Маңғыстаумұнайгаз
Open in Telegram
1 035
Subscribers
-324 hours
+77 days
+230 days
Posts Archive
1 036
🚨🚨🚨 МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ / ВАЖНОЕ ОБЪЯВЛЕНИЕ 🚨🚨🚨
🇰🇿 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Назарларыңызға саламыз: стадионға кіру тек «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне берілген арнайы шақыру билеттері арқылы жүзеге асырылады. 🎫
⛔️ Ресми шақыру билеті жоқ тұлғалар стадион аумағына кіргізілмейді!
⚠️ Осыған байланысты стадионға келер алдында шақыру билетіңізді өзіңізбен бірге алуды ұмытпауыңызды сұраймыз.
❗️🎫 КІРУ ТЕК ШАҚЫРУ БИЛЕТІМЕН!
Құрметпен,
Әкімшілік
————
УВАЖАЕМЫЕ КОЛЛЕГИ!
Обращаем ваше внимание, что вход на стадион осуществляется исключительно по пригласительным билетам, выданным работникам АО «Мангистаумунайгаз». 🎫
⛔️ Лица, не имеющие официального пригласительного билета, на территорию стадиона допущены не будут!
⚠️ В связи с этим просим перед посещением стадиона не забыть взять с собой пригласительный билет.
❗️🎫 ВХОД ТОЛЬКО ПО ПРИГЛАСИТЕЛЬНЫМ БИЛЕТАМ!
1 036
МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕНІҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІ
📌Маңғыстау мұнайының 65 жылдық мерейтойы мен мұнайшылар мерекесі Жетібай кен орнында кең көлемде аталып өтті.
Алпыс бес жыл бұрын осы даладан атқылаған алғашқы мұнай бұрқағы тұтас бір өңірдің өндірістік шежіресіне жол ашқан еді. Содан бері Жетібайдың жерасты байлығы ел игілігіне қызмет етіп, талай буын мұнайшының өмірімен, маңдай терімен біте қайнасты.
Мерейтойда мұнай саласының ардагерлері мен бүгінгі өндіріс еңбеккерлері бас қосып, өткен жолға тағзым етті. Еңбек озаттары мен еңбегі сіңген мамандарға құрмет көрсетіліп, өндірістің тынысын кеңейтетін арнайы техникалар табысталды.
Мерекелік күн спорттық сайыстармен, әлеуметтік қолдау шараларымен және өнерпаздардың концертімен жалғасты.
Жетібайдағы бүгінгі жетістік — кешегі еңбектің өтеуі, ертеңгі мұраттың бастауы.
Мұнайлы өлкенің 65 жылдық шежіресі осылайша еңбекпен өріліп, ұрпаққа аманат болып жалғасып келеді.
1 036
Аталған ардагерлердің қатарында Маңғыстау мұнайының алғашқы қарлығаштары – кен орындарын игеруге қатысқан ардагер мұнайшылар бар Компания өкілдері олардың мұнай саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.
Айта кетейік, ардагерлерге құрмет көрсету – Маңғыстау мұнайының 65 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралардың бірі. Сонымен қатар, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ көп жылдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да Мұнайшылар күні қарсаңында барлық зейнеткерлеріне 20 АЕК (МРП) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетті. Бұл – компанияның сала ардагерлеріне деген тұрақты әлеуметтік қолдауының көрінісі.
1 036
МҰНАЙ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ
📌Маңғыстау мұнайының 65 жылдығына және мұнай-газ қызметкерлері күніне орай «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ сала ардагерлеріне құрмет көрсетті. Компанияның Әлеуметтік саясат департаментінің мамандары басшылықтың атынан еңбек ардагерлері Жалғас Тоқжанов, Дәрі Тоқжанова, Ыбрай Сапаров және Жылқайдар Сүйесіновтің шаңырағына арнайы барып, алғыс хаттар, мерейтойлық естелік сыйлықтар мен дастарқанға дәм апарды.
1 036
ЕҢБЕК АДАМЫ
«Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері – «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының Газ өндіру, дайындау және тасымалдау цехының 5-дәрежелі операторы Медиев Алшынбек Тыныштықұлы.
Мұнай-газ саласында 31 жыл еңбек еткен тәжірибелі маман өндірістегі жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Газ өндіру, дайындау және тасымалдау үдерісін жетік меңгерген ол өндірістің қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне үлес қосып келеді.
Көпжылдық тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, еңбекке адалдық пен кәсіби тәртіпті басты қағида санайтын Алшынбек Тыныштықұлы өз ісіне берілген нағыз еңбек адамы. Осындай білікті мамандардың қажырлы еңбегі мұнай-газ саласының дамуына және мұнайшы мамандығының мәртебесін арттыруға қызмет етіп келеді.
1 036
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қара және түсті металл сынықтарын сату бойынша аукциондарды өткізу туралы хабарландыру
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (130000, Ақтау қ., 6 ықшам аудан, № 1 ғимарат, СТН 430 100 000 245, БСН 990 140 000 483, www.mmg.kz корпоративтік сайты, тел.: +7 (7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333) бағаны көтеру әдісі бойынша қара және түсті металл сынықтарын сату «Ақпараттық-есептік орталық» электрондық сауда алаңының E-QAZYNA.kz порталы арқылы сауда-саттық аукцион(дар) өтетінін хабарлайды.
Сауда күні мен уақыты: 10.09.2026 ж. сағ. 10:00.
Аукционға келесі лоттар қойылады:
1. Қаламқас кен орнында орналасқан 21,20 тн. көлемінде қолданылған жеңіл металлолом (Металлолом) – жеткізілген тауарлардың бос металл қаптамалары, жұқа қабырғалы электр жабдықтарының корпустары, мырышталған табақтар және т.б.
2. Жетібай кен орнында орналасқан 21,28 тн. көлемінде қолданылған жеңіл металлолом (Металлолом) – жеткізілген тауарлардың бос металл қаптамалары, жұқа қабырғалы электр жабдықтарының корпустары, мырышталған табақтар және т.б.
3. Қолданылған аккумулятор батареялары (металлолом) – жалпы көлемі 0,79 тн., МТЖҚ базасында (Маңғышлақ станциясында) орналасқан.
Заңды тұлғалардың мүлкін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықта сату тәртібімен «Sauda Нұсқа 2» – «Ақпарат» – «Регламент» бөлімінде танысуға болады, жоғарыда көрсетілген әрбір лот бойынша хабарландыруда сауда-саттықтың шарттарымен E-QAZYNA.KZ порталында танысуға болады.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: +7 (7292) 211-526, 219-253.
***
Объявление о проведении торгов по реализации лома черных и цветных металлов АО «Мангистаумунайгаз»
АО «Мангистаумунайгаз» (130000, г. Актау, мкр. 6, зд. №1, РНН 430 100 000 245, БИН 990 140 000 483, корпоративный веб-сайт www.mmg.kz, тел.: +7 (7292) 211-526, 219-253, 219-184, 219-333) сообщает о реализации лома чёрных и цветных металлов путём проведения аукциона(ов) методом торгов на повышение цены на веб-портале Реестра государственного имущества E-QAZYNA.kz
Дата и время торгов: 10.09.2026г. в 10:00 часов
На аукцион выставляются следующие лоты:
1. Б/у легковес (Металлолом) - пустая металлическая тара от поставленных товаров, тонкостенные корпуса электрооборудования, оцинкованные листы и т.п., в количестве 21,20 тн., расположенные на месторождении Каламкас.
2. Б/у легковес (Металлолом) - пустая металлическая тара от поставленных товаров, тонкостенные корпуса электрооборудования, оцинкованные листы и т.п., в количестве 21,28 тн., расположенные на месторождении Жетыбай.
3. Б/у аккумуляторные батареи, в количестве 0,79 тн., расположенные на базе СМТС (ст.Мангышлак).
С порядком продажи имущества юридических лиц на электронных торгах в форме аукциона можно ознакомиться в разделе «Sauda версия 2» – «Информация» – «Регламент», с условиями торгов можно ознакомиться в объявлении по каждому вышеуказанному лоту на портале E-QAZYNA.KZ
За дополнительной информацией просим обращаться по тел.: +7 (7292) 211-526, 219-253.
1 036
Құрметті әріптестер!
📌Маңғыстау мұнайының 65 жылдығына орай Компанияда бірқатар спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізіледі.
Спорттық іс-шаралар төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
🏆 Орталық аппарат, өндірістік басқармалар және цехтар арасында:
• Шағын футбол
• Волейбол
• Шахмат
• Үстел теннисі
• Асық ату
• Садақ ату
🏆 Өндірістік басқармалар және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мердігер ұйымдары арасында:
• Бильярд
• Гір тасын көтеру
• Арқан тарту
• Қазақ күресі
• Қол күресі
Сонымен қатар, мерекелік күнге арналған спорттық шаралар «Жетібаймұнайгаз» ӨБ және «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ аумақтарында өткізіледі.
📅 Жарыстардың нақты күндері, басталу уақыты және өткізілетін орындары қосымшада көрсетілген.
Барша қызметкерлерді спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға, әріптестерін қолдауға және мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосуға шақырамыз!
🏆 СПОРТ – БІРЛІКТІҢ, ЖІГЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІ!
Баршаңызды спорттық додада күтеміз!
Тел:
8 775 000 1988 Еділ Бекмұратов
8 775 908 9325 Бауыржан Жакыпов
***
Уважаемые коллеги!
📌В честь 65-летия Мангистауской нефти в Компании состоится ряд спортивных мероприятий и соревнований.
Спортивные мероприятия будут организованы по следующим направлениям:
🏆 Среди Центрального аппарата, производственных управлений и цехов:
• Мини-футбол
• Волейбол
• Шахматы
• Настольный теннис
• Асык ату
• Стрельба из лука
🏆 Среди производственных управлений и подрядных организаций АО «Мангистаумунайгаз»:
• Бильярд
• Поднятие гири
• Перетягивание каната
• Қазақ күресі
• Армрестлинг
Соревнования пройдут среди работников Центрального аппарата, производственных управлений, цехов, а также подрядных организаций.
Кроме того, праздничные спортивные мероприятия состоятся на территориях ПУ «Жетыбаймунайгаз» и ПУ «Каламкасмунайгаз».
📅 Дата, время начала и место проведения каждого спортивного мероприятия указаны в приложении.
Приглашаем всех работников активно принять участие в спортивных мероприятиях, поддержать своих коллег и команды, а также внести свой вклад в проведение праздничных мероприятий на высоком уровне!
Тел:
8 775 000 1988 Едил Бекмуратов
8 775 908 9325 Бауыржан Жакыпов
1 036
КЕШЕГІ КҮН – БҮГІНГІ ТАРИХ
📌Биыл – Маңғыстау мұнайының мерейі үстем, тарихы таразыланатын тағылымды жыл. Қазақ елінің мұнайлы шежіресіне алтын әріппен жазылған Маңғыстау мұнайының 65 жылдығы мен «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 60 жылдығы – уақыт белесі ғана емес, еңбек пен елдікке қойылған ескерткіш.
Қаратаудың қатпарынан Каспийдің жағасына дейін созылған сайын даланы өндірістің думанына бөлеген осы тарихтың әр бетінде маңдай тер, табанды еңбек, өлкенің ертеңіне деген сенім жатыр. Кешегі боз далада бой көтерген кен орындары мен өндіріс ошақтары бүгінде тәуелсіз Қазақстанның экономикалық қуатын айқындайтын іргелі тірекке айналды.
Бұл – жер қойнауының байлығын ғана емес, адам еңбегінің қадірін де әлемге танытқан буындардың тарихы. Талай қиындықты еңсеріп, өндірістің көшін түзеген ардагер мұнайшылардың адал еңбегі мен өмір жолы – бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас өнеге, ертеңге аманат.
Осы мерейтойларға орай «Мұнайлы өлке» газетінің редакциясы архив қорында сақталған тарихи құжаттарды, сирек фотосуреттерді және өндіріс шежіресіне қатысты құнды деректерді жариялауды қолға алды. Өткенді ұлықтау – тарихқа тағзым ғана емес, ерлікке толы еңбек жолын кейінгі буынның санасына сіңіріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын игі іс.
#МаңғыстауМұнайына65жыл
1 036
Repost from ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында
➡️ Жаңаөзен мен іргелес жатқан ауылдардағы ауызсу мәселесі Кендірлі зауыты іске қосылғаннан кейін толықтай шешілді;
➡️ «ҚазМұнайГаз» 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржы нәтижелерін ұсынады;
➡️ ҚМГ басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытында стратегиялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді;
➡️ Ембімұнайгазда кен орындардың цифрлық телнұсқасын енгізу мәселесі талқыланды;
➡️ KPI полипропилен өндірісін арттырып, экспорт көлемін кеңейтуде;
➡️ ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай-газ химиясы жобаларының іске асу барысымен танысты;
➡️ Газ сепарациялау кешенінің құрылыс алаңы, Атырау облысы;
➡️ Полиэтилен шығаратын зауыттың құрылыс алаңы, Атырау облысы;
➡️ Газ сепарациялау кешені мен Магистраль құбыржолдары жобаларын іске асыру барысы, Атырау облысы;
➡️ Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда;
➡️ ҚМГ мен TotalEnergies екіжақты ынтымақтастықты талқылады;
➡️ «Мирный» ЖЭС серіктестері жел паркінің құрылыс барысымен танысты;
➡️ Жаңаөзенде жыл басында ашылған «Болашақ сарайы» жүздеген бала үшін білім мен шығармашылықтың ордасына айналды;
➡️ ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр;
📱 ҚазМұнайГаз
