cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз. Біз: 🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік; 🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Show more
Advertising posts
4 252
Subscribers
+224 hours
-27 days
+1730 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Photo unavailableShow in Telegram
Әзербайжан – Қазақстан матчын қайдан көруге болады Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында өтеді. Матч cағат 19:00-де басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Еске салайық, 7 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы cырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіліп қалған еді. t.me/kaznurkz
Show all...
01:20
Video unavailableShow in Telegram
Жаңа уақыт белдеуі халық денсаулығына кері әсерін тигізді ме: министр жауабы Үкімет отырысы аясында өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін ауыстырудың қазақстандықтардың денсаулығына әсері туралы айтты. Министрдің сөзінше, бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қазақстандықтардың денсаулығына кері әсері тиді деп айтуға себеп жоқ.
"Уақыт белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Еліміздегі ғылыми орталықтар осы зерттеуге қатысты. Физиология зерттеу институты, Астрофизика институты. Сондықтан бұл шешім ғылыми деректерге сүйене отырып жасалған деп айтуға болады. Екіншіден, уақыт белдеуі өзгергеннен кейін ауруханаларға немесе емханаларға түсіп жатқан науқастардың саны артқан жоқ. Біз мұндай құбылысты байқап отырған жоқпыз", - деді ол.
Show all...
Видео WhatsApp 2024-06-11 в 13.33.33_af5823e4.mp411.00 MB
🤨 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірлесіп ГЭС салуды бастайды Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика министрлері Қамбар ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін келісімге қол қойды. Алдын ала ережелер арасында: Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құру: ➡️Қырғызстан тарабы– 34 пайыз; ➡️Қазақстан тарабы – 33 пайыз; ➡️Өзбекстан тарабы – 33 пайыз; ➡️мемлекеттер анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және тағы басқа бар.
Show all...
👍 6🥴 2
02:57
Video unavailableShow in Telegram
Қарағанды облысында бір бала көкжөтелден көз жұмды Бұл жөнінде брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназараова мәлімдеді. Ауырғандардың (көкжөтелмен – ред. ескертпесі) 80 пайызы вакцина алмаған. Емі де қиын. Көкжетелдің асқынған түрі өте ауыр өтеді. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 1 жас 11 айлық сәби көкжетелден қайтыс болды", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Show all...
Видео WhatsApp 2024-06-11 в 13.02.14_90880eec.mp430.16 MB
🥴 1
Photo unavailableShow in Telegram
ҚМДБ Құрбан айт намазының кестесін жариялады Биыл Құрбан айт мейрамы 16 маусымда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Құрбан айт намазының кестесін жариялады. Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады. Қалған өңірлердегі намаз кестесімен сайтымыздан таныса аласыз.
Show all...
👍 4
"Өз проблемамызбен қалдық": ақтөбеліктер су тасқынынан келген залалды анықтау комиссиясының жұмысына риза емес Ақтөбе қаласында су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз үйлердің саны артты. Өңірде залалды анықтау комиссиясының жұмысына шағым келтіріп жатқандар аз емес. "Менің үйіме Алматы ауданы әкімінің өзі келді. Комиссия келгенше ештеңені қозғамағанбыз. Тасқын кезінде сумен бірге үйге балшық, құм кірді. Аудан әкімі жердегі құмды көрсетіп "мынау шаң, бұл үйге қазір келіп тұруға болады" деді. "Інім, сен осы үйге отыршы, мен сенің үйіңе барып тұрайын" дегенімде қолын сілтеп кетті. 3,8 млн теңге шығын есептеп берді. Түкке жетпейді. Мен осыны айтып, әкімдікке барсам "бұл сенің үйің емес, сен даулай алмайсың, үй әкеңнің атында" дейді. 80 жастан асқан әкем әкімдік жағалап жүре алмайды. Қазір өз проблемамызбен қалдық. Үйдің іргетасы отырды, қабырғасы ажырап кеткен жерлер бар", - деді АЗФ-6 бау-бақша ұжымының тұрғыны Мұратбай Әбдібақиев. Материалдың толық нұсқасын сайттан оқыңыз. t.me/kaznurkz
Show all...
👍 2😱 2👏 1🤬 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел ауруы анықталып жатыр Өткен аптада 95 қазақстандыққа көкжөтел диагнозы қойылған. Аталған сырқатпен ауру деңгейі бойынша Астана қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы көш басында. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлады.
"30 мамырдан 6 маусымға дейін көкжөтелдің 95 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану төрт жағдайға азайғаны байқалады. 23-29 мамырда 99 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 98 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 91 пайызы - бес жасқа дейінгі балалар", - дейді олар.
Толығырақ материалдан оқыңыз. t.me/kaznurkz
Show all...
👍 2👎 2
Photo unavailableShow in Telegram
Экс-министр Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болды
Show all...
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады Ақорда мәліметінше, кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. ️Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн. ️Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты. ️Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.
Show all...
👍 3👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді жаттықтырған америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды. Кэрролл Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачек, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кван және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратиани сияқты спортшыларды тәрбиелеген. t.me/kaznurkz
Show all...
👍 2😢 2🫡 1