cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

нейрондар билейді

@pakizatruslan

Show more
Kazakhstan5 830Kazakh2 146The category is not specified
Advertising posts
198
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

«Мені, сізді, барлығымызды Құдай үлкен махаббатпен жаратқан. Осы әлемді бізге үй еткен. Демек барлық жерде қалаулымыз. Барлық жер бізге пана. Бұл Өмірге өз баласындай қымбат, көптен күткен қонағындай қадірлі екеніңді біл де, емін-еркін әдемі өміріңді сүре бер. Біз әрқайсымыз Жаратушының сүйікті перзентіміз. Бізді ол табиғат арқылы, түрлі сазды әуен, тәтті дәм, бояу, сұлулық арқылы еркелетеді. Тек сезін де, ерке қызы боп жүре бер. Басқалар бізде қиял десе де, еріккен десе де, Құдай біздің әр еркелігімізді түсінеді. Түсіндіріп, оның алдында ақталуымызға еш мұқтаж емес. Себебі ол үнсіздігімізді де оқи алады.» Динара Болат, «Соңына дейін әйел» кітабынан🌾
Show all...
«Бұл әлемдегінің барлығы мені бақытты ету үшін жаралған. Өмір қатыгез, құдай әділетсіз емес. Құдай да, тағдыр да бізге тілекші. Бұл өмір Мен үшін, біз үшін. Бұл шешімге қалай келдіңіз емес. Бұл таңдау. Не өмір тым күрделі, не өмір ғажап. Біреуін таңдап, сол таңдауға сеніп көресің. Жақсыға сеніп көрудің өзі стратегия. Сеніп жүріп сол өмірді сүріп кетесің» Динара Болат, «Соңына дейін әйел» кітабынан🌾
Show all...
«Бұл әлемдегінің барлығы мені бақытты ету үшін жаралған. Өмір қатыгез, құдай әділетсіз емес. Құдай да, тағдыр да бізге тілекші. Бұл өмір Мен үшін, біз үшін. Бұл шешімге қалай келдіңіз емес. Бұл таңдау. Не өмір тым күрделі, не өмір ғажап. Біреуін таңдап, сол таңдауға сеніп көресің. Жақсыға сеніп көрудің өзі стратегия. Сеніп жүріп сол өмірді сүріп кетесің» Динара Болат, «Соңына дейін әйел» кітабынан
Show all...
«Барыңмен қазір бақытты бол. Өмірден мән іздеме, өміріңді бірнәрсеге әкеп тіреп қойма! Маңызды дегеніңнен айырылып қалсаң да, енді өмірді жалғастыруға себеп болмаса да, сені романтикалық кездесу күтіп тұрмаса да, дәл бүгін сол бір кездесу, сол бір түн болатындай күнде еш себепсіз жарқырап жүр.» Динара Болат, «Соңына дейін әйел» кітабынан🌾
Show all...
«мен сенің иісіңнің фанатигімін»
Show all...
бүгін Алматыда жаз. маған жаздың ыстығы ұнамайды. қазір осылай, жазда қалай өмір сүрем деп уайымдап үлгердім. былтыр жазда орамалмен қалай жүргем? жалпы жазда қалай өмір сүргем?😂
Show all...
оқу керек еді деп жүрген кітаптарым маған өздері келіп жүр. біреуін тұсаукесеріне барып ала салдым, біреуін құрбым сыйлады, біреуін универдегі оқырман бұрышынан таптым. кайф🌾
Show all...
каналға ақылды лонгридпен кіре салатын не әдет, Пәкизат?мияулайтын, мұңайып отырып жазатын жазбаларың қайда кеткен? не жазсам да оқитын, жоғалсам да, шығып кетпей отыратын сіздерге алғыс)
Show all...
заттарға қатысты психологиядан мынадай ақпарат оқыдым. әр зат - адамның бір мүшесінің жалғасы болып саналады екен. мысалы, көзілдірік - көздің жалғасы, сөмке - қолдың жалғасы, киім - тәннің жалғасы деген сияқты. бауыр басып қалған затын жоғалту, біреуге беру - бала үшін де, ересек үшін де оңай емес. бірақ жоғалтқан жағдайда, одан да хайырлысы, әдемісі келеді деп оңай жіберуге тырысу керек. жақсы көр. бірақ қатты байланба. жоғалтсаң, қайғырып жылап алуға болады. сағынуға болады. аза тұтуға болады. орысша «проживать ету» дейді ғой. сол кезеңнен өзіңді ақымақ адам сезінбей өту маңызды. кейін қайта тұрып, басқасын іздеуге болады)
Show all...
өзімдегі бір ойды ұстап алдым. біреу бір затымды сұраса, «ол адам мені ұнатпай қалады» деп ойлап, қаламасам да, затымды береді екем. шын ниетпен бердім ғой деп ойлап жүріппін. бұл ісімнің артында «жадный болып көрінбейін, көңілі қалып қоймасын, менімен араласпай қалмасын» деген ой жатыр екен. 1-курста жақсы көретін жейдемді сұрап алып, қайтармай киіп жүрген қыз болды. сұрап, сұрап өзім қысылдым. бітпейтін сылтау. әр көрген сайын біртүрлі болатынмын. ұрыс шығару немесе дұрыс конфликт жасай алмайтынмын. өзіңді, заттарыңды, саған қатыстының бәрін бағалап бастаған да ғана, «бере алмаймын, басқаның менің затымды қолданғанын қаламаймын» деп шынайы жауап беруге болады екен. шынайы болу, бермегенің үшін өзіңді жемеу, өтірігің үшін іштей қуыстанбай жүру де - еркіндік.
Show all...