1 641
Subscribers
No data24 hours
-107 days
-5130 days
Posts Archive
1 641
әйелге ғашық болған ердің еркін сезімін айтуы Адам атадан қалған. әйел заты қанша жерден ынтық болса да сезімін шығара алмауы Хауа анадан қалыпты. әйел адамның осы ибасын ұмытпайықшы.
1 641
Ер адам қыз баласынан мына
4-нәрседен жоғары болуы керек: ілімде, бойда, текте, байлықта.
Ал қыз баласы ер адамнан мына
4-нәрседен жоғары болуы керек: ұятта, сұлулықта, түсінікте, тақуалықта.
1 641
Раббым…
Маған сүюді үйрет. Сенің есіміңсіз, ас ішпеуді, Сенің есіміңсіз үйге кірмеуді, Сенің есіміңсіз көлікке отырмауды, Сенің есіміңсіз бір істі бастамауды үйрет. Ғұмырымның әр сәтінде Өзің болғаныңды қалаймын Раббым…
1 641
Раббым…
Жүрегімді дүниеге деген махаббаттан, дерттен сақта. Сенің Мутакаббир есіміңнен таласқым келмейді. Расында Паң, Асқақ ол - Сенсің. Және бәрі сенікі.
1 641
Раббым…
Біреудің бір-екі қателігін көріп, ол кісіні жек көргім келмейді. Маған адамдардың қателігін көрмейтін, кемшілігін жасыратын сипат берші. Үнемі жақындарымды ақтап жүрейінші.
1 641
Раббым…
Құранға деген махаббатым ашылғанын қалаймын. Кемеліне жеткізіп, әр аятты махаббатпен оқуды және оқығаныма амал етуді нәсіп етші. Сол Құран - менің өмірдегі әрекеттеріме әдемі ықпал етсе екен.
1 641
Раббым…
Құлшылықтарыма бекем болғым келеді. Таң намаздарына ұйықтап қалмай, берекесіне бөленіп, әр күнімді разылықпен өткізсем деймін. Сен осыған көмектесші.
1 641
Раббым…
Мен өзіме залал келтіріп жүргенімді білемін. Көзімді шел баспай, дүниеге мас болмай, Өзің берген хақ жолдан адаспасам екен. Ешкімді өсектеп-сөккім, тілдегім келмейді. Тіліме әсемдік бер. Аузымнан тек әдемі сөздер шықса екен.
1 641
Раббым…
Мен ренжімеуді таңдасам да, ренжіп қоя беремін. Маған ренжімеуді, адамдардан күтпеуді, жақсы құл болуды үйретші. Сенің алдыңда өте әдепті, тәртіпті құл болып, тыйымдарыңа көркем түрде бағынғым келеді, Раббым.
