cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

КІТАПТАР ӘЛЕМІ

Кітап - көзі жұмыққа арзан, Көзі ашыққа маржан. Кітап оқу арқылы өміріңізді мәнге толтырыңыз. Кітаптан алған біліміңізді адамдарға жақсылық жасауға жұмсаңыз. Ұлттық әдебиетіміз - әрбір қазақ үшін рухани тірек! Админстратор: @Berdibek_Yusupov

Show more
Advertising posts
430
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
+1030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Ойлап көріңіз! Себебі оған әлі шектеу қойылмаған. Жорж Оруэлл "1984" кітабынан үзінді.
Show all...
👍 2
5
Кітап оқитын адам ұры емес!😜😁
Show all...
10👏 5👍 1🥰 1
7🔥 2👍 1
👏 9👍 2🥰 1
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар! Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?! Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар! Қадыр Мырза әлі
Show all...
9👍 3
Бабамыздың шоқ басқан табанымен Бірдей екен жақсысы жаманымен. Бір жаманы – тынымсыз көше берген, Бір жақсысы – қимаған Даланы кең. Бір жаманы – жел сөзге ерген екен, Бір жақсысы – тілге ерік берген екен. Бір жаманы – кетпенге орашолақ, Бір жақсысы – найзагер, мерген екен! Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан, Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан. Бір жаманы – қыздарын малға сатып, Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан! Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған, Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған. Бір жаманы – үйленіп жеңгесіне, Бір жақсысы – жесірін қаңғытпаған! Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған, Бірде тоңып суықта, бір мұздаған! Бір жаманы – сонда да үй салмаған, Бір жақсысы – абақты тұрғызбаған... // Қадыр Мырза Әли
Show all...
👏 3
Қадыр ақын жырлаған: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарын білмейтін қазақ жоқ. Ақын тілімен: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп те жаздық. Қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудай-ақ айтқан қазақтың қадірлі ұлы Қадыр ақын «Бала тілі бола алмаса ана тіл, ана тілі бола алмайды ешқашан» деп те жырлады. Осы орайда Мұқағали Мақатаевтың «Қадыр - найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы - өзіміз сүйіп отырған дәуір мінездес» деп айтуы шындықтың ауылынан алыс емес. Қадыр Мырза Әли «Күндер-ай» жеке жинағын құрайтын 200-ден астам мәтіннің авторы. Қадыр Мырза Әли қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ол мағыналы және тіл жаттықтыруға арналған жаңылтпаштар мен жұмбақ, мысалдар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер жазды. Ақынның шығармашылығы қазақ орта мектебінің бағдарламасына еніп, жоғары сынып оқушыларына оқытылады. Оның көптеген өлеңдері қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулығына енгізілген. Сондай-ақ, Қадыр Мырза Әлидің туындыларына негізделген пьесалар республикалық театрларда сахналанады.
Show all...
Қадыр ақынды тану – қазақты тану. Өз халқыңды сүю өзгені мансұқтау емес, өз ұлтыңды ұлықтау. Ақын Күләш Ахметованың сөзімен айтсақ: «Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінін-мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын». «Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», – деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Қадыр ағамыз Қаскелеңде мұғалім болған жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа да әдебиеттен сабақ берген. Қадыр Мырза Әли – әдебиеттің барлық жанрында өнімді еңбек еткен тұлға. Дегенмен ол кісі әдебиетпен қатар математика саласына да өте жетік болған екен. Қадыр ақын «Жазмыш» пен «Иiрiм» атты қос бiрдей әдеби мемуарлық кiтабын жазды. Өзінің «Иірім» кітабынан сурет өнеріне бейім болғандығын, студент кезінде Мұхтар Әуезовтің лекциясы үстінде ұстазының суретін салып отырған бала шәкіртке Әуезовтің өзі ризашылық білдірген екен.
Show all...
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді. Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді. Шыдай алмай осыған шыға келсең, Шыда! Шыда! Төзген жөн! Төзгін! – дейді. Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді. Қарашығын Ағы бұл көздің дейді. Шыдай алмай осыған шыға келсең, Шыда! Шыда! Төзген жөн! Төзгін! – дейді. Төзер едің, Ойбай-ау! Еңіретіп, Алтынды мыс, Мысыңды темір етіп, Орманды шоқ, Шоғыңды көмір етіп, Өмір өтіп кетпей ме, Өмір өтіп? // Қадыр Мырза Әли - Өмір пернесі
Show all...
👍 3