en
Feedback
Мизамкөк

Мизамкөк

Closed channel

Сәт сайын есейетін адамның жазбалары.

Show more
207
Subscribers
-124 hours
-17 days
+230 days

Data loading in progress...

Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '260
in 0 channels
August '26
+5
in 0 channels
Get PRO
July '26
+3
in 0 channels
Get PRO
June '26
+6
in 1 channels
Get PRO
May '26
+2
in 0 channels
Get PRO
April '26
+7
in 0 channels
Get PRO
March '26
+2
in 0 channels
Get PRO
February '26
+4
in 0 channels
Get PRO
January '26
+2
in 0 channels
Get PRO
December '25
+4
in 0 channels
Get PRO
November '25
+7
in 1 channels
Get PRO
October '25
+2
in 0 channels
Get PRO
September '25
+11
in 0 channels
Get PRO
August '25
+10
in 1 channels
Get PRO
July '25
+1
in 0 channels
Get PRO
June '25
+2
in 0 channels
Get PRO
May '25
+4
in 0 channels
Get PRO
April '25
+4
in 1 channels
Get PRO
March '25
+5
in 0 channels
Get PRO
February '25
+3
in 0 channels
Get PRO
January '25
+7
in 0 channels
Get PRO
December '24
+7
in 1 channels
Get PRO
November '24
+5
in 0 channels
Get PRO
October '24
+2
in 0 channels
Get PRO
September '24
+5
in 0 channels
Get PRO
August '24
+13
in 0 channels
Get PRO
July '24
+26
in 1 channels
Get PRO
June '24
+11
in 1 channels
Get PRO
May '24
+21
in 1 channels
Get PRO
April '24
+5
in 1 channels
Get PRO
March '24
+16
in 0 channels
Get PRO
February '24
+20
in 2 channels
Get PRO
January '24
+32
in 5 channels
Get PRO
December '23
+12
in 1 channels
Get PRO
November '23
+20
in 2 channels
Get PRO
October '23
+327
in 1 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
08 September0
07 September0
06 September0
05 September0
04 September0
03 September0
02 September0
01 September0
Channel Posts
Түскі астан кейінгі 1 сағатта ұйықтап кетпесең—жеңімпазсың.

2
Бүгін маған кксон журналдан рецезент болуға ұсыныс түсті 🥹. Кәдімгідей "сізді рецезент ретінде таңдадық, келіссеңіз осы мақаланы ай соңына дейін қарап шығыңыз" деп кеп тұр ғой. Бірақ бас тарттым. Өйткені мақала тіл біліміне қатысты. Өзім әдебиеттанушы бола тұра тіл біліміне қатысты мақалаға рецензия жасағым келмеді. Бірақ осы ұсыныс маған кәдімгідей сенім берді. Олардың мені рецезент ретінде таңдағанына әлі қуанып отырмын.
39
3
Күзді біртүрлі өзіме меншіктеп алады екем. Тура бір күзді менен қатты жақсы көретін адам жоқ секілді сезім.
73
4
Соңғы бір айда эмоциялық толқында жүріп мен үйде гүл өсіруді ойладым. Шіркін дедім, үйде гүл өсіріп, оған махаббатыңды үйіп-төксең, ал ол көз алдыңда жайқалса, ғажап емес пе деп. Бірақ оны қайдан аламын, алған күннің өзінде оны отырғызу, оған түбек, топырақ алу дегендер де шаруа ғой кәдімгідей деп, армандадыи да қойдым. Жасауға болады әрине. Бірақ қазір емес дедім. Сөйтіп, бүгін білім күнінде оқушыларымды қарсы алдым. Көп букеттің ішінде бір бөлме гүлі де келді. Жапырақтары үлкен, шоғырланып тұрған әдемі гүл. Ал астындағы түбегі кіп-кішкентай. Өте. Анау түбекте тұра берсе өліп қалатыны анық. Сөйтіп үйге келе жатып, гүл дүкеннің жанындағы "цветочный декор" деген дүкенге кірдім. Сол жерден түбек, топырақ алып, сол жердегі сатушы апайға отырғыздырып алдым. Сөйтіп үйге әкелдім. Ал, бірнеше апта бұрынғы қиялым көз алдымда тұр. Ғажап емес пе.
71
5
Күз құтты болсын 🧡
51
6
Бірақ өстіп түсіндіруім ұнайды маған
75
7
Мен негізі көп сөйлейтін адаммын. Шаш қиюды да осынша ұзақ жазғаныма таңмын. Былай қарасаң үш-ақ сөйлемге сыюшы еді ғой.
73
8
Шашымды қию туралы көптен ойланып жүрмін. Қазір ұзын. Қысқарақ етіп, иықтан сәл-ақ түсіп тұратындай етіп қиғым кеп жүр. Соңғы рет ондай қысқа шаш 22 жасымда болды. Содан бері қысқа етпедім. Беліме жетер-жетпес боп жүрді. Қазір тіпті ұзарып кетті. Беліме жетеді. Бірақ ондай көзің қимайтындай қолаң шаш емес, орташа ұзын. Тап белімнің ортасында. 2021 жылдары бір ауқатты отбасында няня боп жұмыс істедім. Мектепке жұмысқа тұрмай тұрып, магистратураның соңғы курсында. Сол үйдегі үлкен тәте маған "саған қысқа шаш жарасады. Сенің бетіңнің формасы менікіндей. Біздің бетіміз жалпақ. Шетін шашпен жауып жүрсек әдемірек боп жүреміз" дейтін. Бірақ сонда мен онымен келіспейтінмін. Бәрібір ұзын шашым әдемі дейтінмін. Иә, ұзын шашымды қатты жақсы көремін әлі де. Бірақ қазір әлгі тәтенің де сөзіне иланатын сияқтымын. Рас айтқан. Қазір маған қысқарақ шаш көбірек жарасатын секілді. Қиямын. Қиғаннан кейін ұзын шашымды сағынып жылайтынымды қазірден сезем. Бірақ қиямын. Сөйтіп күн сайын үтіктеп, ұшын қайыра бұйралап жүремін. Ал қазіргі ұшын шашымды үтіктеу ұзақ уақыт алады. Жайып жүргенде әбіржіңкіреп кетемін. Сондықтан да шешімім —қию. Қыркүйекке дейін.
74
9
Меніңше, қаншама қиын, күрделі сәттерде үнсіз қалған адам ешқашан өкінбейді. Керісінше, кейде артық айтып қойып, үндемеуім керек деп көбірек өкінетін сияқтымыз.
55
10
Бүгін көптен күтіп жүрген үстаз куиз болды. Барам деп жүргем. Бірақ бүгін таңертең кабинет жинап жүріп, кешке куизға баратынымды ойладым да шаршап кеттім. Таста дедім. Шаршасам ешқайда бармаймын енді. Өзімді таңдап қана емес, тыңдап та үйренейін.
60
11
Шынымен, қазіргі күйімді сипаттай алмаймын. Қалауымды, өзіме әділетті шешім шығарамын. Бірақ ол маған ауыр болады. Жайсыздық, бірақ түпкі күйде жайлылық.
57
12
2026 жыл маған эмоция жағынан ауыр болды. Бәрінен артық жақсы көретін адамдардың көбінен алыстадым. Бірін мен бұрынғыдай жақсы көре алмай қалсам, енді бірі өзі менен алыстады. Әйтеуір отбасымның мүшелерімен де, жақын досыммен де қарым-қатынасыма сызат түсті. Жылдың алғашқы жартысында туыстарыма байланысты көп жыласам, екінші жартысын құрбыма байланысты көп жыладым. Сосын, бүгін ойланып отырып мынаны түсіндім. Неге бәрі осынша өзгеріп кетті десем, мен өзгеріппін биыл. Мен жоқ деп айтуды практикада жүзеге асырыппын. Иә. Қаламаған, маған ыңғайсыз болған сәттердің, ұсыныстардың бәріне жоқ деппін. Қанша жерден маған ауыр болып, жақынымның көңілін қалдырудан қорықсам да жоқ деппін. Қандай қиын сәт болмасын әуелі өзімді таңдаппын. Бұл мен үшін өте жақсы өзгеріс. Жылдың басында ауылға барып келгенде көңілім бұзылып, үйдегілердің бәріне қатты ренжіп келдім. Енді бақсам, егер сонда мен жоқ демегенімде олар да мені ренжітпеуші еді. Ал мен өз қалауымның ауызын жауып қоюшы едім. Содан соң, жақында құрбыммен болған түсініспеушілікті қайта сараптадым. Ол менің тым қатты романтикалық күйіме ашуланады. Сонымнан өмірде опық жерсің деп уайымдайды. Иә, мен оны түсінемін және оның сондай жанашырлығын бағалаймын. Бірақ, себеп ол ғана емес. Оның маған ренжу себептерінің ішінде менің бірнеше күн хабарсыз кеткенім, кейде ол шақырған жерлерге барғым келмегенде жоқ дегенім болды. Мен оған басында ақталдым. Бірақ кейіннен өзімді алдағым келген жоқ. Ақталуға тиісті емес екенімді түсіндім. Қысқасы, жақындарыма да жоқ деп олардың біразынан алыстадым. Әрине, басында қиын болды, тіпті қазір де есіме түссе жылағым келеді, олармен бұрынғы қарым-қатынасымды сағынамын. Бірақ өзіме "ештеңе етпейді, бәрі қалыпқа келеді, бастысы ішкі күйің" деймін. Бұрындары мен жақындарымның көңілін қатты қадірлейтінмін. Ет жақындарым—апам, әпкем, жақын құрбым. Апам мен әпкеме қыстан бері жоқ деп келем. Менен көмек сұрағанда, әлдебір нәрсені жасауымды сұрағанда, ақша сұрағанда жоқ деймін өткен қыстан бері. Ренжіді. Ренжи берсін. Бұрын олар ренжісе жанымды қоярға жер таппай тыпыршып, уайымдап, қатты дегбірсізденетінмін. Сосын жұрттан сұрап болсын тауып беретінмін, қаламасам да жасайтынмын өтініштерін (мысалы, барахолкаға барып пәлен деген затты көрші, қанша екен десе, соны барып көріп келетінмін бар шаруамды тастап. Әйтпесе ренжіп қалады деп). Ал соңғы айларда өзіме ұнамаған, қаламаған нәрселердің бәріне жоқ деймін. Иә, олар ренжиді. Иә, мен жаман күйде боламын. Бірақ бұрынғыдай олардың көңілін табуға тырыспаймын. Мендегі нашар күйдің өтіп кетуін тосамын, өткізіп жіберуге, артық уайымға салынбауға, манипуляцияға ерімеуге тырысамын. Ол өте ұзақ уақытты, энергияны алғанымен мен ризамын.Көңілсіз болсам да өзім қалағандай өмір сүрем. Меніңше, бұл менің табиғатыма сіңді-ау деймін. Мен өзім қаламаған нәрсеге бейсаналы түрде жоқ дейтін боппын. Нәтижесінде адамдардан алыстадым. Түууу, шаршап кеттім түсіндірем деп. Түсіндіңдер ғой. Сол қысқасы. Қазір менде құрбыммен қарым-қатынасым бұзылғаннан кейінгі уайымның аздаған қалдығы бар. Әлі уайымдап қоямын. Осымен бітті ме, сонда менде енді ондай құрбы жоқ па деп сене алмаймын. Маған ауыр тиіп жатқанын сеземін. Бірақ бәрібір өзімді таңдаймын. Егер кінәлі болсам кешірім сұрар едім. Бірақ ешқандай да кінә көріп тұрғам жоқ. Сондықтан да өткеремін. Бұл күйден де өтемін. Бастысы жүрегім тыныш болса болғаны.
63
13
Мен бір жалқау боппын деймін өзіме. Осы апта басталғалы кабинет жинаймын, терезе жуамын деп жүрдім. Күнде жұмысқа барам, істегім келмейді. Істемеймін. Ертең істеймін деп қайтамын үйге. Сөйтіп аптаның жартысы өтіп кеткен ғой. Бүгін таңертең барғаннан кешкі 5 жарымға дейін кабинет жудым. Керек емес қағаз, дәптер бәрін қоқысқа тастадым. Терезелерді жудым, кітаптарымды реттеп қойдым. Ой, қатты шаршадым. Сүйретіліп келдім үйге. Сөйтіп отырып ойландым. Мен үй шаруаларын істеуге сонша жалқау боп кеткем бе, әлде бұл уақытша кезең бе деп. Таңнан кешке дейін кітапханада отырып бірдеңе жазу керек болса бұлай шаршамаймын. Шаршаймын, бірақ бүгінгідей аяқ-қолым ауырып емес. Бірдеңе жазып, оқып шаршағанның жөні басқа. Ол біртүрлі рахатқа бөлейді. Әлде мен бар дофаминді соған тіреп қойғам ба білмеймін. Бірақ сондай бір жеңілдеп, рахаттанып фильм қарағым келеді. Қысқасы, ресурсымды өзім қалағандай жұмсаймын деп шештім. Зерттеу, жазу, бала оқытуға кеткен энергияма риза екем де, басқа жұмыстарға ит жалқау екенмін. Апам мұныма ұрысар еді. Мейлі. Осы күзде ресурсты өттте тиімді пайдалануым керек
62
14
Қыркүйектің алғашқы екі аптасын онлайн оқитын болдық. Бұл да бір құдайдың көмегі шығар, есін жинап алсын деген.
67
15
Прайм эрамда жүргенімді түсініп жүрмін.
72
16
Бұрын осында "бір ұйықтап жүрген секілдімін, бір күні оянатын сияқтымын" деп жиі жазушы едім ғой. Қазір мен ояумын. Қазір өзімнің ояу екенімді, әрбір ісім жеке шешімім екенін түсінемін.
92
17
Аа, айтпақшы, айтуды ұмытып кетіппін ғой. Соңғы екі апта өте нашар апта болды. Мұнда ондай күйде ештеңе жазбадым. Негатив қаптап кетер еді. Өткен екі аптада пмс болғаннан бөлек, жақын бір құрбыммен мүлдем араласпай кеттік. Маған қатты батты. Сонда осылай кете береді ме екенбіз дедім. Күн сайын, әр сәтте "мен жаман құрбы шығармын" деген ойға себеп іздедім. Көөп таптым. Соған өзімді кінәладым. Артынан бәрін қайта ойланып, өзімнің соншалықты жаман адам емес екенімді түсіндім. Бұның да өтетінін, бұл ойлардан да арылатынымды ойладым д басылдым. Мейлі, бір құрбыммен ат құйрығын кесісермін. Өзі соны қаласа мен не істей аламын, жарайды дедім. Бір-екі апта қиналармын, сосын қалпыма келетінімді түсіндім. Міне, екі аптадан кейін қалпыма келдім. Ойлардан арылып келем. Қанша жерден адамды дос тұтып, ет жақының етсеңде күндердің күнінде ол сенен бас тартқанда көнеді екенсің. Бірақ жәй көнбейсің. Әуелі өзіңнен әбден кінә іздейсің, өз табиғатыңа, бұған дейінгі, қазіргі болмысыңа назар саласың. Ештеңе өзгермегенін, тек көзқарастарың әртүрліленіп, оның соны себеп етіп, сені кенеттен бөтен санағанына қатты ренжисің. Бұл жартылай қазаны өткергендей сезім. Рас. Сосын, адам өмірін жалғастыра береді екен. Мейлі, әйтеуір аман болсын. Бұрынғыдай бола ма, болмай ма, білмеймін. Бірақ болмайтын сияқты. Менің анау ит мінезім оған жол бермейтін секілді. Бір ренжіген адамды кешіруім қиын тас едім ғой. Сонымнан қорқам. Қысқасы, қазір маған бәрі де похи. Әркім өз өмірін өзі шешер. Мен де өз өмірімді өзім қалағанша сүремін. Ренжіп, жылармын. Бәрібір бір-екі аптада өзімді жинап алатынымды түсіндім.
95
18
Бәрі де қалыпқа келді. Өзімді бұрынғыдай жақсы сезінемін. Тек адамдармен бетпе-бет сөйлесу қиын боп жүр. Жәй әншейін әңгіме айтып отырғанның өзінде біртүрлі қысылып, сөйлесіп отырған адамымның көзіне көзім түсіп, әйтеуір кіммен сөйлессем де дискомфорт сезініп жүрмін. Ішкі күйім өзіммен өзім қалғанда тып-тыныш та, әлдебіреумен сөйлессем әлгіндей тыпыршып, мазам кетеді. Білмеймін. Әйтеуір өткендегі ішкі қайшылық, іштегі дискомфорт жоқ қазір. Оған да шүкір. Адамдар проблем емес қой. Сөйлескім келмесе сөйлеспей тұра тұрам.
71
19
Құдайдың қашанда жаныңа тілекші адамдарды жинап қоятынына таң қаласың. Кітапханада отырыа магистратурадағы жетекшімд көріп қалдым. Менен ғалым көретін апайым ғой, ұзақ сөйлесіп қалдық. Жүзімнің аздап солғындығын көріп, сұрады. Шынымен де басым солқылдап ауырып тұрған. Айттым. Апайым ғалымдар отыратын кабинеттен кофе мен бауырсақ әкеп, мені ашық терезенің жанына отырғызып кетті ғой. "Кислород жетпей тұрған болар" деп терезені ашып, "ішіп ал" деп жылы жымиды да кетті. Терезеден ескен самалға жүзімді тосып отырып апайым дайындап берген ыстық кофені ішіп алдым. Шынымен де басымның ауырғаны басылып, есімді жиып қалдым. Осылай кенеттен келе қалар қамқорлықтарға қарап қалай сүйсінбейсің.
91
20
Өміріміздің соңына дейін, жоқ жастық шағымызда барлық қабілетімізді ашып, өзіміздің көңіліміз толатындай бола алсақ қандай жақсы.
81