, Инстаграм, Ютуб, Телеграм, Снэпчат) пайдаланып, кез келген салада мықты табыс табуға болады😍💵. Forbes–тың осы мақаласын оқып отырып, осындай керемет ойлар пайда болып, сіздермен бөлісуді жөн көрдім✅. Төменге бұл мақаланың өзін салып қоямын👇🏻👇🏻👇🏻, сіздерде оқып,мықты мотивация алып, жігерленіп алады деген ниеттемін. Тоқтамай жұмыс жасап, еңбектеніңіздер. Ойын ережесі өзгерді, соны қабылдап, бейімделіп, жаңа табыс, жетістіктерге жете беріңіздер 🙌🏻

👆👆👆 Менің сторисыма салған видеолардың ішінде ең көп қаралым жинаған видеолардың бірі осы 30 секундтық Nusret-тің видеосы👍👆 Расымен, кез келген жетістіктің артында үлкен еңбектің жататыны анық, бәрі бүгінгі миллионерлерді көріп өзін сонымен салыстыра бастайды, ол мүлдем қате🙅‍♂️ Олай жасамаңыздар, олар да кезінде қарапайым, жағдайы жоқ адам болған. Сол үшін инстаграмдағы, ютубтағы жетістікке жеткен адамдардың өмірі сізді өшіру үшін емес керісінше алдыға ұмтылу үшін, көбірек еңбек ету үшін жігерлендіруі қажет👍 Сенің де уақытың келеді, сабыр ет, күт, ештеңеге қарамай еңбек ет🔥

🎂 37 жасқа толғанда мен өмірдегі 3 бағаланбаған және 7 артық бағаланған заттардың тізімін жасадым. 3️⃣ бағаланбаған 1. Ұйқы. Ұйқы иммунитетті, шығармашылық пен психологиялық саулықты арттырады. 2. Табиғат. Табиғат-бұл өзімізді жақсы сезіну үшін биологиялық тұрғыдан құрылған орта. 3. Жалғыздық. Жалғыз болу рухани және зияткерлік жетістіктерге жетуге еркіндік береді. 7️⃣ артық бағаланған 1. Үлкен қалалар. Үлкен қалалар ластану, қылмыс және Шу көзі болып табылады. Үлкен қаланың ресурстарына қол жеткізу жақсы, бірақ қаладан тыс жерде өмір сүрген жөн. 2. Мейрамханалар. Мейрамханалар тамақтанудың ең баяу және құарлылығы аз әдісін ұсынады. Үйде пісіру сізге дұрыс тамақтануға және ингредиенттерді жақсы басқаруға мүмкіндік береді. 3. Ыстық ауа-райы. Күн шуақты ауа-райы тек босаңсыған мінез-құлыққа ғана емес, сонымен қатар қатерлі ісік ауруы мен тез қартаюға әкелуі мүмкін. Суық температура, керісінше, рухты, денені және ақыл-ойды дамытады. 4. Сән. Үнемі өзгеріп отыратын трендтерге сәйкес келуге деген шексіз ұмтылыс қымбат және қажет емес. Ыңғайлы киім өмірді жеңілдетеді және маңызды нәрселер үшін орын босатады. 5. Жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікті сатып алу көбінесе таңдауды шектейді және күмәнді инвестиция болып табылады. Жалға алу қозғалыс еркіндігін және әртүрлі жерлерді зерттеуге мүмкіндік береді. 6. Әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерден біздің санамызды бұзатын қоқыстың үздіксіз ағымы, біздің бақыт пен шығармашылық қабілетімізді төмендетеді. Әлеуметтік желілерлен ажырау, кез-келген күні жасай алатын ең оңай, ең жылдам әрекетіміз. 7. Атақты адамдар кеңесі. Танымал адамдар көбінесе білім саласынан тыс негізсіз кеңестер береді. Өмірде,барлық нәрселерде нақты ғылымға және сарапшылардың пікіріне сүйенген дұрыс. Павел Дуров

Telegram негізін қалаушы, Ресейлік миллиардер Павел Дуров 37 жасқа толуына орай пайдалы кеңестерімен бөлісіпті😍👍 Оқып көріңіздер👍 https://t.me/durov/171

Менің оқырмандарымның арасында онлайн курс жасағысы келетіндер және жасап жүргендер көп екенін білемін, сол себепті міне сіздерге пайдалы ақпарат. Қазір тренингтерге, курстарға ең көп қызығатын ол жастар, соларға қалай онлайн курс жасау бойынша қызықты мақала👍 Оқыңыздар, пайдаланыңыздар😍 https://rb.ru/opinion/online-courses-for-yz/