en
Feedback
Майн Кайф

Майн Кайф

Open in Telegram

Кері байланыс үшін: t.me/asylkhankaz

Show more
529
Subscribers
No data24 hours
+27 days
+630 days
Posts Archive
Ал көршілері не деп жатыр? • Араб елдері Израиль қаншалықты палестиналықтарды қанап жатса да, ол дамыған, сөзді ұғатын, келіс
Ал көршілері не деп жатыр? • Араб елдері Израиль қаншалықты палестиналықтарды қанап жатса да, ол дамыған, сөзді ұғатын, келісімге келетін, тұрақты және “предсказуемый” көрші. Сол себепті де араб елдері үшін ядролық қаруы бар шииттік Иран қауіптірек. Сондықтан олар Иранның әлсірегеніне қуанып, екі ортада таяқ жеп қалмауды ойлап отыр; • Түркия Израильдің қарсыласы және Палестинаның жақтасы болғадықтан Иран жағында (тем более Иран Түркияға ешқандай зияны жоқ типа); • Еуропа елдері Израиль әрекетіне қолдау көрсетіп жатқан жоқ, бірақ сынға да алып жатқан жоқ. “Ресей Украинаға кірген секілді Израиль Иранды бомбылап жатыр”, - десе, Израиль Иранның жерін басып алуды көздеп жатқан жоғын және тек өзін ядролық қарудан қорғау үшін жасап жатқанын айтады; • АҚШ толығымен Израиль жағында; •Ресей мен Қытай Израильді сынға алып, Иранды қолдауда. Бірақ екеуі де Иран ядролық қаруға ие болғанын қаламайды. Бүгінге осы.

Қазіргі таңда Иран Израильге қарсы тұра алмауда. Иранның жоғалтқанын Израильдікімен салыстыруға келмейді. Израиль 4-ші күн Ир
Қазіргі таңда Иран Израильге қарсы тұра алмауда. Иранның жоғалтқанын Израильдікімен салыстыруға келмейді. Израиль 4-ші күн Иранның Ядролық программасына қатысты объектінің барлығын істен шығаруда. Алайда бұл Иран ядролық қару шығара алмай қалады деген сөз емес. Бірақ бұл соғыстан соң не Ядролық программа өз “жемісін” тағы 5-10 жылға кешірек береді, не Иран соғыс нәтижесі бойынша Израильдің әскери күш қолдануы мен АҚШ-тың күш қолдану туралы үркіткенінен кейін Ядролық программадан бас тартуы тиіс болады. Бүгін The Wall Street Journal Иран басшылығы Израильді келісімге шақырып жатқаны жайлы мақала шығарды (ал мен Батыс БАҚ құралдарына сенемін). Израиль ситуацияны толық бақылап жатқандықтан, одан бас тартқан-мыс.

Израиль Иранның прокси-топтарына қарсы күш қолданғанда Иран өз ашу ызасын көрсету үшін Израильді ракетамен атқылап та жүрді (
Израиль Иранның прокси-топтарына қарсы күш қолданғанда Иран өз ашу ызасын көрсету үшін Израильді ракетамен атқылап та жүрді (2024 жылдың сәуірі, мысалы). Бірақ әр ракета ату алдында өзге елдер арқылы Израильді ескертіп қоятын (бейсенбі кешке ракета атамын - дегендей). Сонда Израиль үшін қатты соққы емес, сол себепті Израиль Иранға қарсы күш қолданбайды. Ал Иран өз халқына “біз еврейлерді аямай ұрдық! Оларға көкесін көрсеттік! Ертең Американы да солай жасаймыз!” - деген риторикада пропаганда жасайтын. Ал 13 маусымнан кейінгі соққылар жайлы Иран ескертіп жатқан жоқ. Бұл деген сөз – Иран да бар күшін салып соғысуда. Қазіргі таңда Израильде 20-ға жуық адам, Иранда 200-ден астам адам қаза болды деп жатыр.

Ұзақ жылдар бойы Иран Израильге қарсы Хезболла, ХАМАС, Хуситтер мен Сириядағы түрлі топтар қолымен күресетін. Ал Израиль Иран
Ұзақ жылдар бойы Иран Израильге қарсы Хезболла, ХАМАС, Хуситтер мен Сириядағы түрлі топтар қолымен күресетін. Ал Израиль Иранға қарсы операцияларын да жасырын жасайтын. Ал 13 маусым күні 9 млн халқы бар Израиль 150-200 шақты ұшақпен Сирия, Ирак үстінен ұшып өтіп, 85 млн-дық Иранның астанасы мен басқа қалаларындағы «ПВО» жүйелерін атқылап, Иран әскери басшылығы мен Иран ядролық программасы басшылығы, белді ғалымдардың үйлерін бомбылап қайтты. Бір түн ішінде Иран әскери басшылар мен ядролық программа басындағы ғалымдарынан айырылды. Бұл Иран мен Израиль арасындағы ашық соғысқа ұласып отыр.

Ядролық қару жасамау және таратпау туралы келісім мүшесі болып саналатын Иран бейбіт мақсатта қолдануға жететін 3,67% байытыл
Ядролық қару жасамау және таратпау туралы келісім мүшесі болып саналатын Иран бейбіт мақсатта қолдануға жететін 3,67% байытылған уран орнына, оны 60%-ға дейін байытып жатты. Уран байыту орталықтары елдің әртүрлі облысында және жер астында салынған. 12 маусым күні МАГАТЭ ұйымы мамандары “Иран уранды байытуда 80% көрсеткіштен асқаны” туралы айтып, қазіргі дайын өнім 9 шақты ядролық бомба жасауға жеткілікті екендігі жайлы жариялады. МАГАТЭ сөзін қыстырмаған Иран сол күні-ақ елде тағы бір байыту орталығын ашатынын айтты. АҚШ пен Иран арасындағы келісімшартты алғышарттары бойынша кездесу 15 маусым күні Оманда өтуі керек болған. Бірақ ол келісімнен тыс та Иран жасырын болсын, ашық болсын, ядролық қару жасаудан бастартпайды деп санаған Израиль АҚШ-Иран кездесуіне дейін әрекетке көшті.

Тағы бір қызық нәрсе: 2007 жылдан бастап “Иран+6” келісімі жасалғанға дейін Ирандағы физик-ядерщиктер үйінің алдында атылып,
Тағы бір қызық нәрсе: 2007 жылдан бастап “Иран+6” келісімі жасалғанға дейін Ирандағы физик-ядерщиктер үйінің алдында атылып, көлігі мен скутері жарылып, қайтыс болып қала беруші еді. Оны Иран билігі Израильден көрсе, Израиль олардың өлімі жайлы ешқандай пікір білдірмейтін. 2015-2018 жылдары Иранда ешқандай ғалым қайтыс болған жоқ (как раз, келісімшарт жасалған жылдар). Содан 2020 жылдан бастап тағы да физик-ядерщик ғалымдардың өлімі тіркеле бастады. Жалпы 2007 жылдан бастап 10-18 ғалым әртүрлі себеппен қайтыс болған еді. Иран оларды қорғау үшін әскерді жұмылдырып, ғалымдар үйінде тұрмай, арнайы орталықтарда өмір сүріп, жұмыс жасайтын болды.

Алайда Иран Израильдің көзін жою туралы жолынан тайған жоқ. БҰҰ трибунасынан жыл сайын Израильді сөгіп, оларды күл-талқанын ш
Алайда Иран Израильдің көзін жою туралы жолынан тайған жоқ. БҰҰ трибунасынан жыл сайын Израильді сөгіп, оларды күл-талқанын шығару керегін айтатын. Онымен қоса, Израиль барлау қызметі Иран жасырын түрде ядролық қару шығару жолынан таймағанын айтатын. Израильдің ең жақын досы, Дональд Трамп 2018 жылы президент кезінде Иран+6 келісімінен шығып, АҚШ тарапынан санкцияларды күшіне енгізді. Осы сәттен бастап Иран да МАГАТЭ-мен жұмысын тоқтатын, уранды одан әрі байытуға көшті. Еуропалық Одақ пен Ресейдің АҚШ пен Иранды қайтадан келісімге шақырудағы әрекеттері жемісін берген жоқ. Осылайша, Трамп “Обама жексұрын жасаған келісім онша емес. Мен Иранды одан да мықты келісімге көндіремін”, - деп, жап-жақсы келісімді бұзды.

Келісім бойынша барлық ел МАГАТЭ аясында ядролық энергетика саласын дамытуына болады. Энергетика үшін де, қару жасау үшін де
Келісім бойынша барлық ел МАГАТЭ аясында ядролық энергетика саласын дамытуына болады. Энергетика үшін де, қару жасау үшін де уранды байыту керек. Энергетика үшін уранды 3,67% байытса жеткілікті. Ал бомба жасау үшін 85-90% дейін байытылған уран қажет. Иран 2000-жылдардан бастап “бейбіт ядролық энергия” деген сылтаумен уранды байытуға көшті және өзінің ядролық объектілеріне МАГАТЭ ұйымы эксперттерін кіргізбеді. Осы тұста Иран 1979 жылдан бергі саясатын ұстанып келді – Израильді түбімен жою және АҚШ-қа қарсы тұру. Сол себепті де Батыс елдері Иранға үлкен санкциялар салып, елде дағдарыс орнап, 2015 жылы Иран АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытаймен келісімге келіп, ядролық объектілеріне МАГАТЭ-ні кіргізетін болды және Батыс елдері санкцияларды шеше бастады. Осымен барлығы бақытты болуы керек еді.

Ал мынау Ядролық қару туралы келісімге қол қойған елдер (түстері маңызды емес, тек қызыл және сары елдер маңызды біз үшін). О
Ал мынау Ядролық қару туралы келісімге қол қойған елдер (түстері маңызды емес, тек қызыл және сары елдер маңызды біз үшін). Ол келісім бойынша 1967 жылға дейін ядролық қару ойлап тапқан елдер заңды тұрғыда ядролық бомба иемдену құқығына ие болды (АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция және Қытай). Ал өзге елдер ядролық қаруды шығармайды да, таратпайды да. Алайда, келісімге Пәкістан мен Индия қосылмаған және екеуінде де ядролық қару бар. Ал Солтүстік Корея ұзақ жылдар бойы келісімшарт мүшесі болып жүріп, ядролық қару ойлап тапқан соң келісімнен шығып кеткен. Сол себепті де барлық ел тарапынан санкциялар астында. Израиль де ол келісімге қосылмаған. Ал Иран басынан бастап Ядролық қару туралы келісім мүшесі.

Таяу Шығыс – араб, парсы, әзербайжан, күрд, еврей, армян сияқты халықтардан тұрады. Арасындағы ең халқы көбі – Иран. Халық са
Таяу Шығыс – араб, парсы, әзербайжан, күрд, еврей, армян сияқты халықтардан тұрады. Арасындағы ең халқы көбі – Иран. Халық саня 85 млн адам. Аймақтағы ең ірі араб елі Сауд Арабиясында 34 млн адам тұрады (оның 38% жұмысшы мигранттар, жергілікті тұрғындар саны 21-23 млн). Осылайша Таяу Шығыстағы ең ірі ел Иран және оған халық саны бойынша ешқайсы ел жақын да келмейді. Тек Түркия немесе Германия сынды елдермен салыстыруға болады. Елде 1979 жылдан бастап Ислам Республикасы құрылған және олар өздерінің идеологиялық жауы ретінде Израиль мен АҚШ-ты көреді. Өйткені Иран өзін Ислам әлеміндегі ең ислами мемлекет және әскери тұрғыда ең мықты ел санайды.

Жоғарыдағы сілтеме бойынша жазылған посттарда айтылғандай, Палестина 2 бөліктен тұрады: 1. Батыс жағалау (West Bank); 2. Газа
Жоғарыдағы сілтеме бойынша жазылған посттарда айтылғандай, Палестина 2 бөліктен тұрады: 1. Батыс жағалау (West Bank); 2. Газа секторы. Батыс жағалауды Палестина әкімшілігі басқарса (көптеген ньюанстармен; мына постта жазғанмын қандай ньюанс екенін), Газа секторын Палестина үкіметі емес, ХАМАС террористтік ұйымы басқарады. Сонымен, осындай қысым көрсетіліп жатқанда Израиль Батыс жағалауда 22 жаңа еврейлік елді мекендер салынатыны жайлы хабарлады. Батыс жағалауда қазір ешқайсы ел Израильдікі деп мойындамаған 144 Израиль үкіметі қолдауымен және 196 Израиль үкіметі қолдауынсыз салынған елді мекендер бар. Енді олардың саны тағы 22 артатын болады. Палестинаның Батыс жағалауы территориясында қазір заңсыз 600-700 мыңдай Израиль азаматтары өмір сүреді. Оны “Қоныс аударушылық саясат” деп атайды және Халықаралық Сот заңсыз деп таныған.

Жалпы неге Еуропа елдері аяқ асты Израильді сынға алып кетті? Израиль соңғы 3 ай бойы Газа секторына гуманитардық көмек кіргі
Жалпы неге Еуропа елдері аяқ асты Израильді сынға алып кетті? Израиль соңғы 3 ай бойы Газа секторына гуманитардық көмек кіргізуге рұқсат бермей отыр. Ондағы 2-2,5 млн адам аштықтың құрбаны болу қаупі бар. Жалпы 2023 жылғы террористтік шабуылға дейін күн сайын Газаға гуманитарлық көмек тиелген 500 жүк көлігі кірсе, соңғы 3 айда 0 көлік кірді. Израиль оны “көмекті ХАМАС террористтері өз мақсаттарында пайдаланады” деп санайды (ХАМАС көмекті халықты манипуляциялау мақсатында пайдаланады және гуманитарлық көмек орнына әскери техника алып кіреді деп санайды). Осы себепті Франция, Ұлыбритания, Канада мен Испания Израильге экономикалық санкциялар енгізу туралы да ескерту жасады. Ол жайлы Сингапурде жүрген Макрон айтты. Маусым айының ортасында Нью-Йоркте Франция мен Сауд Арабиясы бастаған Палестина бойынша БҰҰ аясында саммит өтпекші. Ол жерде Израильге қысым және Палестинаға көмек көрсету қарастырылады.

В целом, Израиль-Палестина қарым-қатынасы туралы мына ұзақ посттар сериясынан оқуға болады.

Жалпы Израильді Германия әрқашан қолдаса, АҚШ билігінде демократтар болғанда сын көбейіп, республикалықтар келсе қолдау арта
Жалпы Израильді Германия әрқашан қолдаса, АҚШ билігінде демократтар болғанда сын көбейіп, республикалықтар келсе қолдау арта түсетін. Ал Холокостқа қатысы жоқ өзге Еуропа елдері бұрыннан Израиль әрекеттеріне сыни қарап, Израильдің жаңа “қоныс аударушылық саясатына” қарсы санкциялар да қабылдаған. Еуропа елдері арасында Скандинавия елдері, Испания мен Ирландия Палестинаның жақтастары. Бірнеше күн бұрын Испания Мадридте 20-дан астам Еуропа мен араб елдері сыртқы істер министрлерін жинап, олар Израильді тоқтату мен Палестина елін құру туралы жоспарлар қарастырды (если что, Палестина жартылай мойындалған ел). Испания Еуропа елдері арасынан Израильге қарсы блоктың көшбасшысы. Ұзақ уақыт ағылшындардан қысым көрген Ирландия да қазіргі Палестина жағдайында өзін көреді. Сол себепті де ұзақ жылдар бойы Ирландия Палестинаның Израильге қарсы әрекеттерін қолдап келді. PS. Палестина елі мен ХАМАС террористтік ұйымын шатастырмау керек. Ешқайсы ел Газа билігі ХАМАС-ты қолдамайды. Палестинаны қолдау, ХАМАС-ты қолдау емес.

2008 жылы Израиль парламентінде сөз сөйлеп жатқан Ангела Меркель “Германияның мемлекеттік доктринасында (Staatsräson) Израиль
2008 жылы Израиль парламентінде сөз сөйлеп жатқан Ангела Меркель “Германияның мемлекеттік доктринасында (Staatsräson) Израильдің қауіпсіздігі мен мүддесі басты орынға қойылған”, - деген болатын. Ол арқылы Меркель Германияның 1935-1945 жылдардағы Еуропадағы еврейлердің жартысына жуығын қырып тастауы Германияның қазіргі жағдайы, жауапкершілігі мен саясатына қатты әсер етіп жатқанын білдіргісі келді. Расымен де Еуропа елдері арасында сөзсіз Израильді қолдаушы ел – Германия. Израиль не жасаса да, Германия оған не қолдау көрсететін, не көз жұма қарайтын. Ол саясатты Олаф Шольц үкіметі де ұстанды. Алайда жаңадан келген канцлер Фридрих Мерц алғаш рет Германия атынан Израильдің Газадағы әрекеттерін сынға алды. “Израильдің әрекеті өзін-өзі қорғау емес, мемлекеттілік пен гуманитарлық құқықты бұзу”, - деді Мерц. Осы арқылы Еуропа елдері арасында Израильге деген көзқарастың күрт бұзылуын көреміз.

Жалпы соғыста Украинаның жеңу шансы өте аз. Оған қару-жарақты бірнеше есе көп берген күннің өзінде де Украинада адами ресурс
Жалпы соғыста Украинаның жеңу шансы өте аз. Оған қару-жарақты бірнеше есе көп берген күннің өзінде де Украинада адами ресурс тапшылығы байқалуда. Ал мемлекетте Ресейдегідей адамдарды ақшамен қызықтыратындай ақша көп емес. Украина жеңуі үшін (барлық территориясын қайтаруы үшін) Ресей басшысы денсаулығы сыр беріп, кететіе жаққа кетіп, орнына келген адам Батыс елдерімен достық қарым-қатынасқа акцент қойып, 2014 жылдан бергі қылмыстарын мойындап, оларды шешуге тырысуы тиіс (Украина жерлерін қайтарып, Малайзия ұшағында қаза болғандарға компенсация төлеп және т.б.). Қандай әлсіз позицияда болмасын Украина Ресей басып алған ешқайсы территорияны заңды түрде Ресейдікі деп мойындамайтын болып отыр. Трамп Украинаның бұл позициясына әсер ете алмайтын сияқты.

Жақсы да жаңалықтар бар. Еуропа елдері әлі де пайдаға емес, құндылықтарға негізделгендіктерін көрсетіп, қандай қиындық болмас
Жақсы да жаңалықтар бар. Еуропа елдері әлі де пайдаға емес, құндылықтарға негізделгендіктерін көрсетіп, қандай қиындық болмасын, Украина қандай жеңілістерге ұшыраса да көмектесуін тоқтатпайтынын жеткізуде. Егер ертең Украина Ресей талаптарына көнбей, АҚШ Украинаны көндіру үшін ультиматумдар қойып, әскери және қаржылай көмекті тоқтатып тастайтын болса да Еуропа елдері көмектесуін жалғастыратынын айтуда. Германияның жаңа канцлері Фридрих Мерц те соғыс 3-ші жыл жүріп жатқанына қарамастан көмек көлемін арттыратындығы жайлы мәлімдеді. Ұлыбритания мен Франция онсыз да Еуропадағы Украинаның басты қолдаушысы болып отыр. Осылайша, соғыстың Украина үшін әділетті аяқталуына себепші болуы мүмкін фактордың бірі – Еуропа. Суретте Киевтегі Польша, Британия, Украина, Франция мен Германия басшылары кездесуі.

4. АҚШ пен Еуропа Украинаға көмектесуден “шаршауда”. Шаршағаны – көмек көрсетілсе де, Украина одан жеңіске жету мүмкіндігі аз
4. АҚШ пен Еуропа Украинаға көмектесуден “шаршауда”. Шаршағаны – көмек көрсетілсе де, Украина одан жеңіске жету мүмкіндігі азына көзі жетуде. Ал ондай болса, ұзаққа созып не керек? 5. АҚШ басшысы Трамп өз сайлаушыларына соғысты тоқтату туралы сөз берген еді. Соғысты Украина үшін әділетті етіп аяқтау емес, жалпы аяқтау. Украинаның жартысын Ресейге беру арқылы аяқтаса да Трамп американдықтарға “менің арқамда соғыс бітті” деп айта алады. Ал соғысты бітіру үшін Ресейге ешқандай қысым көрсете алмаса, бар қысымды Украинаға көрсетіп, Украинаны көп нәрседен бастартқызу арқылы аяқтауға болады. 6. Трамп Путинмен келіссөздер кезінде әлсіздік танытып, “соғысты тоқтатсаң Ресейгк инвестиция тартып, Ресей мен АҚШ ең жақсы дос болады” дегендей сөз беруде. Трамп Украинаны қорқытып, Путинді аймалап соғысты тоқтатпақшы. Оны сезген Путин аз-маз затқа қанағаттанбай, өте үлкен талаптар қояды.

Ресей мен Украина өткен аптада Стамбулда кездесіп, келіссөздер бастағанның өзінде, ол жерде Ресей позициясы ұтымдырақ. Ресей
Ресей мен Украина өткен аптада Стамбулда кездесіп, келіссөздер бастағанның өзінде, ол жерде Ресей позициясы ұтымдырақ. Ресей қалағанын талап ете алады және Украинаның оған жауабы әлсіз болады. Неге? 1. Ресей Украинаның 18-19% жерін ұстап отыр; 2. Ресей экономикасы соғысқа толық бейімделді және сыртқы факторларға тәуелділігі төмен, ал Украина техника мен қару-жарақ мәселесінде АҚШ пен Еуропаға тәуелді; 3. Ресей соғысқа бірнеше жүздеген мың адамды жұмылдырды және ай сайын тағы ондаған мың ресейлікті ақшамен қызықтырып соғысқа аттандырып жатыр. Ал Украинада соғысуға адами ресурсы жетіспеуде. Батыс елдері қару-жарақ бергеннің өзінде әскерге адам жетпесе, пайдасы жоғын ескертіп, соғысқа 18 жастан бастап аттану мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтуда. Суретте Ресей “өз құрамына қосқан” 4 облыстың қай бөлігін бақылап отырғаны көрсетілген.

Ресей мен Украина арасында соғыс болып жатқанына 3 жыл 3 ай болды. Соғыстың басында Украина көп ұзамай берілетіндей көрінетін
Ресей мен Украина арасында соғыс болып жатқанына 3 жыл 3 ай болды. Соғыстың басында Украина көп ұзамай берілетіндей көрінетін. Ал 2022 жылдың көктемінде Ресей Украинаның Киев, Чернигов, Сумы және Николаев облыстарынан шықты, күзде Украина Харьков облысын және Херсон қаласын азат етті. 2023 жылдың көктемінде Украина ірі контр-шабуыл дайындады. Ол кезде Ресей көп ұзамай Украинадан шығуға тура келетіндей көрінді. Оның үстіне Ресейге жасалған үлкен экономикалық та қысым көрсетілді. Кейіннен Ресей экономикасы қысымға үйреніп, соғысқа бейімделіп, соғысқа ондаған мың адамды тұрақты түрде тауып отыр. АҚШ басшылығына Трамп келгелі Украина жеңілу мүмкіндігі арта түсті.