SERIK JUMASH
Open in Telegram
Қандай да бір ақпаратты көшірсеңіз сілтеме жасауды ұмытпағайсыз! Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCaIorXH0Bm9PLXIe3bdyo7w Курстар тізімі https://taplink.cc/serikzhumash
Show more627
Subscribers
No data24 hours
-47 days
-330 days
Posts Archive
627
Repost from N/a
— Шейх Абдулла Сиражуддинның «Байқуния манзумасына» жазған шархынан кейін бастауыш оқушы не оқыса болады? «Нузһатун назар»-ды оқиды ма әлде Шейх Абдулмажид ат-Туркманидың «Мадхалын» оқыса болады ма?
— Иә, Шейх Абдулмажид ат-Туркманидың кітабын оқыса жақсы. Өйткені, мусталах кітаптары шафиғи мазһабы бойынша жазылған. Оның ішінде мурсал хадистер әлсіз деген секілді үкімдерді оқып, танысады. Ал бұл кітап арқылы оқушы ханафи мусталахын және оның шафиғилерден айырмашылығын табады. Әрине, Шейх Абдулла Сиражуддинның шархынан кейін бұл кітап біраз ауыр болуы мүмкін. Егер қатты ауырлық қылатын болса, онда ұстаз Байқунияны оқытып жатқан кезде ханафи мен шафиғилердің хадис іліміндегі мусталахтардың айырмашылығын аз-аздан түсіндіргені жөн.
Қазіргі кезде ханафи талибтардың өзі ханафи мусталахты білмегені себепті өздерінің мазһабтарының қуатты екендігіне аса қатты сене бермейді. Бұл өте қауіпті іс! Әр мазһабтың хадистерді әлсіздіктен сақтайтын өзіндік ережелері мен қағидалары бар. Талиб өзінің мазһабының қуатын білу үшін мазһабтың қағидаларын білу қажет.
Жауап берген: Шейх Муаффақ ал-Мурабиғ (Алла өміріне берекет берсін)
627
Хатим әл-Асамнан жеткен ғибратты сөз:
«Кімде-кім төрт нәрсені төрт нәрсеге қалдырса, Жәннатты табады:
ұйқыны — қабірге;
мақтануды — Қиямет күніндегі таразыға;
рахаттануды — Сырат көпіріне;
шәһуатты — Жәннатқа қалдырса».
📚 Мунаббихат.
627
Repost from محمد أمَّانة
صفحات مضيئة من حياة سيدي الوالد العلامة محمد عوامة
https://t.me/muhammed1416/6568
627
Repost from N/a
جربوها مع أطفالكم جدا مفيدة
للتواصل وحجز أول حصة مجانية
https://wa.me/201289359861
627
Repost from Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ жақын туыстар
⁉️ близкие родственники
✅ ағайын
❌алыс туыстар
⁉️дальние родственники
✅жамағайын
627
Ұйқыға немқұрайды қарау - өз өміріне немқұрайды қарау.
Дисциплина ұйқыдан басталады. Ол - бір уақытта ұйықтап бір уақытта ояну.Тиімділік уақытпен емес, зейін қоюмен өлшенеді. Адамның бір күн ұйқысы қанбаса, зейіні 40%-ға төмендейді. Ұйқы сапалы болу үшін 4 нәрсе керек: 🔖көп қозғалыс 🔖ұйқыдан кем дегенде 4 сағат бұрын тамақ ішу 🔖қараңғы бөлме 🔖салқын бөлме ©️ Абдрашит Түлкібай
627
Кейбір кісілердің:
"біреуі қасымнан өтіп маған көңіл бөлмеді"
"екіншісі көшеде маған бетпе-бет жолығып тұрып сәлем бермей кетті"
"үшіншісіне кезінде көмек берген едім. Уақыт өте келе сол жақсылығымды ұмытты"
"төртіншінің мінезі нашар, көп ашуланады"
-деп күйінгенін көресің.
Барлық кезде "кешірім жолын ұстан" (Ағраф: 199). Адамдардың мінезін сол қалпында қабылда. Оларды көркем мінездің үлгісін ұсынып мәжбүрлеме. Ол сенің шаруаң емес.
Өз бақытыңды әдемі сөзге, жолда ұшырасқан жылы лебізге, адамнан күтіп жүрген сый-сияпатқа байлама!
📚Әфкәр таснағул хаяһ
627
Repost from Дастан Құрманбаев
https://www.instagram.com/reel/Dcdpuf6OM5j/?igsi=MW9vZ3ZkazY1dnhhcA==
Хусамуддин әс-Сығанақи жайында (Орысша)
627
Repost from Қазақша кітаптар
Кітап оқып болған соң оның көп бөлігін есіңде сақтай алмасаң, бұл кітап оқудың пайдасы жоқ дегенді білдірмейді. Мәселе сенің есте сақтау қабілетіңде де емес. Мүмкін, сен кітаптың шын мәнінде не үшін оқылатынын әлі түсінбеген шығарсың.
Мен де бір кездері осындай кезеңнен өттім. Кітапты ашып, оқи бастайсың. Бір кезде ойың басқа жаққа кетеді, кейде шаршап, ұйықтап қаласың. Арада бір апта өткенде кітаптан санаңда қалғаны — бір-екі ой ғана. Сонда еріксіз: «Осының бәрінің қандай пайдасы бар?» деп ойлайсың.
Бірақ уақыт өте келе бір нәрсені түсіндім: кітап оқу — емтихан емес.
Сен кітаптың әр сөйлемін жаттап алуға міндетті емессің. Әр тарауын есте сақтауың да шарт емес. Тіпті саған еш әсер етпейтін кітапты соңына дейін оқып шығудың да қажеті жоқ.
Жақсы кітаптың міндеті — сені қинау емес, саған жаңа бір әлемнің есігін ашу. Бұрын байқамаған нәрсені байқату, бұрын ойламаған ойға жетелеу.
Егер кітап саған ештеңе бермесе, оны уақытша қоя тұр. Бұл оның жаман кітап екенін білдірмейді. Мүмкін, сенің оған деген уақытың әлі келмеген шығар.
Өйткені кітаптың адамға әсері бірден байқала бермейді. Ол жаңбырдың тамшысындай — үнсіз, асықпай жиналады.
Әр оқылған кітап, әр ой, әрбір әсерлі сөйлем санаңда із қалдырады. Кейде сен олардың бәрін ұмытып қалғандай боласың. Бірақ бір күні өміріңде күтпеген жағдай кездеседі. Біреумен әңгімелесесің. Алдыңнан қиындық шығады. Шешім қабылдау керек болады.
Сол сәтте санаңның бір түкпірінен бұрын болмаған бір ой пайда болады.
Сен оның қайдан келгенін білмеуің мүмкін. Қай кітаптан оқығаныңды да есіңе түсірмеуің мүмкін. Бірақ ол ой сенің ішіңде әлдеқашан қалыптасып қойған.
Міне, кітаптың шынайы күші — осында.
Кітаптың құндылығы оның қанша бетін оқығаныңмен немесе қанша сөйлемін жаттағаныңмен өлшенбейді. Оның құндылығы — сенің ойыңды қаншалықты өзгерткенінде.
Сондықтан мен қазір кітапты есте сақтау үшін оқымаймын. Мен оны өзімді өзгерту үшін оқимын.
Сен кітапты кітаптың өзін есте сақтау үшін оқымайсың. Сен оны өмірдің бір сәтінде ішіңнен бұрын болмаған бір ой, бір жауап, бір шешім табылуы үшін оқисың.
https://t.me/kzkitap
