en
Feedback
Жүрегіме үңілсем... 💓

Жүрегіме үңілсем... 💓

Open in Telegram

Сыр. Жыр. Ойтүрткі. Күнделіктегі шимайлар. Ақын @botakoz_beksary

Show more
789
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Есіме түсіп тұр. Жасаған Иемнің жақсылығы жауғыр,бейнеттен белі босамаған әжемнің иісі-ай!Ауыл дәмі-ай🌸💚Көзді тырналап ашқанымызша болмай, мұрынға сарымайға бөктірілген ыстық нанның иісі келе қалатын да, тұла бойды тінткілеп иіріп әкететін. Пыс-пыс етіп пысылдап тұрған самаурындағы шәйдан бір, қаймағы бетінде билеп жүрген ыстық сүттен бір сіміріп жіберіп, қалтаға әжемнің қатқан #құртынан атып ұрып, мектепке аттанушы едік. Тезек шоғына төңкерілген нан мен майлы құртқа әлі күнге ауызымның суы құрып, әуесім кетеді ше. Ауылд,ата-әжесін,балалық шағын сағынды бір қыз...🤗❤ #ауылымдысағындым #әжемніңиісінде

Есіме түсіп тұр. Жасаған Иемнің жақсылығы жауғыр,бейнеттен белі босамаған әжемнің иісі-ай!Ауыл дәмі-ай🌸💚Көзді тырналап ашқанымызша болмай, мұрынға сарымайға бөктірілген ыстық нанның иісі келе қалатын да, тұла бойды тінткілеп иіріп әкететін. Пыс-пыс етіп пысылдап тұрған самаурындағы шәйдан бір, қаймағы бетінде билеп жүрген ыстық сүттен бір сіміріп жіберіп, қалтаға әжемнің қатқан #құртынан атып ұрып, мектепке аттанушы едік. Тезек шоғына төңкерілген нан мен майлы құртқа әлі күнге ауызымның суы құрып, әуесім кетеді ше. Ауылды,ата-әжесін,балалық шағын сағынды бір қыз...🤗❤

sticker.webp0.11 KB

sticker.webp0.11 KB

"СЕЗІМНІҢ ХАТТАРЫ-8" (Б.Бексары) .Көңіл-күйіңіз бұзылса, мені еске алыңызшы. Көңіл хошыңыз көтеріңкі болғанда да, мені ойлаңыз🖤. Мен сіздің еске алуыңыз арқылы "мәңгілік өмір сүретін" боламын. Үнемі-үнемі еске алып тұрыңызшы, Жаным! ...Махаббат мастығынан ес жиып, жастығым көз жасыма тұншығатын түндерден енді ғана айығып, жаңа өмір бастағым келіп, өмірім мен жүрегіме басқа жанды енді ғана енгізе бергенімде, неге алдымнан Сіз шыға келесіз?! Сіз емес. Сіз жайлы ойларым... Сіз - менің өмірбойғы Кедергімсіз! Өзімшіл, менмен, өзіңізден өзгені ойлауға мүмкіндік бермейтін Кедергімсіз! Сізге деген ып-ыстық іңкәрлігім, сізге деген құмартқан құштарлығымның күші мәңгілікке қайтпай, менің түбіме жетеді ме деп те қорқамын. Жан әлемімді ауырта бермеңізші. Махаббатымды, бұрынғы "Өзімді" өзіме қайтарып беріңізші, өтінем...🍂 © Сәлеммен, Сезім

sticker.webp0.11 KB

sticker.webp0.11 KB

Тәттіден де Тәттіңмін, Алақаның аялайтын ақ гүлмін. "Жаным" десең, күлім көзім жымыңдап, Көңіліңді тоқ қылдым. Ал, кейбірде бұлдана қап, бұртиып, Хошыңды, ерім, жоқ қылдым. Еркеден де Еркеңмін, Сезіміңе балдай, тәтті өртендім. Айтқаныңды екі етпейтін әйәй қыз, Моп-момақан, көркеммін. Ал, кей сәтте бұлқан-талқан шамданып, Үйді асты-үстіне төңкердім. (Ботакөз Бексары)

Тәттіден де Тәттіңмін, Алақаның аялайтын ақ гүлмін. "Жаным" десең, күлім көзім жымыңдап, Көңіліңді тоқ қылдым. Ал, кейбірде бұлдана қап, бұртиып, Хошыңды, ерім, жоқ қылдым. Еркеден де Еркеңмін, Сезіміңе балдай, тәтті өртендім. Айтқаныңды екі етпейтін әйәй қыз, Моп-момақан, көркеммін. Ал, кей сәтте бұлқан-талқан шамданып, Үйді асты-үстіне төңкердім.

Тәттіден де Тәттіңмін, Алақаның аялайтын ақ гүлмін. "Жаным" десең, күлім көзім жымыңдап, Көңіліңді тоқ қылдым. Ал, кейбірде бұлдана қап, бұртиып, Хошыңды, ерім, жоқ қылдым. Еркеден де Еркеңмін, Сезіміңе балдай, тәтті өртендім. Айтқаныңды екі етпейтін әйәй қыз, Моп-момақан, көркеммін. Ал, кей сәтте бұлқан-талқан шамданып, Үйді асты-үстіне төңкердім. Мен ше? Иә, мен - Жүрекпін, Жалғыз мені Жүрегіңе түнеттің. Бал күніміз баяндырақ болсын деп, Маңдайымнан мың өптің. Өзің түгіл, өзім ұқпас жанымды, Кейде жұмбақ түнекпін. Мен ғой, дәл сол Шекер қыз, Махаббатқа мас боп мәңгі өтерміз. Тәтті ойлар мен тәтті арманға шомылған, Шын ғашықтар  Екеуміз. Жолымыздан жаңылтпаса Құдайым, Бір бақытқа жетерміз. (Ботакөз Бексары)