613
Subscribers
+224 hours
+27 days
+1530 days
Posts Archive
613
24 қаңтар күні университетімізде «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі» жобасы аясында «Asyl Amal» ҚҚ директоры Ә.Әбусалімұлы бастаған ұжыммен бірлесіп, ақпараттық және тәжірибелік іс-шарасы ұйымдастырылып сәтті өтті. Мақсаты: қызметкерлерді, оқытушыларды және білім алушыларды шұғыл жағдайларда, жедел жәрдем келгенше алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлерін көрсету.
Іс-шараны Jastar департаментінің директоры Ж.А.Тлепов бастап ашып берді.
Білім алушыларға жедел жәрдем келгенше, адамның өмірін құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізін білу туралы ақпарат және тәжірибе жүзінде арнайы муляжда көрсетті. Егер адам тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру, жүрекке қалай массаж жасау, ауыздан-ауызға жасанды тыныс беру әдістерін көрсетті.
Қызметкерлер мен білім алушылар медицина қызметкерлердің қойылған сұрақтарына белсенді жауап беріп отырды. Викторина барысында дұрыс жауап бергендерге қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Іс-шара қызметкерлер мен студенттердің айтуы бойынша пайдалы әрі қызықты өтті.
613
Құрметті достар, өздеріңізге белгілі ENU talks жобасы өз қызметін ары қарай жалғастырмақ! Бұл жоба аясында танымал тұлғалар мен ел көзайымы болып жүрген азаматтар Enulyq жалынды жастарымызға талқы жасап, өз тәжірибелерімен бөліседі. Сіздер кіммен талқы жасағыларыңыз келеді? Өз ойларыңызбен төменде бөлісе кетсеңіздер
613
Repost from ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Волонтерлік саласындағы стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған конкурс жарияланды
⠀
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті мемлекеттік тапсырыс аясында "Birgemiz: areket yaqyty" волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (волонтерлердің Ұлттық фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру)" бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
⠀
Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары 12 қаңтардан бастап қабылданады
⠀
Құжат 12 ақпан күні сағат 18:30-дан электрондық мекенжайға strat.partner@mail.kz жолданады.
⠀
Конкурстық құжаттамамен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/583588?lang=ru
⠀
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласа аласыз:
8 (7172) 74-09-97, 74-12-86, 74-02-17.
⠀
❗️Маңызды
Өтінімді электрондық поштаға жібергеннен кейін strat.partner@mail.kz техникалық ақаулардың алдын алу, келіп түскеніне көз жеткізу мақсатында 8 (7172) 74-09-97 нөміріне міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.
⠀
****
Объявлен конкурс на реализацию стратегического партнерства в сфере волонтерства
⠀
Комитет по делам гражданского общества Министерства культуры и информации РК объявляет о приеме документов на конкурс по государственному заказу на реализацию стратегического партнерства по направлению «Организация комплекса мероприятий в сфере волонтерства «Birgemiz: areket yaqyty» (Организация деятельности национального фронт-офиса волонтеров)».
⠀
Документы заявителей на конкурс принимаются с 12 января до
18:30 часов 12 февраля текущего года на электронный адрес strat.partner@mail.kz
⠀
С конкурсной документацией можно ознакомиться по ссылке https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/583588?lang=ru
⠀
При возникновении вопросов можно связаться по следующим номерам:
8 (7172) 74-09-97, 74-12-86, 74-02-17.
⠀
❗️Важно
⠀
После отправки заявки на электронную почту strat.partner@mail.kz, просим в обязательном порядке связаться по номеру 8 (7172) 74-09-97 в целях недопущения технических неполадок.
613
«Этносаралық келісім, толеранттылық және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері»
Елімізге белгілі ұстаз, исламтанушы Арман Қуанышбаев пен Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығының» теологы Арман Нұрахметұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды. Қадірменді қонақтарды Jastar департаментінің бас маманы Мұратбек Дәрібай қарсы алды.
Шара, жастардың дәстүрімізге жат идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру, этносаралық келісім, толеранттылық және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелеріне бағытталған студент-жастармен кездесуге ұласты.
Жиналған көпшілікке меймандарды таныстырған Jastar департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Нұғыманов, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқтады.
Сөз тізгінін алған исламтанушы А. Қуанышбаев қазақ салт-дәстүрі мен ислам құндылықтары туралы баяндама жасады.
Қазақ жеріне Исламның келу тарихы жөнінде сөз қозғаған теолог, «Ислам әлемінде әлі күнге дейін кітаптары оқылатын біздің Қазақстаннан шыққан ғұламалардың аттары да бар. Солардың бірі әл-Итқани, солардың бірі әл-Тарази, Сығнақи, Түркістани деген кісі бар. Жақында ғана мен «Ақида Тахауия» кітабының бір шархын (түсіндірмесін) оқып шықтым. Түркістаннан шыққан үлкен ғалым кісі Тахауи ақидасына (ақида деген сенім-наным бөлігі Исламда) сол сенім-нанымда кәдімгі бір трактат жазған. Ол қанша ғасырлар бұрын жазылған дүние әлі күнге шейін Исламда мынау деп қолмен көрсететін кітаптардың бірі» дей келе қазақ жерінен талай ғұламалардың өткенін айтып, жастарды ғылым-білімге, кітап оқуға шақырды.
Сондай-ақ имам, кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап та берді.
Шара соңында Е. Нұғыманов келген қонақтарға, жиналған көпшілік атыннан алғысын айтып, естелік ретінде университеттің имидждік өнімін табыстады.
613
1 желтоқсан күні “Елдік дәрістер”жобасы Филология ғылымдарының докторы, профессор Жақыпов Жантас және Философия ғылымдарының докторы, профессор Иманжүсіп Раушанмен жалғасын тапты. Жантас Алтайұлы “Қазіргі қазақ тілінің ахуалы” тақырыбында сөз сөйлесе, Раушан Иманжүсіп “Путь к Независимости: история репрессий в Казахстане” тақырыбында сөз сөйледі
613
https://instagram.com/qamqor_enu?igshid=MzMyNGUyNmU2YQ==
Халықаралық волонтерлар күніне орай өткен шараларды мына парақшадан көре аласыздар
613
“Қоғам мәдениеті және парасаттағы Алаш өлшемі” тақырыбындағы дәрісімізді бүгін тікелей эфирден де тыңдай аласыздар
14:00
Ғылыми кітапхана, 2 қабат
613
25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы іске қосылғанын хабарлаймыз.
Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:
- қоғамдық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты
8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефон арқылы алуға болады.
613
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 25 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы іске қосылғанын хабарлаймыз.
Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:
- қоғамдық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды
қаласында өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефон арқылы алуға болады.
613
Достар, сұраныстың көптігіне байланысты іріктеу кезеңіне тіркелу жасадық https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdXTs5zNjpTI3vIAHpEtpdcAPeJR7tBoLQG-SwEudlzh2pc-Q/viewform?usp=sf_link
