cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Гүлмира Ілесбай | QMDB

Гүлмира ұстаз

Show more
Advertising posts
2 527
Subscribers
-324 hours
-147 days
-4030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДЕ ӨШІРГІШІҢ БОЛСЫН… Теңін тауып үйленген жігітке батасын берген әкесі оңаша шығарып: – Ақ қағаз, қалам және өшіргіш алып кел,-дейді. - Әке оны не істейсіз? – дегенде: – Айтқанымды істе. Одан кейінгісін сұрама, – дейді. Қалам мен қағаз табады. Бірақ өшіргіш жоқ екен. – Онда, барып сатып алып кел, – деді. Өшіргішті алып келіп, әкесінің жанына отыра кетті. Әкесі: – Ал енді, жаз, – деді. Жігіт бір сөйлем жазды. Енді не істейін дегендей әкесіне қарады. – Жазғаныңды өшір, – деді. Жігіт өшірген соң, қайта жазуды талап етті. Жігіт: – Әке, не қалап отырғаныңызды айтыңызшы, – деді. Әкесі: – Жаз! – деді. Жігіт қайта жазды. – Жазбаны өшір, – деді әкесі тағы. Сосын қайта жаздырды. Жігіт әкесінің бұйрығын бұлжытпай орындауға көшті. Біршама уақыттан соң, барлығына көнген баласына қарап:
- Балам! Отбасылық өмірде өшіргіш ауадай қажет, – деді. Жұбайыңның саған жақпаған сөзі мен әрекетінің ізін жоқ ететін өшіргішің болмаса қиын. Әйеліңе де керек. Сенің бойыңнан көрген ұнамсыз жайттарды өшіретін құралы болуы керек. Әйтпесе, көп өтпей-ақ отбасылық қағаздарың шимайланып толып қалады. Бір-біріңнің кемшілігіңді тізбектеп термеңдер. Бір-біріңді аңдып мін іздемеңдер. Кешірімді де кең болу екеуіңнің өмірлік салтың болсын, – деген екен.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Ең бастысы, кешіре білу. Қажет орында байқамағандай кейіп танытып, келеңсіздіктің алдын алу. Хадис ғалымы Осман бин Зайда:
Мен Ахмед бин Ханбалға «
Амандық он бөліктен тұрса, оның тоғызы байқамағансу
», – дедім. Сонда ол кісі: «
Амандық он бөлік. Оның
баршасы да
байқамағансу»
, – деген еді.
©️ Руслан Қамбар 📚[Үйленбей тұрып үйрен кітабынан]
Show all...
👍 12🔥 2
Ислам ғұламаларының бірі былай дейді: «Бір күні көшеде кетіп бар жатып мынадай оқиғаның куәгері болдым. Көше бойындағы бір үйдің есігі тарс ашылды да, үйдің ішінен кішкентай бала айқайлап жылап, қашып шықты. Баланың артынан анасы айқайлап, ұрысты да есікті тарс жауып, үйіне кіріп кетті. Көздері жасқа толы бала үйінің ауласында біраз жылап отырды да, ойға шомып кетті. Өзін жаңа ғана қуып шыққан үйінен басқа паналайтын үйдің жоқ екендігіне, қанша ұрысса да, дәл өз анасындай жанашыр, мейірбан адамның табылмайтындығына көзі жетіп, аяғын алшақ басып, басы төмен салбыраған күйі үйінің есігін ашпақ болғанда есіктің іштен құлыптаулы екенін көрді.  Мұңайып отырды да, басын үйдің табалдырығына қойған күйі ұйықтап кетті. Кішкене уақыт өткеннен кейін үйден анасы шығып, баласының жағдайын көріп, шыдап тұра алмастан бетінен сүйіп, жылап жіберді де: «Құлыным-ау! Қайда кетпекші болдың? Сені менен басқа кім еркелетіп, құшағына алар еді? Айтқан сөздеріме құлақ асып, маған сөз қайтарма демеп пе едім? Мені тыңдамағаның үшін саған жаза қолдануыма тура келді. Саған тек жақсылықты қалайтынымды білсең ғой...», - деді де, баласын көтеріп, үйіне кіріп кетті. Енді анасының айтқан сөзі туралы ойланыңызшы: «Мені тыңдамағаның үшін саған жаза қолдануыма тура келді. Саған тек жақсылықты қалайтынымды білсең ғой». Ал, енді Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «Алла Тағала құлдарына ананың баласына деген махаббаты пен мейірімінен де артық мейірімді әрі жұмсақ» деген сөзі туралы ойланыңыз. Бүкіл әлемнің иесі болған Алла Тағаланың адам баласына деген  шексіз  мейірімі мен рақымының жанында ананың балаға деген махаббаты мен мейірімі не тұрады?! Келісес бе?
Show all...
25👍 9🥰 2
🔔 Құрметті қыз-келіншектер! 🔔 📌 Сіздерді 08.07.2024 күні Алматы қаласының табиғат аясында өтетін *РУХАНИ ТЕРАПИЯ* - ға шақырамыз! ✨ Ұйымдастырушы: 20 жылдық тәжірибесі бар ҚМДБ ұстазы - *ГҮЛМИРА ІЛЕСБАЙҚЫЗЫ* 😍 📌 Сіздерді не күтеді? - Автобуспен апару және әкелу 🚐 - Тау-асу демалыс орны 🍃 - Рухани білім 📚 - Жаңа таныстық және орта 🫂 - Сурет салу 🎨 - Садақ ату 🏹 - Волейбол ойнау 🏐 - Тамақтану 🥐 - Алау (костер)🔥🏕️ - Ұстазбен сұрақ-жауап 😍 - Атпен серуен (қосымша ақыға!) 🐎 🗓️ *08.07.2024* 📍 *Тау-асу демалыс орны* 🕟 *15:00* 🖇️ Тіркелу ақылы: 20 000 теңге Орын саны шектеулі, керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар! 🙌🏻 📌 Тіркелу үшін 👇🏻 1️⃣ Төмендегі нөмірге каспиде “сообщение получателю” деген жерде аты-жөніңізді толық жазып, ақша аудару 2️⃣ Чекті what’s app-қа жіберу +77015617851 Камила К.
Show all...
1
Үш қонақ айтпай келеді: -Рызық; -Жазмыш; -Өлім; Уа, Алла, рызығымызды адал ет, жазмышымызды көркем ет, біздің жанымызды Сенің разылығыңа бөленген күйде ала гөр.
Show all...
47
Хайыз кезінде Құран оқуға болама? Хайыз кезде нифас кезінде Құран оқымайды!
Show all...
👍 4
🔶Алла Тағала Құдси хадисте: «Пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, олардың Маған ең сүйкімдісі – оған парыз еткен амалдарым. Сонымен қатар пендем Маған нәпіл құлшылықтармен жақындайды да, Мен оны жақсы көретін боламын», – деп айтқан (имам Бұхари).✅ Жұма қабыл болсын🤲📿🕌 #жұма2024
Show all...
31👍 3
«Мұсылманның мұсылман алдында алты ақсы бар: егер кездестірсең сәлем бер, егер шақырған болса бар, егер насихат сұраса насихат айт, егер түшкіріп Алла Тағалаға мақтау айтса, оған жақсылық тіле, егер ауырып қалса, халін сұрап бар, егер қайтыс болса, соңғы сапарға шығарып сал» (имам Мүслим).
Show all...
👍 30 7
Кітап оқудың қандай пайдасы бар? Егер сабырсыз болсаң сабыр жайлы кітап оқы, егер жұбайыңмен қарым-қатынасың нашар болса, отбасы жайлы кітаптарды оқы, бала тәрбиесінде білімің жоқ болса бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқы. Қандай да бір мәселе болса соның шешімі жазылған кітаптар болады. Мұсылман адамға кітап оқу хобби емес, парыз! Шейх Әдһам (хафизахулла)
Show all...
👍 26🤔 3
Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты арттыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын. Отбасыңызға ынтымақ-бірлік, мол дәулет тілеймін. Басыңызға атақ-абырой, бақытты, мәнді өмір тілеймін. Бай-қуатты болыңыздар! Құрбан айт құтты болсын!
Show all...
34🔥 3
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.