LOOK RIGHT
Open in Telegram
• Адамдарда болу керек құндылықтар мен сезімдер. • Европадағы өмір | Европа халқынан не үйренеміз және не үйрете аламыз? • live stream. @akayrzhanovich
Show moreKazakhstan8 515The category is not specified
893
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
893
Жағдайы төмен елдерге білім жетпей жатыр деп Африка еліне кеткен мұғалім ағамыз еді…
Мүмкін болған Қадір түнінде басқалар үшін өмір сүріп жүрген ағамызға көмектесіп жіберейік🤲🏼
893
Я, Рабби, жасағанымыз барлығын кешір деуге біздің хақымыз жоқ, бірақ Саған кешірген жарасады…
Я, Таууаб..Я, Ғаффар..
893
Періштелердің көп түсінеті сонша, турникетке кезекке тұрғандай кезек болады екен. Осылай таңға дейін жалғасады…
893
Ең болмаса соңғы күндеріне ниетімізді Аллахқа бағыттайық…
Ұстау керек болғаны үшін емес, Рахман үшін. Фарз болғаны үшін емес, Рахим үшін. Тахуа құлдары қатыранан көріну үшін емес, Малик үшін.
Күтетініміз тек Оның разы болғаны. Қалғандары Оның қалауымен ғана.
893
Біз Рамазан айының емес, Аллахтың құлымыз. Барлығы айдың қадірі үшін емес, Аллах үшін.
Сондай кезде ғана бұрынғы күйге қайтіп келмейміз.
893
Аллах бұйырды. Бұйрық астында берді, біз қабылдамай жүрміз.
Мысалы:
тахуалыққа жетіңдер деп Рамазанды берді. Тек асқазанымыз ғана аштықта жүр.
ахляқтарыңды дұрыстаңдар деп намазды берді. Арсыздығымыз басқалар алдында абыройсыз еткен.
Аллах бізге бұйырды, бұйрық астында сый жасарды. Сыйлықты сезбей, бұйрықтан бас тарттық.
Сыйлық бұйрықты тыңдатса да дұрыс емес. Бұйрық бірінші тұру керек. Сый соңында сыйланады.
31:12
893
Өз дініне шақырған досым 3.
(жазбаның жалғасы)
Бір күні маған:
- Сені біздің церковь ұйымдастырып жатырған кешке шақырайын деп едім,-деді. Европаға келгелі церковьқа кіру мен үшін үйреншікті зат болып қалды. Өйткені, бұл жақта церковь құлшылық орнынан бөлек туристік орынға жатады. Бірақ та «кеш» дегенді түсініксіздеу қабылдадым.
- Ол жақта не істейміз?
- Үстел ойындарын ойнаймыз, тәттілер жейміз.
- Мен ойланайын,-дедім абдырап. Басқа дін өкілдерімен танысқанда ойымда «Мұсылмандарға қарап хақ дінді көрулері керек» деген түсінік тұратын. Мүмкін бұл маған берілген мүмкіндік шығар деп:
- Жарайды. Қашан, қайда болу керек?,-дедім қарсы емес екенімді танытып.
- Шынымен келесің бе? Қуанып тұрмын!,-деді көңілімен бөлісіп.
Әлі екі күн уақыт бар. Маған нақты мекен-жайды айтпады. Тек кездесу орынын белгіледік. Екі күн бойы «Үстел ойыны нес? Құлшылық орындарында солай жасайды ма? Сонда діни қызметкерлерімен бірге отырамыз ба?» деген сұрақтар ойымнан кетпей қойды.
Сенбі. Кездесу күні. Одан басқа тағы екі ұл, екі қыз келді. Алтауымыз трамвайға отырып тағайындалған орынға келдік. Есік алдында шамамен 1,5м-лік крест тұр. Қандай жер екені әлі түсініксіз…
Әр адам өзінде бар затты идеал қылып көрсеткісі келеді. Біз үшін Ислам қандай болса, олар үшін өз діндері дәл сондай.
Әр дін өзідерінше бірнәрсе жасап жатыр. Өз миссионерлері бар.
Ал біз жалғыз хақ дінге қандай қызмет көрсетіп жатырмыз?
Жәннәтқа апаратын жалғыз жолда қаншалықты жолбасшы болып жатырмыз?
(жалғасы бар)
893
мораль: ықылас
Жәй ғана университетке бару. Өзімізге қараған жағымен ғана амал жасасақ, зияндамыз. Жолда қанша күнәға кездесеміз, алатын білімді де хайырлы жолға арнауды ниет едпедік.
Ал, егер Аллах «Оқы!» деп бұйырды дегенді алдығы қойсақ, өмірлік білімді де, ахиреттік ұтысты да аламыз, ИншаАлла.
893
Барлығының орының толтыратын тек Аллах және Ол бізге жетеді.
Өзімізді толық Ол үшін арнағанда ғана бізге Көмек болады. Әр істің Аллахқа және өзімізге қараған жағы бар. Оның жағын алдыға шығарамыз, бізге жәрдемдеседі. Артынан өзіміздің жақ да бірге пайдада болады.
Адам ұтысқа Аллахты алдыға шығарғанда ғана жетеді.
«Бисмиллях! Аллаху Акбар!» дейміз. Нәтижесіне Оның қалауымен «Әлхамдулиллах!» айтамыз.
893
Иә, Ардақтымыз, кел ортамызға…
Миғраждан түскеніңдей кел…
Жаратушымызға, Өзіңе, Миғражға иман еттік. Бірақ, бұл түні Сені арамыздан көргіміз келеді…
Миғраждан түскен күйіндей көргіміз келеді…
Я, Расул Алла!
Иә, мүмкін қасымыздасың. Сезіне алмайтындай жағдайда болмағанымыз үшін кешір…
Намазбен сүйіншілегіндей Жаратушыңның разылығымен сүйіншіле…
Пайғамбарымыз келгенде ұялмайтындай күйде болуымызды нәсіп ет, Я, Рабби!
Фатихалар…Яссиндар…
Барлығы Өзің үшін, Я, Мужиб!
893
Түнді қалай өткіземіз?
- Құран оқу. Исра, Нәжм сүрелерінің алғашқы аяттары және Бақара сүресінің соңғы аяттарының тәпсірін оқу.
- Пайғамбарымызға (с.а.с) көп салауаттар айту.
- Қаза, нәпіл намаздар оқу.
- Тафаккур ету. Өзімізге «Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын? Алла менен не қалайды?» деген сұрақтар қою.
- Күнәларіміз үшін шын жүрекпен истиғфар жасау.
- Пайғамбарымыздың (с.а.с) өнеге еткен дұғаларын жасау.
- Үмбет үшін дұға ету.
893
Миғражда Пайғамбарымызға (с.а.с) берілген рухани сыйлар:
1. Бес уақыт парыз намаз. Ихсан дәрежесінде оқылған намаз, үмбеттің миғражы деген сенім.
2. Әмәнәррасул дұғасы (Бақара 285, 286 аяттар)
3. Исра сүресінің 22-39 аяттары. Аяттарда 12 Ислам принциптері баяндалған.
4. Кім Аллаға серік қоспай дүниеден осса, күнәлары кешіріліп, Жәннәтқа кіреді деген сүйінші хабар.
5. Жақсылыққа ниет етіп, оны жасамаса — бір сауап, егер жасаса — он сауап. Ал егер күнәға ниет етіп, бірақ оны жасамаса — ешқандай күнә жазылмайды деген хабар.
6. Әттәхият. Алла мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) өзара сәлемдесу мен әңгімелесуінен алынған сөздер.
893
Қиын сынақтардан кейін Жәннаттық болғандармен бірге, шүкірсіздігіммен олармен бір қатарда болуға ұяламын…
