en
Feedback
She’s Next. Empowered by Visa

She’s Next. Empowered by Visa

Open in Telegram

Бастаманың үшінші толқыны 2024 жылғы 29 ақпанда басталды 🎉 Третья волна инициативы стартовала 29 февраля 2024 года 🎉 https://shesnext.kz Модератор - @dildazhetpisbek

Show more
8 206
Subscribers
No data24 hours
-397 days
-22330 days
Posts Archive
Завершение работы платформы Shesnext.kz Дорогие участницы, До начала новой волны инициативы, мы останавливаем работу платформы Shesnext.kz. Следите за нашими новостями и анонсами в социальных сетях Visa и Halyk, а также в официальном Telegram-канале инициативы. До новых встреч! С уважением, Команда She's Next

Shesnext.kz платформасы жұмысын аяқтайды Құрметті қатысушылар, Бастаманың жаңа толқыны басталғанша, біз Shesnext.kz платформасының жұмысын тоқтатамыз. Біздің жаңалықтарымыз бен хабарландыруларымызды Visa және Halyk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ бастаманың ресми Telegram-арнасында қадағалаңыз. Кездескенше! Құрметпен, She's Next командасы

Вебинары образовательной программы She's Next Дорогие участницы, По многочисленным просьбам участниц, которые хотели пересмотреть вебинары и глубже погрузиться в изученные темы, мы делимся с вами ссылками для просмотра видео с лекциями. В рамках образовательной программы было опубликовано четыре вебинара, спикерами которых являются казахстанские предприниматели, а также эксперты компаний Visa и Halyk и специалист по кибербезопасности. Вы можете нажать на тему, которая вам интересна, и посмотреть вебинар. Темы вебинаров: - ⁠Бренд-код и коммуникации Спикер: Жулдыз Кожаханова, основательница бренда молочной продукции на основе козьего молока Galamilk. - Маркетинг и основы продвижения малого бизнеса Спикер: Маржан Отеген, основательница сети пекарен Marzhan Otegen. - Продажи и цикл создания продукта Спикер: Инна Апенко, основательница брендов одежды Mimioriki и Global Nomads. - Тайм-менеджмент и баланс между работой и жизнью Спикер: Акмарал Басирова, основательница клининговой компании «Ак Алем». Желаем вам удачи во всех начинаниях! С уважением, Команда She's Next

She's Next білім беру бағдарламасының вебинарлары Құрметті қатысушылар, Вебинарларды қайтадан қарап шығып, тақырыптарды тереңірек түсінгісі келетін қатысушылардың көптеген өтініштері бойынша дәрістердің сілтемелерін ұсынамыз. Білім беру бағдарламасының спикерлері – қазақстандық кәсіпкерлер және Visa мен Halyk компанияларының сарапшылары мен киберқауіпсіздік жөніндегі маман. Сізді қызықтыратын тақырып бойынша вебинарды таңдап, сілтемені басып, дәрісті көре аласыз. Вебинар тақырыптары: - Бренд-код және коммуникациялар Спикер: Жұлдыз Қожаханова, ешкі сүтінің негізінде сүт өнімдерін шығаратын Galamilk брендінің негізін қалаушы. - Маркетинг және шағын бизнесті ілгерілету негіздері Спикер: Маржан Өтеген, «Маржан Өтеген» наубайхана желісінің негізін қалаушы. - Сатылым және өнім жасаудың циклі Спикер: Инна Апенко, Mimioriki және Global Nomads киім брендтерінің негізін қалаушы. - Тайм-менеджмент және жұмыс пен өмірдегі баланс Спикер: Ақмарал Басирова, «Ақ әлем» тазалық компаниясының негізін қалаушы. Барлық бастамаларыңызда сәттілік тілейміз! Құрметпен, She's Next командасы

📣Результаты конкурса She's Next, Empowered by Visa! Дорогие участницы, Вчера состоялся финал третьей волны инициативы She's Next. Empowered by Visa, по итогам которого жюри конкурса определили двух победительниц. 🏆Главный приз в категории "Начинающий бизнес": Жанна Казакбаева 🏆Главный приз в категории "Действующий бизнес": Меруерт Юсупова 🎉Также мы рады сообщить результаты онлайн-голосования. Из 12 финалисток наибольшее количество голосов получили 2 участницы: 🏆Специальный приз в категории "Начинающий бизнес": Жансая Ахметсадық 🏆Специальный приз в категории "Действующий бизнес": Марина Муканова Поздравляем победительниц финала, получивших Главный приз - 7 000 000 тенге, и онлайн-голосования, которые получили Специальный приз - 3 000 000 тенге! *Напоминаем, что результаты онлайн-голосования были пересчитаны по итогу проверки голосов на техническую накрутку. Мы хотим выразить искреннюю благодарность всем финалисткам! Каждая работа была уникальной и вдохновляющей. Мы надеемся, что вы продолжите стремиться к постоянному развитию и находить много новых возможностей проявить себя! 🙌🏻 Вы можете посмотреть и скачать фотографии с финального мероприятия по ссылке. Следите за нашими новостями и анонсами в социальных сетях Visa и Halyk, а также в официальном Telegram-канале инициативы, чтобы не пропустить следующие мероприятия. До скорых встреч! С уважением, Команда She's Next

📣She's Next. Empowered by Visa байқауының нәтижелері! Құрметті қатысушылар, Кеше She's Next. Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының финалы өтті. Оның қорытындысы бойынша қазылар алқасы Бас жүлдеге ие болған екі жеңімпазды анықтады: 🏆"Бастаушы бизнес" санатындағы Бас жүлде: Жанна Қазақбаева 🏆"Қолданыстағы бизнес" санатындағы Бас жүлде: Меруерт Юсупова 🎉 Сонымен қатар, онлайн дауыс беру нәтижелерін қуана хабарлаймыз. 12 қатысушының ішінен келесі 2 қатысушы ең көп дауыс алды: 🏆"Бастаушы бизнес" санатында Арнайы сыйлық: Жансая Ахметсадық 🏆"Қолданыстағы бизнес" санатында Арнайы сыйлық: Марина Муканова Байқаудың финалында Бас жүлде - 7 000 000 теңгеге ие болған және онлайн-дауыс беру кезеңінің Арнайы сыйлығы - 3 000 000 теңгеге ие болған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! *Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру нәтижелері дауыстарды техникалық бұрмалауға тексеру қорытындысы бойынша қайта есептелді. Біз барлық финалистерге шын жүректен алғыс білдіреміз! Әр жоба өзінің ерекшелігі мен шабыттандырарлық қасиетімен әсер қалдырды. Сіздер үнемі дамуға ұмтылуды және өзіңізді әлемге танытудың көптеген жаңа мүмкіндіктерін тауып, пайдалануды жалғастырасыздар деп үміттенеміз! 🙌🏻 Қорытынды іс-шарада түсірілген суреттерді тамашалап, сілтеме арқылы жүктеп алсаңыздар болады. Келешектегі іс-шараларды жіберіп алмау үшін Visa және Halyk Bank әлеуметтік желілері және бастаманың ресми Telegram-арнасындағы жаңалықтарымыз бен хабарландыруларымыздан қапы қалмаңыздар. Келесі кездескенше! Құрметпен, She's Next командасы

photo content
+9

Құрметті қатысушылар, Дауыстарды тексеру барысында дауыстарды бұрмалау үшін техникалық құралдардың пайдалануы анықталды. Онлайн дауыс беру нәтижелері толық тексеру және дауыстарды қайта санау аяқталғаннан кейін жақын арада жарияланады. Шыдамдылық пен түсіністік көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Құрметпен, She’s Next командасы Дорогие участницы, В ходе проверки всех голосов было обнаружено применение технических средств накрутки голосов. Результаты онлайн-голосования будут опубликованы после завершения полной проверки и пересчета голосов в ближайшее время. Благодарим вас за терпение и понимание. С уважением, Команда She’s Next

Онлайн дауыс беру аяқталды! Құрметті қатысушылар, Онлайн дауыс беру кезеңі аяқталды! Баршаңызға белсенді қатысқаныңыз және қатысушыларды қолдағаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ендігі кезеңде біз дауыс беру процесінің адал және ашық түрде өткеніне көз жеткізу үшін барлық дауыстарды мұқият тексереміз. Атап айтқанда, дауыстарды бұрмалау және кез келген басқа да жосықсыз әрекеттер орын алған-алмағанына тексеру жүргізіледі. Егер қандай да бір бұзушылықтар анықталса, ағымдағы нәтиже өзгеруі мүмкін екенін ескертеміз. Онлайн дауыс берудің ресми нәтижесі 14 тамыз күні жарияланады. Құрметпен, She’s Next командасы Онлайн-голосование завершено! Дорогие участницы, Этап онлайн-голосования официально завершен! Мы благодарим всех за активное участие, поддержку и вовлеченность! Теперь, в течение следующих нескольких дней, мы будем тщательно проверять все голоса, чтобы убедиться в честности и прозрачности процесса. В частности, будет проводиться проверка на накрутку голосов и любые другие недобросовестные действия. Предупреждаем, что текущие результаты могут измениться, если будут выявлены какие-либо нарушения. Финальные результаты онлайн-голосования будут опубликованы 14 августа. С уважением, Команда She’s Next

Льготное кредитование от Halyk Информация для участниц, получивших сертификаты об успешном завершении программы обучения в рамках третьей волны инициативы She’s Next Дорогие участницы, Мы рады сообщить, что вы уже можете подать заявку на льготное кредитование. В чем преимущества данного кредитования? 🏦Сумма: до 20 миллионов тенге ⌛️Срок: до 5 лет 🔥Процентная ставка: 8% годовых Условия: ✔️Кредитование доступно для женщин-индивидуальных предпринимателей, юридических лиц (с долей участия в уставном капитале не менее 50%) ✔️Срок приема заявок: до 31.12.2024 ✔️Требуется обеспечение по кредиту: недвижимое и/или движимое имущество, денежные средства, а также гарантия АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» ✔️Наличие сертификата об успешном прохождении образовательного этапа She's Next Чтобы подать заявку, вам нужно: •⁠ ⁠Перейти на сайт Halyk https://halykbank.kz/business/credit/shes-next, ознакомиться с информацией об условиях кредитования, списком требуемых документов, а также адресами отделений Halyk банка в вашем городе для получения подробной консультации. •⁠ ⁠Иметь электронный либо распечатанный сертификат об успешном прохождении образовательной программы She’s Next (с QR кодом). •⁠ ⁠Иметь пакет документов, запрашиваемый банком. Важно иметь в виду, что заем рассматривается согласно внутренней политике банка и решение принимается индивидуально. Желаем вам удачи в развитии вашего бизнеса!

Halyk банкінен жеңілдетілген несиелеу She's Next бастамасының үшінші толқыны аясында оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификат алған қатысушыларға арналған ақпарат Құрметті қатысушылар, Сіздер қазірдің өзінде жеңілдетілген несиелеуге өтініш бере алатындарыңызды хабарлауға қуаныштымыз. Бұл несиелеудің артықшылықтары қандай? 🏦Несие сомасы: 20 миллион теңгеге дейін ⌛️Мерзімі: 5 жылға дейін 🔥Пайызы: 8% жылдық мөлшерлеме Шарттар: ✔️Несиелеу әйелдер – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар (жарғылық капиталға қатысу үлесі кемінде 50%) үшін қолжетімді ✔️Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 31.12.2024 дейін ✔️Несие алу үшін кепілмен қамтамасыз ету қажет: жылжымайтын және / немесе жылжымалы мүлік, ақшалай қаражат, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдігі ✔️She's Next білім беру кезеңінен сәтті өткені туралы сертификат қажет Өтініш беру үшін: • Halyk банктің сайтына https://halykbank.kz/business/credit/shes-next өтіңіз, несие шарттары туралы ақпаратпен, қажетті құжаттар тізімімен танысыңыз, сонымен қатар егжей-тегжейлі кеңес алу үшін сіздің қалаңыздағы Halyk банктің бөлімшелерінің мекенжайларын таба аласыз. • She's Next білім беру бағдарламасынан сәтті өткені туралы электрондық немесе басып шығарылған (QR коды бар) сертификатқа ие болу қажет. • Несиелендіруге қажет тізім бойынша құжаттар қолыңызда болу керек. Қарыз банктің ішкі ережелеріне сәйкес қараластырылып, шешім жеке қабылданатынын ескертеміз. Бизнесіңізді дамыту жолында сәттілік тілейміз!

Онлайн-голосование открыто!   С радостью сообщаем о начале этапа онлайн-голосования Конкурса She's Next! Вы можете поддержать 12 финалисток, отдав свой голос за понравившийся бизнес.   Для этого: 1.⁠ ⁠Перейдите на сайт Конкурса She's Next. 2.⁠ ⁠Откройте раздел голосования. 3.⁠ ⁠Ознакомьтесь с бизнес-идеями участниц. 4.⁠ ⁠Выберите одну участницу, чей бизнес вы хотите поддержать. 5.⁠ ⁠Отдайте свой голос, следуя инструкциям на сайте.   Проголосовать можно только за одну участницу в каждой категории. Убедитесь, что ваш выбор обдуман, так как изменить его будет невозможно.   Онлайн-голосование завершится 11 августа. По итогам голосования будут определены 2 победительницы: 1 победительница в категории «Начинающий бизнес» 1 победительница в категории «Действующий бизнес» Напоминаем, что в рамках честной конкурентной борьбы запрещается использование ботов, иных информационных и технических средств накрутки голосов, а также запрещается любое техническое вмешательство в процесс голосования. Желаем удачи финалисткам! 😊

Онлайн дауыс беру басталды!   She's Next байқауының онлайн дауыс беру кезеңінің басталғаны туралы қуана хабарлаймыз! Өзіңізге ұнаған бизнес идеясына дауыс беру арқылы 12 финалистке қолдау көрсете аласыз. Ол үшін: 1.⁠ ⁠She's Next байқауының сайтына өтіңіз. 2.⁠ ⁠Дауыс беру бөлімін ашыңыз. 3.⁠ ⁠Қатысушылардың бизнес-идеяларын қарап шығыңыз. 4.⁠ ⁠Бизнесін қолдағыңыз келетін бір қатысушыны таңдаңыз. 5.⁠ ⁠Сайттағы нұсқауларды орындай отырып, дауысыңызды беріңіз. Әр санаттан тек бір қатысушыға ғана дауыс беруге болады. Таңдауыңыздың дұрыс екеніне әбден көз жеткізіңіз, өйткені оны өзгерту мүмкін болмайды. Онлайн дауыс беру 11 тамыз күні аяқталады. Дауыс беру қорытындысы бойынша 2 жеңімпаз анықталады: "Бастаушы бизнес" санатындағы 1 жеңімпаз "Қолданыстағы бизнес" санатындағы 1 жеңімпаз Естеріңізге сала кетейік, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін боттарды және дауыстарды бұрмалаудың басқа да ақпараттық және техникалық құралдарын пайдалануға және дауыс беру процесіне техникалық тұрғыдан араласуға тыйым салынады. Финалистерге сәттілік тілейміз! 😊

‼️Онлайн-голосование начнется уже завтра!   Дорогие участницы,   Мы рады сообщить, что проверка и оценка бизнес-планов завершены: 12 финалисток третьей волны инициативы She’s Next определены. Ознакомиться со списком 12 финалисток вы сможете уже завтра на платформе She's Next. Также у вас будет возможность отдать свой голос за ту участницу, чья бизнес-идея вам понравится больше всех. Мы получили большое количество замечательных бизнес-планов и выражаем благодарность всем участницам за то, что смогли подробно раскрыть ваши идеи, проделали большую аналитическую работу и поделились с нами своей мечтой. Мы надеемся, что каждая из вас возьмет что-то полезное для себя из опыта участия в конкурсе. Желаем вам продолжать развивать себя, свои навыки и расширять свои возможности! 😊   Напоминаем, что онлайн-голосование будет доступно с 5 по 11 августа 2024 года на платформе She's Next.

‼️Онлайн дауыс беру ертең басталады! Құрметті қатысушылар, Бизнес-жоспарларды тексеру және бағалау кезеңі аяқталып, She’s Next бастамасының үшінші толқынының 12 финалисі анықталғанын қуана хабарлаймыз. Ертең She’s Next платформасында 12 финалист тізімі және олардың бизнес-идеяларын жария етеміз. Оларға қолдау көрсетіп, бизнес-идеясы сізге ең қатты ұнаған қатысушыға дауыс беруге мүмкіндік аласыз. Бізге көптеген керемет бизнес-идеялар келіп түсті. Барлық қатысушыларға өз идеяларын егжей-тегжейлі ашып, үлкен аналитикалық жұмыс жасағаныңыз үшін және өз арманыңызды айтып бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Әрқайсыңыз байқауға қатысу тәжірибесінен өзіңізге пайдалы білім алдыңыз деп үміттенеміз. Өзіңізді, дағдыларыңызды дамытуды және мүмкіндіктеріңізді кеңейтуді жалғастыра беруіңізге тілектеспіз! 😊 Естеріңізге сала кетейік, онлайн дауыс беру 2024 жылдың 5-11 тамызы аралығында She’s Next платформасында қолжетімді болады.

Этап подачи бизнес-плана завершен! Уважаемые участницы, Сообщаем, что третий этап конкурса She’s Next завершен! Надеемся, что вам удалось подробно раскрыть идею вашего бизнеса и поделиться своими целями по его развитию. В ближайшие дни бизнес-планы пройдут предварительную проверку на соответствие требованиям конкурса, а также будут переданы экспертам She’s Next на оценку. Из всех полученных нами работ они отберут 12 финалисток: 6 участниц из категории «Начинающий бизнес» и 6 участниц из категории «Действующий бизнес». Напоминаем, что следующий этап - онлайн-голосование - будет доступен с 5 по 15 августа на платформе She's Next. А мы желаем вам удачи и уже совсем скоро поделимся списками финалисток конкурса! 😊

Бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңі аяқталды! Құрметті қатысушылар, She's Next байқауының 3 кезеңі аяқталғанын хабарлаймыз! Бизнесіңіздің идеясын егжей-тегжейлі ашып, оны дамытудағы мақсаттарыңызды толықтай жаза алдыңыздар деп үміттенеміз. Алдағы күндері бизнес-жоспарлар байқау талаптарының сәйкестігіне алдын ала тексеруден өтеді және бағалау үшін She’s Next сарапшыларына беріледі. Олар барлық тапсырылған жоспарлардың ішінен 12 финалисті іріктейді: «Бастаушы бизнес» санатынан 6 қатысушы және «Қолданыстағы бизнес» санатынан 6 қатысушы. Естеріңізге сала кетейік, келесі кезең - онлайн дауыс беру - 5-15 тамыз аралығында She's Next платформасында қолжетімді болады. Ал біз сіздерге сәттілік тілейміз! Жуырда финалистердің тізімін жариялаймыз, күтіңіздер! 😊

‼️Бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінің аяқталуына 1️⃣ күн қалды! Құрметті қатысушылар, 18 шілде күні Бизнес-жоспарды әзірлеу модулі жабылады. Ертеңгі күннің соңына дейін (23:59-ға дейін) барлық бөлімдерді толтырып, фотосуретіңізді салып, бизнес-жоспарыңызды тапсыруға үлгеріңіздер. Келесі кезең, She’s Next финалистері арасындағы онлайн дауыс беру 5 тамыз күні басталады. Сәттілік тілейміз! 😊 ‼️До завершения этапа подачи бизнес-плана остался 1️⃣ день! Уважаемые участницы, 18 июля закрывается модуль подачи бизнес-плана. Успейте заполнить все поля и разделы, загрузить своё фото и отправить бизнес-план до завтра до конца дня (до 23:59). Следующий этап - онлайн голосование среди финалисток She’s Next начнётся 5 августа. Желаем вам удачи! 😊

‼️ Этап разработки бизнес-плана открыт Уважаемые участницы, С радостью сообщаем, что этап разработки бизнес-плана открыт. Сроки подачи бизнес-плана: с 8 по 18 июля 2024 года. Чтобы успешно заполнить бизнес-план, советуем вам принять во внимание следующие рекомендации: 1.⁠ ⁠Заполнение бизнес-плана занимает досточно много времени, поэтому не оставляйте это на последний день. Рекомендуем выделить 2-3 дня, чтобы подробно заполнить все разделы. 2.⁠ ⁠Убедитесь, что текст бизнес-плана логично связан и последовательно изложен. 3.⁠ ⁠Перед отправкой убедитесь, что все поля заполнены корректно, так как после отправки бизнес-плана вносить корректировки будет невозможно. Бизнес-планы будут оцениваться экспертами She's Next, которые выберут 12 финалисток проекта по 6 участниц в каждой категории: «Начинающий бизнес» и «Действующий бизнес». Желаем вам удачи! 😊

‼️Бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңі ашық Құрметті қатысушылар, Бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңі ашық екенін қуана хабарлаймыз. Бизнес-жоспарды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 8-18 шілдесін қоса алғанда. Бизнес-жоспарды сәтті толтыру үшін сіздерге мынадай ұсыныстарды ескеруге кеңес береміз: 1. Бизнес-жоспарды толтыру біраз уақыт алады, сондықтан бизнес-жоспарды тапсыруды соңғы күнге қалдырмаңыз. Бизнес-жоспардың барлық міндетті деген жолдарын егжей-тегжейлі толтыру үшін 2-3 күн бөлген дұрыс. 2.⁠ ⁠Бизнес-жоспардың мәтіні логикалық түрде байланысқанына және дәйекті түрде жазылғанына көз жеткізіңіз. 3.⁠ Бизнес-жоспарды жібермес бұрын, барлық жолдарын дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, өйткені бизнес-жоспарды тапсырғаннан кейін түзетулер енгізу мүмкін болмайды. Бизнес-жоспарларды She's Next байқауының сарапшылары бағалап, «Бастаушы бизнес» және «Қолданыстағы бизнес» әр санатынан 6 қатысушыдан жобаның 12 финалисін таңдайды. Сәттілік тілейміз! 😊