ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
Open in Telegram
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары 🇰🇿 🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru 🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress 🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Show more4 932
Subscribers
+524 hours
+37 days
+630 days
Posts Archive
В Казахстане расширяется сеть электрозарядных станций на автомобильных дорогах
На сегодняшний день вдоль основных автомобильных маршрутов страны функционируют 62 электрозарядные станции, расположенные в 13 регионах Казахстана. Их развитие направлено на создание комфортных условий для владельцев электромобилей при передвижении между регионами.
Наибольшее количество станций размещено в Алматинской и Жамбылской областях — по 12, в Акмолинской и Карагандинской — по 8. ЭЗС также работают в Атырауской, области Жетісу, Западно-Казахстанской, Костанайской, Кызылординской, Мангистауской, Павлодарской, Северо-Казахстанской и Туркестанской областях.
В частности, сеть охватывает различные транспортные направления страны. Так на автодороге «Астана - Алматы» функционируют 13 станций, на направлении «Астана – Петропавловск» — 7, на трассе «Алматы – Усть-Каменогорск» — 6.
Особое внимание уделяется развитию зарядной инфраструктуры вдоль международных транспортных коридоров. В частности, вдоль международной автомобильной трассы «Западная Европа – Западный Китай» установлено 19 электрозарядных станций.
Мощность установленных ЭЗС составляет от 60 до 320 кВт, что позволяет владельцам электромобилей планировать поездки по основным республиканским и международным маршрутам.
Работа по дальнейшему расширению сети продолжается. В плане на 2026 год предусмотрено строительство 27 новых автозаправочных станций вдоль автомобильных дорог международного и республиканского значения, которые предусматривают размещения электрозарядных станций. В частности, вдоль трассы «Западная Европа – Западный Китай» планируется установка 7 ЭЗС.
Министерство транспорта совместно с организациями дорожной отрасли и местными исполнительными органами проводит работу с частными инвесторами и владельцами объектов придорожного сервиса по строительству новых объектов и приведению действующих в соответствие с требованиями Национального стандарта.
🛣️Қазақстанда автомобиль жолдарындағы электр көліктерін қуаттандыру станцияларының желісі кеңейіп келеді
Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Станциялардың ең көп саны Алматы және Жамбыл облыстарында — 12-ден, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарында — 8-ден орналасқан. ЭҚС Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан жәнеТүркістан облыстарында да жұмыс істейді.
Атап айтқанда, желі елдің әртүрлі көлік бағыттарын қамтиды. Мысалы, «Астана – Алматы» автожолында 13 станция, «Астана – Петропавл» бағытында 7, «Алматы – Өскемен» трассасында 6 станция орналасқан.
Халықаралық көлік дәліздері бойында зарядтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойында 19 электр зарядтау станциясы орнатылған.
Орнатылған ЭҚС-тардың қуаты 60-тан 320 кВт-қа дейінгі аралықты құрайды. Бұл электромобиль иелеріне негізгі республикалық және халықаралық бағыттар бойынша сапарларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
ЭҚС желісін одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 27 жаңа автожанармай құю станциясын салу көзделген, ал электр көліктерін қуаттандыру станцияларын сол жоспарланған нысандарда орналастыру қарастырылған. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында 7 ЭҚС орнату жоспарлануда.
Көлік министрлігі жол саласындағы ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салу және қолданыстағыларды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру мәселелері бойынша жол бойындағы сервис нысандарының жеке инвесторлары мен иелерімен жұмыс жүргізуде.
🏢В Туркестанской области завершена реконструкция вокзала станции Сарыагаш
В Туркестанской области завершена реконструкция железнодорожного вокзала станции Сарыагаш. Модернизация вокзала проведена в рамках программы обновления железнодорожных вокзалов страны, реализуемой по поручению Главы государства.
В ходе реконструкции обновлены пассажирские и служебные помещения, инженерные коммуникации, кровля и прилегающая территория. На фасаде установлены долговечные фиброцементные панели, цоколь облицован гранитной плиткой казахстанского производства. Алюминиевые витражи с энергосберегающими стеклопакетами заменили прежнее остекление.
Внутри вокзала выполнена новая отделка с использованием износостойких и негорючих материалов, обновлены напольные покрытия, потолки и инженерные сети. Полностью заменена кровля с современной теплоизоляцией.
После реконструкции вокзал соответствует современным требованиям к комфорту, безопасности и энергоэффективности.
Ежесуточный пассажиропоток вокзала Сарыагаш - около 255 пассажиров. Через станцию проходят 10 пассажирских поездов, следующих в Алматы, Шу, Тараз, Шымкент, Кызылорду, Актобе и Кандыагаш, а также в города России и Узбекистана.
🏢Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан елдің теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
Қайта жаңғырту барысында жолаушылар және қызметтік бөлмелер, инженерлік коммуникациялар, шатыр және оған іргелес аумақ жаңартылды. Қасбетте ұзақ мерзімді фиброцемент тақталары орнатылған, жертөле қазақстандық өндірістің гранит плиткаларымен қапталған. Энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар алюминий витраждар бұрынғы әйнектермен алмастырылды.
Вокзал ішінде тозуға төзімді және жанбайтын материалдарды пайдалана отырып, жаңа әрлеу жасалды, еден жабындары, төбелер және инженерлік желілер жаңартылды. Заманауи жылу оқшаулағышы бар шатыр толығымен ауыстырылды.
Қайта құрудан кейін вокзал жайлылыққа, қауіпсіздікке және энергия тиімділігіне қойылатын заманауи талаптарға сай келеді.
Сарыағаш вокзалының тәуліктік жолаушылар ағыны 255 жуық адам. Станция арқылы Алматы, Шу, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Қандыағаш қалаларына, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстан қалаларына баратын 10 жолаушылар пойызы өтеді.
Repost from UKIMET
+3
📌 Исполнение Послания Президента: транспорт обеспечивает 6,1% ВВП, расширяет международные коридоры и укрепляет транзитный потенциал
В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных в Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию», Правительство продолжает развитие транспортно-логистической отрасли. Работа охватывает автомобильные и железные дороги, авиацию, морскую инфраструктуру, международные коридоры и цифровые сервисы.
📈 Транспорт формирует около 6,1% ВВП страны
За последние пять лет валовая продукция отрасли увеличилась почти в три раза и превысила 14 трлн теңге. Рост обеспечивается развитием перевозок, модернизацией инфраструктуры и расширением транзитных возможностей Казахстана.
✈️ Международная авиасеть расширена до 161 маршрута
Казахстан связан прямым авиасообщением с 32 странами, уровень соответствия стандартам безопасности ИКАО достиг 95,7%. Продолжается модернизация аэропортов, до конца 2026 года планируется завершить строительство новых воздушных гаваней в Зайсанском и Катон-Карагайском районах и курортной зоне Кендерли.
🛣 Около 11 тыс. км дорог охвачено строительством и ремонтом
В 2026 году строится 3,4 тыс. км, ремонтируется около 5 тыс. км республиканских и 2,4 тыс. км местных дорог. Реализация новых магистралей позволит сократить время доставки грузов по маршруту Китай – Европа через Казахстан до трех суток.
🚆 Около 5 тыс. км железных дорог построено и модернизировано за пять лет
Объем транзитных перевозок достиг 33 млн тонн. Параллельно продолжается строительство новых линий, обновляется подвижной состав и реализуется реконструкция 124 вокзалов, на 100 из которых работы уже завершены.
⚓️ Перевозки по Транскаспийскому маршруту выросли в 5,6 раза
За пять лет объем перевозок увеличился с 800 тыс. до 4,5 млн тонн. Мощность морских портов Казахстана планируется увеличить с 21,8 млн до 30 млн тонн к 2030 году, продолжается развитие портов Актау и Курык.
💻 Транспортная отрасль переходит на цифровые платформы
Развиваются системы E-Joldar и Smart Cargo, цифровой контроль транспортных потоков и интеллектуальные логистические решения. Отдельный акцент сделан на мультимодальных перевозках, применении ИИ и ускоренном прохождении грузов по принципу «зеленого коридора».
🟦Модернизация транспортной отрасли объединяет развитие дорог, железнодорожной сети, авиации, портов и цифровых сервисов. Эти меры расширяют пропускную способность инфраструктуры, ускоряют перевозки и укрепляют транзитный потенциал Казахстана.
🔎 О ключевых результатах исполнения поручений Президента в транспортной сфере — в обзоре редакции PrimeMinister.kz.
📱 @KZgovernment
Repost from UKIMET
+4
📌 Президент Жолдауын жүзеге асыру: көлік саласы ЖІӨ-нің 6,1%-ын қамтамасыз етіп, халықаралық дәліздерді кеңейтуде және транзиттік әлеуетті нығайтып келеді
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында көлік-логистика саласын дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс автомобиль және теміржол инфрақұрылымын, азаматтық авиацияны, теңіз инфрақұрылымын, халықаралық көлік дәліздерін және цифрлық қызметтерді қамтиды.
📈 Көлік саласы еліміздегі ЖІӨ-нің шамамен 6,1%-ын қалыптастырып отыр
Кейінгі бес жылда саланың жалпы өнімі үш есеге жуық өсіп, 14 трлн теңгеден асты. Өсім тасымал көлемінің артуы, инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қамтамасыз етілуде.
✈️ Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін кеңейді
Қазақстан 32 елмен тікелей әуе қатынасына ие, ал авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.
Бүгінде әуежайларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
🛣 11 мыңға жуық шақырым автомобиль жолы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды
2026 жылы 3,4 мың шақырым жол салынып, республикалық маңызы бар 5 мың шақырымға жуық және жергілікті маңызы бар 2,4 мың шақырым жол жөнделуде.
Жаңа магистралдарды жүзеге асыру Қытай – Еуропа бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк жеткізу уақытын үш тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
🚆 Кейінгі бес жылда шамамен 5 мың шақырым теміржол салынды және жаңғыртылды
Транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар жаңа теміржол желілерінің құрылысы жалғасып, жылжымалы құрам жаңартылуда.
Теміржол вокзалдарын жаңғырту аясында 124 нысан қайта жаңартылуда. Оның ішіндегі 100 вокзалда жөндеу жұмыстары аяқталды.
⚓️ Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 5,6 есеге артты
Соңғы бес жылда тасымал көлемі 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін өсті.
2030 жылға қарай Қазақстан теңіз порттарының өткізу қуатын 21,8 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ақтау және Құрық порттарын дамыту жұмыстары жалғасуда.
💻 Көлік саласы цифрлық платформаларға көшуде
E-Joldar және Smart Cargo жүйелері, көлік ағындарын цифрлық бақылау және интеллектуалды логистикалық шешімдер дамып келеді.
Мультимодальды тасымалдарды дамытуға, жасанды интеллект технологияларын қолдануға және жүктерді «жасыл дәліз» қағидаты бойынша жедел өткізуге ерекше мән берілуде.
🟦Көлік саласын жаңғырту автомобиль және теміржол желілерін, авиацияны, порттарды және цифрлық қызметтерді кешенді дамытуды көздейді. Бұл шаралар инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттырып, тасымалдарды жеделдетуге және Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
🔎 Президенттің көлік саласы бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы мен негізгі нәтижелері туралы PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.
📱 @KZgovernment
🎥Новые дороги, интернет в пути, современные кемпинги и санитарные зоны — председатель Комитета автомобильных дорог Толеген Абдуллин рассказал El.kz, как дороги Казахстана меняются на глазах
🎥Новые дороги, интернет в пути, современные кемпинги и удобства для путешественников — председатель Комитета автомобильных дорог Толеген Абдуллин рассказал El.kz, как дороги Казахстана меняются на глазах
🌉КаздорНИИ начал комплексное обследование Центрального моста в Атырау
АО «КаздорНИИ» приступило к комплексному инструментальному обследованию Центрального моста в Атырау. Специалистам предстоит оценить текущее техническое состояние сооружения протяженностью 260 метров и определить условия его дальнейшей безопасной эксплуатации.
В рамках обследования проводятся геодезические измерения, определяется прочность бетона, проверяется состояние опорных частей и других конструктивных элементов моста. Такой комплекс работ позволит выявить возможные деформации и получить объективные данные о фактическом состоянии сооружения.
Для более детального анализа специалисты КаздорНИИсоздают цифровой двойник моста. Цифровая модель объединит результаты измерений и обследований, позволит провести проверочные расчеты, проанализировать работу отдельных элементов и спрогнозировать поведение конструкций при различных нагрузках. Далее цифровой двойник будет интегрирован в Систему управления эксплуатацией мостов (СУЭМ). Это позволит систематизировать сведения о техническом состоянии сооружения, учитывать результаты обследований и использовать накопленные данные при планировании дальнейших эксплуатационных мероприятий.
«Центральный мост имеет важное значение для транспортной системы города. Решение местных исполнительных органов провести его комплексное обследование показывает понимание того, что эксплуатация таких объектов требует научно обоснованного подхода. Инструментальные исследования, испытания и инженерные расчеты позволят получить объективную картину состояния сооружения и определить необходимые дальнейшие меры»,- отметил директор Департамента мостовых сооружений, диагностики и безопасности автомобильных дорог АО «КаздорНИИ» Шалкар Кайсар. Одним из ключевых этапов станут динамические испытания. Они позволят оценить фактическую работу конструкций под воздействием эксплуатационных нагрузок и сопоставить полученные показатели с расчетными параметрами. По итогам комплексного обследования, испытаний и проверочных расчетов КаздорНИИ подготовит техническое заключение. В документ войдут оценка текущего состояния Центрального моста и рекомендации по его дальнейшей безопасной эксплуатации.
🌉ҚазжолҒЗИ Атыраудағы Орталық көпірді кешенді тексеруді бастады
«ҚазжолҒЗИ» АҚ Атырау қаласындағы Орталық көпірді кешенді тексеруге кірісті. Мамандар ұзындығы 260 метр болатын нысанның қазіргі техникалық жай-күйін бағалап, оны әрі қарай қауіпсіз пайдалану шарттарын айқындайды.
Тексеру аясында геодезиялық өлшеулер жүргізіліп, бетонның беріктігі анықталады, тірек бөліктері мен көпірдің басқа да конструкциялық элементтерінің жай-күйі тексеріледі. Кешенді жұмыстар ықтимал деформацияларды анықтауға және құрылыстың нақты жағдайы туралы объективті деректер алуға мүмкіндік береді.
Егжей-тегжейлі талдау жүргізу үшін ҚазжолҒЗИ мамандары көпірдің цифрлық көшірмесін әзірлеуде. Цифрлық модель өлшеулер мен тексерулердің нәтижелерін біріктіріп, бақылау есептерін жүргізуге, жекелеген элементтердің жұмысын талдауға және әртүрлі жүктемелер кезіндегі конструкциялардың жай-күйін болжауға мүмкіндік береді.
Цифрлық көшірме Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесіне (КПБЖ) енгізіледі. Бұл нысанның техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді жүйелеуге, жүргізілген тексерулердің нәтижелерін жинақтауға және алынған деректерді алдағы пайдалану іс-шараларын жоспарлау кезінде қолдануға мүмкіндік береді.
«Орталық көпір қаланың көлік жүйесі үшін маңызды нысан болып саналады. Жергілікті атқарушы органдардың оны кешенді тексеру туралы шешімі мұндай құрылыстарды пайдалану ғылыми негізделген тәсілді қажет ететінін түсінетінін көрсетеді. Зерттеулер, сынақтар мен инженерлік есептеулер нысанның қазіргі жай-күйін объективті бағалауға және алдағы уақытта қабылдануы тиіс шараларды айқындауға мүмкіндік береді»,- деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Көпір құрылыстары, автомобиль жолдарының диагностикасы және қауіпсіздігі департаментінің директоры Шалқар Қайсар. Жұмыстың негізгі кезеңдерінің бірі динамикалық сынақтар болып табылады. Олар пайдалану жүктемелерінің әсері кезінде көпір конструкцияларының нақты жұмысын бағалауға және алынған көрсеткіштерді есептік параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді. Кешенді тексеру, сынақтар мен бақылау есептеулерінің қорытындысы бойынша ҚазжолҒЗИ техникалық қорытынды дайындайды. Құжатта Орталық көпірдің қазіргі жай-күйіне баға беріліп, оны әрі қарай қауіпсіз пайдалануға қатысты ұсынымдар ұсынылады.
Repost from UKIMET
+2
Завершена стыковка путей на железнодорожной линии Мойынты – Кызылжар
📌На строительстве линии Мойынты – Кызылжар завершена стыковка железнодорожных путей. Это важный этап реализации одного из крупнейших инфраструктурных проектов Казахстана.
Работы ведутся по поручению Главы государства и направлены на укрепление транспортно-логистического потенциала страны, расширение международных транспортных маршрутов и увеличение объемов экспортных перевозок.
По данным министерства транспорта, строительство новой железнодорожной линии ведется высокими темпами и в соответствии с утвержденным графиком. На сегодняшний день на объекте задействовано порядка 2 тыс. специалистов и более 700 единиц техники.
При выполнении работ используются современные технологические решения, позволяющие эффективно организовать строительный процесс на сложных участках. В частности, железнодорожный путь укладывается с применением обводных линий на мостовых сооружениях. Такой подход обеспечивает непрерывность работ и позволяет соблюдать установленные сроки.
Новая железнодорожная линия протяженностью 323,3 км пройдет по территориям Улытауской и Карагандинской областей. После ввода в эксплуатацию она станет важным звеном Транскаспийского международного транспортного маршрута (Среднего коридора), повысив транспортную связанность регионов и эффективность грузового сообщения.
Реализация проекта позволит сократить маршрут грузоперевозок на 149 км, снизить нагрузку на железнодорожный участок Мойынты – Жарык, увеличить скорость движения контейнерных поездов и расширить пропускную способность для грузовых и транзитных перевозок. Согласно утвержденному графику, ввод железнодорожной линии в эксплуатацию запланирован на текущий год.
📱 @KZgovernment
Repost from UKIMET
+3
Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды
📌Мойынты – Қызылжар желісінің құрылысында теміржол жолдарының түйісуі аяқталды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырудағы маңызды кезең.
Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, халықаралық көлік бағыттарын кеңейтуге және экспорттық тасымалдар көлемін арттыруға бағытталған.
Жаңа теміржол желісінің құрылысы жоғары қарқынмен және бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінде нысанда 2 мыңға жуық маман және 700-ден астам техника жұмылдырылған.
Жұмыстарды орындау барысында күрделі учаскелердегі құрылыс процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешімдер қолданылуда. Атап айтқанда, көпір құрылыстарында теміржол жолы айналма желілерді қолдану арқылы төселуде. Бұл тәсіл жұмыстардың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімдерді сақтауға мүмкіндік береді.
Ұзындығы 323,3 шақырым болатын жаңа теміржол желісі Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумағы арқылы өтеді. Пайдалануға берілгеннен кейін ол Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліздің) маңызды буынына айналып, өңірлердің көлік байланысын нығайтып, жүк тасымалының тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Өз кезегінде, жобаны жүзеге асыру жүк тасымалы бағытын 149 шақырымға қысқартуға, Мойынты – Жарық теміржол учаскесіне түсетін жүктемені азайтуға, контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға және жүк пен транзиттік тасымалдардың өткізу қабілетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бекітілген кестеге сәйкес, теміржол желісін пайдалануға беру осы жылға жоспарланған.
📱 @KZgovernment
Repost from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
✍️ Указом Главы государства Сауранбаев Нурлан Ермекович назначен Министром транспорта Республики Казахстан.
t.me/aqorda_resmi
🏢В Казахстане на 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы
В Казахстане продолжается масштабная программа по реконструкции и модернизации 124 железнодорожных вокзалов, реализуемая по поручению Главы государства.
На сегодняшний день строительно-монтажные работы завершены на 100 объектах. Проект направлен на комплексное обновление пассажирской инфраструктуры и создание современных, комфортных и безопасных условий для пассажиров по всей стране.
В зависимости от технического состояния объектов проведен капитальный ремонт действующих зданий либо строительство новых пассажирских комплексов. На ряде объектов увеличена площадь зданий, усилены несущие конструкции, построены конкорсы, реконструированы пассажирские платформы и остановочные павильоны.
В рамках модернизации на всех объектах обновлены кровля и фасады, заменены системы водоснабжения, канализации, теплоснабжения, электроснабжения и связи, выполнена внутренняя отделка помещений и благоустроены прилегающие территории.
Вокзалы оснащаются современной мебелью и навигационными системами, системами вентиляции и кондиционирования воздуха, видеонаблюдением, пожарной и охранной сигнализацией, системами контроля доступа. Для повышения уровня безопасности устанавливаются интроскопы и арочные металлодетекторы.
Особое внимание уделяется созданию безбарьерной среды для маломобильных пассажиров. Вокзалы оборудуются пандусами, лифтами и подъемными устройствами, тактильной навигацией, кнопками вызова персонала, адаптированными санитарными комнатами и информационными указателями.
Масштабная программа по реконструкции и модернизации вокзалов повышает качество пассажирского обслуживания, обновляет железнодорожную инфраструктуру и формирует современное пространство, отвечающее потребностям пассажиров.
