cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Ү м і т т і 🦋

Show more
Advertising posts
222
Subscribers
No data24 hours
+17 days
+130 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Жол. Жолаушы. Зират. Көңіліңді құлазытады. Адамның сонша жыл сүрген өмірін осы көрініс ғана сипаттап тұр. Алдың зират. Өзің жолаушы.
Show all...
2
Аягүлдің “Қабір гүлін” оқыдым. Көңілім түсті. Мектептен қайтқанда үй жағынан өткізбей, бізге айыр алып жүгіретін ата ауылдан көшіп кеткелі біраз болған. Қайтыс болғанын естідім. Ауылда таң атысымен діңнің басына шығып кететін ата да қайтыс болыпты. Туысқаны жоқ еді. Бірақ көзімнің туысқаны болатын… Біз қос көлдің түбегінде тұрамыз ғой. Бірде 17-18 жастағы бозбала суатқа түсіп қайтыс болды. Оның 6-7 жастағы інісінен кішкентай балалар болып күнде сұрайтынбыз “Ағаң қайда?” деп. “Қалаға кетті” дейтін. Қызықпыз ғой… Күніге сұрайтынбыз… Досымның анасы ауыра бастады. Төсек тартып жатып қалды. Күнде міндетті түрде “мамаң жақсы ма?” деп жазуды әдетке айналдырғам. Біздің үйден саумал алатын анасына. Бір күні кеште қайтыс болғанын естідім. Хабарламам өшпеді. Ол ертеңіне “Енді менің мамам жоқ” деп жауап жазды… Мен өлімнен қатты қорқам. Осындай өлімдердің өзіне жүрегім сыздайды. Ең жақынымды жоғалтып көрмеппін ес білгелі. Сондықтан да ең үлкен қорқынышым өлім екен…
Show all...
-жүрек жаратушысын ғана іздейді. -иә. бірақ адамға адам керек сияқты не дегенмен. -адамға адам керек қой, керек адамды әлі көрмедім. әлсіз күлді.
Show all...
Пойызда таң намазына оятқан бейтаныс ағаға алғыс, әдемі қартайған әпкеге комплимент айтқым келген. Үлгермедім. Ол кісілерге Алланың көзі түзу болсыншы деп тіледім ішімнен.
Show all...
Уақыт өте келе түсінгенім. Мен ол кезде одан кетпегенмін. Оның жанындағы бақытсыз өзімнен кеткенмін. -Өзіңді таңдаудан артық бақыт жоқ екеніне көзім жетті. Өзіңді таңдай тұрып, біреуді сүйе алу - бұл махаббат. Қалғаныңның бәрі - ауру ғана екен, құрбым…
Show all...
болашақта үйімнің ауласына бөртегүл өсіргім келеді. көрдім де ғашық болдым. түсіріп үлгермедім. -Көкшетау, 2023.
Show all...
Құдай қайда десе, жүректе дер едім. Жаратылыс Жаратушысымен байланысын үзгенде өзі сияқты құлға, адамға қарап қалады екен. Сонымен сырласқысы кеп тұрады. Ал құдайы бар жүрек құдаймен байланысып, ләззәт алып қойғандықтан бұл тыныштықты адамнан іздеп әуреленбейді екен. Кейде талай уақыт өтіп кеткен соң жақыныма қиындығыммен бөліссем, таңғалып жатады. “Сен күліп жүретіндіктен проблемасы бар деп ойламадық” дейді. Маған сондай қиын болған моменттерде кейбір жақындарым сезімдерімді құнсыздандырды. Өйткені ол пдам ғой. Кемел емес. Ал Алла биік. Сен қай деңгейде оның алдында тұрсаң да сені сынамайды, саған жақындайды, мейірім-махаббатын төгеді. Раббысын тапқан жүрек толық, кемел күйде болады. Ішінде бос кеңістік болмайды. Ал құдайын танымаған жүрек бос кеңістікті адамдармен толтырады, оның өзі берекесіз.
Show all...
Автобус. Терезеден бір жерге көзім түсті. Ерлер бақыты дүкені деп жазылыпты. Сырты тым әдемі екен. Не бар екендігі, не сатылатындығы қызық боп кетті😅
Show all...
Кейбіреудің сұлулығы аузын ашқанға дейін
Show all...