1 641
Subscribers
No data24 hours
-107 days
-5130 days
Posts Archive
1 641
Раббым, ризамын…
Аллаһым маған әртүрлі сынақ беріп, Өзіне жақындатқаның үшін ризамын.
Қиындықтарыңмен даналықты үйреткенің үшін ризамын.
Әр сынағында Өзіңді еске алуға мүмкіндік беретінің үшін ризамын.
Ешкімге мұқтаж қылмағаның үшін ризамын.
Асыл тәж киген, нәзік жаратылыс еткенің үшін ризамын.
Қандай жағдай болмасын Сенің есімінді қағып, жауап алатыным үшін ризамын.
Маған келетін бақыт пен қиындықтар Саған алып баратыны үшін ризамын.
Жасырын, сыбырлап, жүрекпен сөйлегенде тыңдаушым Өзің болғанына ризамын.
Өзің жаратқанның бәрін жақсы көруді үйреткеніне ризамын.
Осындай өмірді бергенің үшін Ризамын…🕊️🤍
1 641
Аллаһтың алдында сен сұлулығыңмен ерекшелене алмайсың, ақылдылығыңмен, біліміңмен ерекшеленбейсің, байлығыңмен ерекшеленбейсің.
Бұның бәрі Аллаһтың саған берген ризығы, Ол қалағандықтан саған берді, ал Ол қаласа бұларды қайтып ала алады.
Ал не нәрсемен басқалардан ерекшеленетініңді білесің бе?
Таза жүрекпен.
Басқаларға тек жақсылық тілеуіңмен, ешкімге тәкәпарлық танытпауыңмен, басқаларды кешіре білуіңмен, тақуалығыңмен, мына жер бетінде Оған бой сұнып, қарапайым болып жүруіңмен ғана сен Оның алдында басқалардан ерекшеленесің.
1 641
“Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады" ("Рағыд" сүресі)
1 641
бірақ бәрібірде көңіліңе тиген сөздерді жұта бергенненде жүрегіңнің шаршайтынын елемеппіз.
1 641
Я Раббым🤍
Егерде өзіме көп алып, тәкаппарланып, құл екенімді ұмытып, тек мен-мен дей беріп өзіме көп алып қойған кездерім болса, өзге мұсылманды өзімнен төмен санап, өзім ғана деп кетсем, мені кешірші. Барлығы Сенен, Сен үшін барлығы оңай, Өзіңнен басқаға мені мұқтаж қылмашы..
1 641
Аллаһ Тағала Бақара сүресінде былай дейді:
Шүбәсіз біз сендерді сынаймыз.
Бұның Мағынасы қалай?
Бұл құлдың сыналатындығына
Аллаһтан құлына деген хабары.
Сынақ жазым немесе рақым болады.
Сынақ мына екеуінің біреуі болады.✨
Күнәларды кешіру үшін немесе Дәрежелерді көтеру үшін болады.
Аллаһ дүниеде азаптаған (сынаған) құлын қиямет күні азаптауға ұялады.
Аллаһ Ұялушы(ұялады)
Аллаһ Тағала өзін зікір еткен және бағынған шынайы мұсылман құлын азаптауға ұялады.
“Барлық адам баласы қателесуші”
Қателесу деген не?
Яғни көп қателік жасау
Бірақ сол қателесуші пенделердің ішінде ең жақсылары тәубе етушілері.
Аллаһтың алдында тұрып былай деп айтуың қандай әдемі.
Уа сүйіктім!
-Жасаған күнәларыма қарасам қорқамын
-Ал,сенің мейріміңе рақымыңа қарасам қуанамын.
-Сеннен үмітім үзбеймін.
1 641
• Кез келген адамға Раббысымен мықты байланыс қажет. Және қиын сәтте “Мен қасыңдамын” дейтін жан керек! ❤️🩹
1 641
Бәрі Аллаһтың сыйы. Аллаға дүние түк емес. Ол біздің түрімізге, дүниемізге қарамайды. Жүрегімізге, амалдарымызға, ниетімізге қарайды.
Шүкір етсек, Арттырады🤍
