Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Open in Telegram
685
Subscribers
-124 hours
-37 days
-1230 days
Posts Archive
*«Адамға өз еңбегінің ғана нәтижесі тиесілі»*
©️ _(«Нәжім» сүресі, 39-аят)_
🌿
🌱 Еңбек адамның ризығын ғана емес, абыройын да арттырады. Адал еңбекпен табылған аз дүниенің өзі берекелі болады.Мечеть это дом Аллаха. Часто ходите в мечеть. Будьте прекрасным гостем.
Ұят жүрген жерде Аброй төгілмейді.
Аброй бар жерде ар шапаны сөгілмейді .
«Іші-сырты жалған жанға әсте сенбе,
Арың таза болса, әр кез жеңіс сенде» (Ахмет Ясауи).
Жұма берекелі, дұға қабыл болсын!
*«Бір іс жөнінде олармен кеңес»*
_(«Әли Имран» сүресі, 159-аят)_
Пайғамбарымыз ﷺ Мәдинада қалып, қорғануды қалаған еді. Ал сахабалардың көпшілігі сыртқа шығып соғысуды ұсынды. Нәтижесінде Ұхұдта белгілі қиындықтар орын алды. Егер осы оқиғадан кейін Пайғамбарымыз ﷺ: «Енді сендермен ешқашан кеңеспеймін» - дегенде, бұл сахабалардың жүрегіне ауыр тиер еді. Сондықтан Алла Тағала:
*«Олармен кеңес»* - деп қайта бұйырды.
Бұл біз үшін ғибрат алатын үлкен тәрбие.
*Бір кеңесте қателік кеткені үшін кеңесуді толық тоқтатуға болмайды.*Жетім — тек әке-шешесінен айырылған жан емес.
Шынайы жетім — ілімнен құр, әдептен жұрдай болып өскен адам.
Бұл – араб даналығында айтылған терең нақыл.
Өйткені ата-анасы жоқ болса да, ілім мен тәрбие тапқан жан жоғалмайды.
Ал ілім мен әдептен мақрұм қалған жүрек – тірі болса да жетім күй кешеді.
Кім екі хадисті үйреніп, одан өзі пайда алып, әрі оны өзгелерге үйретсе — бұл оған алпыс жыл бойы жасалған ғибадаттан да қайырлы.
(Хадис)
«Перзент ата-анасына жасаған дұғасын тоқтатқан сәтте, ризықтың берекесі де кеми бастайды.»
📚 Хәким.
Уа, Аллаһым! Жүрегімізді тәкәппарлықтан, сараңдықтан, риядан, хасад, нифақ, хиқдтан сақта🤲🏻
Уақытты босқа құрту өлімнен де жаман. Өйткені, босқа өткен уақыт – Алладан және ақыреттен айырады.
Ал өлім – жәй ғана дүние мен оның күйбелең тіршілігінен айырады».
©️ Ибн Әбу Бәкр
🌱 КӨРКЕМ ҚАҒИДА!
وَمَن يَتَّقِ ٱللَّهَ
1. «Кім Құдайдан қорқып, (шариғат талаптарын) сақтаса»
Бұл - ШАРТ!
يَجۡعَل لَّهُۥ مَخۡرَجًا
2. «Алла оған тығырықтан шығар жол ашып береді»
Бұл - УӘДЕ!
وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِب
3. «Ол күтпеген жақтан оған рыздық келтіреді»
Бұл - СЫЙ!
(«Талақ» сүресінің 2-3 аяттары)
Сұрақ:
Рұқсат етілген руқия қандай?
Жауап:
Имам Суюти رحمه الله былай деген:
Ғалымдар мына үш шарт орындалған жағдайда руқия жасауға болатындығына бірауыздан келіскен:
1. Руқия Алланың сөзімен (құран) немесе Оның көркем есімдері мен сипаттарымен болуы;
2. Араб тілінде болуы және мағынасы түсінікті болуы;
3. Руқияның өзі әсер етпейді, әсер тек Алла Тағаланың қалауымен болады деп сену.
🖋️ Ахмад Сәиид Мұстафа (Алла жар болсын)
«Адамды қызметі емес, адамдығы биік етеді»
©️Дінмұхаммед Қонаев (Алла рахымына бөлесін)
Ойға келген істің бәрі қолдан келеді деген сөз емес. Ең алдымен ойдың қайдан келгенін – Алладан ба, әлде шайтаннан ба, соны ажырата білу қажет. Ал мұны нақты айыра алу Аллаға өте жақын әулие құлдарға ғана нәсіп етілген деп білеміз. Сондықтан басыңа келген әр ойды «Алла салды» деп қабылдап, соның соңынан кетіп, бәлеге ұрына берме. Үлкендермен ақылдас, бұл мәселеде шариғат не дейді – соны зертте. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
#иә_мен_душниламын
Біліңіздер, бұл дүние — тез тозатын, өткінші әрі қысқа ғана рахат. Раббыларыңыздан соңғы демдеріңізге дейін хақ жолында берік қылуын тілеңіздер
Амал дәптерінде истиғфар көп табылған адам қандай бақытты
🖋️ Хадис
ҰЛТТЫҢ ӘКЕСІ - ТАРИХЫ, АНАСЫ - ТІЛІ,
АТА-БАБАСЫ - ДІНІ. ОСЫ ҮШ ТҰҒЫР БОЛМАСА ҰЛТ ЖОҒАЛАДЫ.
«Дінді үйрену – тек ақпарат жинау емес, жүректі тәрбиелеу»
©️Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф
Өмір – ұлы мектеп.
Мұнда диплом берілмейді, бірақ сабағы жүрекке жазылады.
Ұстаздары – сынақ пен уақыт.
Сабақ кестесі алдын ала айтылмайды.
Бағаң – сабыр мен әрекетің арқылы қойылады.
Кейде құлайсың – тұруды үйренесің.
Кейде жоғалтасың – шүкірді түсінесің.
Ең бастысы – бұл мектепте ешкім жайдан-жай оқымайды...
Әр адамның сабағы өзіне ғана тән.
Қарапайым бол.
Өзіңді ешкімнен жоғары қойма!
Атақ лауазым – уақытша,
Адамгершілік – мәңгі.
