298
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Қымбатты жерлестер, қазақы демалысты сағынған ағайын!
Былтыр аса сәтті өткен «Дархан дала» атты жобамыздың аясында ұйымдастырылған этнотурға сұраныстың көптігіне орай, биыл 18 мамырда сол сапарды тағы ұйымдастырғалы отырмыз.
Көктем гүлдерімен құлпырып, ерекше жұпар шашқан жайлауда Маңғыстаудың жауһары қарт Қаратаудың көркіне көз тойдырып, киіз үйдің төрінде шаңыраққа қарап жатып, қиял әлеміне батқыңыз келсе, бауырсақ пен шұбаттан дәм татып, қазақы ән-күйге құлақ құрышын қандырғыңыз келсе, қаланың шуы мен күйбең тірлігінен алыстап, бір сәтке қазақы қаныңызға оралып, жан-жүйеңіз балбырап, шын бақытты сезінгіңіз келсе, Сізді осы этносапарға шақырамыз!
Этносапар аясында әдемі фотолокациялар, дәмді ас, ән, күй, жыр, ұлттық ойындар және т.б. көптеген қызықтарға қанық боласыз.
Өтетін күні: 18 мамыр 2024 жыл.
Билет құны: 30.000
Байланыс телефоны: +77011329999
https://www.instagram.com/abdi_asel?igsh=a2Z4YXNwMW1pOTg3
Жеке парақшама тіркелуді ұмытпаңыздар ☝🏻
Маңғыстауымның әдемі көрікті жерлерімен бөлісіп отырамын🫶🏻
Биыл көктемнің жауын-шашынмен басталуы Маңғыстау табиғатын көк шөпке көмкеріп тастады. Жер Ана бусанып, шалғай ауылдардың шөбі шүйгін, жайылымы мол, жері құнарлы болып жатқан жайы бар. Төрт-түлік қыстан аман-есен шыққанына ризашылық білдіріп жатқандай бейқам жайылымда….😍
