"ГАРМОНИЯ" орталығы
Open in Telegram
Ташкент облыстық "Гармония" тұрғындарға практикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығы. +99897 4100480
Show more356
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Теодор Рузвельт: "Жеңіліссіз жеңіс тұғыры болмайды. Кез келген талпыныстың қателіксіз жүзеге асуы екі талай. Іс жасаған адам міндетті түрде қателіктің дәмін татады. Жеңілістің ащы, жеңімпаздықтың тәтті дәмін татпай, адам шынайы жетістікке жетпейді. Жақсылық жолында қателесу - тұғыры биік абыройлы іс".
Алберт Энштейн: "Өмірде қателесіп көрмеген адам - ешқашан жаңа нәрсе жасап көрмеген адам".
Қайырлы таң! Ырыс, дәулет босағамыздан кетпесін, басымыздан бақ таймасын, өсіп келе жатқан ұл-қызымыздың мерейі үстем болып, дәулетті өмір сүрсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!
2024 жыл 1 март
Шыршық қаласындағы 14-мектеп оқушыларына "Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!" ұранымен кәсіптік бағдар беру мақсатында "Журналистік әдеп және әлеуметтік жауапкершілік" тақырыбында сұхбат өткізілді.
Бұл кездесуде Өзбекстан парламентінің "Халқ сўзи" және "Народное слово" газеттерінің жауапты хатшысы, журналист, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің аға оқытушысы - Усманов Нұрлан Октамұлы;
Өзбекстан парламентінің "Нұрлы жол" газетінің тілшісі, журналист, "Гармония" халыққа психологиялық қызметтер көрсету орталығының жетекшісі - Тешебаева Айгүл Еркінқызы қатысты.
Бүгін Ташкент облысының Шыршық қаласындағы N14 жалпы білім беретін мектепке кездесу өтті.
Шараны мектеп әкімшілігі ұйымдастырып, "Халқ сузи", "Народное слово" газеттерінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов пен "Гармония" орталығының басшысы Айгүл Тешебаеваны қонаққа шақырды. Шара аясында Нұрлан ағай оқушыларға журналист мамандығы туралы кең ақпарат берді, ерекшеліктерін атап өтті. Өзінің шығармашылық және еңбек жолындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Балаларға қандай жағдайда да оқуда озат, бастамашыл, болған дұрыс екенін айтты. Сонымен қатар елімізде жастар үшін өте көп жағдайлар жасағанын тілге тиек етті.
Ал, А.Тешебаева мамандық таңдауда адам өзінің қабілеттерін, қызығушылығын есепке ала отырып, өзінің ұнаған ісімен айналысқанда ғана жетістікке жететінін жеткізді. Өздері қызыққан мамандық таңдауда ең алдымен жан-жақты танысуға шақырды.
Шара өте тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТСІН ДЕСЕҢІЗ...
Бар қасиет баланың бойында оны қоршаған ортаға қарай қалыптасатыны о бастан белгілі. Мұны француздың белгілі қылқалам шебері Милленің шығармашылығынан байқауға болады. Оның суретші болуында өзі туып-өскен Нормандиядағы ауылы Грюшидың сұлу табиғаты мен өскен ортасының ықпалы зор. Мұхиттың жағасы, ауылдағы диқандар мен шаруалардың өмірі баланың мәңгі есінде қалғаны кейіннен байқалады. Милле ержеткенше егіншілікпен айналысатын әкесінің қасында жүреді. Тек бос уақытында ғана сурет сызады. Қылқаламды ол балалығынан қолға алады. Ал оның тәрбиесімен өте дана, ақыл-парасатты әжесі айналысып, жақсы рухани тәрбие береді. Жергілікті діни маманнан хат танып, әлемге әйгілі бір қатар ақын-жазушылардың шығармаларын оқиды. Мұны да оның туындыларынан бірден байқайсыз.
Бала ержеткен соң ол туыс ағасының қолдауымен Шербур қаласында оқуға келіп, сондағы мұражайларды жиі аралайды. Арадан жылдар өткенде арман қуып Парижге келеді. Милле мұнда аты аңызға айналған ЛУВР мұражайын аралап, өзін жан-жақты жетілдіреді. Сол кездегі танымал суретші Делярошадан дәріс алады. Өкінішке орай жас суретші мен Делярошаның жандүниесіндегі ерекшеліктер үйлеспейді.
Нағыз қылқалам шебері, танымал болу оған оңайлықпен келмейді екен. Сызған суреттері ешкімді қызықтырмайды. Күн көру мақсатында өзінің табиғатына жат туындылар сызып, тиын-тебенге сатады. Көрмелерге қатысады. Өкінішке орай мұның да нәтижесі болмайды. Содан соң ол табиғаты тамаша Барбизонға көш аударады. Бұл өлке өзінің туған жерінің табиғаты сынды өте тамаша болғандықтан ауыл өмірін бейнелеген туындылары арқылы замандастарынан оза шабады. Көп жетістікке жетеді. Милле Барбизон мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі болып тарихта қалады. Оның бұл туындыларында кейіпкерлерінің түр әлпеті өте шебер бейнеленген. Кейіпкерлерінің егістіктегі қимылдары мен оларды қоршаған орта да өте керемет көрініс тапқан. Осындай қарапайым суреттерімен-ақ елге танылады.
Мен айтайын дегенім балалықта көрген, естігені үйренгендердің барлығы адам миына сіңгені соншалық оларды кейбір жағдайларда өзгерте алмайсың. Сосын Милле сынды өз жолыңды табуға қиналасың. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші бала өз орнын тапсын десек, оларға салауатты орта қалыптастыру, сұлулыққа баулу қажет екен. Сонымен қатар тек өздері қалаған сала немесе өнермен айналысуына жағдай жасаған дұрыс. Бірақ көпшілік арасында мұнымен келіспейтіндер де табылады. Балаға салсаң білгенін істейді дейтіндер де жоқ емес.
Оларды өзі қаламаған арнаға бұрсаңыз, табиғаты мен икемін есепке алмасаңыз, бала қандай жетістікке жетеді деп ойлайсыз? Бала болашақта тек күн көру үшін ғана еңбек етпей ме? Негізі адам әлемге әйгілі танымал болмаса да, жасаған әр ісі жағымды әсер сыйлауы керек емес пе? Табысы «мол» деп, табиғатына жат жерге тықпалау қаншалықты дұрыс?
Көктемнің алғашқы күні құтты болсын!
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
М.Мақатаев.
Мына видеодан мамандық таңдауда адасқан адамды көруге болады дейтін едім.
1 сыныптың оқушысын осынша төмпештеп несі бар бұл "оқытушының" ? Сабақты орындамаса ұру керек пе? Мүмкін мүмкіндігі болмаған шығар, үйінде ата-анасы қарамаған, көңіл бөлмеген болар. Денсаулығы сыр берген болар, көңілі тоқ болмаса ше? Үйінде жайсыз жағдай болған болуы әбден мүмкін. Баланың бұл затты жасауға қабілеті жетпейтін шығар. Өйткені мектепке келді дегені, бәрін білуі керек, мен айттым ол қағып алуы керек дегені емес қой. Бұдан бірнеше күн алдын балалардың оқу үлгерімі не үшін төмен болатынын жазған едім.
Кейбір балаларда жоғарғы психикалық функцияларында бұзылулар, мидың кейбір бөліктерінде зақымдалған учаскелері болады, оған дұрыс қарым-қатынас жасап, дәрігер, нейропсихолог пен дефектолог комплексте жұмыс жасағанда балада оң өзгерістер болады. Ол белгілі уақыттан соң өзінің қатарластарына жетіп алады.
Ал мына апай, оның басына аямай ұрып-соғуда. 6-7 жастағы бала бұл оқытушы сынды ойлай алмайды қанша ұрса да.
Мен мынадай кездейсоқ мұғалім болғандарды мектептен шығару керек деп санаймын.
Негізі мына мұғалімнің өзіне де психологиялық көмек керек, өкінішті.
#rasmiy_munosabat
⚡️⚡️ Ijtimoiy tarmoqda kichik sinf o‘quvchisini o‘qituvchi tomonidan kaltaklanayotganligi aks etgan video tarqaldi.
Bolalar ombudsmani mazkur holatni o’rganayapti❕
Dastlabki ma’lumotga ko‘ra, Xorazm viloyati Xonqa tumani 36-sonli maktabning boshlang‘ich ta’lim sinf “Mehnat fani” o‘qituvchisi M.A. joriy yilning 23-fevral kuni o‘zi ishlab kelayotgan 36-sonli maktabda 1 “A”-sinf o‘quvchilari (2016-yilda tug‘ilgan) Gʻ.O.(qiz bola), Yu.A. va D.B. (o‘g‘il bolalar)ni dars paytida nazorat ishlarini to‘g‘ri bajarmaganliklari vaji bilan kaltaklagan.
2024-yil 26-fevralda o‘qituvchining bunday noqonuniy harakatlari yuzasidan Xonqa tuman IIB tergovga qadar tekshiruv boshladi.
Tergovga qadar tekshiruv doirasida o‘quvchilar Gʻ.O., Yu.A. va D.B. larga nisbatan sudga oid tibbiy ekspertiza, o‘qituvchi M.A. ga nisbatan sudga oid psixiatriya ekspertizasi tayinlangan.
Bolalar ombudsmani bolaning qonuniy manfaatlarini ta’minlash yuzasidan o‘z kuzatuvini davom ettiradi. Bu borada qo‘shimcha ma’lumot beriladi.
Telegram|Facebook|Instagram|X
Логиканы, моториканы, зейінді дамытатын жаттығуларды үйде балалармен бірге жасаңыз.
Өте қарапайым жаттығу, бірақ нәтижесі керемет.
Мұны кім жасайды, осыдан басқа ісім жоқ па, басқа ойынын ойнай берсінші деген ата-аналарды есіткеміз. Жоғарыда айтқанымдай өте қарапайым жаттығу болып көрінгенімен, мидың оң және сол жақ шарларының белсенділігін арттырады. Соның нәтижесінде ретімен жұмыс жасауды, кеңістікті бақылауды, әр нәрсенің өз орны бар екенін, әртүрлі ракурстан қарауды, шығармашылық әлеуетін арттыруды, эстетиканы, т.б. үйренеді.
https://t.me/psy_consultt
Бақытты аналар - бақытты балаларды тәрбиелейді. Өйткені бала өмірді ананың призмасымен көреді. Анасы өмір ғажап, жақсылыққа толы десе, бала үшін дәл солай. Керісінше айтқанда, бала әлемді қорқынышты, қауіпті деп санайды.
БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ, АНАЛАР!
☀️балалар жарқырауды біледі. Бірақ бұл жарық...
Тек сіздің қолыңызда. Оларға мейір беріңіз.
Шамды жаыңыз. Бүгін. Дәл қазір.
Бүгін - Бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдары күні. Осыған орай ұйымдастырылған шарада Алғыс хат алдым... Еңбегімді бағалағаны үшін Ташкент облыстық УзННТМА басшысы Холматов Иброхим Исроиловичке алғыс айтамын.
🗣Butunjahon nodavlat notijorat tashkilotlari kuni munosabati bilan NNTlar taqdirlandi
⏺27-fevral – Butunjahon nodavlat notijorat tashkilotlari kuni munosabati bilan Oʻzbekiston nodavlat notijorat tashkilotlari milliy assotsiatsiyasi tashabbusi bilan Oʻzbekiston Respublikasi Senati, Adliya vazirligi, Oliy Majlis huzuridagi Nodavlat notijorat tashkilotlarini va fuqarolik jamiyatining boshqa institutlarini qoʻllab-quvvatlash jamoat fondi, Inson huquqlari boʻyicha Oʻzbekiston Respublikasi Milliy markazi va Oʻzbekiston nodavlat notijorat tashkilotlarini qoʻllab-quvvatlash jamot fondi hamkorligida “Yangi Oʻzbekistonda nodavlat notijorat tashkilotlar tashabbuslarini qoʻllab-quvvatlash hamda ijtimoiy masalalarni hal etishda oʻzaro hamkorlik istiqbollari” mavzusida davra suhbati oʻtkazildi.
Мектепте 16 жыл жұмыс істеген болсам, өзге ұлттық өкілдері үнемі белсенді болатын. Одан бері менің мектептен босағаныма он жыл толыпты. Әлі де сол өзге ұлттар белсенді екен.
Топқа балалар жиналды. Таратқандарға рақмет!
3️⃣Айна (отзеркаливание немесе дәл қайталау) - бұл әңгімелесушінің орналасқан жері мен жанашырлығын тудыру үшін оның ым-ишарасын, позасын, сөздерін көшіру. Бұл балаға оны түсінетіндігіңізді, вербалды және вербалды емес түрде көрсету мүмкіндігі.
✔️Дене деңгейінде:
🔘Әңгімелесушінің дене қалпын қайталаңыз
🔘Оның кейбір қимылдарын, ым-ишарасын, мимикасын қайталаңыз
🔘Оның тыныс алуына бейімделіңіз
✔️Эмоциялар мен сөйлеу деңгейінде:
🔘Бірдей жылдамдықпен, ырғақпен, интонациямен сөйлеңіз
🔘Қосылып, сол эмоцияларыңызды білдіріңіз
2️⃣Мен-хабарламамын.
Кез келген қақтығыс жағдайында, ең алдымен, басқаның мінез-құлқы туралы емес, өзіңіздің сезіміңіз бен жағдайға көзқарасыңыз туралы айтыңыз:
"Мен сенің істегеніңе ренжідім", "Менің үйім тәртіпке келгенін ұнатамын", "Мен болған оқиғаға ашуландым".
«Мен» мәлімдемелерін қолдану арқылы сіз құрметтеу кеңістігін жасайсыз және адам арасындағы қашықтықты сақтайсыз. Егер бала сіздің шынайы сезіміңізді білдіргеніңізді көрсе, ол сізді жақынырақ таниды және оған өз сезімдерін білдіру оңайырақ болады.
Балалар сіздің айтқаныңызды тыңдауы үшін олармен қалай сөйлесуге болады? Сіз тиімді қарым-қатынас үлгісінен үйрендіңіз бе?
💡Келесі техникалар сізге көмектесе алады:
1️⃣Белсенді тыңдау техникасы:
✔️Үзіліс: баланың зейінін шоғырландыруға және жауабын құрастыруға уақыт табуға көмектесу үшін жасалынады.
✔️Мақұлдау, мадақтау, мақтау.
✔️Парафраза – естігеніңді өз сөзіңмен қайталау. Оның мақсаты - бұл адамды дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу, сонымен қатар оны білу.
✔️Сезімдердің рефлексиясы, эмпатия: "Қазір... сезіп тұрсың ба?", "Ренжіп қалған сияқтысың ба?", "Сен ренжіген болуың керек". Бекітпеңіз - түсіндіріңіз.
✔️Қорытынды - негізгі ойлар мен мүмкін келісімдер айтылатын әңгімені қорытындылау: "Енді мен не болғанын түсіндім", "Не істеуге болатынын ойланайық", "Келесі жолы келісейік...".
☝🏻Белсенді тыңдау дағдылары баламен ғана емес, кез келген ересек адаммен де тіл табысуға көмектеседі.
https://t.me/psy_consultt
Балалардың зейінін шоғырландыруға, ірі және ұсақ моторикалырын дамытуға, шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар.
