cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Orientalist's Notes

Автор: Arsen Shadi (Шығыстанушы-арабтанушы) Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын! #запискиВостоковеда 동양인의 메모 Бізбен байланысу: www.shadi-courses.kz

Show more
Advertising posts
13 177
Subscribers
-724 hours
+577 days
-10630 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViews
Shares
Views dynamics
01
Осымен онлайн-курстарымызға қабылдау жабылды. Алған қатысушылар “Біз үшін дұға етіңізші” деп еді, біз оны әрдайым жасаймыз. Себебі өзіміз сатып отырған курстың адамдарға шынында пайдалы болғанын қалаймыз, ұятқа қалғымыз келмейді. Алладан әрдайым берекесін тілейміз: сатқан бізге де, алған қатысушыларға да. Білім алуды тоқтатпайық, бірге дами берейік. #тіл_біл_оқы_үйрен
4030Loading...
02
10 минут қалды 🥹🏆
330Loading...
03
15 минуттан соң қабылдау жабамыз 🥹
1861Loading...
04
Қабылдау 1 сағаттан соң жабылады ✅ одан кейін төлемдер қабылданбайды ✅
5330Loading...
05
Біреуге көмегің тиген болса, қуан, ма ша Алла, алайда сол себепті өзіңе көп алып қойма. Саған да өзгенің көмегі тиген, сен де өзгелерден көмек алғансың. Өмірде адам басқа бір адамның қызметіне, көмегіне мұқтаж. Алла Тағала солай байлаған бір-біріне. Ешқашан өзгеден көмек алып көрмеппін дей алмайсың… Бір адамды бір адаммен таныстырып жіберіп, екі ортада дәнекер болсаң, қуан, ма ша Алла. Сен себепті бір пайдалы істер шешіліп жатқан болар, дұрыс тірлікте сауаптың үлескері болған шығарсың… Біреу үшін кішкене саусақ ұшын қимылдатқанымызға даңдайсып қалатынымыз бар, біз қазақтың… қанша оқыған-тоқыған азаматтардың да сол бір қасиеті бетіне шығып кете береді. 😅 #ой_түймекке
6687Loading...
06
Қабылдаудың жабылуына 2 сағат қалды (Астана уақытымен) ✅
4340Loading...
07
Қабылдаудың соңғы 7 сағаты қалды ✅
8350Loading...
08
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс кеп тұр екен, еске алып, зерделеп, құрбан болған жандардың рухына Құран бағыштап, дұға етсек құба-құп. Асылында, бұл өте маңызды күндерден. Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол қатарда менің атам - Ахмет те бар еді (رحمهم الله)… Оқыған-тоқыған, текті элитаның бәрін қырып салған, бір қауымның қаймағын сылып алған… қауымға бағдаршам болар азаматтар құрбан болған соң ел жағдайы не болғанын білесіздер… Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды, ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысында орналасқан «Алжир» лагерінде азапталды. Яғни, ондай азаматтардың тегі де мықты болатынын білген, содан түбімен жою үшін отбасылары үшін де арнайы азап жерін дайындап қойған… Масштабты түсініп тұрсыздар ғой, иә?! 31 мамыр — 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні. Ашаршылық қолдан жасалды. Соның салдарынан 1.5 млн. адам қырылды. Біз оның ауыртпалығын қарнымызды сипап отырып мың жерден болса да түсіне алмаймыз, сезіне алмаймыз. Өте еркеміз, бәрі бар заманда болсақ та жылауықпыз… Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Мал - халқымыздың ата кәсібі, шынында, одан басқа тамаша білген кәсібіміз жоқ еді. Байлықты да сол малмен өлшеген халықпыз, енді сол байлықты күшпен тартып алғанда халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Сол кезеңде 200 мың қазақ өзге мемлекетке көшіп кетті, хижрет етті. Оларды “қашқын, сатқын” деп айыптап керек емес, мүлдем дұрыс емес. Отанды сатты дейтіндей олар соғыстан қашқан жоқ. Ондай тар түсінікті қою керек. Өз қандасымызды іштен тебуді доғару қажет. Ашаршылық жылдарында елімізде 1.5 миллионға жуық адам қырылған. Кей деректерде бұл статистикадан да көп екені жазылады. Ойлаңызшы, Қазақстанда түгелімен жоқ болып кеткен ауылдар да бар... Үлкен қасіреттен өткен халықпыз! Соны ұмытпасақ игі! Еске алайық, бүгінімізге шүкір етейік. Құран бетін бір ашып, дұға етейік! #Алла_жар_болсын_елімізге
2 38021Loading...
09
Мына курсқа қабылдаудың соңғы 1 күні қалғанын еске салып қоюда пайда бар деп білеміз. 24 сағаттан соң төлемдер қабылданбайды. ✅
1 4301Loading...
10
Өзіңе қазіргі хәліңмен баға бер. Көп бауырлар байып кетсем ислам дініне ақшамен қызмет етемін деп өзін алдайды, қолына 100$ түссе соны жұмсай алмайды. Адам өз өзіне шыншыл болуы керек. Садақа беру ақшаға байланысты емес, Алла жолында мал мүлікті сарп ету үшін шынайылық пен махаббат керек. Қазіргі хәліңде аз кезінде садақа бере алмасаң, кейін байып кетсең де садақа бере алмайсың. © Шейх Хоолид Хорса (хафизаһулла)
2 51828Loading...
11
Бір жерден оқып қалдым, өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алуды ойлама дейді. Ойға азық. #пайдалы_болсын
3 13342Loading...
12
Бүгін онлайн-курсқа қатысты жарнама салуға еш реті келмеді. 2 күннен соң қабылдау жабылатынын еске салып қоюда пайда бар деп білеміз. Шарттарды орындап, төлем жасаған соң, түбіртегін көрсетілген номерге жіберу керек болады. Түбіртек жіберген соң сабырмен күтуді сұраймыз. Хатыңызға міндетті түрде жауап беріледі. Пайдалы білім болсын! 🌙
2 7610Loading...
13
Курспен танысып, сатып алуды қалаған жағдайда, төлем жасап, түбіртегін көрсетілген номерге жіберіп қоясыз. Жауап алмасаңыз, күте тұрыңыз, таңертең міндетті түрде жауап беріледі. ✅ Тіркелудің 3 күні қалды.
1 1900Loading...
14
إني لأكره أن أرى الرجل سبهللا لا في عمل دنيا ولا في عمل آخرة عمر بن الخطاب رضي الله عنه “Не дүниемен, не ақырет ісімен айналыспайтын бос еркекті жақтырмаймын” Хазіреті Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын)
3 29020Loading...
15
Платформамызда бар курс саны: 11 (https://shadi-courses.kz/allcourses/) Жалпы сабақ саны: 167 Жалпы сағат: 42 сағат Жалпы минут: 2505 минут Қанша жылдық еңбек, өміріміздің бір бөлігі екен. Курсқа қабылдаудың 3 күні қалды, 1-маусым жабылады. Үлгеру үшін осының үстін басыңыз.
2 2563Loading...
16
Жұбаныш, ем, дәрумен, тыныштық, жауап Құранда! Қаншама рет оқып жүрген аяттарға ой жүгірте бермейді екенбіз… Соңғы жағдайларға қатысты “Я, Алла! Көмегің қайда?” деп жар салғандар бар… “Неге сонша қорладың?” Раббымыздың жауабына қараңыз: أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوْا۟ مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ ٱلْبَأْسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلْزِلُوا۟ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصْرُ ٱللَّهِ ۗ أَلَآ إِنَّ نَصْرَ ٱللَّهِ قَرِيبٌ Әлде сендер өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың басына келгендер бастарыңа келместен жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма? Олардың көптеген адам айтқысыз ауыртпалықтарға душар болып, күйзелгені соншалық – пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Алланың жәрдемі қашан келеді?!» – дейтіндей жағдайға жетті. Біле-білсеңдер, Алланың жәрдемі өте жақын! («Бақара» сүресі 2:214) #Палестина_аяқта_соңына_дейін
4 28044Loading...
17
Израиль бұл соғыста түбегейлі жеңілді, ең әуелі ақпараттық-идеологиялық қақтығыста, осыны ұмытпағайсыздар. 2023-тің 7-қазан айынан бері әлем Израильдің шынайы бейнесін көрді, кезінде Израильді қолдайтын топтардың өзі залымдарға қарсы позицияға өтті, 1-2 емес, онмыңдаған жан Ислам дінін қабылдады, жүзмыңдаған адам Ислам туралы іздене бастады. “Нендей күш бұл, қайдан кеп жатқан табандылық? Баласы өліп жатқан адам қалайша ‘Thank You, God!’ деп айтады?” Осыған дейін бүкіл әлем Холокост себепті еврейлерді “жертва” көретін, ғасыр трагедиясын басынан өткергендер ретінде солардың алдында борыштар сезінетін… Әлем еврейлердің алдында кінәлі секілді кейіпте-тін… Енді еврейлер қолындағы ең үлкен “madur” (жертва) қаруынан айырылды. 7-қазаннан бері әлем ояна бастағандай… #Палестина_аяқта_соңына_дейін
5 12135Loading...
18
Дәл қазіргі сәтте Рафахтағы бауырларымыз зұлымдық көріп жатқан кезде, ең азы осы күндері әзіл-сықақ, бос-күлкі нәрселер бөліспесек екен әл.желі парақшаларымызда. Онсыз да ғапілеттеміз ғой! Үмметтің қайғысын өз қайғыңдай көре білу, сезе білу өте маңызды-ақ… Қайдан келді бұл ой? Тарихшаларды қарап отырып Рафахта лағынет атқыр Израильдің шабуылынан кейін өртке оранған адамдарды көрдім, артынша бір “прикол” шықты… осы бір контраст біздің бүгінгі хәліміз. #Палестина_аяқта_соңына_дейін
4 38624Loading...
19
Курспен танысып, сатып алуды қалаған жағдайда, төлем жасап, түбіртегін көрсетілген номерге жіберіп қоясыз. Жауап алмасаңыз, күте тұрыңыз, таңертең міндетті түрде жауап беріледі.
1 8390Loading...
20
— Сеніңкі нендей арабша мынау, йаа?! Баш-ла гөз үстүне. Біздің түріктердің көбінде қанша тырыссақ та ыңғайға келе бермейді, бұлай әдемі шығара алмаймыз… — Еста’фрАлла, хожам… — Жоқ, асыра сілтеп жатқан жоқпын. Мұхаммед, қарашы, - деп араб жігітке қарайды, - арабшасы сенікінен әлдеқайда жақсы, солай ма?! — Иә, ұстаз, фусха таза ғой… — Арсән (түрікшеге келтірген жайым 😁), сендердің елдеріңде бәрі осындай ма? Тіл үйренуге икемдерің жақсы секілді ғой. Ненің әсері болуы мүмкін? Себебі сенде ингилизже бар, фарсыша бар, русша бар, казакчаң затен белгілі, арабчаңа тәнтімін…біз білетіндеріміз осылар сен туралы, ал білмейтініміз қанша шығар… — Валла, хожам, там айта алмаймын, алайда бірнеше тіл білетін жастар көп бізде. Тарихи факторлардан долайы шығар. 37-де руслар біздің қазақ айдынлары - Алаш зиялыларын қырған болатын. Сол, міне, Алаш зиялыларының алды 20 тілге дейін білген. Біздің елде көбіне үлгі моделі ретінде сол тұлғаларға қарайды… — Хаа, нендей гюзәл! Руслар Орта Азияда көп қанды қырғын жасағаны туралы еститінбіз… — Иә, хожам, сол кезеңдер… — Міне, біз үшін өрнек болатын үлгі азаматтар ортамызда бар. Академиялық зерттеулер үшін бізге келгеніңе қуаныштымыз. — Еста’фрАлла, хожам! Алла разы болсын! (с) Мармара университеті, Таяу Шығыс және Ислам өлкелерін зерттеу институты, бүгінгі диалог [түрікше дәмді сездіру үшін осындай стильде жазылды] Өзімнен кейін баратын қазақтар үшін оңды имидж қалыптастырып кеттік, ал (дейін бе). Шетелде жүрген әр қазақтың мойнында үлкен жауапкершілік бар деген қағидадан баз кешпедік. #күн_тәмсілі
3 2677Loading...
21
— Сеніңкі нендей арабша мынау, йаа?! Баш-ла гөз үстүне. Біздің түріктердің көбінде қанша тырыссақ та ыңғайға келе бермейді, бұлай әдемі шығара алмаймыз… — Еста’фрАлла, хожам… — Жоқ, асыра сілтеп жатқан жоқпын. Мұхаммед, қарашы, - деп араб жігітке қарайды, - арабшасы сенікінен әлдеқайда жақсы, солай ма?! — Иә, ұстаз, фусха таза ғой… — Арсән (түрікшеге келтірген жайым 😁), сендердің елдеріңде бәрі осындай ма? Тіл үйренуге икемдерің жақсы секілді ғой. Ненің әсері болуы мүмкін? Себебі сенде ингилизже бар, фарсыша бар, русша бар, казакчаң затен белгілі, арабчаңа тәнтімін…біз білетіндеріміз осылар сен туралы, ал білмейтініміз қанша шығар… — Валла, хожам, там айта алмаймын, алайда бірнеше тіл білетін жастар көп бізде. Тарихи факторлардан долайы шығар. 37-де руслар біздің қазақ айдынлары - Алаш зиялыларын қырған болатын. Сол, міне, Алаш зиялыларының алды 20 тілге дейін білген. Біздің елде көбіне үлгі моделі ретінде сол тұлғаларға қарайды… — Хаа, нендей гюзәл! Руслар Орта Азияда көп қанды қырғын жасағаны туралы еститінбіз… — Иә, хожам, сол кезеңдер… — Міне, біз үшін өрнек болатын үлгі азаматтар ортамызда бар. Академиялық зерттеулер үшін бізге келгеніңе қуаныштымыз. — Еста’фрАлла, хожам! Алла разы болсын! (с) Мармара университеті, Таяу Шығыс және Ислам өлкелерін зерттеу институты, бүгінгі диалог Өзімнен кейін баратын қазақтар үшін оңды имидж қалыптастырып кеттік, ал (дейін бе). Шетелде жүрген әр қазақтың мойнында үлкен жауапкершілік бар деген қағидадан баз кешпедік. #күн_тәмсілі
10Loading...
22
Об оценках приезда шейха Усмана Тахи. Состоявшийся недавно приезд в Казахстан известного саудийского каллиграфа – шейха Усмана Тахи, да сохранит его Аллах, создал различное отношение в отечественном инфополе к данному событию, местами не самое позитивное. С дозволения Аллаха поделюсь с вами некоторыми моими размышления на этот счет. Несмотря на то, что шейха окружили уважением и почетом, как того требуют адабы нашей религии, всё же, имевшаяся чрезмерность и эмоциональность принимавших важного гостя братьев, создали впечатление того, что истинно важным было не его положение в Исламе, хвала Аллаху за это, а его предполагаемая относимость к казахскому народу. И это при том, что в самой Саудии его относят к числу узбеков и бухарцев. В любом случае, акцент на его связи с нашим народом прекрасно учел любовь местных ко всему казахскому. Всевышний Аллах знает лучше, но довольно оживленное обсуждение этнической принадлежности шейха и явно неточный перевод его слов одним нашим братом, постаравшимся вложить в уста зарубежного аксакала как можно больше похвалы в адрес нашего народа и казахской земли, не оставляют у меня иного впечатления. Еще более странным это выглядит на фоне открытия мечети в Шымкенте, куда собственно и был приглашен почтенный шейх, а также назначения туда имамом устаза Ерсіна Әміре, да сохранит его Аллах. Два последних события остались едва замеченными, что, конечно, неправильно, учитывая действительную ученость устаза и важность новой мечети для южного мегаполиса. Все-таки не каждый день в Казахстане имамами мечетей назначают алимов и открывают большие мечети. Два этих события в одно время и в одном месте – чудо Всевышнего Аллаха, которое мы не осмыслили должным образом во всей второстепенной суете. Тем более грустно, что откровенно чрезмерное почитание личности аксакала дало самым разным людям, от безмазхабников до неверующих, повод в очередной раз надсмехаться над местными мусульманами, в основном ханафитами и суфиями. Кто-то из казахоязычных лидеров мнений даже умудрился превратить факт посещения шейхом Тахой мавзолея Ходжа Ахмеда Яссави в довод против псевдосалафитов, хотя речь не шла об истигасе и об акыде как таковой. Почтенный каллиграф в принципе не является ученым в области акыды или тафсира, и уже много времени мирно живет в Саудийском королевстве, которое сделало его своим гражданином. Каких-то заявлений касаемо акыды и мазхаба из его уст здесь не звучало. В общем, есть о чем подумать, чему огорчиться, и над чем работать в дальнейшем.
3 4369Loading...
23
Кері байланыссыз, 10 мың тг-ге төмендегі курстардың бәрін (иә, бәрін бірге), 2 жылдық доступпен алып қалу мүмкіндігі әлі жалғасып жатыр. Тура 1-маусым күні қабылдауды тоқтатамыз. 1. Араб тілі (0-топ); 2. Араб тілі (кіріспе топ); 3. Араб тілі (жалғастырушы топ); 4. Араб тілі (грамматика тобы); 5. Ағылшын тілі (Beginner); 6. Ағылшын тілі (Elementary); 7. Ағылшын тілі (Pre-Intermediate); 8. Түрік тілі (Стамбул пакеті А1); 9. Түрік тілі (2 айлық ескі сабақтар топтамасы); 10. Орыс тілі (1 айлық интенсив); 11. Полиглот курсы (5 сабақтан тұратын интенсив). Бұл сабақтардың жалпы құны 250мың шамасын құрайды. Курсты сатып алмас бұрын толықтай сабақтар мазмұнымен танысып шығуды ұсынамыз: https://shadi-courses.kz/allcourses/ Алуға сенімді болған кезде барып төлем жасаңыз. Төлем үшін реквизит: 4400 4301 5618 1528 (Kaspi карта) +7 701 134 37 38 (Kaspi номер) Арсен Ш. деп шығады Төлем жасаған соң түбіртегін (чек) көрсетілген номерге жіберу керек болады (менеджер тек WhatsApp-та) ✅ #тіл_біл #оқы_үйрен_дамы
4 08978Loading...
24
Басқаның бақытын құнсыздандырма. Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты. Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты. Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма. Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ. Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма. Әркім өз өміріне сай бақытты.
2 63137Loading...
25
Қаламның ұшымен жасалатын еңбек те өте маңызды. Кітап жазатын адамның көбеюі сапаны арттырады. Жақсы, сапалы кітаптар көптеп шықса, оқитын адам саны да көбейеді. “Иқро” әмірі түскен үммет екенімізді ұмытпау ләзім. #пайдалы_болсын
4 17816Loading...
26
“Асылы, жазбауға мүмкіндігің болса, жазба! Жаман жазғаннан жазбаған жақсы! Сонда әлгі бір ар таза тұрады...” (с) Лев Толстой #пайдалы_болсын
4 47823Loading...
27
Тілді YouTube-тан үйренуге болады, дау жоқ. Өз бетінше тұрақты жоспар құрып, сол жоспарына сай жүріп отырса. Алайда курсқа қатысу арқылы сіз үшін жоспар құрып, жүйелеп берген адамның н/е топтың еңбегіне төлейсіз. Сіздің орныңызға ізденіп, құрап, сығып, қажетті форматта жеткізеді. Біз тілден онлайн-курс шығарғанда “Ең жақсы курс бізде” деп айтпаймыз, айта алмаймыз. Өз білетінімізді видео-дәріс қылып жазғанбыз. Бұл жерде тек тіл мәселесі емес, таным мәселесі де бар. Біздің дүниетанымымызға, әлемді көруімізге сай түсірілген, пікірімізге негізделген. Және ең бастысы - дұрыс тілдік негіз қалыптастыруға курстарымыз көмектесе алады, оны ұялмай айта аламыз. TilBil Polyglot атты авторлық кітабымызды оқыған жандар болса, жалпы не жайында әңгіме өрбітіп жатқанымды түсінеді (кітапты KitapAl дүкендер желісінен таба аласыз). Мына жерде қазір бар курстарымызбен таныса аласыз: https://shadi-courses.kz/allcourses/ Осы курстың бәріне тамаша жеңілдік болып жатыр, алайда ол жеңілдікті алу үшін бір шарт бар. Ол үшін инстаграмдағы осы рилсты қараңыз: инста-рилс Жеңілдікпен “дешевка” курстарды ұрып жатқан жоқпыз, шынайы білімге негізделген сабақтарды берудеміз. Бұл жеңілдікке қатысты бөлек жазба шығарамын. #тілбіл #білім_ал #әлемді_таны
4 93112Loading...
28
Үлкеен әлемді өмір бойы тек бір ғана тіл білумен тарылтып алма. #әлеміңді_кеңейт
3 33334Loading...
29
Жұманың берекетімен Шымкент қаласында ашылған жаңа мешіт елге берекелі болсын! Ерсін қари Әміре ұстазымыздың сол мешітке бас имам боп тағайындалуы - күннің керемет жаңалықтарынан. Ал мен кешегі жазбаға қатысты түрлі пікірлер алып үлгергенімді тілге тиек ете кетейін. “Бір қариды қазаққа қимай қалдыңдар ма?”, “Жазбаны жазған адам сол жерде өзі бола алмаған соң көреалмай жазған”, “Пікірі дұрыс емес, керісінше жақсы адамдар мен тамаша тұлғалардың халқымызда көп болғаны жақсы, соларға қарап жастар бой түзейді” ж/е т.б. Мен Осман Тоһә шейхіміздің (حفظه الله) Қазақстанға, оның ішінде менің туған жерім - Шымкентке келгеніне ерекше қуандым. Алланың берекесі! Бірақ жазбаны эмоциямен емес, сау пікірмен оқыған адам не дегім келгенін жақсы түсінеді. Өтірік ұран қажет емес, мәселе сол! Жақсы адамдар мен тамаша тұлғалар көп шыққан халқымыздан, бой түзегісі келетін жастарға үлгі жетерлік. Алайда әлемдік деңгейдегі тұлғаны “қазақ” деп жар салу ұят нәрсе! “Түбіміз бір, бір атаға ораламыз, тегіміз бір” деген сияқты вариант көп қой. Қызық керек болса айтайын, ұятқа қалып та үлгергенбіз. Алланың қалауымен заманымыздың үлкен ғалымы - шейх Мухаммад Аууаманың (حفظه الله) үйінде қонақта болдым. Шейхтің ұлы - Мухиддин Аууамамен (حفظه الله) отқан кезде осы әңгіме қозғалды. “Біздің елде Осман Тоһәны қазақ деп шығарып жатыр” деген кезде шейх Мухиддин Аууама басын шайқады. Себебі олар да Хәләб (Алеппо) қаласынан шыққан, бәрін тамаша біледі. Бұл әңгімеге 3 қазақ куә болғанбыз. “Қазақтың қуанышын көреалмау” деген бос әңгіме, төмен сана. Әдетте осындай әңгімені қазақ үшін бір ши сындырып көрмеген адамдар айтады. Балаңды ғалымдыққа оқытуға, білім алуына жағдай жасауға жоқсың, алайда Айды аспаннан келтіріп жалған ұран іздейсің… Шындап келсек, шейх Осман Тоһәның (حفظه الله) өз фазилетін, қадір-қасиетін біліп жатқандар аз. “Қазақ” деген соң ғана пай-пайлап кетті. “Хаттат” дегенді “Хаттаб” деп… Хаттат - каллиграф деген сөз. Каллиграфия - көркем жазу өнері. Құран әріптерінің хаққысын беріп, әдемілеп жаза алу үшін сан-жылдар беріп оқиды адамдар. Ең азы 8 жыл. “Құранды қолымен жазған” дегенді де дұрыстап түсіндіру керек адамдарға (Құранның авторы деп түсініп кетпесін білмейтіндер, Алла сақтасын). Ztb және басқа да порталдардың пікірлерінен неше түрлі нәрсе көріп үлгердік. “Бұл кісі таза қазақ, қазақша судай сөйлейді” деп жазып қойыпты бір кісі. Өтірік осылай тарқайды екен ғой! “Көреалмаушылық” дегенді таста! Қазақ ретінде мен де қуанбаймын ба егер солай болса?! Арасында бола алмаған соң осылай көреалмай адам пост жаза ма?! Академиялық білім алған соң кез-келген жаңалыққа сыни қараймыз, тексереміз. Біздің елде білім-ғылымда кенжелейтініміз осындайдан, міне! Қалай дамысын? [Жұмаға барып кеп, соның күшімен жазып жатырмын, содан тоқтай алмай қалдым, ал 😂] Кеше жазба шыққан соң Ернар Абзал ұстаз қоңырау шалып, пікірлесіп жатыр. Біздің қазақ пен қырғызда ұлт ретінде комплекс бар деген ой айтты. Ақиқаты сол! Осындай жаңалықтар арқылы “самоутверждение” іздейміз, өзімізді жұбатқымыз келеді. Соңында тағы да қайталап жазайыншы, әйтпесе тар қабылдап жатқан адамдар баршылық. Шейхтің елге келуі тамаша, ма ша Алла, ғажап нәрсе! Мен де елде болсам қасына жақындап қалуға тырысар едім. Менің айтпағым: өтірік ұранды қояйықшы! #панказахизм
4 94524Loading...
30
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) қазақ па? | 2-бөлім Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен. Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін. Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер. Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын. “Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда… Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз! #панказахизм
13 60158Loading...
31
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!) Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ. Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық. [Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️ YouTube сілтемесі Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті. [Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️ YouTube сілтемесі Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?! Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз). “Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған. Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары. Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған. Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?! Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)! Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді. “Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх… Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік. 1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған). 2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан. 3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар. 4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.) 5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар. Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық. Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген. Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂 Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес! Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым). #панказахизм
14 22690Loading...
32
Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін. Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер. Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын. “Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда… Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз! #панказахизм
40Loading...
33
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!) Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ. Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық. [Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️ YouTube сілтемесі Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті. [Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️ YouTube сілтемесі Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?! Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз). “Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған. Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары. Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған. Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?! Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)! Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді. “Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх… Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік. 1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған). 2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан. 3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар. 4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.) 5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар. Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық. Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген. Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂 Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес! Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым). Қорытынды Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен.
10Loading...
34
📚Ізгілерден қалған дана сөз: عُرْسُ الْمُتَّقِينَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ Тақуалардың тойы - қиямет күні”. 🖊️Мәлик ибн Динар. https://t.me/tokhtar_askarov
4 42324Loading...
35
— Өмірде биік мақсаты бар, бос нәрсеге алданбайтын жандардың жанында жүріп өзің де қуат аласың, бой түзейсің. — Ондай адамдарды қайдан таба аламын? — Игі орталардан, білім мәжілістерінен, ілім алқаларынан. — Ондай білім мәжілістері қайда бар? — Естімедің бе, Ыстанбұл қаласында, Әбу Ханифа институтында жазғы 1 айлық курсқа қабылдау ашылды. Арабша білсең, Ислам ілімдерін білікті ұстаздардың алдында отырып игергің келсе, мүмкіндікті пайдаланып қатысып қалсайшы… — Ма ша Алла! Қызық боп кетті, тағы толығырақ айтшы… — Шейхтармен шариғи кітаптар оқисың, бір айдан соң бітіріп курс сертификатын аласың және шейхтар әр оқылған кітаптан ижаза береді. Ойланшы, тамаша мүмкіндік қой, үлкен ғалымдардың тізбегі бойынша ижаза алу деген бақыт қой. — Алла, Алла! Ғажап! Қандай кітаптар оқылады екен? — Ғулумуль Қуран Әл-Кәрим, Әд-дурус Ән-Нәхуия, Әл-Һәдйун-Нәбәуи, Әл-Арбағунә фил-Әхкәм, Манзуматуль-Бәйқуния, Усулуш-Шәши, Әл-Мәсәил Хамсуна фи Усулуд-дин, Тасрихуль-Мантық кітаптары, яғни, түрлі сала бойынша кітаптар оқылады. — Ма ша Алла! Жазда бір айымды осылай пайдалы, сауапты, берекелі іске жұмсағаным күшті емес пе?! Ел көрем, үлкен шейхтармен кездесем, білім дәмін татамын, жақсы ортамен танысамын, берекесін аламын…😍 қатысамын, ин ша Алла! Құны қанша? Қайда тұрамын? — Құны өте номиналды, бар болғаны 100$. Тамақ + жататын жер кіреді. Су тегін ғой, былайша айтқанда. Келіп-кету билетіне + 100$ ақша тапсаң оқуға, бар болғаны сол. Аз шығынмен көп пайда ала аласың. — СубханАлла, расымен су тегін ғой! Мүмкіндікті жібермей, бірден тіркелу керек. Басқа да достарыма айтып сауап алып қалайын. Ыстанбұлда 1 ай бірге ғалымдардың жанында уақыт өткізбейміз бе?! Нығмет қой! 😍 Не істеу керек? — Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіп, форманы толтыру керек ⤵️ https://forms.gle/nEAheHCCTv3b6XcY9 Қосымша сұрақтар болса, WhatsApp номерін де қалдырайын, жазып, тікелей байланысқа шыға бересің ⤵️ http://wa.me/905531880177 Ал мынау телеграм арнасының сілтемесі, нендей жаңалық болса да сонда салады ⤵️ https://t.me/abuhanifamahad — Алла разы болсын, осылай жақсылықты нұсқап, бөлісіп жатқаныңа! Ерекше қуаныштымын! 😍🤝 — Әмин, Алла баршамызға разы болсын! Өзгелерге де хабарлап, бөлісіп қой. Ертең өзің бара алмай қалсаң да, сенің бөлісуің арқылы барған адамның сауабына сен де үлескер бола аласың. #білім #жазды_пайдамен_өткіз #оқы_үйрен_ізден
7 12465Loading...
36
Әрбір жақсы мүмкіндіктің артында қауіп жасырынған. Әрбір қауіптің артында мүмкіндік жасырынған. Бәрі бірге дағдарыс (кризис) деп аталады. Қытай тілінде “кризис” сөзі 2 иероглифтен тұрады: 1) Қауіп; 2) Мүмкіндік. (с) Қасым-Жомарт Тоқаевтің Петербург экономикалық форумындағы сөзінен, 2022 P.s. Сол жылы спич-анализ жасау барысында түртіп алынған сөздер.
6 60643Loading...
37
Жүрместен, қадамыңды жасамастан қалаған жеріңе ешқашан жете алмайсың. (с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан #ғалымдар_өсиеті
8 55975Loading...
38
Алла Тағала әрбір адамның ризығын бөліп, дайындап қойғанын білгенімнен соң, өзге адамға қызғанышпен қарамайтын болдым. Тәуекел - Алланың уәде еткен нәрсесінің міндетті түрде орындалатынына сену. (с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан #ғалымдар_өсиеті
8 186109Loading...
39
Топтар толды. Бұйыртқан жандар алды. Алла берекеден айырмасын. Білім алуды, ізденуді тоқтатпаңыздар. Өз жолыңызды таба алмай жүрсеңіз де қосымша білім алыңыз, ізденіңіз, жол міндетті түрде көрініп бастайды. #күн_жақсы_болсын
6 9758Loading...
40
Енді 6 адам керек, сонымен болды ✅
4690Loading...
Осымен онлайн-курстарымызға қабылдау жабылды. Алған қатысушылар “Біз үшін дұға етіңізші” деп еді, біз оны әрдайым жасаймыз. Себебі өзіміз сатып отырған курстың адамдарға шынында пайдалы болғанын қалаймыз, ұятқа қалғымыз келмейді. Алладан әрдайым берекесін тілейміз: сатқан бізге де, алған қатысушыларға да. Білім алуды тоқтатпайық, бірге дами берейік. #тіл_біл_оқы_үйрен
Show all...
26👍 7🔥 3
10 минут қалды 🥹🏆
Show all...
1
15 минуттан соң қабылдау жабамыз 🥹
Show all...
Қабылдау 1 сағаттан соң жабылады ✅ одан кейін төлемдер қабылданбайды ✅
Show all...
👍 3 1
Біреуге көмегің тиген болса, қуан, ма ша Алла, алайда сол себепті өзіңе көп алып қойма. Саған да өзгенің көмегі тиген, сен де өзгелерден көмек алғансың. Өмірде адам басқа бір адамның қызметіне, көмегіне мұқтаж. Алла Тағала солай байлаған бір-біріне. Ешқашан өзгеден көмек алып көрмеппін дей алмайсың… Бір адамды бір адаммен таныстырып жіберіп, екі ортада дәнекер болсаң, қуан, ма ша Алла. Сен себепті бір пайдалы істер шешіліп жатқан болар, дұрыс тірлікте сауаптың үлескері болған шығарсың… Біреу үшін кішкене саусақ ұшын қимылдатқанымызға даңдайсып қалатынымыз бар, біз қазақтың… қанша оқыған-тоқыған азаматтардың да сол бір қасиеті бетіне шығып кете береді. 😅 #ой_түймекке
Show all...
👍 24 8❤‍🔥 4🤩 2🤯 1
Қабылдаудың жабылуына 2 сағат қалды (Астана уақытымен) ✅
Show all...
3 1
Қабылдаудың соңғы 7 сағаты қалды ✅
Show all...
👍 6😢 2 1 1
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс кеп тұр екен, еске алып, зерделеп, құрбан болған жандардың рухына Құран бағыштап, дұға етсек құба-құп. Асылында, бұл өте маңызды күндерден. Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол қатарда менің атам - Ахмет те бар еді (رحمهم الله)… Оқыған-тоқыған, текті элитаның бәрін қырып салған, бір қауымның қаймағын сылып алған… қауымға бағдаршам болар азаматтар құрбан болған соң ел жағдайы не болғанын білесіздер… Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды, ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысында орналасқан «Алжир» лагерінде азапталды. Яғни, ондай азаматтардың тегі де мықты болатынын білген, содан түбімен жою үшін отбасылары үшін де арнайы азап жерін дайындап қойған… Масштабты түсініп тұрсыздар ғой, иә?! 31 мамыр — 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні. Ашаршылық қолдан жасалды. Соның салдарынан 1.5 млн. адам қырылды. Біз оның ауыртпалығын қарнымызды сипап отырып мың жерден болса да түсіне алмаймыз, сезіне алмаймыз. Өте еркеміз, бәрі бар заманда болсақ та жылауықпыз… Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Мал - халқымыздың ата кәсібі, шынында, одан басқа тамаша білген кәсібіміз жоқ еді. Байлықты да сол малмен өлшеген халықпыз, енді сол байлықты күшпен тартып алғанда халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Сол кезеңде 200 мың қазақ өзге мемлекетке көшіп кетті, хижрет етті. Оларды “қашқын, сатқын” деп айыптап керек емес, мүлдем дұрыс емес. Отанды сатты дейтіндей олар соғыстан қашқан жоқ. Ондай тар түсінікті қою керек. Өз қандасымызды іштен тебуді доғару қажет. Ашаршылық жылдарында елімізде 1.5 миллионға жуық адам қырылған. Кей деректерде бұл статистикадан да көп екені жазылады. Ойлаңызшы, Қазақстанда түгелімен жоқ болып кеткен ауылдар да бар... Үлкен қасіреттен өткен халықпыз! Соны ұмытпасақ игі! Еске алайық, бүгінімізге шүкір етейік. Құран бетін бір ашып, дұға етейік! #Алла_жар_болсын_елімізге
Show all...
126💔 42👍 17🕊 6😢 3💯 2🤯 1🤝 1
Мына курсқа қабылдаудың соңғы 1 күні қалғанын еске салып қоюда пайда бар деп білеміз. 24 сағаттан соң төлемдер қабылданбайды. ✅
Show all...
23👍 7
Repost from Nurbakhyt Aidosuly
Өзіңе қазіргі хәліңмен баға бер. Көп бауырлар байып кетсем ислам дініне ақшамен қызмет етемін деп өзін алдайды, қолына 100$ түссе соны жұмсай алмайды. Адам өз өзіне шыншыл болуы керек. Садақа беру ақшаға байланысты емес, Алла жолында мал мүлікті сарп ету үшін шынайылық пен махаббат керек. Қазіргі хәліңде аз кезінде садақа бере алмасаң, кейін байып кетсең де садақа бере алмайсың. © Шейх Хоолид Хорса (хафизаһулла)
Show all...
185👍 44 9🤩 6🤯 4💯 3🤝 3😢 1