cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Korkyt Ata University

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаңалықтары

Show more
Advertising posts
813
Subscribers
-124 hours
-77 days
-2230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

СТУДЕНТЫ ИЗУЧАЮТ МЕТОДЫ ВЫРАЩИВАНИЯ ТОМАТОВ В КЫРГЫЗСТАНЕ Студенты образовательной программы «Аграрные технологии» Кызылординского университета имени Коркыт ата - Жансая Жаксылык, Дина Дильдабаева, Асемай Куттыбаева, Елдана Нуралиева и ассоциированный профессор, доктор философии Нуралы Нургалиев по программе академической мобильности обмениваются опытом в Кыргызско-Турецком университете «Манас» Кыргызской Республики. Студенты участвуют на лекционных и практических занятиях профессорско-преподавательского состава факультета «Сельское хозяйство» по направлениям «Биология-растениеводство», «Подготовка проектов», «Тепличная работа». «По прибытии в Кыргызстан мы наблюдаем за ходом роста различных растений и плодов, получаем о них много информации. Здесь в теплицах выращивают клубнику, рапс, хлопок, новые сорта яблок и различные садовые цветы для озеленения. Подробнее🌍 https://korkyt.edu.kz/ru/article/1272
Show all...
1
СТУДЕНТТЕР ҚЫРҒЫЗСТАНДА ҚЫЗАНАҚ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУДЕ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттері Жансая Жақсылық, Дина Ділдабаева, Асемай Құттыбаева, Елдана Нұралиева және қауымдастырылған профессор, философия докторы Нұралы Нұрғалиев Қырғызстан Республикасының «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда. Бағдарлама аясында студенттер «Ауыл шаруашылығы» факультетіндегі профессор-оқытушылардың биология-өсімдіктану, жоба дайындау, жылыжай жұмысы бағытында лекциялық және практикалық сабақтарында дәріс алып жүр. «Қырғызстанға келгелі әртүрлі өсімдіктер мен жемістердің өсу барысын бақылап, олар туралы көп мәліметтер алудамыз. Бұл жақтың жылыжайларында құлпынай, рапс, мақта, алманың жаңа сорттары мен көгалдандыру үшін әртүрлі бақшалық гүлдерін өсіреді. Толығырақ🌍https://korkyt.edu.kz/article/1272
Show all...
1
Студент Кызылординского университета стал двукратным чемпионом Азии В Астане прошел чемпионат Азии среди боксеров. Среди мужчин в весе до 54 кг в возрасте до 23 лет победил студент образовательной программы «Физическая культура и начальная военная подготовка» Кызылординского университета имени Коркыт ата, мастер спорта международного класса Нурсултан Алтынбек и стал двукратным чемпионом Азии. Нурсултан в финале сразился с монгольским Оюн-Эрденом и одержал явную победу со счетом 5:0. Эта победа Нурсултана вошла в историю страны. Он является первым двукратным чемпионом среди казахстанских боксеров в возрасте до 23 лет. Победителя чемпионата Азии по боксу подготовили заслуженный тренер РК, главный тренер федерации бокса РК – Мырзагали Айтжанов и личный тренер Жамиль Жусуп.
Show all...
1
Қызылорда университетінің студенті екі дүркін Азия чемпионы атанды Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды. Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.
Show all...
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Күміс жастағы азаматтарды 2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» тақырыбында ақысыз негізде интенсивті курсына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: №6 оқу ғимараты, 211-дәрісхана. Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы
Show all...
👍 1
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 – мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай жиын өтті. Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова ерлер қауымын мейрамдарымен құттықтап, лебізін жеткізді. «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген дана сөз бар. Батыр да жаужүрек аталарымыз ел тарихындағы небір сындарлы кезең, қиын замандарда жанқиярлық ерлік көрсете жүріп, бүгінгі бейбітшілік заманның негізін қалыптастырды. Азаматтарымыздың майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбектерінің мәні мен маңызын жастардың зердесіне жеткізу, Отанымызды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалған әкелеріміз бен аталарымызды еске алып, олардың өмір өнегесі мен ерлігін насихаттау – біздің азаматтық парызымыз», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1269
Show all...
3
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында “Экономика және құқық” институты ардагерлерінің мерекелік шарасы өтті. Мақсаты — ардагерлер қызметі кезіндегі тарих пен университеттің дамуы үшін қосқан үлесін сақтауға көмектесу, батылдық, адалдық және патриотизм құндылықтарын болашақ ұрпаққа үлгі ету. Ардагерлермен білім ордасының ынтымақтастығын дамытып, нығайтуға ықпал жасау. Салтанатты кездесуге институттың ардагер ұстаздары, әр жылдағы түлектері, бүгінде құқық қорғау органдары мен түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген білікті мамандар жиналды. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1266
Show all...
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект институты директорының орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1261
Show all...
👍 1
“DAULETTEN” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ! Қордың жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын жыл сайынғы “Білімнің жұлдызы - 2024” жобасы биыл да өз жалғасын табуда. Байқау жеңімпаздары 100.000 теңге көлеміндегі бірреттік шәкіртақыға ие болады. ✅ Жоба шарттары: •Қазақстан Республикасының азаматы болу; •Жас шектеуі: 16-21 (қоса алғанда); •ЖОО бакалавр немесе колледждің тек ақылы бөлімінде оқу; •GPA орташа балы 3.0 жоғары болу; •Соңғы 2 жылда “Білімнің жұлдызы” шәкіртақысын иеленбеу. Жоба 2 кезеңнен тұрады: - өтінімдерді қабылдау - бірыңғай тестілеу 🗓️ Өтінім беру 4 мамыр 09:00-ден бастап, 11 мамыр 23:59-ға дейін www.dauletten.kz сайтында мүмкін болады. 📑 Керекті құжаттар 👇🏻 * Жеке куәлік; •Жетістіктері (Халықаралық/Республикалық/облыстық); * Оқу орнынан мөр қойылған анықтама (сол оқу орнында ақылы бөлімде оқиды деген); * ⁠Оқу үлгерімі жайлы құжат (транскрипт); * ⁠Отбасы жағдайы туралы анықтама (толық емес/көп балалы/мүмкіндігі шектеулі/ аз қамтылған, тсс).
Show all...
👍 1
ЖАЙДАРМАННАН ЖҮЛДЕ АЛДЫ “Qosyl” қалалық жастар орталығының қолдауымен Қызылорда облыстық жайдарман ойындарының финалдық кезеңінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Матриархат” пен “Бренд” құрама командалары жүлделі II-орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясын “Матриархат” құрамасының ойыншысы Сахиева Аяжан жеңіп алды. Университеттің өнерпаз жастарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Show all...
1