2 582
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-1030 days
Posts Archive
2 582
Мен әлемді көрмеймін сен сияқты,
Сен әлемді көрмейсің мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Бай емеспін сезімге сен сияқты,
Бай емессің төзімге мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Сенің көзің суалмас көл сияқты,
Менің сөзім қуарған шөл сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.
⠀
Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты,
Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты.
Біз екеуміз айтқызбай түсінетін
Жалғыз-ақ сол сияқты.
⠀
— Данияр Жігітбек
2 582
Махаббат пен сенім. Бұл әлемнің қос тірегі іспетті дүниелер.
Құдайдың өзі осы екі сөздің айналасында құралмақ.
Адами қарым қатынас. Сүю және соған сенім арту. Бұл керемет дүниелер.
Сүй. Бұл ерекше бақыт. Жасың үйленер жасқа жеткендіктен емес, сүйгің келгені үшін сүй.
Сендер барда әлем тым түрлі түсті. Көп болыңдар ғашықтар.
Ғашық жандар. Бүгін сендердің күндерің.
— шылғау
2 582
Болашақта балаларымыз дүниеқұмар, ашкөз атанбай өнерге, білімге, мәдениетке сусындап өссін десек, кітапты басты жасау етуді дәстүрге айналдырсақ құба-құп.
— Матайқызы Ділдә
2 582
Жер беті хрусталь ыдыс тәрізді ғажайып құрылым. Ал пенде біткен сүзеген өгіз сынды. Бүлдірмегені жоқ. Олардың ақыл-ойына зұлымдық деген зиянды түйсік кіріп кеткен. Тоқтату мүмкін емес.
— Матайқызы Ділдә
2 582
Әйел нені қалайды дейсің бе? Оның қалауы анау дейтіндей асқақ емес-ті. Сен оны риясыз сүйсең, қамқор болсаң, ертеңіне сенім берсең дейді. Жиырма жылдан кейін бүгінгі көркіне әжім түссе, тастап кетпейтініңе сенімді болғысы келеді. Оның жоқ кезін ғана емес, қасыңда бар боп жүргенін де байқасаң етті. Бауырыңа тартып, маңдайынан иіскеп, құлағына ақырын ғана: "Сен бүгін ерекше сүйкімдісің!" – деу сен үшін түкке тұрмайды, ал ол үшін гүлден де, сыйлықтан да мың есе артық. Кез келген жаста сенің ынтызарлығыңды сезінгісі келеді. Сол үшін бірдеңе деудің де қажеті шамалы, ең әдемі мың сөзден ыстық ықыласпен өртей бір қарасаң да жеткілікті. Ол жаурап, қорыққан кезде құшақта. Өзіңнің мықты екеніңді есіне сал. Бәрі жақсы болатындығына сендір. Сосын, әрине, сүй! Әйелге керегі сол ғана...
— Шынар Әбілда
2 582
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын!
— Бауыржан Момышұлы
2 582
Жанымда жүрші
аласармайтын армандай асқар тауым боп,
шілдедегі аппақ жауын боп.
Сенімен жүрсем -
мынау жалғанда мен көтермейтін ауыр жоқ,
бет қаратпайтын дауыл жоқ.
— Фариза Оңғарсынова
2 582
Неге бұлай?
Неге жүрмін көңілсіз?
Жаным менің жылап жатыр тек үнсіз.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.
Жасырамын назым менен өкпемді,
Бүгінімді, болашақты, өткенді.
Неғыламын шуағы жоқ көктемді?
Құрағы жоқ неғыламын көк белді?!
Тұрағы жоқ неғыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу журіп өткізсем де таңдарды,
Артымда тек шұбатылған шаң қалды.
Білмейсің ғой, сезбейсің ғой мені сен,
Ойымдағыны енді кіммен бөлісем?
— Мұқағали Мақатаев
