cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Angime bar 📰

Оперативно⚡️Последние новости 🌏Аналитика 💬

Show more
The country is not specifiedThe language is not specifiedThe category is not specified
Advertising posts
3 828
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision-2020 байқауында 2-орын алған Қарақат Башанованы құттықтады. @angimebar
Show all...
Бүгін кешкі сағат 20.30-да «Хабар» телеарнасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың қызметтік жолы туралы деректі фильмдер циклынан алғашқы кинокартина көрсетіледі. 6 бөлімнен тұратын туынды «Хабар» агенттігі мен «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бірлескен жобасы. Жоба жетекшісі – «Хабар» агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин. Деректі фильмде көрсетілген қызықты деректер, ерекше пікірлер, архивтік кадрлар елде және әлемде болып жатқан тарихи оқиғалармен үйлеседі. @angimebar
Show all...
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясы қатысушыларына алғысын білдірді. «Қазақстан Президенті болған шағымда мен сыртқы саясаттағы жұмысымның біршама бөлігін – ядролық қарудан еркін идеясы мен жетістігіне арнадым. Олай етуімнің себептері де бар еді. Біріншіден, Қазақстан ядролық қару сынағының бүкіл қайғы-қасіретін сезіне білген мемлекет. Семейдегі полигоннан менің 1,5 миллионға жуық отандасым зардап шекті. Менің жарлығым бойынша әлемдегі ең ірі полигондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім – ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салатын адамзат тарихындағы ең алғашқы шешім болатын. Кейін басқа мемлекеттер де өз полигондарын жапты. Осылайша менің елімнің үлгісін басқа елдерде де қолдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы бәріне ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған келісімге негіз болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық онлайн конференцияда.
Show all...
Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты. Президент облыс әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын түсірмеуге байланысты бірқатар тапсырма берді. @angimebar
Show all...
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады Мемлекет басшысына жыл басынан бері жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді. Министр жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан. Президент Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді. @angimebar
Show all...
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Асқар Тойшыбеков басшы болып тағайындалды. Бұған дейін Асқар Тасболатұлы Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған. @angimebar
Show all...
«Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз» - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде. @angimebar
Show all...
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Амантай Жұмағалиев Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарған. @angimebar
Show all...
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Төраға Қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары жөнінде ақпарат берді. «Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз», – деді Елбасы. @angimebar
Show all...
Президент «ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. @angimebar
Show all...